Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз


Технологияның артықшылықтарын сипаттаңыз



бет10/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
Гос ПСИХОЛОГИЯ ПЕДАГОГИКА

16 .Технологияның артықшылықтарын сипаттаңыз.
Технология – өнім алу үшін керекті материалдарды өңдеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс. Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі – түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Технологияның артылықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп. Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушыларыдың оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Технологияның кезеңдері:

  • Окытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;

  • Жаңа мақсатка жету кезеңдерін белгілеу;

  • Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою;

Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттерледі.
17. Балада қабылдаудың дамуы.
Қабылдау – адамның іс-әрекетімен тығыз байланысты активті процесс. Әдетте біздің саналы кабылдауымыз пассивті сырттай қабылдау емес, нақты танымдық сипаты бар міндетті шешу болып табылады. Кез келген объектіні қабылдау оны қоршаған ортада жүзеге асады.
Баланың қабылдауын дамыту.
Байқағыштықты дамыту үшін балаларды заттар мен құбылыстарды салыстыра білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Қабылданған нәрсемен танысқан соң, бірте-бірте оны түсіндіруге кірісу қажет. Оқыту ісі дұпыс қойылса – бастауыш сыныптың өзінде-ақ балалардың байқай қабілетін тез өсіреді. Балаларға, әсіресе мектепке дейінге, төменгі сынып жасында көптеген нәрселердің бәрі жаңа, сондықтан, бәрі де қызық көрінеді. Балалар көрген заттарын қадағалай отырып, қолына ұстауға құштар болып, айналадағы заттар мен құбылыстардағы көптеген нәрселерді ескермейді. Мұның себебі – бала қабылдаудың ерекшелігінде.
Мектепте жүретін барлық сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, әрбір мұғалім мына шарттарды орындап отыруы тиіс:

  1. Көрнекі құралдарды (модельдер, суреттер, жинақтар) пайдалануда балалардың жас ерекшелігін мұқият ескерген жөн.

  2. Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісін қалайда түсінгеді мақұл.

  3. Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуға да қатты зер салу қажет.

  4. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуінеде байланысты.

  5. Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болғаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет