Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1-кезеңде (2002-2003 ж.ж.) зерттеудiң теориялық негiздерi анықталды, зерттеу тақырыбына сәйкес философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдiстемелiк еңбектер мен зерттеулер оқып-үйренiлiп, теориялық тұрғыдан талданды, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың мазмұны негiзделдi.
2-кезеңде (2004-2006 ж.ж.) оқу-тәрбие жоспарлары, бағдарламалар, педагогикалық, оқу-әдiстемелiк құралдар талданды, мектепте тәжірибелік-эксперименттiк жұмыс жүргiзiлдi.
3-кезеңде (2006-2008 ж.ж.) эксперименттік жұмыс нәтижелері қорытындыланып, жүйеге келтiрiлдi, математикалық тұрғыдан өңделді.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды.
Зерттеу жұмысының мазмұны баспа беттерінде жарияланған 14 еңбекте көрініс тапты.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдiснамалық және теориялық негiздерi, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, практикалық маңыздылығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.
«Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ғылыми теориялық негіздері» атты бірінші тарауда педагогика теориясы мен тәжірибесінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесінің зерттелу жай-күйіне талдау жасау арқылы оның негізі халықтық педагогика екендігі ашып көрсетіледі, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері анықталады және үлгісі жасалады.
«Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын іске асыру» атты екінші тарауда халықтық педагогика құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары анықталып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелеріне талдау жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |