ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан ұлттық энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004. – 475 б.
2.
Ержанова Ұ. Тілдегі қазақтар дүниетанымы // Ұлт тағылымы. - 2002. – №4. -161-163 б.
3.
Торайғыров С. Қамар сұлу. – Алматы: «Атамұра», 2002. – 225 б.
4.
Торайғыров C. Шығармалар. Екі томдық. І том. - Алматы: «Жазушы», 1967. – 330 б.
5.
Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы: «Ғылым», 1999. – 200 б.
6.
Тарақты А. Ауызша тарихнама //Қазақ. – Алматы: «Білім», 1994. – 31-47 б.
7.
Әбілов Д. Арман дауылпазы // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 14 мамыр.
8.
Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы: «Ғылым», 1992. – 200 б.
207
РЕЗЮМЕ
В данной статье автор раскрывает национальные черты характера, такие как гостеприимство,
вежливость, красноречие, человечность и другие. Посредством этих ценностей в произведениях
казахского поэта Султанмахмута Торайгырова раскрывается концепция национального характера.
RESUME
In this article the author considers national characters such as hospitality, respect, oratory, humanity
and so on. These values are revealed through the works of the Kazakh poet Sultanmahmut Toraighirov.
208
ӘОЖ 811.512.122’221
Г.Т. Кәріпжанова
С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік
университеті, ф.ғ.к., доцент
Ә. Нұрпейісовтің
«Қан мен тер»
романындағы
бейвербалды
амалдардың сипаты
Аннотация
Мақалада Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»
романындағы
бейвербалды
амалдардың
ерекшеліктері,
кейіпкер
сезімін
берудегі
стильдік қызметі талданады.
Түйін сөздер: бейвербалды амалдар,
кейіпкер тілі, жазушы танымы, сөйлеуші,
әлемнің ұлттық бейнесі.
Әр халықтың эстетикалық танымы, мінез-
құлық ерекшеліктері, ырым-нанымы, тілі
арқылы көрініс табады. Әр ұлттың өзіне тән
ерекшеліктерін, таным-түсініктерін, ұлттық
мәнді қарастыру - бүгінгі күн талабы. Ұлттық
ерекшеліктердің бірі - қимыл әрекет. Қимыл
әрекет арқылы әр ұлтқа тән ерекшелікті
аңғаруға болады. Түрлі сезім, көңіл-күй әр
халықта әр түрлі іс-қимыл арқылы бейнеленеді.
Адам баласының көңіл-күйі түрлі қимыл
әрекеттері арқылы беріледі және сөйлеуші айтар
ойын тілдік құралдармен жеткізе отырып,
қимыл арқылы тереңірек жеткізуге мүмкіндік
алады. Көркем шығармаларда кейіпкерлердің
қуану, күлу, торығу, шошыну, қынжылу, риза
болу, көңілдену, өкіну, қанағаттану, түңілу, ыза
болу, тіксіну, өштесу, долдану – ашулану, ренжу
-
өкпелеу, ұнатпау, кектену, жақтырмау,
мақтану, қобалжу, толқу, тебірену, ұнату,
көңілінен шығу, қайғыру, уайымдау, жылау –
еңіреу, қорқу – шошу, үрейлену, жабырқау,
мұңаю, абыржу, налу, ызалану – күйіну,
менсінбеу, қызғану, рахаттану, күйіну, жақтыр-
мау, тыжырыну сияқты сан алуан эмоциялық
күйі көркемдік тілдік құрал болып табылатын
бейвербалды амалдар арқылы беріледі.
Ә.Нұрпейісовтің
«Қан
мен
тер»
романындағы
Судыр
Ахмет
образы
-
бейвербалды амалдар арқылы шебер жасалған
кейіпкер. Оның кереметі нағыз типтілігінде.
Қазақ әдебиеттерінде озбыр, зұлым, бай,
болыстың жексұрын типі аз емес. Ал, мына
Ахметтің «кереметі» оның белгілі бір қысқа
кезеңге тез бейімделе қойған хамелеондық
қылығында, ол дұшпандық айла – тәсілін әбден
машықтандырған қу. Судыр Ахмет бейнесі -
қылығы мен жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі т.б.
ерекшеліктері бір-бірін толықтырып отыратын
кейде еріксіз езу тартқызар, кейде тітіркендірер
қылықтары
күрсіндіретін,
кейде
еріксіз
оқырманын өзіне тартатын ерекше бейне.
209
Бетіне келген кісіге Судыр Ахмет дедектеп жетіп барады. Жеп жіберетіндей, ұзын
мойнын өршелене созып, күре тамыры білеудей болып көгеріп, бастырмалатып қылқына
сөйлеп кететін-ді (143 б).
Бұл жерден кейіпкеріміздің шырт етпе мінезі оның сыртқы бейнесі, қимыл әрекеті
арқылы танылған. « Дедектеп жетіп баруының» өзі оның пәле қуған, даукес келбетін
ашады. « Күре тамырының білеудей боп көгеруі» Судыр Ахметтің одыр мінезін танытады.
Судыр Ахмет қырғыштай тұмсығын қайта-қайта көтеріп, түрулі есіктен сыртқа
көз тастап, ана жақта бұл кезде бір кайнап қанды көбігін сапырып жатқан ет иісімен
қуана демалып қояды. Қазандағы еттен басқа дүние қамы естен шыққан. Өзі орасан
көнілді.
Тамақтан басқа шаруада жұмысы жоқ, өз тамағын ғана ойлаған жағымсыз бейне
екендігі осы жерде анық көрінеді. Бірде аш, бірде жалаңаш отырған бала-шағасын
ойламай, қазан асқан үйді жағалайды.
Үй толы кісінің арасында жалғыз өзі сұңқылдап сөйлеп отыр. Ара-арасында
шақылдап күліп қояды.
Көп ортасында жалғыз өзі сұңқылдап сөйлеу, шақылдап күлу – Судрахметтің даңғой,
көп сөйлейтін, сөзге кезек бермес өркөкіректігін айөындайды.
Өзеуреп жалғыз өзі сөйлеуі, кеудесін соға мақтануы да жеңілтек мінезін ашады.
Жаңа ғана бет тырнап шиедей болған оты, суы басқа кісілердің ол енді асты-
үстіне түсе бастады. Қызды-қыздымен отырып, құдай қаласа, соңыра қыз алып, қыз
беріп екі жақ қарсы құда боп, екі ауылдың арасында несін айтасың, дорба да, жорға да
қатынатып тастады. Сол сөзіне басқа жұрттан бұрын тағы да Судыр Ахметтің өзі
иланып сеніп қап, буы бұрқыраған ет алдарына келе бергенде қасында отырған қонақтың
біріне «құда» деп айтып та салды.
Судыр Ахмет кімге ұрынарын білмей, бойын ашу кернеп, түйіліп келсе... үй іші
көшуге әзір отыр екен.әйелінің жалғыз іңгенді жазылап, есік алдына шөгеріп қойғанын
көрді:
- Өй, әтеңе нәле! Өй, ерінің аққа тимегір! Өй, мал көрмеген көргенсіз!- деді Судыр
Ахмет, аузынан сөзі шыққан сайын иегінің ұшындағы шіл құйрық шоқша сақалы
шошаңдап, шоршып тұр.
- Былқылдап боталайын деп тұрған інгенді тал түске дейін матап тастағаны несі?
Әй,әй,ол қай қылығың, ә? (145 б).
Біреуге ұрынбай жүре алмайтын Судыр Ахметтің үй-ішіне де мазасыз, тынымсыз
адам екендігін көреміз. Үй ішіне көшуге көмек бергенін орнына әйелін жазғыра беруі де
жағымсыз қылығын айқындайды. Оның жиналған жүктің әр қайсысын бір-бір теуіп,
ыдыс-аяқтарды сындыруы, босағада тұрған қатыны мен балаларын сабауы, тыныш
отырған үйді көзді ашып-жұмғанша у-шу қылуы, жөн-жосығын айтпастан атына мініп
кетіп қалуы – оның әкелік қамқоры жоқ, шаңырақтың тірегі боларлық ер азамат еместігін
айқындайды. Балаларына да, жан ұясына да тыныштық бермейтін беймаза қатал да озбыр
адам екендігін көреміз.
Судыр Ахметтің қатын-баласының «теңіз жағасында, иесіз қораның арасында
жалғыз қалуы», «аты күйлі болып», өзінің «ажарлы» болып, «көйлегінің жағасына дейін
кірсіз болып» екі айдан кейін ғана оралуы - бала-шағасын ойламайтын, өзімшіл, қатыгез
бейнесін айқындайды.
Жазушы бала-шағасы мен қатынына көрсеткен қылығы арқылы қатыгез ретінде
танытса да, жазушы баяндауында оның қорқақ адам екендігін айтады.
«Судыр Ахметтің екі көзі атыздай болды.Әшейінде, ат басында, қатын-баланың
алдында ерсінгені болмаса, бұл өзі заты қорқақ кісі. Иесіз қыстау, елсіз жердегі
молалардан айырықша қатты қорқатын-ды»(156). Авторлық баяндаудан оның тек
қатын-балаларының алдында ғана батырсынуын, яғни Судыр Ахметтің тағы бір қырын
қорқақтығын аңғарамыз.
210
Сыртта, жіп кермеде қақтаған балықтар алыстан жаутылдап, көз құртын жеп
барады. Судыр Ахмет сілекейін тартып алды. Ауыл іргесіне тақап келгенде шыдамай,
атын тебініп қаттырақ бастырып, емпеңдеп келе жатқан-ды. Кенет көзі шеткі жалым
үйге түсті. Желі басында жатқан жас ботаны көргенде тіпті көңілденіп, «Ә, қараша
інген,.. О, жануар, аман боталаған екен ғой деп ойлады».
Судыр Ахметтің бала-шағасына қамқоршы бола алмауы, үй бетін көрмей, айлап
кетіп қалуы, үйінің ауылдағы «жалым үй» болуы – шаруаға қарамайтын жалқау, бала-
шағасын ойламайтын өзімшіл бейне ретінде танылады.
Енді бірде Судыр Ахметті басқа сипатта да көре аламыз. Мысалы әкелік мейірімі
жоқ тас жүрек қаһарман тағы бірде басқа қырынан суреттеледі. Көңілі босайтын,
көңілшек, ақкөңіл адам бейнесінде танылады.
Көзіне жас құйылып кетті. Дауытайын деп еді, дауысы шықпай, көмейі бүлкілдеп,
мұрыны суланып бара жатқанын сезді де, ат үстінен еңкейіп мұрнын дың еткізіп бір
сіңбірді. Сәлден кейін Судыр Ахмет жалым үйдің төрінде отырды, екі тізесінде екі
баласы көңілді-ақ.
Екіжүзді Ахметтің образын жазушы қимыл әрекеті арқылы шеберлікпен суреттеп
бере алған. Жалаң баяндамай шынайы сурет арқылы бітім болмысын толық аңғартады.
Осал екенсің! Бәсе, біздің қатын бас пайдасын білсе керек еді. Ау, үй шаруасын
артымда сен бітірсең, түз шаруасын менен қалмайды. Осы сапардан мен де қармақты
талай жерге салып келдім. Алғаным да бар, алмағаным да бар. Бірақ, қатын тұра тұр...
түбі бір қарық қылам. Әлгі ала қоржын қайда?-деп Судыр Ахмет ірге жаққа қолын
созды.
Құрғақ уәдемен қатынын алдап отырған Судыр Ахметтің айлап жоғалып кеткенін
азын аулақ ұсақ түйекпен жуып-шайған кейпін көреміз. Түз жұмысын бірідім деуі де
жалған сөзі екені көрініп тұр.
Судыр Ахметтің екіжүзділігі, тынымсыз, мазасыздығы туыстарына жасаған
қылықтары арқылы да беріледі. Ағасының үйіне барып, төрге көрпе салғызып отырып
алуы, бөтен кісі болса, үй ішіне әмір беріп басқарып отырған адамның кейпіне енуі,
інісіне қамқоршы бола қалып «Қабенжан» деп асты-үстіне түсуі – Судыр Ахметтің бөтен
адамға ер мінезді, кішіге құрмет көрсететін, ағасына жанашыр іні ретінде көрсеткісі
келетін аяр адам екендігін танытады.
Балаларын кәмпитпен алдап, қамқоршымсыған әке Ақбалаға шәй, кәмпит апарып
бер деп мүсіркеуі де екіжүзді Ахметтің қайырымды болып көрінгісі келген әрекеті.
Еламанның Сібірге жер айдалып кеткенін білетін Ахметтің Ақбаланың қытығына
тиюуі, «жаман балықшылардан тәуірі сол» деуі де - оның жағымсыз келбетін танытады.
«Ол енді су түбіне кеткен адам ғой. Иманды болсын, пақыр! Өзін жақсы көруші едім.
Өзін жақсы көруші едім. Дұғама жиі кіргізетін болып жүрмін,-деп Судыр Ахмет көңілі
босап, көзіне жас алып отырды да, әйеліне шыға тұр деп ымдады.
Судыр Ахметтің құмалақ ашуы да оның мінезін көрсетеді. Қу, айлакерлігін жазушы
қаһарманының қимыл-әрекеттері арқылы сипаттап, оның мінез қырларын ашады. Судыр
Ахмет мінезін көрсетуде қимыл-әрекетті суреттеудің ұтымды тәсіл екенін байқаймыз.
Мәселен,
Судыр Ахмет құмалақты алғашқыда әспеттеп, төрге жайған ақ тоқымға салып
еді, соңғы жолы төр алдында жатқан жыртық алашаға қырық бір құмалақты құр
шашып жіберді. Судыр Ахмет салған жерден суырыла жөнелген жоқ, бес тал сақалдың
ұшын тістеп, көзін тас қып жұмып алып еді, Қарақатынның зәресі ұшты.
Әспеттеп, деген сөз кейіпкердің қимыл-қозғалысын өзгешелеп, үстеме бояу қосып,
ерекшелендіре түскен. Сол жыртық алашаға қырық бір құмалақты құр шашып жіберді
сөзін де қаламгер ұтымды қолданған. Кейіпкердің алғашқы кездегі қылығымен кейінгі іс-
әрекетінің сәйкессіздігі арқылы оның мінезін де қамтып көрсеткен.
211
Судыр Ахмет те қу, айлакер болғанымен, ол кер жалқау, бос жүргенді ұнатады. Бала-
шағасына еңбекпен нан табудың орнына баласына алақан жайғызып, дайын асты ала
салғысы келеді. Қазан асқан үй аңдыған тілемсек бейне.
Мысалы, « Судыр Ахмет қазан көтеріп жатпаған үйде отыруға ықылассыз.
Дастархан жиналар-жиналмастан-ақ:
- Ал!... Ал, кеттік!-деп шекпенінің екі етегін қағып, елден бұрын түрегеледі.
Өз қара басының қамын ойлаған Судыр Ахмет әр нәрсені сылтауратып жұмыстан да
басқа іс-әрекеттерден қашқалақтап жүреді. Оның күннің ыстығында үйде жатып, әйелін
жұмсауы да кер жалқаулығын, әйеліне жаны ашымайтындығын көрсетеді. Кейiпкердiң
қac-қабағын, өңiн, жүзiн, қалпын суреттеу арқылы мінезі ашылады. «Портрет -
кейiпкердің тек сырт пiшiн тұлғасы сияқты боп көpінгенмен ол мінез-құлықты, іc-
әрекетті, характерді де қамтиды. Кейiпкердiң жүрiс-тұрысынан, әдетiнен, бет пiшiнiнiң
құбылысынан да адамның iшкi сарайы, жан күйi сезiлiп тұрады. Әлiмсақтан белгiлi бiр
ақиқатты қайталасақ - портрет қатып қaлған тас сурет емес, адам пiшiнiнiң, тұлғасының,
мiнез-құлқының жанды көpiнici» [1, 174б.].
Мысалы, Судыр Ахмет бүгін де бір сылтау тауып, өзінің орнына әйелін жіберді;
оған қысылған жоқ; қайта соның дұрыс болғанын күн ысыған соң білді. Түс кезіндегі
шыжыған ыстықта сыртқа шыға алмай салқын үйде жаны рахат тауып жатыр еді.
Сол үстіне Тәңірбергеннің бір жігіті келді. Екеуі оңаша үйде азырақ күңкілдесті де бір
пәтуаға келгендейтез-тез түрегелді. Көңілге болмаса Судыр Ахмет алар аңын көргендей,
ұры тышқан көзі ойнақшып кетті.
Автор кейiпкердің сырт келбетiн олардың өзіндік ерекшелiктерiн, сондай-ақ мiнез-
құлықтарын даралап портретi арқылы көрсете алған. Кейiпкерлердің алуан түрлi сезiм
дiрiлi, психикалық, эмоциялық жай-күйi бет өзгерiсi, қимылы мен iс-әрекеттерiн суреттеу
арқылы ашылады. Көзін суреттеу арқылы ішкі сезімін астарлайды. Ұры тышқан көзінің
ойнақшуы Судыр Ахметке пайдалы бір іс-әрекеттің алдағы уақытта орындалатындығынан
хабардар боламыз.
Ә.Нұрпейісов кейіпкерінің iшкi сезiмiн, көңiл-күйiн, сыртқы дене мүшелерiмен
байланыстыра суреттейдi. Сол арқылы қаһарманның эмоциялық жан-күйiн, мiнезiнiң бiр
қырын айқындайды. «Кейiпкердің сырт пiшiнi негiзiнен оның образын жасау процесiнде
айқындалып отырады. Ол туындыдағы жалпы уақиға арқауымен, эпизодтардың өзара
өрiлy, өрбу ерекшелiгiмен белгiлi бiр стильдiк мақсатта жанастырылады» [2, 143б.].
Судыр Ахмет пайдалы іс жасай қалса, үлкен дүниені тындырғандай маңғаздана
қалады. Мысалы, Олжалы қайтқан күні Судыр Ахмет өзін тежемей лепіріп, шалқып
отырады:
Қатын, тарықпа! Құдай қаласа оразаның тұсында өзіңе қыстық азығыңды жиып
берем. Тек ерте бастан күтініп, қаптарыңды әзірлей бер.
Енді бірде Судыр Ахмет бір күн жиде шабуға барады. Жиде шапқан күнгі іс-әрекеті
де күлкілі.
Осы жидені үш күн шауып, төртінші күнні шаққа құлатты. Бұл күні үйіне тау
жыққандай болып, көйлегіне сыймай келді.ауыл шетіне кіргеннен –ақ әйеліне дауыста:
- Бибіжамал! Уа, Бибіжамал! - деп торы атты қаттырақ тебініп дүбірлетіп
желіп келді.
Судыр Ахметтің мақтаншақтығы анық көрінеді. «Белгiлi бiр жaғдайдаға қатысты
кейiпкердің сырт тұлғасының өзгерiсiн, қимылын суреттейтiн портрет түpi портрет
ситуация болып табылады. Бір сәттегі кейіпкердің сипаты арқылы психологиялық жай-
күйлерi сипатталады. Экстралингвистикалық жағдайдың қаһарманға әсері, кейіпкердің
ішкі жан дүниесі, олардың сыртқы кecкiн-келбетi арқылы беріледі» [3].
Судыр Ахмет құмалақты алғашқыда әспеттеп, төрге жайған ақ тоқымға салып
еді, соңғы жолы төр алдында жатқан жыртық алашаға қырық бір құмалақты құр
212
шашып жіберді. Судыр Ахмет салған жерден суырыла жөнелген жоқ, бес тал сақалдың
ұшын тістеп, көзін тас қып жұмып алып еді, Қарақатынның зәресі ұшты.
Судыр Ахметтің өтірікті шындай етуде барлық қимыл –әрекеті арқылы қоса өрілген.
«Әдебиеттегi портреттің өзгешелiгi, мысалы суретшi бояумен кecкiндeгeн
портреттен айырмасы ол адамның бет-әлпетiн, кейпiн тұтас бейнелемей, көбiнесе
жекелеген ерекшелiктер, есте қаларлықтай сипат белгiлер, көркемдiк детальдар арқылы
көрсетедi. Суретшi жасаған портретте адамның бет-пiшiнiне, өң-шырай, келбетi қалайда
бүтiндей ашылады, ал әдебиет шығармасында портрет бояумен емес сөзбен
мүсiнделгендiктен, кейiпкердің бет-пiшiнi, кecкiн – келбетi суреттелген жеке сипат
белгiлерi негiзiнде ойша толықтырылып, көзге елестетедi» [4, 240б.].
Мысалы,
Судыр Ахметтің күйі тайып бара жатқасын, достың наразылығына қарамай,
Мөңке оны өздерінің селбесіне алып, өзектің шөбін бірлесіп шаппақ болған-ды. Онысынан
пайда таппады. Судыр Ахмет бір бауыр жерге дейін алым-берім істеді де, белі
шойырылып отыра кетті. Тым құрыса өзгелердей кісі бойы көк құрақтың шетіне түсіп,
қою-сұйығын араластыра шаппай, бітіктерін теріп, арамдап шапты.
Судыр Ахметтің осы іс-әрекетінен достарының қарсыласқанына қарамастан серік
етіп алған Мөңкенің жақсылығын осылайша ақтаған Судыр Ахметтің ұятты білмейтін
жалқау, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді қалайтын сүйкімсіз қылығы жария
болады.
Біреудің басына түскен іске күлегіш, мұқатуға даяр тұрар тағы бір ұсқынсыз мінезі
оның Райды мұқатпақ болған жерден байқалады. Қызынан айырылған Райды мұңды
жүзіне мысқылдайқарауы, тілі қышып кекткісі келуі, Кәленнен бата алмауы Судыр
Ахметтің жалтақ, жасқаншақ мінезін де ашады. Жазушының адамды тануында, портрет жасау
әдісінде ұзақ сүре баяндаушылық жоқ. Қысқа жасалған портреттік суреттеудің өзінен характер
танылып қалады.
Судыр Ахметтің құмалақ ашуы да оның мінезін көрсетеді. Қу, айлакерлігін жазушы
қаһарманының қимыл-әрекеттері арқылы сипаттап, оның мінез қырларын ашады. Судыр
Ахмет мінезін көрсетуде қимыл-әрекетті суреттеудің ұтымды тәсіл екенін байқаймыз.
Мәселен,
Судыр Ахмет құмалақты алғашқыда әспеттеп, төрге жайған ақ тоқымға салып
еді, соңғы жолы төр алдында жатқан жыртық алашаға қырық бір құмалақты құр
шашып жіберді. Судыр Ахмет салған жерден суырыла жөнелген жоқ, бес тал сақалдың
ұшын тістеп, көзін тас қып жұмып алып еді, Қарақатынның зәресі ұшты.
Әспеттеп деген сөз кейіпкердің қимыл-қозғалысын өзгешелеп, үстеме бояу қосып,
ерекшелендіре түскен. Сол жыртық алашаға қырық бір құмалақты құр шашып жіберді
сөзін де қаламгер ұтымды қолданған. Кейіпкердің алғашқы кездегі қылығымен кейінгі іс-
әрекетінің сәйкессіздігі арқылы оның мінезін де қамтып көрсеткен.
Мысалы, « Судыр Ахмет қазан көтеріп жатпаған үйде отыруға ықылассыз.
Дастархан жиналар-жиналмастан-ақ:
- Ал!... Ал, кеттік!-деп шекпенінің екі етегін қағып, елден бұрын түрегеледі.
Автор кейiпкердің сырт келбетiн олардың өзіндік ерекшелiктерiн, сондай-ақ мiнез-
құлықтарын даралап портретi арқылы көрсете алған. Кейiпкерлердің алуан түрлi сезiм
дiрiлi, психикалық, эмоциялық жай-күйi бет өзгерiсi, қимылы мен iс-әрекеттерiн суреттеу
арқылы ашылады. Көзін суреттеу арқылы ішкі сезімін астарлайды. Ұры тышқан көзінің
ойнақшуы Судыр Ахметке пайдалы бір іс-әрекеттің алдағы уақытта орындалатындығынан
хабардар боламыз.
Судыр Ахмет құмалақты алғашқыда әспеттеп, төрге жайған ақ тоқымға салып
еді, соңғы жолы төр алдында жатқан жыртық алашаға қырық бір құмалақты құр
шашып жіберді. Судыр Ахмет салған жерден суырыла жөнелген жоқ, бес тал сақалдың
ұшын тістеп, көзін тас қып жұмып алып еді, Қарақатынның зәресі ұшты.
213
Судыр Ахметтің өтірікті шындай етуде барлық қимыл –әрекеті арқылы қоса өрілген.
Мысалы,
Судыр Ахметтің күйі тайып бара жатқасын, достың наразылығына қарамай,
Мөңке оны өздерінің селбесіне алып, өзектің шөбін бірлесіп шаппақ болған-ды. Онысынан
пайда таппады. Судыр Ахмет бір бауыр жерге дейін алым-берім істеді де, белі
шойырылып отыра кетті. Тым құрыса өзгелердей кісі бойы көк құрақтың шетіне түсіп,
қою-сұйығын араластыра шаппай, бітіктерін теріп, арамдап шапты.
Судыр Ахметтің осы іс-әрекетінен достарының қарсыласқанына қарамастан серік
етіп алған Мөңкенің жақсылығын осылайша ақтаған Судыр Ахметтің ұятты білмейтін
жалқау, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді қалайтын сүйкімсіз қылығы жария
болады.
Сонымен, жазушы кейіпкерінің әр қилы дене қозғалысы, дене қалыбы, ишаралармен
көп нәрсенің мән-жайын ашып бере алған. Жазушы туындыларында бейвербалды
амалдарды кеңінен пайдалана отырып, шығарманың әдеби құнын жоғары деңгейге
жеткізген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Оразалинов С. Шындық және көркемдік шешім. - Алматы, 1977. - 198 б.
2.
Жұмалиев Қ. Стиль -өнер ерекшелігі. - Алматы, 1966. - 229 б.
3.
Кәріпжанова Г.Т.Ж.Аймауытов прозасының тілі. - Павлодар, 2010. - 184 б.
4.
Ахметов З. Әдебиеттану терминдер сөздігі. - Алматы, 1996. - 240 б.
РЕЗЮМЕ
В статье анализируются особенности невербальных подходов и их стилистических функций
в романе А. Нурпеисова «Кровь и пот».
RESUME
In the article the author analyses the peculiarities of non-verbal approaches and their stylistic
functions in the novel of A. Nurpeyissov «Blood and sweat».
214
ӘОЖ 070.195 (778 59)
Достарыңызбен бөлісу: |