Есенова камчат аугажыевна


Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет10/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері. 
1)
 
Салыстырмалы талду:
Отандық және шетелдік тәжірибедегі білім 
беру менеджерлерін дайындау жүйесі. Салыстырмалы талдау білім беру 
менеджерлерін дайындау жүйесінің заңнамалық базасы мен нормативті 
құжаттарды талдау; құрылымы және білім беру бағдарламаларын; білім беру 
бағдарламаларындағы пәндер мазмұны; оқыту үдерісін ұйымдастыру 
ерекшеліктерін талдау сияқты салыстырмалы зерттеу параметрлеріне 
негізделді.
2)
 
Дерек көздерін талдау
, заңнамалық құжаттарды, мерзімді баспасөз 
материалдарын, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, сондай-ақ 
ғаламдық Интернет желісінде жарияланған материалдарды зерделеу және 
өңдеу.


12 
3)
 
Үлгілеу әдісі
барысында білім беру менеджерлерін дайындаудың 
мақсаттық, 
ұйымдастырушылық-педагогикалық, 
мазмұндық-әрекеттік, 
жобалық-әдістемелік 
және 
нәтижелік-рефлексивтік 
компоненттерді
 
құрылымдық-үдерістік моделін жасауға
пайдаланылды.
4)
 
Сауалнама әдісі
мектеп директорларының міндеттерінің маңыздылығы 
және олардың білім мен дағдыларға қажеттіліктері туралы сауалнама 29 
сұрақты қамтитын қағаз форматта алынды. Қазақстанның әр облысынан 104 
мектеп директоры қатысқан сауалнаманың нәтижелеріне сапалық өңдеу 
жүргізілді.
Сараптамалық сауалнама
елдегі білім беру менеджерлерін дайындау 
ерекшеліктері; дайындық мазмұнын жобалау, басымдықтары; қиындықтар мен 
келешегі мәселелерін топшылайтын 12 сұрақтан құрылды. Эксперттік 
сауалнамаға Қазақстан Республикасынан 6, Литвадан 5, Ресей Федерациясынан 
4 сарапшы қатысты. 
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: 

Қазақстанның білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін жетілдіруде;

білім берудегі менеджмент мамандығы бойынша элективті арнайы 
курстар мен жеке дәрістер әзірлеуде;

білім алушылардың білім берудегі менеджмент және салыстырмалы 
педагогика салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда;

білім бағдарламаларын дайындап жүзеге асыруда;

білім беру саласы басшыларының біліктілігін арттыру жүйесін 
жетілдіруде;

«7М01101 – Педагогика және психология», «7M01105 – Педагогика. Білім 
берудегі менеджмент» білім беру бағдарламалары негізінде білім беру 
саласының басшы кадрлары дайындауда.
Қойылған міндеттерді шешу барысында алынған зерттеудің негізгі 
нәтижелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет