Ет өнімдері өндірісінінің технологиясында ферментті препараттарды қолдану



бет27/29
Дата19.04.2023
өлшемі378,26 Kb.
#84187
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Ет өнімдері өндірісінінің технологиясында ферментті препараттарды қолдану

5.4 Өрт қауіпсіздігі


Өрт - дегеніміз материалдық құндылыктардың бақылаусыз жануы мен адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай орнататын құбылыс.
Өрт шығуының негізгі себептері - өндірістің техникалық және пайдалану ережесінің бұзылуы. Найзағайдың түсуінен, дұрыс газдың және пешті қолданбаудың және т.б. әдістердің дұрыс қолданбауынан өрт шыгады.
Өрт қауіпсіздігі - бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болган кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарга өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрттің алдын алу үшін жану көздері мен жану көздерінде өрт тұтануына қарсы іс-шаралар атқаруы қажет.
Жану көзінің пайда болуын мына әрекеттер аркылы жоюға болады:
-жанбайтын немесе әлсіз жанатын заттар мен материалдарды пайдалану;
-жанатын заттар мен материалдар көлемін азайту;
-оқшаулайтын камералар, кабиналарды пайдалану арқылы жанатын ортаны оқшаулау;
-қауіпсіздік ережелеріне, нормативтік техникалық және нормативтік құжаттарга сәйкес ортаның өрт қауіпсіздігін сактау;
-қорғалатын обьектінің ауасында қажетті мөлшердегі флегматизаторды сақтау;
-өрт болмайтын температура мен қысым нормаларын қадағалау;
-жанатын заттарға катысты технологиялық үрдістерді толықтай механикаландыру және автоматтандыру;
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өрт сөндіру профилактикалық жұмысының негізгі міндеті болып, (іс- шаралар кешенін) өнеркәсіптің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді іс-шаралар өткізу табылады. Бұл тапсырманың шешімі өрттің пайда болу себептерін жою жолымен шешіледі, сондай-ақ өрт шыкқан жагдайда таралу аумағын шектеу, адамдарды ойдағыдай эвакуациялау жағдайын кұру, өртті жоюшы үнемді кұралдар енгізу.
Технологиялық үрдерістердің өрт кауіпсізідігі МЕСТ 12.3.047-98 стандартында мемлекет экономикасының кез келген саласындағы және барлық кезендердегі: жобалау, құрастыру және қайта жарақтау меншіктеріндегі, сонымен қатар, өндіріс объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін қадағалайтын технологиялық жобалау немесе басқа да нормативтік құжаттарды рәсімдеу туралы технологиялық үдерістердің өрт қауіпсіздігі туралы бекітілген.
Технологиялық үдерістердің өрт қауіпсіздігі мыналарды реттеу негізінде анықталады:

  • технологиялық регламент;

  • өнім өндірудің технологиялық сызбасы;

  • технологиялық үрдісте қолданылатын өрт қауіптілігі бар заттар мен материалдардың көсеткіштері;

  • аппараттардың, агрегаттардың және машиналардың құрылымдық ерекшеліктері;

  • өндірістің қауіпті құрылғы аумағында немесе басқа бөліктерде орналасуы.

Құжаттамаларды сараптаудан өткізгеннен кейін қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес технологиялық үдерістердің өрт қауіпсіздігін сатуға бағытталған іс-шаралар жүйесі жасалады. Технологиялық үдерістердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру үшін өндірістік үдеріс кезінде өрт пайда болу көздерін нақтылау керек [33].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет