Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз


Педагогикалық,психологиялық кіріспе



бет13/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
Гос ПСИХОЛОГИЯ ПЕДАГОГИКА

Педагогикалық,психологиялық кіріспе

Психологиялық- педагогикалық практикум практикалық - әлеуметтік психология ғылымның бір бағыты ретінде. Практик психолог іс - әрекетінің негізгі бағыттары. Әлеуметтік - педагогтың психологиялық құзіреттілігі. Алдын алу және ағарту, кеңес беру. әртүрлі психологиялық педагогикалық мәселелерді шешу. Білім беру үрдісін жобалау және болжалдау. Педагогикалық психологиялық жаңа технологияларды меңгеру. Білім беру мәселелерін шешу мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Психолгиялық-педагогикалық әсер ету түрлерін меңгеру; дискуссия, шеберханалар, педагогикалық консилиумдар, іскери және ұйымдастырушылық ойындар.
Студенттерді заманауи практикалық психология пәнінің құрылымымен, әдіснамалық негізімен, тұлғаның қалыптасуының жас ерекшелік аспектілерімен, диагностика және түзету жолдарымен таныстыру. Ғылымның қолданбалы тұрғысының маңызын және оның диагностика, түзету, дамыту, оқыту, тәрбиелеу, сондай-ақ, денсаулық сақтаудағы мүмкіндіктеріне көз жеткізу.
23. Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие?
Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген. Табиғат- халқымыздың төл бесігі. Табиғаттың сырларын терең білмесе де, қазақ көне заманнан бастап айға, күнге табынған,
Табиғат аясында өмір бойы көшіп-қонып жүріп, біздің ата-бабаларымыз оның сырын игерген, сан сапалы құбылыстарын бағалай білген.
Қазақтардың ең биік құдайы-Тәңір болып есептеледі. Барлық қайғы-қасірет,жұт, бақытсыздық қазақтар санасында Құдайдың бұйрығымен байланыстырылады.
Қазатың халық педагогикасындағы асыл мұралардың бірі- табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі мен оны аяулшылық қасиеті. Қазақ халқының бар өмір-тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Адам баласы табиғатты "Ана" деп құрметтейді.
Ұрпаққа қалдырған табиғатты қорғау салт-дәстүрлері де бар:
- Табиғатпен тілдескен есепшілердің болжауы
- Астрономиялық және жер құбылысы мен белгілеріне қарай болжаулар ж/е т.б.
Қазақтың табиғатты қорғау дәстүрлерінің бірі- халық болжамдары болып табылады. Аспан әлемдері, күн, ай, жұлдыздарға, қарға, суға арналған болжамдары бар:
"Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады", "Қыс аязды болса, жаз ыстық болады."
Сондайда, қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерінің бірі- адамның табиғаттағы іс-әрекетін реттейтін тыйым сөздер: "Жұлдызды санама", "Күн шыққан соң ұйықтама" ж/е т.б.
Қорытындылап айтатын болсақ ата-бабаның асыл дәстүрін жалғастырып, туған табиғатымыздың қадір-қасиетін жеткіншек ұрпаққа таныту, оған деген махаббатын арттыра отырып, айналадағы ортаны қорғауға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет