69. Есту талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. 1. Шеткі бөлімі – корти мүшесінің сезгіш түкті жасушалары (ішкі
құлақта орналасқан).
2. Өткізгіш бөлімі. Ұлудың спиралды түйінінен есту жүйкесі
(мидың VIII жұп жүйкесі құрамында) сопақша ми (кохлеарлы
ядролардың нейрондары) есту тракты жоғарғы олива
нейрондары ортаңғы ми төрт төмпешігінің төменгі бұдырлары
ішкі (медиалды) бүгілмелі дене.
Орталық бөлімі – ми қыртысының самай бөлімі.
70. Түрлі жиіліктегі дыбыстарды қабылдау теориясы. • Резонанс теориясы (Гельмгольц, 1863)
• Телефон теориясы (Резерфорд, 1880)
• «Жарысқан толқындар» теориясы (Бекеши, 1960-1966)
Резонанс теориясы (Гельмгольц, 1863)
M. basilaris арфа ішектері тәрізді меншікті жиілігі бар.
Жоғары дыбыс әсерінен иірім түтіктің бас жағындағы қысқа
талшықтар резонансқа ұшырайды.
Төмен дыбыстар иірім түтіктің шыңындағы ұзын талшықтар
тербеледі.
Телефон теориясы (Резерфорд, 1880)
Дыбыстардың қабылдағанда есту жүйкесіндегі
потенциалдар тербелісінің жиілігі дыбысты қабылдау
жиілігіне сәйкес келеді (телефондағы тәрізді).
Тітіркендіргіш жиілігі 1000 Гц-тен жоғары болса теория
расталмайды.
«Жарысқан толқындар» теориясы (Бекеши, 1960-1966)
Жиілігі жоғары дыбыс толқындары
сопақ терезе маңындағы шектелген
бөліктегі перилимфаны тербелтеді
және қысқа аймақта эндолимфаға
беріледі.
Төменірек дыбыстардан толқындар
максимумы иірім түтіктің ортаңғы
бөлігінде туындайды.
71. Тепе-теңдік талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. Тепе-теңдік жүйесі адамның кеңістікте бағдарлануында
жетекші рөл атқарады.
Дененің, бастың кеңістіктегі кейпі өзгергенде тепе-теңдік
рецепторлары қозып, қаңқа еттерінің тонусы реттеліп,
адамның тепе-теңдігі сақталады.
Тепе-теңдік талдағышының бөлімдері:
1. Шеткі бөлімі – самай сүйегінің лабиринтінде орналасқан (кіреберіс
аппараты), кіреберіс және үш имекті арнадалардан тұрады
2. Өткізгіш бөлімі – кіреберіс жүйке талшықтары (мидың VIII жұп жүйкесінің
құрамында) сопақша ми, Швалбе, Бехтерева, Дейтерса, Манакова
ядролары) жұлын, мишық, ортаңғы ми (қөз қозғалтқыш ядро),
вегетативті ганглилер, торлы құрылым.
Орталық бөлімі – артқы орталық қатпардың төменгі бөлігі.