Ешмұратова дамира сейтмұратқызы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары


Біз өз зерттеуімізде ұлттық тәрбиені



бет7/14
Дата13.04.2023
өлшемі303,5 Kb.
#82610
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Біз өз зерттеуімізде ұлттық тәрбиені тар мағынасында, белгілі бір ұлттың халықтық педагогикасы арқылы оқушыны тәрбиелеуді көздейтін салыстырмалы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде қарастырамыз. Кең мағынасында, ұлттық тәрбиені - халықтық педагогиканың іс тәжірибедегі шынайы тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігін қалыптастырудың тұтас процесі деп білеміз.
Ұлттық тәрбиелілік – бұл адамды белгілі бір ұлттың өкілі, ұлттық дәстүрді, халықтық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ретінде сипаттайтын адами сапа (қасиет) болып табылады, ол ұлттық тұлғаның таным-білімімен, сана-сезімімен және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен – мінез-құлқымен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: бастауыш сынып оќушыларының ұлттық тәрбиелілігі (ұлттық тұлғаның қалыптасуы) өз кезегінде кіріктірілген біртұтас тұлғалық құрылым болып табылатын когнитивті, эмоциялық және мінез-ќұлыќтыќ компоненттерін қамтиды. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктеріне, психикалық және даму деңгейіне сүйене отырып, ұлттық адами сапаларының қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды (Сурет 1).
Аталмыш өлшемдер мен көрсеткiштер негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің үш деңгейі (төмен, орта, жеткiлiктi) белгіленді.
Төмен деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері туралы білім сапасы төмен, үстүрт, ќазаќ халќының ұлттық дәстүрлерін атай алмайды, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық педагогика құралдарының мәнін түсінбейді, ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсінігі шамалы, ќоғам ұлттың алдындағы жауапкершілігін сезінбейді, этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы төмен, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түсінбейді, ќазаќ халќының әдептілік ережелерін толыќ білмейді, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптаспаған, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінбейді, өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі толыќ ќалыптаспаған, өзінің мінез-ќұлќын толыќ басќара алмайды, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынаспайды, Отанына, өз ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі толыќ байќалмайды, ұлттық мәдени қарым-қатынас жасай білу, адамдармен ізгілікті ќатынас жасау дағдыларын меңгермеген, оќу және оќудан тыс уаќытта саналы тәртіп пен жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті төмен.
Орта деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері, ќазаќ халќының ұлттық дәстүрлері туралы алғашќы білімі болғанымен, ол бір

жүйеге келмеген және берік тұраќты емес, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық педагогика құралдарының мәнін шамалы түсінеді, ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсінігі бар, ќоғам алдындағы жауапкершілігін сезеді, этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы орташа, ұлттық мәдениеттің мәнін түсінеді, ќазаќ халќының әдептілік ережелерін біледі, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптасқан, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінеді, өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі ќалыптасқан, өзінің мінез-ќұлќын басќара алады, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға қатынасады, Отанына, ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі бар, ұлттық мәдени қарым-қатынас пен адамдармен ізгілікті ќатынас жасауға тырысады, оќу және оќудан тыс уаќытта тәртіпті, біраќ толыќ жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін игерген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет