Ешмұратова дамира сейтмұратқызы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары


Ќорытынды Сонымен зерттеу барысында ќол жеткен нәтижелер мынадай ќорытындылар



бет13/14
Дата13.04.2023
өлшемі303,5 Kb.
#82610
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ешм?ратова дамира сейтм?рат?ызы бастауыш сынып о?ушыларына ?лтты

Ќорытынды

Сонымен зерттеу барысында ќол жеткен нәтижелер мынадай ќорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi:


1. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, санас-сезімін, адамгершілік, ізгілік сапаларын балалардың бойыңа сіңіру үшін бастауыш сыныптан бастап оќушылардың ұлттық тәрбиесін ќолға алу, оның теориялыќ негіздерін айќындау және іс-тәжірибеде іске асырылуын ќамтамасыз ету педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып табылады.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру мәселесінде айќындалған негізгі бағдар тәрбиеге ізгілендіру тұрғысынан мән беру, соның аясында тұлғалыќ-аксиологиялыќ ќатынасты жүзеге асыру болды.
3. Педагогика ғылымының теориясы мен практикасында оќушыларға ұлттық тәрбие беру проблемасының зерттелу деңгейі мен жай-күйін талдау халықтық педагогика ќұралдарының ұлттық тәрбие беруде мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдеді: біріншіден, олар бастауыш сынып оқушыларының ұлттық сана-сезімін, сенімін ќалыптастырады, адамгершілік-этикалыќ, моральдыќ-этникалыќ, психологиялыќ-эмоциялыќ ќасиеттерін, ұлттық мінез-ќұлќын тәрбиелейді.
4. Бастауыш мектепте оқушыларға ұлттық тәрбие беру процесінің нәтижелілігі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісін ќолданумен ќамтамасыз етiлдi. Бұл модель когнитивті, эмоциялық және мінез-ќұлыќтыќ компоненттерiнің бірлігінде байќалады және наќты өлшемдер, көрсеткіштермен сипатталады.
5. Ғылыми педагогикалыќ әдебиеттерге жасалынған талдау негізінде біз өз зерттеуімізде бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формаларын педагогикалық шарттар ретінде айқындап, оны іске асыруды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз еттік: 1) бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасы; 2) бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар; 3) бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасы; 4) бастауыш сынып оқушыларына арналған «Халықтық таным әліппесі» ЭЕМ-ға арналған оқыту бағдарламасы енгізілді.
6. Зерттеуде негізделіп отырған педагогикалыќ шарттар бастауыш сынып оқушыларының тұлттық әрбиелілік деңгейін арттырады. Бұл тұжырым эксперименттiк және баќылау топтарындағы тәрбиелілік деңгейлерiн салыстырудың негiзiнде жүргiзiлген эксперимент ќорытындыларымен нанымды түрде дәлелдендi.
7. Диагностикалық нәтижелерден оќушылар мынадай тұрақты тұлғалыќ ұлттық сапаларды көрсетті: ұлттық білімге ќұштарлыќ, ұлтжандылық, ұлттық дүниетаным; ұлттық мәдениет; ұлттық сана-сезім;, ұлттық дәстүрлерге сыйлы ќатынас, ұлттық мінез-ќұлыќ мәдениеті. Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық іс-әрекет барысында тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
8. Оқу сабағын және тәрбие жұмыстарын өткізу кезінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымы, сана-сезімі мен мінез-құлық деңгейлері айқындалды. Бұл мақсатты дұрыс қою жақын даму аумағына сәйкес оќушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын құруға мүмкіндік берді. Эксперименттік топқа қатынасќан бастауыш сынып оќушыларының ұлттық тұлғалыќ сапаларының ќалыптасу деңгейін аныќтау олардың мінез-құлықы дамуы негізінде құрылды.
9. Зерттеу таќырыбының келешекте әрі ќарай дамуы жоғары оќу орындарында болашаќ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаумен, мектепте оќыту процесінде басатуыш сынып оқушыларының ұлттық мінез-құлқын тәрбиелеудің тиімді технологиясын таңдап алумен, оќушылардың этникалық толеранттығын қалыптастыру үшін үнемі оќушылардың ұлттық мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтап отырумен, бастауыш сыныптан бастап оќушыларды ќайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеуге үйретумен тығыз байланысты.
10. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарының нәтижелі болуы үшін өзін-өзі тәрбиелеу маңызды болып табылады. Сондықтан ата-аналармен, басқа да әлеуметтік институттармен бірлесе отырып, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін қадағалап, оның тиімді іске асырылуы көзделеді.
Жасалынған ќорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:
- халықтық педагогика құралдары бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінде мұғалімнің табысты іс-әрекетін ќамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды;
- аныќталған педагогикалыќ шарттар бастауыш мектепте оќушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлауға негіз болуы тиіс;
- бастауыш сынып оќушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу барысында ұлттыќ тәрбие берудің ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн;
- алынған зерттеу нәтижелері педагогикалыќ мамандыќ студенттерін кәсіби іс-әрекетке педагогикалыќ колледждерде, жоғары оќу орындарында даярлауда және білім беру ќызметкерлерін ќайта даярлау және біліктілігін арттыру ісінде ерекше мәнге ие болады;
- ұсынылып отырған бастауыш сынып оќушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарының жүйесін оќушыларды ќайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде пайдалану ќажет.
Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. «Ќиын жасөспірімдерді», жоғары сынып оқушыларын этнопедагогика ќұралдары арқылы ұлттық тәрбиелеу мәселелерін зерттеу келешектің ісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет