3. ӨНДІРІСТІК І ПРАКТИКСЫ
3.1 Өндірістік І практиканың мақсаты мен міндеті
Өндірістік І практика кәсіпорындардың құрылымымен,жабдықтарымен және өндірістің басқару ұйымдарымен, негізгі технологиялық процестермен, сол жерде қолданылатын бастапқы материалдарымен, өнімнің номенклатурасымен танысу мақсаты арқылы жүргізіледі. Практика кәсіпорындарда оқытылатын білім беру бағдарламасының бейініне (немесе туыс ұйымдарға) сәйкес жүргізіледі.
Өндірістік І практиканың мақсаттары:
1. Арнаулы мамандандыру, еңбек қорғау, өндіріс ұйымдастығы мен экономикасы, технологиялық процестерді бақылау және автоматтандыру негіздері пәндерін өткен кездегі теориялық білімдерін қалыптастыру;
2. Өндірістік процестер мен олардың аппараттық жабдықтарын, анали- тикалық және автоматтық бақылау әдістерін, жабдықтар орнықтыру, жұмыста қауіпсіздік техникасын, өндіріс ұйымдастығы мен экономикасын толық біліп, үйрену;
3. Өндірістік жабдықтарды пайдалануға дағдылану, өндірістік үрдістің бір сатысын басқаруды меңгеру, көмекші ретінде жұмыс істей жүре, мамандық дәрежесін алу.
4. «Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау және қою», «СҒЗЖ» пәнінен курстық жұмыс жасауға қажетті мәліметтер жинақтау, білім алушылардың әдебиеттерді оқып, ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбы бойынша берілген тапсырманы зерттеу.
5. білім беру бағдарламасы бойынша курстық жұмыс істеуге кажетті мәліметтер жинақтау.
3.2 Практика өту тәртібі
Практика бастаудан бұрын білім алушы кафедрадағы практика өтетін өндіріс орны туралы бар мәліметтермен, мамандандыру пәндеріндегі бар мәліметтермен танысады. Онан соң университеттен бөлінген практика орындарына рұқсат алады.
Практика өту мезгілі шамамен төмендегідей жұмыс түрлеріне бөлінуі қажет:
Өндіріс орнына араласу, қажетті құжаттарды техникалық оқыту бөлігі мен өндіріс орнында дайындау -1-3 күн.
Өнеркәсіп орнымен жалпы танысу -1-2 күн.
Тапсырма бойынша бағытталған нақты өндіріс орнымен танысып аппаратчик жұмысына дағдылану - 35-40 күн.
Білім алушылардың оқып үйрену ғылыми жұмыстары бойынша берілген жеке тапсырманы орындау барлық практика мезгілі бойында.
Жақын маңдағы өнеркәсіп орнына экскурсия - 1-2 күн.
Практикалық есеп жинақтау барлық практика мезгілі бойында.
Практикалық есепті қорғау, практика біткен кезде толтырылатын құжаттарды дайыңдау, практикадан оралу - 1-3 күн.
Өндірістік практиканы әдетте білім алушылар жеке-жеке әртүрлі басқа өндіріс орындарында өтеді. Практика өтетін өнеркәсіпке барғанда білім алушы техникалық оқыту бөліміне немесе кадр бөліміне барып практикаға орналасуы қажет. Ол жерде білім алушыға жатақханадан орын беріледі, өндіріс орнынан практикаға жетекші бөлінеді, алғашқы медициналық көмек көрсету шараларымен таныстыратын орын және уақыт белгіленеді.
Практика кезінде білім алушы білуі керек:
кәсіпорында қазіргі уақытта қолданылатын технологиялық процестерімен танысуы керек;
өндірістік учаскіде технологиялық процестің үздіксіз жүзеге асырылуымен танысуы керек;
бұйымның және аспаптың материалын есепке ала отырып, технологиялық ауысулардың санын, механизмнің және автоматизацияның деңгейін талдауы керек;
өндірістің техникалы-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату үшін озық технологияны және жаңа техниканы ұлғайту жолдары туралы ұсыныстары болуы керек;
графикалық және тексті құжаттарды қазіргі заманға сай құралдармен дайындауды меңгеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |