Адамның еңбек ету жағдайы өндірістің нәтижесінде, еңбектің өнімділігіне, шығарылатын өнімнің сапасы мен өзіндік құнына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар еңбектің өнімділігі адам денсаулыгының сакталуына, жұмыс уақытын қолдану деңгейінің артуына, адамның еңбек әрекетінің белсенді уақытын ұзартуына тікелей байланысты.
Еңбек жагдайының жақсаруы мен оның қауіпсіздігі өнідірістік жарақаттың, кәсіби аурулардың азайуына тікелей байланысты.
Еңбеңтің жоғары өнімділігіне және жұмысшының денсаулығына қажетті жағдайлардың бірі - жұмыс бөлмесіндегі ауаның тазалыгы мен қалыпты метрологиялық жағдайы [30].
Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сактау, өндірістік орта мен еңбек процесінің колайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен кұралдар кешені.
Еңбек гигиенасы санитарлык - гигиеналык, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.
Ет өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:
Ет өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін камтамасыз ететін, ішкі сауда объектілерінде санитарлық- гигиеналы нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Ет өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттың (санитарлық- эпидемиологиялық қорытындының, ветеринариялық-санитарлық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық анықтаманың, сәйкестік сертификатының) болуы.
Ет өнімдерін өткізу сүт және сүт өнімдерінің нақты түрлерін сақтау шарттары сақталған кезде нормативтік құжаттармен белгіленген жарамдылық мерзімі шегінде жүзеге асырылады.
Ет өндірісінде қолданылатын ферменттердің кауіпсіздігін оларды өндірушілер (дайындаушылар), ал олардан дайындалған ет өнімдері үй-жайларға (олардың өндірістік тізбекте орналасуына, құрамына және жай-күйіне) және жабдыкка (көрінісі мен жай-күйіне) койылатын техникалык талаптар, сондай-ақ ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар (өндірістің технологиялық режимі мен өндірістік бақылау бағдарламасы) кешенін және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ет өнімерін өндіруде пайдаланылатын өндірістік ферменттерді дайындауға арналған шикізаттардың әрбір партиясы белгіленген нысандағы құжаттармен ілесе жүруі тиіс.
Ет өндірісінде өндірістік бөлмелердің микроклиматы - бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялык жағдайлары, олар адамға әсер ететін температураның, ылғалдылығының, ауа козғалысы жылдамдығының, сондай-ақ технологиялық жабдықты, құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымен анықталады. Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және жылулық сәулеленудің карқындылығы болып табылады. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды.
Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар - бұл микроклимат параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер еткен кезде жылуды реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты жылулык күйін сақтауды камтамасыз етеді.
Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың колданылуы кезінде міндетті болып келеді.
Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорындардың арасындағы ара қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық - қорғайтын аймақ деп атайды.
Адам ағзасының жылу реттеуіне ауаның ылғалдылығы да өз әсерін тигізеді. Жоғары мәнді ылғалдылык тердің булануының азаюына әкеп соқса, төмен шамалы ылғалдылық дем алу жолдарының кілегей кабығының кебуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты жұмысшыларды қоршайтын ортаның ең тиімді ылғалдылық шамасы 40-60% аралығында болуы керек.
Жұмыс бөлмесіндегі ауа ағынының жылдамдығы да маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ыстық бөлмелердегі ауа ағынының жылдамдығы ағзадан бөлінетін жылу мөлшерін көбейтіп, ағзаның жағдайын реттейді, ал суық мезгілдерде температураның төмендеуі ыңғайсыз жағдайларды тудырады.
Дұрыс жоспарланған және орындалған жарықтандыру, қалыпты өндірістік істі қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді. Көп жағдайда адм көзінің көру қабілеттілігің сақталуы, орталық жүйке жүйесінің жағдайы мен өндірістік қауіпсіздік жұмысшылардың жұмыс жағдайы мен өндірістік қауіпсіздік жұмысшылардың жұмыс істеу орындарынан жарықтандыру жағдайына тәуелді. Сонымен қатар жарықтандыру жағдайымен, еңбек өнімділігі мен шығаралатын өнімнің сапасы да байланысты.
Өндірістік жарыктандыру адамның еңбек әрекеті өте маңызды жағдайының элементі. Жоғарыда айтылғандай жұмыс орнын өте дұрыс жарықтандыру адамның көру қабілетін, жүйке жүйесінің қалыпты күйін сақтауды және өндіріс үдерістерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жарықтандырудың түрлері мен жүйелері:
Өндірістік бөлмелерді тікелей және шағылысқан түрдегі жарықтандыру үшін табиғи жарықты, электр шамдарын қолдану арқылы жасалынатын жасанды жарықты және мөлшер бойынша жеткіліксіз күннің жарық кезінде табиғи жарықты жасанды жарықпен толықтыратын аралас жарықтандыру колданылады.
Жасанды жарыққа қарағанда, табиғи жарық спектрінде адамның организміне пайдалы ультракүлгін сәулелер өте көп болады және табиғи жарық көру жүмыстарына қолайлы әсер ететін диффузиялық таралуымен сипатталады.
Жасанды жарықты кабырғалардағы терезелерде, арналған жарық ойықтары арқылы қанағаттандыратын қабырғалық, аэрациялық және жиектік ойықтар мен төбелік және осы екуін қосарлана пайдаланылатын араластарға бөледі.
Шудың, дірілдің, ультрадыбыстың және инфрадыбыстың адам ағзасына тигізетін эсерлері:
Өндірістік қондырғыларды іске қосу, жүмысшының денсаулығына жағымсыз әсер көрсететін шу мен діріл катар жүреді. Еңбек қауіпсіздігі көзкарасынан шу мен діріл, өндірісте кеңінен таралған зиянды өндірістік фактор болып табылады. Адамның еңбек үрдісі кезінде шу мен діріден бөлек инфрадыбысты және ультрадыбысты тербелістер де зиянды әсерінен тигізеді.
Адамды қоршаған ортадағы шу көптеген және түрлі көздерден пайда болады. Олардың негізгілеріне: транспорт құралдары, өндірістік және тұрмыстық өнеркәсіптердің техникалық кұралдар, желдету, газ турбиналық және компрессорлы қондырғылар, авияциялык козғалтқыштар және ішкі жану қозғалтқыштарды сынақтан өткізу станциялар, түрлі аэрогазодинамикалық қондырғылар жатады. Шудың жоғарғы деңгейі тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, демалыс орындарда, т.б. болады да, нәтижесінде жүйке жүйелерінің ауыртпалығының артуына, демалыс тиімділігінің төмендеуіне, аурушаңдықтың артуына, демалыс тиімділігінің төмендеуіне, аурушаңдықтың артуына әкеліп соғады. Егер тиісті іс-шаралар колданылмаса, онда бұл жағдайларға оның әсері шудың деңгейлі мөлшерленген мәнінен айтарлықтай жоғарылап кетуі мүмкін [31].
Адам организміне физиологиялық жағынан зиянды әсерінен тигізетін кез келген жағымсыз дыбыс шу деп аталады.
Сонымен қатар адамға жағымсыз кез келген дыбысты айтады. Дыбыстарға сұйық және газ тәріздес ортада толқын түрінде таралатын серпімді тербелістері жатады. Дыбыстық толқын, ортаның тұрақты жағдайын, кез келген бір қобалжытатын күш әсері бұзғанда туындайды. Осыдан ортаның бөлшектері тепе-теңдік жағдайға салыстырмалы түрде тербеле бастайды, алайда бұл кезде мұндай тербеліс жылдамдығы толқынның таралу жылдамдығына қарағанда өте жәй болады.
Көптеген жұмыс орындарында жұмысшыларға әсер ететін механикалық тербелістердің жиынтығы діріл болады.
Адамға қолайсыз әсер ететін дірілді тудыратын көздерге өндірісте және транспортта кеңінен пайдаланып жүрген машиналар мен кұрылғылар жатады. Діріл көздеріне транспорт құралдары мен қолмен істейтін машиналарды айтуға болады. Дірілдің әсері жұмысшының жағдайын және жұмыс өнімділігін төмендетумен бірге жиі кәсіптік ауру - діріл ауруына соқтырады.
Адам ағзасына электр тоғынының әсері
Адамға электр тогының әсері әр түрлі болады. Электрлік ток адам ағзасы арқылы өтіп, термиялық, электролиттік және биологиялық әсерлерін туғызды. Токтың термиялық әсері адам денесінің жекелеген бөліктеріндегі күйіктерден, қантамыр мен канның және т.б. көлемдіктердің кызуынан көрінеді. Токтың электролиттік әсері адамның қанның жэне оның ағзасындағы басқа да органикалық сұйықтарының ыдырау нәтижесінде олардың физикалық -химиялык құрамының едәуір мөлшерде бұзылуына әкеледі.
Токтың биологиялық әсері адам ағзасының тірі жасушалары қозып және тітіркентіп өкпе мен жүректің, бұлшық еттердің тырысып қысқаруына әкеледі. Нәтижесінде адамның канайналым мен тыныс алу мүшелерінің қызметтері әр түрлі дәрежеде бұзылуы немесе толығымен тоқтауы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Заманауи өндірісте әр түрлі технологиялық жабдықтар қолданылады. Олардың барлығы жоғары қуатты электр тогының күшімен жұмыс істейді. Еңбек өнімділігі жоғары, сапалы өнім шығару үшін қуатты технологиялық жабдықтар қолданылады. Тамақ өндірісінде қоспаларды дайындау, ұнтақтау, араластыру, қалыптастыру, созу, тартып шығару мақсатында әр түрлі алыс – жақын шет елдерден әкелінген қондырғылар қолданылады. Оларда жұмыс істеу кезінде электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.электр тогының қауіптілігі адамның адамның сезім мүшелерімен анықталмайтындығымен арта түседі [32].
Электр адам ағзасы арқылы өткенде термиялық, электролиттік, динамикалық және биологиялық әсер етеді. Адамның электр тогымен зақымдалуы электр желісіне қосылуына байланысты болады. Адамның электр желісіне қосылуының бірнеше түрлері болады:
Жағдайда екі фазаға бірден қосылу;
Жағдайда бір фазалы қосылу;
Жағдайда электрлік оқшаулағыш ақауынан кернеулі қондырғыға жанама қосылу.
Электр желісіне қосылғандағы кернеуді U ада денесінің кедергісіне байланысты есептейді [32.
(1)
мұндағы: I – адам денесі арқылы өтетін ток; R – адам денесінің кедергісі, Ом (R=1кОм).
Электр қондырығысына қосылғандағы кернеуді келесі формуламен жазуға болады:
(1)
мұндағы: адам қолының потенциалы, В; адам аяғының потенциалы, В.
Жерге қосылған қондырғы потенциалы немесе адам қолының потенциалы:
(1)
мұндағы: жерге қосылу тогы, А; жерге қосылу кедергісі, Ом.
Электр желісінде оқшаулағыштар бұзылып, жерге қосылғанда, жер ток өткізетін болғандықтан қауіптер туындайды, оны адымдық кернеу арқылы белгілеуге болады.
Адымдық кернеу дегеніміз электр тогының жерге қосылған жағдайында, адам аяғының арақышықтығындағы потенциалдар айырмасы болып табылады.
(1)
мұндағы: - адымдық кернеу, В; адам бойы арқылы өтетін ток, мА.
Үш фазалы электр желісіне қосылған адам бойынан өтетін токты активті және индутивті кедергілерді ескеріп, келесі формуламен жазуға болады:
(1)
Екі полюсті қосылу кезінде, желідегі кернеу мен адам ағзасының кедергісі ғана әсер етеді.
Бұл адамды қазаға ұшыратады. Адам ағзасының кедергісі 1000 Ом.
Бір полюсті қосылу жағдайында желі ұзындығы 500 м, кабель сыйымдыығы 0,33106 ф/км ток күші келесі формуламен есептелінеді.
(1)
мұндағы: - ток жиілігі, с – фаза сыйымдылығы.
Адамға қауіпті ток күші 0,02а болғандықтан бұл жағдайда 0,0190,02 адам өміріне қауіпті емес.
Электр тогының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық шараларымен, тәсілдерімен құралдарымен және ұйымдастырушылық шараларымен жүргізіледі: қауіпсіз кернеулі ток қолдану; қорғаныстан жерге қосу; қорғаныстық тоқтату; жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
Қорғаныстың нолдеу ІкВ дейінгі кернеудегі төрт желілі жерге бейтарапталған жүйелерде қолданылады. Нолдеу қорғанысты электр желілері мен жабдықтарының зақымдалған бөліктерінде және электр жабдықтарының нолденген сыртқы қабаттарында автоматты түрде кернеуді қауіпсіз деңгейге дейін төмендету нәтижесінде іске асырады.
Нөлдеудің негізгі міндеті - электр жабдығының сыртқы қабатына тоқ кеткенде барынша қорғанысты қамтамасыз ету болып табылады.
мұндағы: R0-жерге қосылган нейтрал кедергісі;Rh- адамның есептік кедергісі; 1- нолдеу магистралі; 2- магистралды қайталап жерге қосу; 3- тоқтату аппараты; 4- электр қондырғысы; 5- трансформаторлар.
Алгашқы екі бөлігінде магистрал кабелдің төртінші сымымен, ал үшінші бөлігінде темір құбырмен жерге қосылган.
Қорғаныс үшін ПР-2 сақтандырғышы қолданылады.
Сақтандырғыштағы тоқ:
Іпр =3 х Кп х I / 2,5-3x10/2,5=12А
мұндағы: Кп - жіберу коэффициенті - 0,5-0,4; К- коэффициентінің мәні электр қондырғыларының түріне байланысты алынады.
Қорғаныс электромагнитті ажыратқышы бар, уақыты есептелмейтін автоматты ажыратқышпен іске асырылатын қондырғыларды К-1,25-1,4 арасында қабылданады.
Қорғаныс ерігіш сақтандырғыштармен, балқу уақыты ток күшіне байланысты болатын жағдайды тоқтатуды шапшаңдату мақсатында К >3 деп қабылдайды.
Қондырғы ток түріне байланысты автоматты қорғалган болса К>3 тең қабылданады.
Сақтандырғыш 15А стандартты таңдалады. Келтірілген магистрал 20 Ом көп болгандықтан қайталама нолдеу қолданылады. Нолдеудің кедергісі 10 Ом аспауы қажет.
Нолдеу есептеуді тексеру. Трансформатордың кедергісінің есептеу мәнін анықтаймыз.
Әр бір бөлік үшін фазалық сымдардың белсенді кедергісін есептейміз:
(38)
мұндағы: -сымның ұзындығы, - көлденең қимасы.
Ток күші желідегі кернеу шамасына жэне адамның денесінің кедергісіне байланысты. Адам денесінің кедергісі ішкі агзылар улпасы мен тері кедергілерінің қосындысы болып табылады.
Есептеу кезінде адам денесінің кедергісін К=1090 Ом алынады.
Түрақты тоққа қарағанда, айналымы тоқ күштірек әсер етеді 0,6-4,5 мА саусақтар дірілдей бастайды. 5-10 мА қолдың қарысуы басталады, 12-15 мА сымнан қолды ажырату қиындайды, 20-25 мА қолды парализовать етеді, 50- 80 мА тыныс алуды 90-100 мА жүректі тоқтатады.
Кәсіпорындагы цехтарда қолданатын жабдықтар 220В кернеудегі және 10А ток күйімен жүмыс істейді. Осыларға нолдеуге есептеулер жүргізейік. Электр жабдықтарын іске қосу үшш АЛП маркалы электрсымы қолданылады. Оны темір қүбыр ішінде өткізеді. Алюмини сымының көлденен қимасын р=2,5 мм. Желідегі үшінші бөлікке қосылған. Бірінші бөлікте төрт қабатты АВРЕ маркалы кабелмен жалганган, алюминий сымының көлденең қимасы (3x50+1x25) мм полихлорвинилмен қапталған. Бірінші бөліктің ұзыңдыгы - 250м.
Бірінші бөлік А 3110 автоматты мен 100 А тоқтан қорғалған.
Сурет 3. Магистраль ТМ-1000 трансформаторы
Екінші бөлікте АВРЕ кабелі (3x25+1x10) мм ұзындыгы 75 м А3134 автоматымен 80 А тоқтан қорғалған.
Магистраль ТМ-1000 трансформаторынан көректенеді. Бірінші кернеу 6кВ және екінші 400/220В.
ТТ- трансформаторлар;
ТП - трансформатор подстанциялары;
РП - бөлу пункті;
СП - электр тоғының күші пункті.
р - меншікті кедергі (алюмини үшін р=0,028 Ом мм /км)
Үш бөліктің фаза сымдарының белсенді кедергісін есептейміз:
Фазалық сымдардың белсенді кедергілерін, температуралық түзетулермен есептейміз. Барлық бөліктерде сымдардың температуралары Т=55°С.
мұндағы: а=0,004-1 град -алюминий кедергісінің температуралық коэффициенті.
Нолдік қорғаныстық сымның белсенді кедергісі
Болат құбыр үшін р=1,8 Ом/км
Нолдеудегі магистралдың кедергілер қосындысы:
Rм=0,544Ом
Сыртқы индуктивтік кедергіні анықтаймыз.
Фазалық сымдар үшін: