Ешмұратова дамира сейтмұратқызы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары



бет2/14
Дата13.04.2023
өлшемі303,5 Kb.
#82610
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ешм?ратова дамира сейтм?рат?ызы бастауыш сынып о?ушыларына ?лтты

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектептің бастауыш сатысында оқушыларға ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері айқындалып, соның негізінде үлгісі жасалса, сонымен қатар педагогикалық шарттар жүйесі құрылып, іс тәжірибеге енгізілсе, онда оқушылардың ұлттық сана-сезімін, ұлтжандылық, толеранттық қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға болады, өйткенi мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің тиімділігі қамтамасыз етіліп, оқушылардың тәрбиелілік деңгейі артады.
Зерттеудің міндеттері:

  • жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін ашып көрсету;

  • бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау;
- мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау;
- ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Жетекші идея: бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру этностық-мәдени білім беру аясында қамтамасыз етіліп, этнос субъектісін қалыптастыруды көздейді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
- бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен принциптері (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, т.б.);
- этнос теориясы (Ю.В.Бромлей, Л.Н.Гумилев, т.б.);
- әр жастағы балалардың ұлттық сана-сезімінің дамуы туралы теориялар (Л.М.Дробжиева, Г.Д.Очиров, Т.Н.Петрова, Ф.Ф.Харисов, т.б.);
- ұлттық сана-сезімнің этноәлеуметтік және этнопсихологиялық тұжырымдамалары (А.Г.Агаев, Б.А.Әмірова, Н.Елікбаев, Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, Б.П.Поршнев, т.б.);
- этнопедагогика бойынша тарихи-педагогикалық зерттеулердің тұжырымдамалық идеялары (Г.Н.Волков, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, К.А.Оразбекова, т.б.);
- оқушыларға этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы (Ж.Ж.Наурызбай);
- қазіргі білім беру және тәрбие теориялары (Е.В.Бондаревская, Н.Е.Щуркова, А.А.Бейсембаева, Қ.Қ.Жампейсова, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет