Мақсат-негізгі нәтижені дәл анықтау.Мақсатты диагностикаға сүйеніп анықтау.Нәтижені объективтік әдістермен тексеру.Оқушылардың оқу іс-әрекеті жобасының жасалуы.
Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары
Оқыту процесіндегі технология
Диагностика көмегімен оқушының деңгейін анықтап саралау.Таным іс-әрекетін ұйымдастыру.Білім сапасын бақылау және оны тексеру
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
• қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Зан-ков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Оқыту процесінің қызметтері
Оқыту процесінің кызметі. Оқыту процесінің озіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту кызметтері.
Оқытудын білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, ілкерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған койылатын талаптарды ескерген жөн.
Олар:
• білімнін толыктығы - оқу материалдарын тусіну үшін танымдык іс-әрекетті іске асыру;
* білімнің түсінуктілігі - оқушылардың өз бетімен ақыл ойын дамытуы;
* Білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мумкіндігін жасау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я. А. Коменскийдің, И. Ф. Гербариттың, Ф. А. Дистер-вектің, Н.И. Пироговтың және К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф. Гербарт: «Оқыту - адамгершілік тербиесінсіз максатсыз құрал», - деп тужырымдады.
Әлемнін екінші ұстазы атанған әл-Фараби: «Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады», - деп қатты ескертті.
Тәрбиелеү отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дуниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдык нормаларды, мінез-құлықты игерүін қамтамасыз етүге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Мектепте оқушыларда теориялық білім беру тәрбие процесі мен тығыз байланыста өткізіледі.