Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдiскерлердiң еңбектерi, бiлiм беру мәселесiне арналған ресми құжаттар, оқу-әдiстемелiк кешен (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), алдыңғы қатарлы бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi.
Зерттеудің әдістері:зерттеліп отырған мәселе бойынша тарихи-педагогикалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, теориялық моделдеу, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып-үйрену және жинақтау, бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздері ашып көрсетілді;
бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері анықталды;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісі жасалды;
- мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұны, әдістері мен формалары айқындалып, бір жүйеге келтірілді;
- педагогикалық шарттар жүйесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы: - бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасы жасалды;
- бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар жасалды;
- бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасы жасалды;
- бастауыш сынып оқушыларына арналған «Халықтық таным әліппесі» ЭЕМ-ға арналған оқыту бағдарламасы жасалды.
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігін диагностикалау әдістемесі жасалды.