Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата14.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4097
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 482 б. 
2
 
Оразов М. Етістік. – Алматы, 2001. – 384 б. 
3
 
Сыздықова  Р.,  Қойгелдиев  М.  Қадырғали  би  Қосымұлы  және  оның  жылнамалар 
жинағы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 270 б. 
4
 
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. - 264 б. 
5
 
Дүйсен  С.,  Яван  К.  Түркі  тілінің  толық  жүйеленген  ережелер  жинағы  жазба 
ескерткіші (XIII-XV ғ.). – Түркістан, 2004. – 315 б. 
6
 
Ergin M. Türk Dil Bilgisi. – İstanbul, 2001. – 406 б. 
7
 
Наджип  Э.  Культура  и  тюркоязычная  литература  мамлюкского  Египета  XIV  века.  – 
Туркестан, 2004. – 291 с. 
8
 
Наджип Э. Кыпчакско-огузский литературный язык мамлюкского Египета XIV века: 
Автореф. дисс. докт. филол. наук. – М., 1965. – 94 с. 
9
 
Қошғарий М. Девону луғот ит-турк. – Тошкент, 1961. – Т.II. – 427 б. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  речь  идет  о  категории  наклонения  глагола  в  языке  средневековых  Мамлюк 
кипчаков.  Рассмотрены  приставки,  создающие  наклонение  глагола,  их  прямые,  косвенные 
значения и функции, наклонение глагола в кипчакском языке и их внутренние функции. 
 
RESUME 
The  article  is  devoted  to  the  category  of  the  verb  mood  in  the  medieval  Mameluke  Kipchak 
language.  And  also  there  were  considered  the  prefixes  creating  verb  moods,  their  direct,  indirect 
meanings and functions, and also a verb mood in the Kipchak language and their internal functions. 

 
195 
ӘОЖ 81.64 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ш.А. Доскеева 
Қазақ инновациялық 
гуманитарлық-заң университеті, 
филол. ғыл. канд., доцент 
 
Ә. Нұршайықов 
қаламынан туған 
бейнелердің 
әлеуметтік сипаты 
мен тәрбиелік мәні 
 
Аннотация 
Мақалада 
жазушы 
Ә.Нұршайықовтың 
қаламынан  туған  бейнелердің  әлеуметтік  сипаты 
мен 
тәрбиелік 
мәні, 
жан 
әлемі 
және 
психологиялық,  ішкі  моральдық  келбеті,  мінез 
пайымы,  көңіл  толқыныстарының  суреттелу 
ерекшелігі,  стильдік  мәнері  мен  жазушының 
шеберлік  қырларының  мән-маңызы  теориялық 
тұрғыдан  тұжырымдалады.  Әдебиет  тарихын 
тақырып,  мазмұн,  жанрлық  тұрғыда  байытып,  өз 
кезінде  әдеби  процестің  дамуына  ықпал  еткен, 
Кеңес  дәуіріндегі  заман  мен  адам  бейнелерінің 
тұтас  галереясын  сомдаған  туындылар  ретінде 
пайымдалады. 
Түйін  сөздер:  образ,  композиция,  сюжет, 
публицистика, идея, ұлттық мүдде, кейіпкер. 
 
 
Ә.Нұршайықов  –  қазақ  әдебиеті  тарихында 
қаламы қарымды, өмір тәжірибесі мол, әңгімешіл 
һәм  әмбебап  қаламгер.  Оның  әр  шығармасында 
түрлі жанрлар тоғысы жинақталған. 
Қаламгерді  әдебиет  теориясы  тұрғысынан 
жасампаз қаһарман (мәдени қаһарман) деп атауға 
да  болады.  Өйткені  жазушы  дүниеге  адам 
образын  әкеліп  қана  қоймай,  соның  барлық 
болмыс-бітімін, 
ішкі 
әлемін, 
шығарма 
сюжетіндегі 
тартыс 
негізінде 
іс-әрекетін, 
танымын бейнелейді. Жазушы туындыларындағы 
ұлттық  мүдде,  дәстүр  жалғастығы,  әлеуметтік 
шындық  –  әдеби  шығарманың  құрылымдық 
композициясының  өзегі.  Әдебиет  зерттеушісі 
Мүсілім  Базарбаев  осы  мәселе  турасында  былай 
дейді: 
«Әдебиеттегі 
ұлттық 
дәстүр 
мен 
жаңашылдықтың  бір  мезгілде,  белгілі  бір 
уақытының ішінде болып жатқан құбылыс екенін 
мойындай отырып, оның түрлі көріністерін бөліп 
айтпасқа ылаж жоқ. Өйткені талдау амалы, әңгіме 
реті  соны  тілейді.  Сондықтан  әдебиетті,  немесе 
жеке  шығарманы  алғанда,  мына  жерге  дейін 
дәстүр,  мына  беттен  бастап  жаңалық  деп  айту 
қиын.  Рас,  уақыт  өлшеміне  қарай  ескі  дәстүрлер 
ескіреді  де,  оның  орнын  жаңа  ұғым,  жаңа  өрнек 
басады;  бұл  құбылыстың  тарихын,  эволюциясын 
алғанда  дұрыс.  Ал  әрбір  мезгілді  жеке  алып,  тап 
сол  моментті  ғана  қарасақ,  екі  құбылыстың 
екеуінің  де  бірлесе  тіршілік  етіп  жатқанын 
көреміз» [1, 37 б.]. Шығарма желісінде  бүтін  мен  

 
196 
бөлшектің, ескі мен жаңаның, өткен мен бүгіннің аражігі еш көрінбейді. Желіге, сюжетке 
қатысты оқиға ешқандай уақытқа бағынбай, өзіндік өлшеммен, соның ішінде қаламгердің 
өлшемімен өрнектеледі. 
Осы  ретте  белгілі  әдебиет  сыншысы  Сағат  Әшімбаевтың  мына  бір  пікірі  құнды: 
«Жазушы  көз  көргендерін  сол  қалпында  бейнелеп  қана  қоймайды.  Өмірден  алатыны,  өз 
жанынан  қосатыны  анық.  Былайша  қарағанда  шығарма  жазушының  идеалы  мен 
антиидеалының  көрінісі.  Өйткені  жазушы  ең  алдымен  күрескер  азамат.  Алдаспаны  – 
қаламы мен парықты сөз. Жазушы жаны сүйген құбылысты мадақтап, жиренгенін мансұқ 
етеді.  Оның  бұл  ойы  шығармада  бүркеулі  жататыны  анық.  Өйткені  әдебиет  жалаң 
публицистика емес, онда идея образға айналып кетеді» [2, 6 б.]. Демек, жазушы образды 
дүниеге  әкелмес  бұрын  оның  сапалық  мәнін  арттырады,  яки  сұрыптаудан  өткізеді.  Әр 
өнер  туындысында  жағымды  және  жағымсыз  бейнелердің  болатыны  сияқты,  қаламгер 
заман  дәуіріне  лайықталған  бейнелерді  тудырады.  Мәселен,  «Махаббат,  қызық  мол 
жылдар»  романында  пәк,  таза  Меңтайдың,  махаббатқа  табынып,  бірақ  өзі  оқ  пен  оттың 
арасында  қалған  Сәлиманың,  момын  да  адал  Ерболдың,  опасыз  Тұмажанның,  озбыр 
Бүркітбайдың,  жеңілтек  мінез  Зайкүл,  қуақы  мінезді,  бірақ  арғы  жағы  ақ  көңіл 
Жомартбектің  және  басқа  да  бірнеше  кейіпкердің  болмыс-бітімдері  ашылады.  Сонымен 
бірге романда қосалқы, жанама типтік мінездер де белең алады. Сөйтіп, қаламгер даралау 
мен жинақтаудың негізінде қоғамдағы нағыз типтік образдарды жасайды. Әр мінез өзіне 
лайық  іс-әрекеттермен  көмкерілген.  Әрбір  кейіпкердің  жан-дүниесі  өзі  келтірілініп 
отырған категорияға сайма-сай келеді.  
Ақыл-парасат,  сүйіспеншілік,  сыр-сезім  –  өнер  туындысының  басты  өлшемдерінің 
бірі.  Сұлу  арудың,  адал  жардың,  қамқор  ананың  бейнесі  барлық  әлем  әдебиетінде 
жырланды және бүгінгі күнде үлгі ретінде танымал. Оған дәлел әдебиеттегі Шекспирдің 
Джульеттасы  («Ромео  және  Джульетта»),  Дездемонасы  («Отелло»),  Гетенің  Гретхені 
(«Фауст»),  орыс  әдебиетіндегі  Л.Н.Толстойдың  Анна  Каренинасы  («Анна  Каренина»), 
«Наташа  Ростовасы  («Война  и  мир»),  «А.С.Пушкиннің  Татьянасы  («Евгений  Онегин»), 
«Маша  Мироновасы  («Капитанская  дочка»),  М.Ю.Лермонтовтың  Бэлласы  мен  Княжна 
Мэриі  («Герои нашего  времени»), Достоевскийдің Саня Мармеладовасы («Преступление 
и  наказание»),  Тургеневтің  Лизасы  («Дворянское  гнездо»),  Елена  Стаховасы 
(«Накануне»),  Асясы  («Ася»),  Ш.Айтматовтың  Найман-Анасы  («Боранды  бекет»)  мен 
Жәмиласы  («Жәмила»).  Енді  осы  қатарға  Әзілхан  Нұршайықовтың  Меңтайы  келіп 
қосылып,  осы  образдар  қатарында  Меңтай  бейнесінің  өзіндік  ерекше  образы  жасалды. 
Меңтай  –  бүкіл  қазақ  жігіттерінің  идеалы  ретінде  суреттеліп,  өз  ақылын  сабыр  мен 
парасатқа  жеңдіре  білген  қарапайымдылықты  жаны  сүйген  тәрбиелі,  көрегенді  қыз 
бейнесінде сомдалған. 
Романдағы  Меңтай  образы  қазақтың  қарапайым  қазақ  қызының  типтік  бейнесі 
ретінде  көрініс  табады.  «Көркем  туындыдағы  адам  образын  сомдау,  мүсіндеу  үшін 
бірнеше  көркемдік  тәсілдердің  қатысатыны  аян.  Әрқайсысы  суреткер  көздеген  ойды, 
алдына  қойған  мақсатты  жеткізуде  өзіндік  қызметке  ие»  [3,  123  б.],  -  деген  ғалым 
А.Жаманғараеваның  пікірін  алға  жетелер  болсақ,  психологиялық тұрғыдан  алғандағы  ең 
көркем  әрі  қуатты  тәсіл  –  портрет  болып  табылады.  Портрет  арқылы  ғана  адамның 
болмыс-бітімін  танып  біліп,  ішкі  сезімін  айқындауға  болады.  Мәселен,  Меңтай  портреті 
лирикалық  қаһарманның  шегінісінен  бастау  алады.  Яғни  Ерболдың  Меңтайды  алғаш 
көрген сәттегі суреттеп-сипаттауларынан басталады. «Өзге қыздар күлгенмен, ақ қыз әсем 
ернін  қытықтай  бастаған  күлкіні  кері  қайырып  жіберді.  Мұнысымен  ол  барша  ұстамды 
қыздың бетінен еш нәрсені білдіртпейтін, жақсы иә жек көргенін ешқашан аңғартпайтын 
ең  үлкен  өнерін  танытқан  еді.  ...Осы  кездегі  оның  ризалық,  биязылық,  сыпайылық, 
сүйкімділігін көргенде менің жүрегім бұрынғыдан бетер дүбірлеп, дүрсілдеп кетті» [4, 31 
б.],  -  деген  жолдардағы  Меңтай  образы  шығарманың  идеясын,  тақырыбын  айқындап 
тұрғандай.  

 
197 
Жазушы кредосы  – басты өлшемдердің бірі. Қаламгер өз автопортретінде мынадай 
пікір  айтады:  «...мен  кітабымның  бас  қаһармандарының  бірі  Ербол  Есеновтің  қандай 
болуы  керектігін  ойладым.  Сөз  жоқ  Ұлы  Отан  соғысына  барып,  жауды  жеңіп  қайтқан 
саналы  қазақ  жастарының  жиынтық  бейнесі  болуға  тиіс.  Сондықтан  да  Ербол  кітаптың 
алғашқы  беттерінде  ұлы  жеңіске  жаны  семіріп,  туған  жеріне,  арман-астанасына 
сағынышпен жетіп, романтикалық күйде жүрген солдат күйінде суреттеледі» [4, 87-88 б.].  
Шындығында, Ербол – ана тәрбиесі мен әскер заңына қаныққан, өмірдің қазанында 
қайнап, тағдырдың жазғанына еш қарсы шыға алмайтын, біреуге зиян келтіруді күнә деп 
санайтын  жүрегі  ақ  жігіт.  Қаламгер  Ербол  мен  Меңтай  образының  мәнісі  турасында: 
«Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою 
емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа, арғы, алыс болашаққа үлгі 
боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына 
өлшеп  піше  отырып,  жұртқа  жарасымды  үлгі  ұсыну  еді.  «Апамның  айтқандары»,  «Өз 
ойларым»,  «Алтын  діңгек»  дейтін  нақыл  тараулар,  т.б.  осы  пікірді  нығайтуға  қосымша 
түрінде  кірді»  [4,  88  б.]  -  деп,  қоғам  үшін,  әдебиет  үшін,  оқырман  үшін  жаңа,  таза 
махаббаттың  типтік  моделін  жасап  берді.  Осылайша,  қаламгер  ер  тұлғалы  ержүрек, 
еңбекте  алда,  өмірде  әділ,  махаббатқа  адал  болған  қарапайым  қазақ  жігітінің  және  өз 
жанына биязылық пен нәзіктікті,  парасаттылықты жинай білген қадірлі де ақылды қазақ 
қызының бейнесін үлгі ретінде, жастарға нұсқа, қоғамға модель ретінде әкелді. 
Осындай  бойында  адамгершілік  нұры  төгіліп  тұрған  Ә.Нұршайықов  жасаған 
бейнелердің  бірі  –  «Махаббат  жыры»  повесіндегі  Әділжан  бейнесі.  Бұл  повесть  әдемі 
лиризмге,  сұлу  да  бай  мінезге  құрылған.  Әдетте  әдебиетте,  көркем  шығармада  мінез 
болмайтыны  ақиқат.  Алайда  автор  жасап  отырған  бейне  мен  идеяның  тұтасып,  біркелкі 
келіп,  шығарманың  мерейін  үстем  етіп  тұрғандықтан,  бұл  шығармадан  әдемі  сезім 
туындайды.  Ұлы  Отан  соғысының  батыр  жауынгері  қан  майданнан  екі  көзінен  бірдей 
айырылып  келсе  де,  өмірге  деген  құлшынысы  өте  жоғары  болды.  Оның  Отанға  деген 
ыстық  махаббаты,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілігі,  өмірге,  тағдырға  деген  көзқарасы 
ешбір бәсеңдемеген, еш суымаған, керісінше ұлғайған. Әділжан бейнесі шынайылығымен, 
сонша  жылылық  мейірімділігімен  тартымды.  Әдебиеттанушы-сыншы  Әбіраш  Жәмішев 
бұл  бейне  турасында  былай  дейді:  «Бұл  кейіпкер  тағдыры  бейбітшілікке  үндейді,  бұл 
кейіпкер  өмірі  мен  ерлігі  туған  жер  мен  өскен  елді,  Отанды  сүюге,  бұлар  үшін  қандай 
қиындыққа болса да қарсы жүріп, қабақ шытпауға шақырады. Әділжан – Н.Островскийдің 
«Құрыш  қалай  шынықтысын»  оқып  өскен,  сондағы  Павел  Корчагин  үлгісін  өзіне  өнеге 
тұтқан қазақ жігіті. Ол барлық жағынан да сол Павел Корчагиндей болсам деген арманға, 
мақсатқа  берілген»  [5,  54  б.].  Қаламгер  Әділжан  бейнесі  арқылы  тағдыр  тезіне  қандай 
қиыншылық  болса  да  төтеп  беруді,  адам  баласының  алдына  тұрған  тосқауылды  жеңе 
білді, осынау бес күндік жалғанда жаратқан тәңірдің жасаған сынына кешіріммен қарап, 
өзінің сол өмір сүріп отырған қоғамының, Отанының бір мүшесі екенін қастер тұтуды үлгі 
етіп,  сол  замандағы  Ұлы  Отан  соғысынан  жарымжан  болып  оралған  барлық 
майдангерлердің типтік бейнесін жасайды.  
Ал  қаламгер  қолынан  шыққан  майдангерлер  бейнесі,  әсіресе  Бауыржан  образы  - 
өскелең ұрпақ үшін үлгі болған тұлғалар. Бұл тақырыпқа кірмес бұрын Ұлы Отан соғысы 
жылдарындағы  қазақ  әдебиеті  деген  ұғымға  тоқталар  болсақ,  осы  әдеби  кезеңде  елеулі 
еңбек  еткендердің  бірегейі  болып  саналатын  өзіміздің  зерттеуіміздің  объектісі  -  Әзілхан 
Нұршайықов.  Ғалым  Ә.Нарымбетов  осы  кездегі  әдебиет  турасында  былай  дейді:  «Ұлы 
Отан  соғысы  тұсында  мәдениетіміздің  рухани  биіктігі,  соның  ішінде  көркем  әдебиеттің 
гуманистік  ролі  айқын  көрінді.  Әдебиет  сол  бір  дауылды  жылдардағы  халық  ерлігінің 
көркем  шежіресі  болумен  бірге,  өз  халқын  қатерлі  жауды  біржолата  талқандап  жеңуге 
үндеп,  сарқылмас  жігер  берді,  айбарлы  идеологиялық  қару  болды.  Басқыншы  жауды 
талқандау ісіне ТМД жерін мекендейтін барлық ұлттардың әдебиеті ірі үлес қосты. Соғыс 
жылдарында  қазақ  әдебиеті  де  алдыңғы  шепте  болды»  [6,  45  б.].  Шындығында  да,  осы 

 
198 
тақырыпты  желеу  етпеген  сол  кезде  бірде-бір  қаламгер  болмаған  шығар.  Осы  кездегі 
қаламгерлердің  басты  тақырыбы  –  туған  елге  деген  жалынды  махаббат,  неміс 
фашистеріне  деген  лағынетті  өшпенділік.  Сонымен  бірге  әдебиетте  ел  адамдарының 
майдан  шебіндегі  және  тылдағы  батырлық  істері  насихатталды.  Осы  ретте 
Ә.Нұршайықовтың  Ұлы  Отан  соғысы  турасында  жазылған  шығармаларының  екі 
ерекшелігін  айтуға  болады.  Біріншісі,  Бауыржан  Момышұлы  туралы  жазылған  «Ақиқат 
пен  аңыз»  диалогы,  екіншісі,  майдан  шебіндегілер  мен  тылдағылар  турасында  жазылған 
«Майдан жазбалары» деген атпен мәлім болған естеліктері, күнделіктері. Бұл тақырыпта 
сөз қозғау – қаламгерге оңайға түскен іс. Өйткені Әзілхан Нұршайықов Отан соғысында 
ел  намысын  қорғап,  жаумен  қырғынға  шықты,  майдан  өмірін  көрді,  соғыстың  не  екенін 
білді.  Осылайша  Ә.Нұршайықов  соғыс  туралы  да  жазды.  Өз  шығармасының  кейіпкері, 
белгілі  майдангер-жазушы,  халық  батыры  Б.Момышұлы  «Қанмен  жазылған  кітап»  атты 
шығармасында:  «Соғыс  туралы  жазу  үшін  –  автордың  өзі  бұл  мәселеде  сауатты,  білімді 
адам  болуы  керек,  материалдар  мен  деректерді  оқып  зерттеп,  оларды  творчестволық 
тұрғыдан қорытып, дұрыс жинақтауға, барлық мәселелерді көбірек әрі жан-жақты білуге 
тиіс,  онсыз  ол  қалай  жазып  өзінің  шығармаларымен  халықтың  сана-сезімін  қалай  оята 
алмақ?  Кездейсоқ  көріністер,  жекелеген  адамдардың  айтқан  әңгімелері,  қосалқы 
материалдар  салмақты  шығарма  жазуға  право  бере  алмаса  керек.  Материалды  үстірт,  ат 
үсті зерттеуден және жеңіл ойлы әдеби әуестенушіліктен бас тарту әлдеқайда саналылық 
болар  еді»,  -  дей  келіп,  -  «...Ал  өтірік,  сен  оны  қаншама  жалтыратып  көрсеткеніңмен 
бәрібір – у күйінде қалады» [7, 15 б.], - деп ой қорытады. Шынында да, өзің жасап отырған 
бейнеңді  одан  сайын  әспеттеп,  жылтырақ  сөзбен  көмкере  берсең,  оқырман  жүрегіне 
қондыра  алмайды.  Өйткені  қызыл  сөз  жүрекке  барғанша,  жалыны  қайтып,  қызуы  суып, 
ұмыт  қалып,  жарты  жолда  жетпей  де  қалады.  Бейненің  бейне  болып  шығуы  үшін  де, 
әсіресе  тарихи  оқиғаға  байланысты  болса,  нақты  факт,  қызу  іс-әрекет,  сюжет  керек. 
Жазушының  мақсаты  –  тек  бейнелеу,  баяндау  ғана  емес,  алып  отырған  бейнесін  толық 
танып-білу, ғылыми деңгейде зерттеу. 
Бауыржан  Момышұлы  –  тек  ерлігімен  ғана  емес,  өмірімен  көпшілікке  үлгілі  тұлға 
болған азамат. Азамат деудің жөні бар, оның түрлі қыры – қанатын кеңге жайған самұрық 
құсқа  ұқсайды.  Оның  таңданарлық,  сүйсінерлік,  қызығарлық  ерекшеліктері  көп.  Әркім 
өзіне қажетінше алады. Біреуі өрлігін алса, біреуі қаталдығын, біреуі қамқорлығын алса, 
біреуі  бірбеткейлілігін,  біреуі  әділдігін  алса,  біреуі  ұлтжандылығын,  т.с.с.  Академик-
ғалым  Рахманқұл  Бердібай  қазақ  әдебиетіндегі  деректі  прозаның  даму  тарихында  ойып 
алар  орны  бар  Ә.Нұршайықовтың  шығармашылығына  аса  зор  баға  береді: 
«Ә.Нұршайықов  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  басталған  тұста  ауыл  өмірінің 
проблемаларын  терең  талдайтын  көптеген  очерк  жазды.  Осы  ізденіс  оны  ақырында 
«Ақиқат пен аңыз» сынды тамаша роман жасауға жеткізді. Аты аңызға айналған, бірталай 
шығармада көркем бейнесі суреттелген, өзінің мемуарлары арқылы да оқушыға мейлінше 
танымал  Бауыржан  Момышұлының  өмірінен  қызғылықты  кітап  жазу  қиын  міндет  еді. 
Бірақ  Ә.Нұршайықов  тақырыптың,  жанрдың  кілтін  таба  білді.  Соның  нәтижесінде  Ұлы 
Отан  соғысының  батыры,  алғыр  ойлы,  өзгеше  бітімді  азаматтың  тартымды  тұлғасы 
жасалды»  [8,  20  б.].  Қазақ  әдебиетіндегі  деректі  прозаның  туып,  қалыптасуы  – 
публицистикадан  бастау  алады  десек,  осы  публицистикадан  бөлініп,  өз  отауын  сайлаған 
деректі  прозаның  алғашқы  қарлығаштарының  қатарынан  Ә.Нұршайықовтың  орнының 
ерекше екенін толық айта аламыз. Жазушының шеберлігіне қоса, оның таланттылығы өзі 
өмір сүріп отырған қоғам мен күннің мүддесін қоса жырлауынан көрініс табады.  
Өйткені өткен күн, болған нәрсе сол қоғамға, келер ұрпаққа сәулесін түсіріп тұруы, 
өз көлеңкесін көрсетуі – заңды құбылыс. Қаламгер Ә.Нұршайықов майдан жазбаларында 
Ұлы  Отан  соғыс  кезінде  ерлік  көрсеткен  біршама  қыз-жігіттерді  мысалға  келтіреді. 
Ә.Нұршайықов  әсіресе  Мәншүк  Мәметованың  майдан  төріндегі  азаматтық  тұлғасы  мен 
отан  алдындағы  абыройлы  бейнесін,  қазақ  халқына  тән  өжеттілік  пен  парасаттылықты 

 
199 
бойына  жинай  білген  образын  жасай  білді.  Осы  жерде  орыстың  көрнекті  ғалымы 
А.Ф.Лосевтің  мынадай  терең  пікірін  келтірсек:  «әрбір  адамға  тән  келбеті,  жүрісі,  киім 
киісі,  тіпті  тамақ  ішісіне  дейін  қатаң  қадағалау  арқылы  оның  ішкі  өміріне  ене  аламыз. 
Олардың өзін қоршаған ортаға, затқа т.б. деген көзқарастары ішкі әлемді танытар бірден-
бір көркемдік кілт» [9, 70 б.]. Қаламгер бірде-бір қимылды қалт жібермей, әр іс-әрекетті 
байыппен суреттейді. Өйткені әр қимыл, әр ишарат, әр әрекет – образдың жаңашыл тұсын 
тануға көмектесер сюжет құрылымы.  
Ә.Нұршайықов  –  психолог-жазушы.  Өйткені  ол  өзі  жасап,  мүсіндеп  отырған 
бейнесін  психологиялық  тұрғыдан  бағамдап,  зерттеп  алғаннан  кейін  барып,  оның  жан-
дүнниесін,  ішкі  әлемін,  жан  сарайын  еркін  суреттей  алады.  Ұлы  ғұлама  М.Әуезовтің: 
«...психология араласпаса өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы» [10, 129 б.] 
деген  көркем  шығарманың,  нағыз  прозаның  жаны  да  –  көркем  бейненің  жан  дүниесіне 
келіп саяды. Ол өзі суреттеп отырған кейіпкерін сұлу сөзбен жылтыратып бейнелемейді. 
Оның  әлеуметтік-қоғамдық  пішінін  кескіндеп  алып,  бойына  тәрбиелік  нысанды 
сыйғызады.  Көркем  проза  табиғатын  зерттеуші-ғалым  Г.Пірәлиева  былай  дейді:  «Адам 
табиғатын  зерттеу,  адамтану  мәселесі  қай  кезеңде  де  әлеуметтік  мәселелерді  шешудің 
басында  тұрды.  Сондықтан  да  қай  қоғамда  да  жеке  адамның  тағдырын  тілге  тиек  ете 
отырып,  сол  кезеңнің  қоғамдық  құрылысын,  сол  кезеңнің  рухани  қажеттілігін  зерттеуге 
тырысатын  жазушылар  ол  жұмбақтың  шешуін  тек  адам  психикасының  құрылысынан 
іздейді» [11, 20 б.]. Өйткені адам, яғни көркем бейне өздігінен туып, жеке-дара дамитын 
құрылғы емес. Бейненің айналасына заман, дәуір, қоғам, замандас, қоршаған орта, табиғат 
сияқты маңызды факторлар жиналады.  
Қаламгер  Ә.Нұршайықовтың  қаламынан  туған  образдардың  келесі  легі  – 
қаламгерлер бейнелері. Әдебиеттің түріне қарап саралар болсақ, жазушының бұл саладағы 
шығармаларын  тарихи  негізді  шығармалар  деп  атау  орынды.  Өйткені  ешбір  қоспасыз, 
бәрін  қаз-қалпында  баяндаған  бәрімізге  белгілі  тұлғаларды  жырлаған  шығармалары 
тарихи және көркемдік шындықпен астасып келген.  
Қорыта  айтқанда,  Әзілхан  Нұршайықов  жасаған  әр  бейне  –  саяси-әлеуметтік, 
моральдық-этикалық,  ұлттық-психологиялық,  мәдени-эстетикалық  сипатқа  ие  көркем 
қаһармандар деген тұжырымға саяды. Олардың әрқайсысынан өзіндік сабақ алуға болады.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы. – Алматы: Жазушы, 1973. – 256 б. 
2
 
Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. – Алматы: Жазушы, 1985. – 248 б. 
3
 
Жаманғараева А. Ғ.Қайырбековтің «Дала қоңырауы» поэмасындағы портрет. Әдебиет 
және  өнер  мәселелері.  Ғылыми  мақалалар  шығарылымы.  4-шығ.  –  Алматы:  Әдебиет 
және өнер институты, 2002. – 214 б. 
4
 
Нұршайықов Н. Төрт томдық шығармалар жинағы. ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1992. – 
436 б. 
5
 
Жәмішев Ә. Биік мәртебе. Әдеби сын. – Алматы: Жазушы, 1974. – 204 б.  
6
 
Нарымбетов  Ә.  Қамал  бұзған  қаһарлы  сөз  (Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  қазақ 
әдебиеті).  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  хабарлары.  Тіл, 
әдебиет сериясы. - 2005. - №2 (150). - Наурыз – сәуір. – 132 б. 
7
 
Момышұлы  Б.  Қанмен  жазылған  кітап  /Ауд.  М.Қазыбеков.  –  Алматы:  Қазақстан, 
Қазақ әдебиеті, 1988. 22 шілде. 
8
 
Бердібаев Рахманқұл. Замана сазы. – Алматы: «Жазушы», 1985. – 320 б.  
9
 
Лосев A.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М.: Политиздат, 1991. – 525 с.  
10
 
Әуезов М. Анкетаға жауап // «Жұлдыз». 1991. - №10.  

 
200 
11
 
Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері.  – Алматы: Алаш, 
2003. – 328 б.  
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  с  теоретической  стороны  рассматриваются  важность  и  смысл  мастерства,  стиля 
писателя, особенности описания характера, внутренней морали, внутреннего мира и психологии, 
воспитательный смысл и социальное описание образов А.Нуршаихова. 
 
RESUME 
 
The author of the article considers the theoretical side of the importance and meaning of the skill 
and style of the writer, especially the description of  the character, moral, inner world and psychology, the 
educational and social essense of the description of A.Nurshayikhov’s images. 
 

 
201 
ӘОЖ 82.31 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет