Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата14.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4097
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы.  Шығармалары.  8  том.  –  Павлодар:  «ЭКО»  ҒӨФ,  2006.  –  
452 б. 
2
 
Бес  ғасыр  жырлайды.  2  томдық  /  Құрастыр.  М.Мағауин,  М.Байділдаев.  –Алматы: 
Жазушы, 1989. – Т.1. – 384 б. 
3
 
Халид  Құрбанғали.  Тауарих  хамса  (Бес  тарих)  /  Ауд.  Б.Төтенаев,  А.Жолдасов.  – 
Алматы: Қазақстан, 1992. – 304 б. 
4
 
Жирмунский  В.М.  Сравнительное  литературоведение:  Восток  и  Запад.  –Ленинград: 
Наука, 1979. – 493 с. 
5
 
Валиханов  Ч.Ч.  Аблай  //Валиханов  Ч.Ч.  Собр.  соч.  в  пяти  томах.  –  Т.  ІV.  –Алматы: 
Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. – 463 с. 
6
 
Турсунов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 
168 с. 
7
 
Қазақстан  туралы  түркі  деректемелері.  ІІ  том.  Көне  түрік  бітіктастары  мен 
ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 252 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются особенности отражения эпохи Казахского ханства в фольклоре. 
 
RESUME 
 
In  the  article  the  features  of  reflection  of  the  epoch  of  the  Kazakh  Khanate  are  examined  in 
folklore. 

 
219 
ӘОЖ 81’01;811,512.123 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Л.К. Мейрамбекова  
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті
докторант 
 
Түркілік түбірді 
зерттеу мәселесіне 
 
Аннотация 
Мақалада  түбiртану  мәселесi  бойынша 
айтылған  ой-пiкiрлер,  түбiрлер  мен  түбiр-
негiздердiң 
жекелеген 
аспектiлерi 
қарастырылады. 
Түйін  сөздер:  генеалогиялық  тек,  бір 
буынды  сөздер,  түбip  морфема,  негізгі  морфема, 
моносиллаб, дисиллаб, лексикалық қор. 
 
 
Тіл білімнің түркология саласында түрколог 
ғалымдардың  тарапынан  көптен  бepi  көңіл 
аударылып,  қызыға  зерттеліп  келе  жатқан 
тақырыптардың бipi - түpкi тіліне тән түбірлердің 
табиғаты. Tүбip мәселесінің ауқымы кең, көтерер 
жүгі де мол. Сөз тарихы түбip тарихымен тікелей 
байланысты.  Сөз  қаншама  ғасырлар  бойы  өмip 
cүpiп, қанша өзгерістерді басынан өткерсе де, көп 
өзгерістерге  түсе  бермейтін,  бүгінде  дербес  сөз 
ретінде  танылмайтын,  көненің  қалдығы  ретіндегі 
түпкі түбірлер әлі де толық зерттелініп болды деп 
айта  алмаймыз.  Сондықтан  ғалымдар  тарапынан 
күн  тәртібіне  қойылып,  ғылыми  тұрғыдан 
шешілуге тиісті мәселелер баршылық. 
Тілдерді 
генеалогиялық 
жағынан 
топтастыруда да лексикалық қордың, оның ішінде 
бір  буынды  сөздердің  ортақтығы  басты  назарға 
алынады. 
Сипаттамалы-синхрониялық 
тіл 
білімінде  түбір  немесе  түбір  сөз  дербес 
морфемаларға 
бөлінбейтін, 
тұтас 
күйінде 
ұғынылатын  сөздің  дербес  мағыналы  бөлігі 
ретінде  танылғанымен,  тарихи  тұрғыдан  бір 
буынды  түбірлердің  де  іштей  ыдырайтыны 
белгілі. Соған орай түбірдің құрылымы жайлы да 
түрлі  пікірлер  айтылып,  көзқарастар  қайшылығы 
туындады. 
Түркі 
тілдеріндегі 
бастапқы 
түбірлердің  дыбыстық  құрамы  жайлы  айтылған 
түрлі  пікірлер  негізінде  моносиллабтық  және 
дисиллабтық 
бағыт 
қалыптасқаны 
белгілі. 
Алғашқы  түркі  түбірлерінің  дыбыстық  құрамына 
байланысты  V,  CV,  VC,  CVC,  VCC,  CVCC 
конструкцияларын  ұсынған  (В.В.  Радлов,  В.Л. 
Котвич,  Э.В.  Севортян,  А.Н.  Кононов,  Н.А. 
Баскаков, 
А. 
Зайончковский 
т.б.)  сынды 
ғалымдардың  пайымдауларымен  қатар  алғашқы 
түркі  түбірлері  о  бастан-ақ  екі  буынды  болған 
немесе 
бір 
және 
екі 
буындылар 
қатар 
қолданылған деген пікірді қолдаушы ғалымдар да 

 
220 
болды (К. Менгес, В. Банг, Г.И. Рамстедт, Б.Я. Владимирцов, Н.К. Дмитриев т.б.). 
Агглютинативтік тілдерде сөздің одан әрі бөлшектенбейтін және өзгермейтін бөлігі, 
нақты  заттық  мағынаға  ие  түбір  біріншілік,  туынды  емес,  өлі  болуы  мүмкін,  яғни  тек 
түбірлік ядродан тұруы, мысалы: түрк. kel- 'келу'/ (С+Г+С), je- ( 'жеу' /С+Г+(+С)/, ol-
(  'болу,  істелу,жасалу,  құрылу'  /  (С)+Г+С,  e-  (  'болу'  /  (С+)Г(+С)  немесе 
екіншілік,  туынды  болуы,  яғни  түбірлік  ядродан  және  өлі  сөзжасам  аффикстерінен 
құралуы мүмкін, мысалы: qyz-yl, jur-(g)ek т.б. [1, 43 б.]. 
Егер дауысты дыбысты ‘Г’, дауыссыз дыбысты ‘С’ әріптерімен белгілесек, түбірлер 
дыбыстық  құрамы  тұрғысынан  бір  буынды  (Г,  СГ,  ГС,  СГС,  ГСС,  СГСС)  немесе  екі 
буынды  (СГСГ,  ГСГ,  ГССГ,  СГССГ),  ал  негіздер  түбірге  сөзжасам  жұрнақтарының 
үстемеленуіне  байланысты  көпбуынды  болуы  мүмкін.  Мысалы,  Г  типті  бірбуынды 
түбірлер: моңғ.a-'болу' ; түрк. u- 'істей алу', ö-'түсіну'; тұңғ. g- 'болмау', i- 'естілу'; кор. o
'келу';  
ГС: моңғ. aŋ, түрк. aŋ 'аң'; моңғ. ab-'алу'; түрк. ar- 'алдау'; түрк. aq- 'ағу'; СГ: моңғ.-
'болу',  тұңғ.  bi-  'болу';  түрк.  -  'алып  жүру';  тұңғ.,  кор.  sa-'сатып  алу';  СГС:  моңғ.  gar-
'шығу'; түрк. kel- 'келу'; тұңғ. xil- 'қыл, жүн'; кор. ćip-'үй'. Екібуынды түбірлер: ГСГ: моңғ. 
eke ‘әпке’; түрк. eke 'әпке, апай'; тұңғ. –маньч. uxe/kuxe' келін (інінің әйелі)'; ГССГ: моңғ.-
жазба.  alda  'сажын  (ұзындық  өлшемі)';  тұңғ.-маньч.  alda-n  'арасы,  ара';  СГСГ:  тұңғ.  –
маньч.  duxu-  'арқан  есу';  моңғ.  toku-  'тоқу,  есу';  түрк.  doku-'тоқу';  СГССГ:  түрк.  balqā 
'балға': ұйг. balqa, қаз., қ.-калп. balγa, қырғ. balqa; эвенк. halka'балға'; маньчж. folho'балға'.  
Алтай  тілдері  аралық  морфологиялық  параллельдер  жүйесінде  түбір  негіздердің 
дыбыстық  құрылымында  бірдейлікпен  қатар,  азды-көпті  айырмашылықтар  да  кездеседі. 
Мәселен,  түркі  және  моңғол  тілдерінде  көптеген  бір  буынды  түбір  сөздер  өздерінің 
бастапқы  қалпын  сақтағаны,  ал  екібуынды  түбір  негіздердің  тұлғасы  негізінен  бірдей 
болып келуінің (Мысалы: түрк.  yϊl~  моңғ. ǯil 'жыл';  түрк.  bal~ моңғ. bal  'бал';  түрк.  čaq~ 
моңғ. čaγ 'өлшем, уақыт'; түрк. käp~ моңғ. kep 'кеп, кейіп, түр'; түрк. yol~ моңғ. ǯol 'жол'; 
түрк. qara~ моңғ. χara 'қара'; түрк. yaqa~ моңғ. ǯ aχa 'жаға', түрк. qada, qaya~ моңғ. χada 
'қия, жартас' т.б.) [2, 43 б.]. Сыртында, түркі тілдерінде дауыссызға аяқталған бір буынды 
сөздердің  моңғолдық  параллельдері  үстеме  дауысты  дыбыспен  көмкерілгені  байқалады. 
Мысалы:  түрк.  ab,  av~  моңғ.  aba  'аң  аулау',  түрк.  kők~  моңғ.kőke  'көк',  түрк.  qat-~  моңғ. 
χata- 'қатып қалу, кебу', түрк. mäŋ~ моңғ. mäŋge 'мең', түрк. bas-~ моңғ. basu-'басу' т.б. Бұл 
құбылыс  туралы  Б.Я.Владимирцов:  ‘түркі  тілдері  бұл  типтес  сөздерде  соңғы  дауыстыны 
жоғалтқан  болса,  дауыстымен  келген  ашық  буын  тектілге  жақын  қалып  күйін  моңғол 
тілдерінде  сақтаған  [3,  157  б.]‘  дейді.  Ал  В.Л.Котвич  түркі  тілдерінде  әу  баста  бірінші 
буынға  түскен  екпіннің  кейінгі  буындарға  жылжуы  арғытүркі  кезеңінде  жүрілгенін 
ескеріп,  ‘бұл  процесс  соңғы  дауыстының  жоғалып,  жойылуына  емес,  керісінше  беки 
түсуіне әсер етуі керек еді, олай болса түркілік қысқа тұрпат арғытүркі тілінде болды, ал 
моңғол  тілдеріндегі  қосымша  дауысты  арқылы  ұзартылған  форма  дамудың  кейінгі 
кезеңдеріне  тән  құбылыс’  деп  санайды.  Қосымша  элементтер  арқылы  сөз  тұлғасының 
ұзартылуын  моңғол  тіліндегі  жалпы  үдеріс  деп  тани  отыра,  В.Л.Котвич  түркі-моңғол 
лексикалық параллельдерінің мынадай түрлерін көрсетеді:  
1)  түркі  тілдерінде  екі  дауыссызға  аяқталған  сөзбен  сәйкестік  құрайтын  моңғол 
сөзінің соңында дауысты дыбыстың үстемеленуі: түрк. ärk ~ моңғ. erke 'күш, билік', түрк. 
bärk ~ моңғ. berke 'қиын', түрк. qϊrk- ~ моңғ. kirγa- 'қырқу', түрк. kärt- ~ моңғ. kerči- 'керту, 
кесу' т.б. 
2)  түркі-моңғол  лексикалық  параллелдерінің  моңғолдық  сыңарында  дауыстыдан 
кейін қосымша n дыбысының болуы: түрк. bai ~ моңғ. bayan 'бай', түрк. kűč ~ моңғ. kűčűn 
'күш, қуат', түрк. yűz ~ моңғ. ǯisűn 'өң, жүз, бет', түрк. say ~ моңғ. sayin 'сау, жақсы', түрк. 
qoi~ моңғ. χonin 'қой' т.б. 

 
221 
3) моңғол тілінде түбірлердің шығу тегі белгісіз элементтермен ұзаруы: түрк. qut ~ 
моңғ. χutuγ 'құт', түрк. ant ~ моңғ. andaγar 'ант', түрк. at ~ моңғ. adaγun 'ат, жылқы', түрк. 
yaš~ моңғ. ǯalaγun'жас (бала, жігіт)' т.б.[4, 39 б.].  
Алтай  тілдері  аралық  морфологиялық  ұқсастықтардың  жоғары  көрсеткіші  ретінде 
бір  буынды  түбір  негіздер  олардың  типологиялық  тұрғыдан  ғана  емес,  генетикалық 
тұрғыдан да жақын тілдер екендігінің дәйектемелік өзегіне алынады [5, 146 б.].  
CVC  тұлғалы  түбір-негіздер  құрамындағы  соңғы  дауыссызды  аффикстiк  деңгейде 
қарастырған А.Н.Кононов түркi түбiрiнiң ең шағын тұлғасы V, CV, VC модельдерi екенiн 
морфологиялық  талдау  нәтижелерi  көрсетiп  отырғанын  айтады  [6,  108  б.].  Э.А.Макаев 
түркiлiк  түбiр  құрылымы  жөнiндегi  даулы  пiкiрлердi  шешудiң  жолы  ретiнде 
хронологиялық  стратиграфия  әдiсiн  қолданудың  қажеттiгiн  ұсынса  [7,  21  б.], 
И.В.Кормушин  CV  тұлғасын  тектiл  дамуының  алғашқы  кезеңiне,  (CV+C>)  CVC  екiншi 
кезеңiне  сәйкес  келсе,  келесi  кезеңiнде  кейбiр  түбiр  құрамындағы  соңғы  дауыссыздар 
қайта  түсiп  қалуы  мүмкiн  деген  болжам  ұсынады  [8,  11  б.].  Түркiлiк  түбiрдiң  прототипi 
CV моделi болуы мүмкiн екенiн алғаш айтқан В.В.Радловтың пiкiрiн тереңдетiп, мысалдар 
арқылы  дәйектеген  ғалымдар  Г.И.Рамстедт,  Э.В.Севортян,  А.М.Щербак,  А.Н.Кононов, 
Б.М.Юнусалиев,  В.Котвич  т.б.  болды.  Бұл  бағыттағы  зерттеушiлер  VC,  V  модельдерiнiң 
тарихилығына күмән келтiрмейдi. 
Түркі  тілдеріндегі  түбірлер  мен  түбір-негіздердің  құрылымы  жайлы  ХІХ  ғасырдың 
соңында пікір айтқан батыс ғалымы Г.Вамберидің түркі тілдерінің ішінде CVC тұлғасын 
алғашқы  деп  танып,  CV  моделін  осы  тұлғадан  ажырағанын  мысалдар  арқылы  беруi  ХХ 
ғасырда  лингвистер  тарапынан  жан-жақты  талданып,  бiраз  зерттеушiлер  Г.Вамбери 
пiкiрiнiң  негiздiлiгiн  көрсетсе,  келесі  лингвистер  тобы  түркi  түбiрiнiң  даму  бағыты 
бiржақтылыққа  көнбейтiнiн  тiлдiк  деректерден  керi  процестердi  де  байқауға  болатынын 
алға тартып, V, CV моделiн бастапқы түбiр ретiнде таниды. Зерттеушiлердiң үшінші тобы 
V,  VC,VCC,CV,CVC,  CVCC  модельдерiнiң  бәрiн  де  тең  дәрежеде  тарихи  түбiр  ретiнде 
қарастыруды ұсынады. Түркi тiлдерiндегi түбiр морфемалардың фонетикалық құрылымын 
әр қырынан қарастырған Н.А.Баскаков түркi түбiрiнiң CVC тұлғалы болып келетiнi жайлы 
алғашқы  ойын  қарақалпақ  тiлi  деректерi  негiзiнде  көрсетiп  [9,  63  б.],  түркi  түбiрiнiң  екi 
дыбыстан тұратын ашық буынды болып келетiнiн негiздеген В.Котвич теориясына қарсы 
аргумент  ретiнде  созылыңқы  дауыстыларды  мысалға  келтiру  түркi  түбiрiнiң  шынайы 
табиғатын ашып бере алмайтынын айтады.  Барлық түркi  түбiрлерi о баста үш дыбыстан 
тұратын тұйық буын үлгiсiнде қолданылғанын көрсете отырып, өз ойын «Все остальные 
двузвучные  или  однозвучные  корни  в  тюркских  языках  представляют  собой  редкие 
исключения  и  исторические  восходят  к  трехзвучным  корням  с  утраченным  в  результате 
фонетического  развития  начальным  или  конечным  или  тем  и  другим  согласным»  деп 
тұжырымдайды[10,  247  б.].  Ғалым  төрт  дыбыстан  тұратын  CVCC  тұлғалы  модельдердi 
CVC тұлғасына өнiмсiз немесе өлi аффикстер жалғану арқылы жасалған негiздер, не басқа 
тiлден  енген  кiрме  сөздер  ретiнде,  бiр  ғана  дауыстыдан  тұратын  ö  «ойлау»,  u  «ұйқы»,  ï 
«өсiмдiк» тәрiздi V тұлға модельдердi CVC тұлғасынан ықшамдалып υс тұлғасына, одан 
ықшамдалып V моделiне айналған (ï < γi < jig «густой, частый, плотный», ö < ög ~ ök ~ oj 
~  oj  ~  od  <  *bög  «думать,  размышлять»)  негiздер  ретiнде  қарайды  [11,  108  б.]. 
А.Н.Баскаков  түбiр  құрылымы  жайлы  ұсынған  теориясын  кейiнгi  еңбектерiнде  де 
тереңдетiп, CV тұлғалы ашық буыннан тұратын түбiрлердiң де түркi түбiрiнiң табиғатын 
анықтаудағы маңызына мән бередi, бiрақ сандық қатысына қарай CVC тұлғасы басымдық 
алатынын,  тарихи  түбiр  де  осы  тұлға  болатынын  қайталап  көрсетедi,  зерттеушiнiң 
статистикасы  бойынша  көне  түркi  тiлiнде  де,  қазiргi  түркi  тiлдерiнде  де  барлық 
моносиллабтардың төрттен үш бөлiгiн CVC модельдi тұлғалар құрайды [12, 21 б.]. 
Н.А.Баскаковтың  көзқарасына  қарсы  А.Зайончковский  орта  ғасыр  ескерткiштерi 
тiлiнде  CV  тұлғалы  модельдердiң  көп  мөлшерде  кездесетiнiн  айта  отырып,  тарихи  түркi 
түбiрi V, VC, CV, CVC тұлғаларында қолданылғанын айтады [13, 28 б.]. 

 
222 
Көне жазба ескерткiштер тiлiндегi түбiр сөздер құрамына тереңiрек үңiлсек, «тарихи 
категория  бiр  буынды  түбiрлердiң  кейде  компоненттерге  ыдырауын  бiр  тiл  материалы 
негiзiнде  де  аңғаруға  болатынын  [14,  247  б.]»,  бір  буындылардың  iшiнде  де  туынды 
тұлғалардың кездесетiнiн жоққа шығаруға болмайды. Түркі тілдеріндегі түбір мәселесіне 
алғашқылардың  бiрi  болып  кеңiнен  тоқталған  қырғыз  ғалымы  Б.М.  Юнусалиев  сөздiк 
қордағы екi  буынды, көп буынды сөздермен бiрге бiр буынды лексемалар құрамында да 
өлi түбiлер сақталып қалатыны жайлы «Омертвевшие корни не исчезают бесследно. Они 
лишились лишь лексической самостоятельности, но их звуковая материя продолжает жить 
в той или иной форме в основе новообразованных корневых слов» дей отырып, тiптi «... 
туынды тұлғалар да дербестiгiн жоғалтуы мүмкiндiгiн» айтады [15, 63 б.]. 
Түркi  тiлдерi  түбiртану  мәселесiн  зерттеуде  дәстүрлi  әдiс-тәсiлдермен  қатар  тың 
теориялық-методологиялық  қағидаларды  да  ұстанудың  қажеттiгiн  көтерiп  жүрген 
башқұрт  ғалымы  А.Шайхулов  [16,  14  б.].  Едiл  Жайық  аумағын  мекендеушi  түркi 
халықтары тiлiндегi моносиллабтарды фонетикалық, морфологиялық, фоносемантикалық 
тұрғыдан  саралау  барысында  аталған  аймақтағы  қыпшақ  тобына  енетiн  тiлдерде 
қолданылатын  4000-нан  аса  түбiр-негiздердiң  жартысына  жуығы  этимологиясы  күңгiрт, 
дербестiгiнен  айрылған  бiрлiктер  деген  қорытындыға  келедi.  Ол  татар,  башқұрт,  чуваш, 
монғол,  тұңғыс-маньчжур  тiлдерi  деректерi  негiзiнде  алтай  семьясына  енетiн  тiлдердегi 
ғалам бейнесiнiң iздерiн түбiрлiк деңгейде де ажыратуға болатынын «... в языках картинах 
мира  языков  алтайской  семьи  можно  выделить  общее  структурно-семантическое  ядро, 
которое  выражает  не  только  наличие  общих  корневых  основ  но  и  мотивирующих 
признаков,  позволяющих  объединить  лексемы  в  тематические  группы  и  семантическое 
гнездо далее рассматривать их в рамках идеографической парадигматики» деген ойлары 
арқылы  бiлдiредi.  Ғалым  пiкiрi  дербес  және  реконструкцияланған  моносиллабтардан 
тұратын  жалпыалтайлық  тiларалық  лексикалық  параллельдердiң  семантикалық  даму 
ерекшелiктерi  олардың  жалпы  мазмұндық,  ономасиологиялық  қасиеттерiн  қамтитын 
идеографиялық сипатына сәйкес келедi дегенге саяды. 
Қазақ  тіл  білімінде  де  түбіртану  мәселесі  Ә.Қайдар,М.Томанов  Б.Сағындықұлы, 
А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, Ә.Ибатов, К.Хұсайын, Е.Қажыбек,Ж. Манкеева, А.Салқынбай, 
Ж.Тектіғұл,  Ш.Жалмаханов,  М.Сабыр  т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  жан-жақты 
талданды. 
Ә.Қайдар - ғалымның 1986 жылы жарық көрген «Структура односложных корней и 
основ в казахском языке» атты монографиясы отандық және әлемдік тіл білімінде жоғары 
бағаланған аса құнды еңбек ретінде танылды. Еңбегінде түркі  түбірі мәселесіне әр түрлі 
аспектіден  –  этимологиялық,  тарихи,  фонетикалық,  морфологиялық  тұрғыдан  қараған 
көптеген  ғалымдардың  ой  пікірлерін  жинақтап,  нақты  тілдік  факторлар  арқылы  өз 
пайымдауларын  ұсынады.  Түркі  тілдеріндегі  түбір  мәселесіне  еуроцентристік  бағытта 
«түбір»  мен  «негіз»  проблемаларының  жігін  айқын  ажыратпай,  араластыра  қарастырған 
ғалымдар топшылауына қарсы ғалым «бір түбір» проблемасын жан-жақты ашып көрсете 
отырып,  түбір,  түбір  сөз,  түбір  морфема,  түбір  негіз,  негіз,  туынды  негіз  тәрізді 
грамматикалық  категорияларды  саралап,  анықтама  берді.  Сондай-ақ  түрколог-
ғалымдардың  бұл  мәселе  жөнінде  түрлі  көзқараста  болуының  себебі  түбір  табиғатының 
мейлінше 
күрделілігіне 
және 
оның 
бір 
буындылық/бір 
буын 
еместілік, 
мүшеленуі/мүшеленбеуі  (разложимость/неразложимость),  дербестігі/дербес  еместігі, 
мөлдірлігі/мөлдір  еместігі  (прозрачность/непрозрачность)  құрылымдық-семантикалық 
дамуының  қарапайымнан  күрделіге  бағытталуы  немесе  керісінше,  күрделіден 
қарапайымға  бағытталуы,  тұрақтылығы/өзгергіштігі  сияқты  кейбір  аспектілерінің  толық 
зерттелемегеніне  байланысты  екенін  айта  отырып,  түркі  түбірі  туралы  өз  тұжырымын 
былай  қорытады:  «Тюркский  корень  есть  наидревнейшая  и  историческая  реальная 
единица  языка,  сохраняющая  свою  суть  несмотря  на  постоянное  фоно-морфо-
семантические  изменения,  приходящие  в  процессе  агглютинативного  развития  строя 

 
223 
тюркских языков. Он может структурно совпадать с первообразным словом, если она не 
превышает  одного  слога.  Во  всех  остальных  случаях  тюркский  корень  выступает  как 
производная  единица  языка,  где  корень  отражает  в  себе  состояние  статики,  а  слово  – 
динамики».  Ғалым  байырғы  лексикалық  байлықтың  негізін  құрайтын  бір  буынды  түбір-
негіздердің  құрылымдық  модельдерін,  олардың  тұлғалық  өзгерістерге  түсу  мүмкіндігін, 
даму  жолдарын  жан-жақты  сипаттап,  қазақ  тіліндегі  бір  буынды  түбір-негіздердің 
корпусын ұсынады [17, 244 б.].  
Профессор  М.  Томанов  қазақ  тілінің,  жалпы  түркі  тілдерінің  түбір  морфемасының 
фонетикалық құрылымы, тұлғасы жайын сөз ете отырып. «… байырғы түбір бір буынды, 
ал  көп  буынды  түбірлердің  қалыптасуы,  орнығуы  түркі  тілдерінің,  солардың  бірі  қазақ 
тілінің, типологиялық ерекшелігінен туған құбылыс. Бір буынды түбірлер аффиксацияның 
нәтижесінде  көп  буындығы  (екі  буынды,  кейде  үш  буынды)  айналып  отырғанда,  кейін 
осының өзі тұрақты құбылысқа ауысқан» деп көрсетеді [18, 614 б.].  
А.  Ибатов  түбірдің  дыбыстық  құрамы  туралы  айтылған  пікірлерге  шолу  жасап,  тіл 
білімінде осы мәселе жөнінде төрт түрлі бағыт (1. Әуелгі түбірлер CVC болған; 2. V және 
CV; 3. CVC тұлғасы іштей бөлшектеуге келеді; 4. Әуелгі түбірлердің ішінде V, CV, VC, 
CVC түбірлерінің бәрі де болған) қалыптасқанын айтады және өз пікірін «… әуелгі түбір 
тұлғалар  ашық  буын  CV  түрінде  айтылған  болу  керек.  Олар  қазіргі  тілімізде  дербес 
қолданылмайтын этимологиялық түркі түбірлерді ғана қамтыған. Түбірлердің әуелгі түрі 
дегенге  тек  этимологиялық  түрғыдан  ғана  айқындалатын  өлі  түпкі  түбірлерді 
жатқызамыз» деп білдіреді [19, 14 б.]. Қазақ тiлiнде түбiр, негiзгi түбiр, негiз немесе түбiр 
сөз  ұғымдарының  қатар  қолданылуына,  түрлiше  аталуының  себептерi  ашылмай,  күңгiрт 
қалып  келе  жатқанына  алғаш  назар  аударған  ғалымдардың  бiрi  А.Хасенова  етiстiктiң 
лексика-грамматикалық сипаты жөнiндегi монографиясында түркi тiлдерiнде сөз iшiндегi 
дыбыстардың  орын  алмасып  қолданылуы  (үйрек,  урған,  өрән,  ургат,  өрәт;  қапуғ,  қапуғ, 
қапқа,  қақпа  т.б.),  түбiрлердiң  тек  соңғы  дыбыстары  емес  алдыңғы  дыбыстарының  да 
саны  артық  немесе  кем  болып  келуi  (қаз.т.  нану,  сену;  өзб.т.  инон-моқ,  ишон-моқ  т.б.) 
қалыптасып  кеткен  тiлдiк  ерекшелiк  екенiн,  қазақ  тiлiндегi  п  дауыссызына  бiтетiн 
етiстiктердiң  қосымша  жалғану  барысында  деформацияланып  б,  у,  м  дыбыстарына 
ауысуы кездесетiнiн (жап: жабады, жауып, жамыл, жапқан т.б.) негiзге ала отырып [20, 
306 б.], А.Зайончковский мен Б.М.Юнусалиев ұсынған теориялық қорытындыға күмәнмен 
қарайды.  Ғалымның  пайымдауынша  «Бұл  құбылыс  сөз  iшiнде  не  сөз  аяғында  кейбiр 
дыбыстардың  айтылуда  түсiп  қалуға  икемдiлiгiмен  де  тiкелей  байланысты».  Кейiнгi 
жылдарғы  зерттеу  нәтижелерi  ғалымның  көз  қарасына  қарсы  фактiлердi  де  айқындап 
отыр. 
Қазақ  тіліндегі  еліктеуіш  сөздерді  басқа  түркі  тілдеріндегі  имитативтермен 
салыстыра  отырып,  фоно-семантикалық  талдаулар  жүргізгенпрофессор  К.Ш.  Хұсайын 
алғашқы  түбірлер  CVC  болуы  мүмкін  деген  бағытты  қолдайды:  «…  можно  утверждать, 
что  большая  часть  структурно  выделяемых  гипотетических  корней  типа  СГ  в 
звукоизобразительных  словах  относится  к  типу  СГС».  Ғалым  CV  типті  еліктеуіш 
түбірлердің қазақ тілінде аз қолданылатынын көрсетеді [21, 40 б.]. 
Түркі  тілдеріндегі  гомогенді  моносиллабтарды  етіс-есім  омонимиясы  тұрғысынан 
зерттеп  синкретизм  құбылысының  теориялық  сипаттамасын  ауқымды  тілдік  дерек 
негізінде  дәйектеп  берген  Е.Қажыбек  «түркi  тiлдерiндегi  сөз  таптары  синкретизмiнiң 
iздерi  грамматикалық  деңгейде  де,  –  дериваттардың  етiстiк-есiм  омонимиясы  немесе 
сөзжасам  аффикстерi  негiзiнде  де  аңғарылады»  дей  отырып,  соңғы  құбылысқа  аса 
ыждаһаттылықпен  қарау  қажеттігін,  яғни  аффикс  арқылы  жасалған  етістік,  есім  мәнді 
моносиллабтар  құрамында  кездейсоқ  сәйкестіктердің  де  кездесіп  қалуы  мүмкін  екенін 
көрсетеді. Моносиллаб синкретизмдер табиғаты негізінде түбірлердің көп функционалды 
болу құбылысын жалғамалылық кезеңге дейін қолданыста болған сөзжасам тәсілі ретінде 
қарастыр ған зерттеуші  «Семасиологиялық тұрғыдан қарағанда түркі түбiрiнiң синкреттi 

 
224 
семантикасы ең ежелгі тектілдің семантикалық жүйесiнiң сiлемi. Сондықтан түркі тілдері 
лексикасын  диахрондық  негізде  саралауда  түркілік  сөз  мағынасының  жалпыдан 
нақтылыққа қарай даму бағытына ерекше мән беру қажеттігін» ескертеді [22, 244 б.]. 
Ж.  Манкеева  «Қазақ  тіліндегі  байырғы  түбірлерді  жаңғырту»  атты  еңбегінде  түбір 
этимологиясының көмескіленуі және оларды жаңғырту мәселесіне басты назар аударады. 
«Сөздің ең бастапқы, ең түпкі түбірін қат-қабат жалғамалы элементтерден біртіндеп аршу 
арқылы»  императив  етістіктерден  архиформаларды  ажыратып  көрсеткен  профессор  Ж. 
Манкеева:  «Императив тұлғаның құрамнан бөліп алынатын түбірлер  бір модельмен ғана 
шектелмейді,  өйткені  сөз  деривациясының  реконструкциясы  жеке  сөздің  моделін  емес, 
туындатушы  модельдер  жасауды  талап  етеді.  Бұл  жағдай  осы  аталған  негіздердің 
гомогенділігін анықтауға мүмкіндік береді»,  - дей отырып, бірнеше  туынды негіздердегі 
немесе  этимологиялық  түбірлердегі,  әсіресе  «өлі»  элементтің  туынды  түбір  ретінде 
қайталануы  оның  бұрынғы  кездері  дербес  лексемалық  деңгейде  қолданылуымен 
түсіндіреді [23, 20 б.]. 
Түймебаев  Ж.  Қ.Ескеева  М.  Қ.  «Көне  түркі  жазба  ескерткіштері  тілінің 
морфологиялық жүйесі (ҮІІ-ІХ ғғ.) атты үш бөлімнен тұратын еңбектерінің бірінші бөлімі 
ҮІ-ІХ  ғасыр  түркі  жазба  ескерткіштер  тілі  морфологиялық  құрылымының  зерттелуіне 
арналса, екінші бөлім ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба ескерткіштері тіліндегі түбір морфемалар 
сараланады,  үшінші  бөлім  ҮІ-ІХ  ғасыр  түркі  жазба  ескерткіштері  тіліндегі  қосымша 
морфемалар сипатталады [24, 50-56 б.]. 
Тұжырым:  түркi  лингвистикасындағы  түбiртану  мәселесi  бойынша  айтылған  ой-
пiкiрлер, түбiрлер мен түбiр - негiздердiң жекелеген аспектiлерiн қарастырған зерттеулер 
де  тiлдегi  түбiрлiк  деңгейдiң  қалыптасуы  мен  дамуы  фонетика  -  фонологиялық, 
морфологиялық,  семантикалық  және  ономасиологиялық  құбылыстардың  өзара  тығыз 
байланысына негiзделетiнiн, түбiр табиғатын тереңiрек тани түсу үшiн бір буынды  түбір 
морфемалардың  сыртқы  тұлғасы  мен  iшкi  мазмұнын  сабақтастыра  қарастырудың 
қажеттiлiгiн  көрсетiп  отыр.  Себебi,  жалпы  лексикалық  байлықтың  өзегiн  құрайтын 
моносиллабтар  -  адамзат  өмiрiндегi  тiлдiң  маңызын  айқындайтын  сан  қырлы  рухани-
функционалдық сапаны қамтамасыз ететiн лингвоонтологиялық құрылым.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет