3.Қозғыштықтың өлшемдері Қозу табалдырығы
Әсердің пайдалы уақыты
Хронаксия
Лабилдік
Аккомодация жылдамдығы
Анықтамасы:
• Қозу табалдырығы (реобаза) деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады.
Әсердің пайдалы уақыты деп белгілі тінді қоздыратын бір реобзаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОС) айтады.
Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын (OF) айтады.
Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу) тінді қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу қарқынының ең аз (минимум) уақытымен өлшенеді. Аккомодация кезінде тіннің қозу қасиеті төмендейді.
Лабилдік (лат. - labilis тұрақсыздық) белгігі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсететін өлшемдердің бірі. Лабилдік деп тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1 секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғары (максималды) әрекеттік ширақтығын айтады
4.Қаңқа, жүрек, бірыңғай салалы еттердің физиологиялық қасиеттері Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғайсалалы, көлденеңжолақты (қанқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т.б.) астарлап жатады.
Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.
Көлденең жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен жолақтанып жатады. Көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары - миофибриллалар (грекше «тіо»- бұлшықет, латынша «fibrilla» - талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады. Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибриллдар (миоциттер) бұлшықеттердің ең кіттті құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Көлденең жолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар будасының миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.
Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденең жолақты болғанымен, жиырылуы адамның ер-кінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам дене-сінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.
Қаңқа бұлшықеттері
Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегібудаланып орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге бекінеді. Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері буындардың екі жағындағы сүйектерге бекінеді. Сіңірлер өте мықты болғанымен, жиырылуға қабілетсіз.
Ересек адамдардың қаңқасындағы бұлшық еттердің орта есеппен алған мәлшері жалпы дене салмағының 40%-іне тура келеді. Бұл мөлшер нәрестеде — 20-22%, ал кәрі кісілерде 25-30% шамасында болады. Бұлшық еттің негізгі қызметінің бірі — тетіктік (механикалық) жұмыс. Егер бұлшық ет жиырылған кезде дене бір орыннан екінші орынға ауысатын болса, онда қозғалыс немесе динамикалық, ал бұлшық ет жиырылған кезде дене қимылсыз қалса, онда қозғалтпайтын немесе статикалық жұмыс деп аталады. Денедегі әр түрлі бұлшық еттер әрқилы жұмыс істеуге бейімделген. Бұлшық еттің күші оны құрайтын талшықтардың санына, яғни оның көлденең қимасының ауданына пропорционал.