Ескерту материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады


Дәм талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы



бет10/16
Дата03.12.2023
өлшемі10,96 Mb.
#133099
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
73. Дәм талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы.
Дәм талдағышының бөлімдері
1. Шеткі бөлімі
Дәм рецепторлары – дәм сезу баданалары,
әрбіреуі 2-6 қабылдағыш және тірек
жасушалардан тұрады.
Дәм сезу баданалары тілдің саңырауқұлақ,
науа және жапырақ тәрізді емізікшелерінде,
жұтқыншақтың артқы бетінде, жұмсақ
таңдайда, бадамшаларда, көмекейде
орналасқан.
2. Өткізгіш бөлімі
Рецепторлардан – бет жүйке (VII) талшығы (дабыл ішегі), тіл-жұтқыншақ (IX)
жүйкесі  сопақша мида tractus solitarius ядросы (1-нейрон)  ми бағаны
жалғыз будасы (2-нейрон), оның аксоны медиалды ілмек құрамында  таламус
ядролары (3-нейрон).

  1. Орталық бөлімі – артқы орталық қатпардың төменгі бөлігі (силви сайы)

Тілдің дәм сезімтал аймақтары
1. тәтті - ұшы,
2. ащы - түбі
3. қышқыл - шеттері,
4. тұзды – шеттері, ұшы
74. Иіс сезу талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы.
1. Шеткі бөлімі – рецепторлары мұрынның
жоғарғы кеуілдерінің кілегей қабатында
орналасқан – иіс эпителиі.
Иіс сезу рецептор жасушасы биполярлы:
- Жоғарғы жағынан иіс буылтығымен
кірпікшелері шығып тұрады;
- Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін
суықтыққа малынып тұрады;
- Рецептор жасушалары негізінен миелинсіз
аксондар шығады. Рецепторлық аксон
талшықтары иіс жүйкесін құрады.
2. Өткізгіш бөлімі. Иіс жүйкесі  торлы сүйекті тесіп өтеді  ми сауыты, иіс
пиязшығы (2-нейрон)  иіс тракті (tractus olfactorius), ол маңдай бөлігінің
негізімен өтеді  иіс орталығы. Иіс тракті бірнеше будадан тұрады, олар
мидың түрлі бөліктеріне бағытталады: пириформды қыртысқа, иіс сезу
ядросына, лимбиялық жүйенің жүйке құрылымдарына, гипоталамустың
вегетативтік ядроларына, торлы құрылымға және т.б.
3. Орталық бқлімі – самай бөлігінің ішкі беті, гиппокамп.
75. Дәм, иіс тітіркендіргіштерін қабылдау теориялары.
1. Ферменттік теория
Дәм рецепторларының құрамындағы ферменттерінің белсенділігіне
байланысты. Әртүрлі дәмді заттар ферменттердің белгілі біреуіне ғана
әсер етіп, дәм рецепторларын қоздырады
2. Мембраналық теория.
Белсенді орталықтар (рецептор жасушалардың микротүктерінде) сіңірілген
түрлі дәмді заттарды таңдамалы қабылдайды. Рецептор нәруызы мен заттың
молекуласы әрекеттескенде нәруыздың құрылымы өзгереді. Содан
мембрананың ион арналары ашылып, мембрана деполяризацияланады да,
рецепторлық потенциал туындайды.

76. Балалардағы талдағыштардың даму ерекшеліктері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет