14
Бағдарламаның мақсаты – білім беру жүйесінің ішкі және сыртқы
мүмкіндіктерін талдауға және білім беру стейкхолдерлерінің әлеуетті
қажеттіліктерін анықтауға, білім берудің әртүрлі салаларында жобаны
жүргізудің саяси және экономикалық мүмкіндіктері мен тәуекелдерін
бағалауға, Стратегиялық жоспарлау, бағдарламаларды моделдеу, бағдарламаға
инвестициялардың тиімділігін бағалау мақсатында басшылыққа қажетті
деректерді ұсынуға, бағдарлама сапасына мониторинг жүргізуге қабілетті
мамандарды дайындау. Бағдарлама негізінде қазіргі таңда 13 магистрант білім
алуда.
6. Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін жетілдірудің келесідей
ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары дәлелденді:
–
білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінде мотивациялық қолдаудың
немесе мотивациялық бағдардың болуы;
–
білім алушылар мен тыңдаушыларда құндылықтар мен құндылық
бағдарлардың, практикалық және креативті бағдарлардың кіріктірілуі;
–
оқыту мазмұнының тәжірибеге бағытталып жобалануы;
–
басқарушылық құзыреттілікті тиімді игеруге ықпал ететін өзіндік
жобалау мен өзін-өзі жетілдіруді ұйымдастыруы;
–
болашақ маманның жеке сапаларының дамуын қамтамасыз ететін білім
беру ортасының шығармашылық компонентінің болуы және дамуға
ынталандыратын тұлғаға бағытталған үдеріс ретінде оқытудың тәрбиелік
ортасының болуы;
–
білім беру үдерісіне бейімделу, жаһандану, интерактивтілік, күрделілік,
педагогикалық мақсаттылық идеяларын енгізу арқылы білім беру менеджерлері
үшін оқыту жүйесінің үздіксіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етуі.
Жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісінде білім беру менеджерлерін
дайындау жүйесінің табысты қызмет жасауын қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттар түзіліп, білім беру менеджерлерін
дайындау жүйесі салыстырмалы талдау негізінде ғылыми-педагогикалық және
кәсіби білім беру бағдарламалары жасалып, олардың тиімділігі тәжірибелік-
педагогикалық жұмыс барысында дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: