Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған



бет4/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық практика каз (1)

1.3 Жеке тапсырмалар және СҒЗЖ


Кафедра тапсырмасы бойынша СҒЗЖ
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыс тапсырмасы бойынша білім алушыларға ғылыми-зерттеу жұмысын өздерінің диплом жұмысы тақырыптарына сәйкес дербес мекемелерде теория мен практикалық, зертханалық, яғни тәжірибелік мәліметтермен толықтырып, оларды практикамен ұштастырумен қатар зерттеудің практикалық мәселелерін шешудің жобаларын ұсынады.
Білім алушылар практикадан алған құнды мәліметтерді диплом жұмысына (жобасына) пайдаланып зерттеу жұмысының өзектілігін ашып көрсетеді. Практика барысында зерттеу жұмыстарын өндірістік құрылғыларда жасау техникасы мен әдістемелерін жете үйреніп шығады.
Оны практика орнындағы жетекші мамандардың білім алушыларға берген мінездемесі мен бағалауынан айқын байқауға болады.


1.4 Өндірістік экскурсиялар және теориялық сабақтар

1 курс білім алушыларының экскурсиялық оқу танысу практикасы жалпы оқу процесінің құрамасы. Бұл практика теориялық сабақтар мен топ серуеннен (экскурсия) құралады. Теориялық сабақтар әдетте кафедрада және ғылыми - оқу өндірістік кешендерінде (ОӨК) өткізіледі.


Практика нәтижесінде білім алушылар жазбаша практикалық есеп жинақтайды. Практикалық есептерді әр білім алушы практика соңында жеке қорғайды, басқаша айтқанда практика нәтижесі туралы сынақ тапсырады. Бұл сынаққа практика бағдарламасын толық орындаған білім алушылар ғана катыса алады. Практика бағдарламасын орындамаған білім алушылар келесі курсқа көшірілмейді.
Практика теориялық курстың немесе оқу жылының соңында кафедраның шешімімен практика орындарында белгіленеді.


2 ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
2.1 Практиканың мақсаты мен міндеті

Оқу практикасы білім алушылардың химия және фармацевтика саласындағы қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында жүргізіледі.


- білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;
-теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
-инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру;
-ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
-командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;
Практика компьютерлік залдарда, «Химия және фармацевтикалық инженерия» кафедрасындағы зертханаларда, кәсіпорындарда, АҚ Жұмағұлов, ЖШС «Октан», КазНИИхимпроект ЖШС, Түркістан обылыстық, Шымкент қалалық Полиция департаментінің жедел - криминалистикалық басқармасында, Түркістан обылысы бойынша Сот сараптамасы институтында, Түркістан обылысы бойынша экологиялық департаментте, Шымкент Экологиялық орталығында т.с.с. жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет