18.Білімді тексеруге қойылатын талаптар: • тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
19. Мектептанудың негізгі мәселелері. Мектептану – педагогиканың бір бөлімі, мақсаты – еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесінің ерекшелігін анықтау. Мектептану тәрбие максатына сай дамиды.
Мектептанудың зерттейтіні:
• халыққа білім беру;
• лауазымды адамдардың іс-әрекеті;
• оқу-тәрбие процесіне басшылық ету;
• оның формалары, әдістері.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмысына байланысты. Мектептанудың методологиясының негізі - тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.