Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016


М. Хамзин  «Болашақ» академиясы,   филол. ғыл. д-ры, профессор    Қазақ тарихының



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата14.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4097
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

М. Хамзин 
«Болашақ» академиясы,  
филол. ғыл. д-ры, профессор 
 
Қазақ тарихының 
білгірі 
(І. Есенберлиннің 
тарихи романдары 
негізінде) 
 
Аннотация 
Мақалада  қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі, 
танымал 
жазушы 
І.Есенберлиннің 
тарихи 
романдары  бүгінгі  күн  биігінен  жан-жақты 
сараланып,  талданған.  Еңбекте  қазақ  тарихының 
көркем  шежіресі  Уақыт  және  Кеңістік  ұғымдары 
аясындағы  адам  –  сана  –  мерзім  тұрғысынан 
зерделеніп, ұлттық идея, тәуелсіздік аңсаған қазақ 
халқының  арманына  деген  жазушы  ұстанымы 
ғылыми дәйектеуден өткізілген.  
Түйін сөздер: роман, тарихи хроника, ұлттық 
рух, 
күрескер 
қайраткер, 
тарих, 
дәстүр, 
сабақтастық,  шежіре,  поэтика,  жанр,  көркемдік 
категориясы, рухани құндылық, шүйгіндік. 
 
 
Жиырмасыншы 
ғасырдың 
60-80-інші 
жылдарындағы 
қазақ 
әдебиетінің 
жеткен 
жетістіктеріне  әр  адам  байыпты  оймен  көз 
жіберсе,  бұл  жағынан  мол  көлем  мөлшерімен 
бірге сан алуан сапалық сипаттарды көреді: біздің 
төл  әдебиетіміз  қазір  бұрынғы  фольклорлық 
қалыптан  шықты,  көп  салалы,  көп  жанрлы 
профессионал 
әдебиетке 
айналды. 
Осынау 
жетістіктерге  әдебиеттің  негізгі  үш  тегінің  бірі  – 
эпосқа  жататын  роман  жанры  да  айрықша  үлес 
қосты. 
Роман  –  ауқымы  кең,  эпикалық  тыныс, 
мүмкіндігі  мол  шығарма.  Романның  өзі  іштей 
алуан түрлі  болып бөлініп кететінін ескерсек, біз 
қарастырып 
отырған 
кезең 
романдары 
әдебиетіміздің  жанрлық  мүмкіндіктерінің  мол 
екенін көрсетіп,  жанрлық  жағынан  ғана  байытып 
қойған  жоқ,  сонымен  бірге  ұлтымыздың  сана-
сезімінің  де  рухани  жағынан  қаншалықты 
өскендігіне де көрсеткіш бола алса керек. 
Жалпы,  романның  жанр  ретінде  қалыптасу 
тарихы  өте  көне  дәуірден  басталады.  Роман, 
негізінен,  ол  кезеңде  махаббат  және  шытырман 
оқиғаларының бірігуінен туды. Екі ғашықтың бір-
біріне ынтық болуы, кенеттен айырылысуы, неше 
түрлі  қиын-қыстау  оқиғаларды  бастан  кеше 
отырып  ақыры  табысуы,  міне,  осы  жайттар  көне 
дәуірдегі  романға  тақырып  болып  келетін. 
Адамзат  тарихында  алғашқы  романдар  қатарына 
(роман  –  француз  тілінен  шыққан,  алғаш  рет 
роман  тілінде  пайда  болып,  жалпыға  ортақ 
эпикалық,  прозалық  баяндау  түріне  айналды) 
Ксенофонттың   «Кирдің   тәрбиесі»,    Ктесияның 

 
202 
«Персия»,  Каллисфеннің  «Александр  жайлы  роман»  т.б.  жатады.  Романның  жанр 
ретіндегі генезисі әлі толықтай анықталған жоқ.  
Сол кезеңдегі қазақ романына тән қасиеттер: әдебиетіміздің жетекші, кемел жанрына 
айналуы,  жанр  байлығы,  философиялық  тереңдікке  ұмтылу  талпынысы,  психологизм 
тәсілінің  жаңа  да  сапалы  деңгейден  көрінуі,  қаһармандардың  сезім  күйінің,  ішкі  және 
сыртқы  бейнелерінің  жан-жақты  кескінделуі  т.б.  ұлттық  романның  басым  бөлшегін, 
негізінен,  тарихи  романдар  құрайды  екен,  бұл  заңды  да,  себебі,  60-80-інші  жылдарда 
тарихи  романның  көптеп  тууын  Н.Добролюбовтың  мына  сөзімен  түсіндіргеніміз  абзал. 
Тарихи роман туады сол уақытта, «когда народное сознание обращается к воспоминанию 
прошедшей  своей  жизни»  [1,  528].  Зерттеуші  Г.Ленобльдің  [2]  пікірінше,  тарихи 
романның негізін Батыс Европада Вольтер Скотт, орыс әдебиетінде А.С. Пушкин салған. 
Әрине, шын мәніндегі толыққанды, жанр табиғатына қойылатын барлық талаптарды 
меңгерген  тарихи  роман-дәуірнама  –  М.  Әуезовтің  «Абай  жолы»  туындысы,  ол  өзінен 
кейінгі қазақ қаламгерлерінің барша туындыларына ғана емес, сонымен бірге Орта Азия 
халықтарының  әдебиетіне  де  үлкен  шеберлік  мектебі  болды.  Сондықтан  да  Ш. 
Айтматовтың Орта Азия елдерінің әдебиетіне М. Әуезов шығармаларының тигізген әсер-
ықпалын  өткен  ғасырдағы  А.  Пушкиннің  өзінен  кейінгі  орыс  әдебиетіне  тигізген  әсер-
ықпалымен бір қатарда, бір деңгейде алып қарастыруы тегіннен-тегін болмаса керек [3]. 
Біз  қарастырып  отырған  кезеңнен  қазақ  романшыларының  ішінде  аса  өнімді  еңбек 
еткен  қаламгер  –  жазушы  І.  Есенберлин.  Оның  қаламынан  туған  6  тарихи  роман  –  осы 
ойымыздың  жарқын  дәлелі.  Жазушының  романдары,  әсіресе  тарихи  романдары  жайлы 
айтылған  пікірлер,  азды-көпті  зерттеулердің  бар  екендігі  мәлім  [4].  Алайда  Есенберлин 
шығармашылығы түбегейлі зерттелді деп ешкім де айта қоймас. 
Жазушының  барлық  романдарын,  оның  ішінде  тарихи  туындыларын  Адам  деген 
құдіретті объектінің тұрғысынан зерделеп, сол Адамның тарихтың, ғасырлардың тоғысуы 
қарсаңындағы рөліне, орнына, тарихтың қатпарлы қыртыстарын жасаудағы жасампаздық 
қызметіне,  болмыс-бітіміне,  кескін-келбетіне  назар  аудара  отырып  көңіл  бөлсек  деген 
ниетті мақсат етіп отырмыз. 
Кез  келген  халықтың  қаламгері  тарихи  тақырыпқа  баруды  әрдайым  отаншылық 
парызым  деп  қарауы  қажет,  сол  жүріп  өткен  жолына  салауат,  бүгінгісіне  тәуба  деп, 
болашақ  күндеріне  үмітпен  үңілуі  абзал.  Тарихи  тақырыпқа  бару  елдің  мәдени,  рухани 
биіктігін  көрсететін  басты  шарт,  себебі,  надандығы,  тағылығы  арылмаған,  өре,  деңгейі 
төмен халық өз тарихын бағалай алмаса керек. Тарихи оқиғаларды өз шығармасына арқау 
ету сол қаламгерлердің жеке өз басына ғана тән мақсат емес, заманның, дәуір талабының 
жазушы алдына қойған парызы екені дау тудырмаса керек. Өйткені тарихтың сабақтарына 
талдау жасап, тиісті  тұжырым, қорытындылар шығару, олардан үйрену барша халықтың 
болашақтағы жүрер жолына апарар Темірқазық іспетті десек, артық айтқандық болмас.  
І. Есенберлин романдары жарық көрген кезең Кеңес үкіметінің, КСРО-ның салтанат 
құрып тұрған кезі. Сол тұста Одақтық әдебиетке келген тарихи туындылардың қатарына 
Д.Балашовтың  «Младший  сын»,  «Марфа-посадница»,  «Великий  стол»,  «Бремя  власти», 
Н.Задорновтың «Цунами», «Хэда», «Симода», «Гонконг» атты шығармалары бірігп, ортақ 
атпен  «Агронавты»  аталған  тарихи  романдары,  П.Загребельныйдың  «Смерт  в  Киеве», 
«Евпраксия»,  «Первомост» тарихи романдары жатады. Осынау тарихи романдар цикліне 
І.Есенберлиннің  «Көшпенділер»  трилогиясына  кіретін  «Алмас  қылыш»,  «Жанталас», 
«Қаһар» романдары жатады. «Көшпенділерден» кейін жазушы қаламынан «Алтын Орда» 
тарихи романтрилогиясы туғаны белгілі. 
Тарих  – барша адамзаттың анасы. Оның сабақтары, мейлі  ащы болсын, мейлі  тәтті 
болсын,  сол  тарихты  жасаушы  –  адамның  өзі.  Ғасырлар  қойнауына  бүгінгі  күн 
тұрғысынан  үңіле  білген  әрбір  адам  бүкіл  адамзаттың  ең  асылы  -  Өмір  болса,  сол  адам 
өмірі  үшін  басын  тауға  да,  тасқа  да  соққан  жекелеген  тарихи  қайраткерлерді  көреді, 
өкінішке орай, елдік, мемлекеттік деңгейге көтерілмек түгілі, өзі  билік жүргізіп отырған 

 
203 
ру-тайпа  деңгейінен  аса  алмай  қалған  тарихи  тұлғалардың  барша  болмысына,  іс-әрекет, 
қимылына және куә болады, міне, сондықтан да болса керек, Есенберлин романшы барша 
адамзатқа  қатысты  аса  маңызды  проблемалар  –  Соғыс  және  Бейбітшілік,  ұлтаралық 
келісім,  рухани  тазалық,  жеке  тұлғаның  тарихи  қым-қуыт  тығырықтар  кезіндегі  роліне 
бүгінгі күн тұрғысынан жіті үңіле білген. 
Ешкім  бізді  «неткен  данышпан  еді?»  деп  сөге  қоймас,  көкейге  келген  бір  ойды, 
әдеби  процесті  бағдарлаған  кезде  көңілде  піскен  бір  пікір-тұжырымдарымызды  келтіре 
кетейік.  Жалпы,  әдеби  процеске  келген  кішкентай  да  болсын  бір  жаңалық  көрсек,  оған 
тосырқай қарайтынымыз, сөйтіп, тез арада сынап-мінеуге ұмтылатынымыз немесе салқын 
қабылдап, еш пікір айтпай үнсіз қалатынымыз ақиқат нәрсе.  
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының құрамына енетін «Алмас қылыш», 
«Жанталас»,  «Қаһар»  тарихи  романдары  жарық  көрген  кезде  алуан  түрлі  пікірлер 
айтылды, сынап-мінеушілер де, атүстілеу болса да, жалпылама болса да мақтаған пікірлер 
айтушылар  да  болды.  Трилогияны  жан-жақты  талдау,  лайықты  бағасын  беріп,  төл 
әдебиетіміздегі  орнын  анықтау  тек  соңғы  жылдары  ғана  қолға  алына  бастаған  сияқты. 
Тарихи  трилогия  төңірегінде  ала-құла  пікірлердің  ақлыптасуы  бірнеше  мәселеге 
байланысты сияқты. Жалпы, қол жеткен жетістігімізге асып-таспай, аузымыздан тәубамыз 
түспейтін көнбістеу, салқын қанды, парасатты, ұстамды халықпыз ғой, әйткенмен, белгілі 
бір  дәрежеде  қалыптасып  қалған  ұғымдардан  көп  реттерде  аса  ауытқи  бермейтініміз, 
барымызды  батыл  айтып,  жарқырата  көрсетуге  келгенде,  берік  те  тосын,  жаңашыл 
тұжырымдар  айтуға  кенжелеп  жататынымыз  және  рас.  Есенберлиннің  ртарихи 
трилогиясы жайында айтсақ, осы ойларымыздың ақиқаттығына аз болса да көзіміз жететін 
сияқты. 
Біріншіден,  жанр  саласында  І.Есенберлин  төл  әдебиетімізге  жаңалық  әкелді, 
қаламгердің  есімімен  тарихи  роман-шежіре  (хроника)  ұғымы  тығыз  байланысты.  Әрине, 
көркемөнердің,  оның  үлкен  бір  саласы  -  әдебиеттің  аты  әдебиет,  ол,  бәрінен  бұрын, 
көркемөнерге қойылатын идеялық-эстетикалық талаптарға жауап беруі қажет. Сондықтан 
да  көптеген  сыншы,  әдебиетшілердің  Есенберлиннің  тарихи  романдарынан  көркемдік 
сипаттар  іздеуі  заңды,  алайда  «Көшпенділердің»,  «Алтын  Орданың»  жанры  жағынан 
тарихи  роман-шежіре  екенін  ескерсек,  бірінші  кезекке  халық  тарихындағы  аса  елеулі 
тарихи оқиғалар шығады ғой, міне, осыны өзінің зерттеуінде сыншы, ғалым Ш.Елеукенов 
өте  байыпты  түрде  қадап  айтты.  Әдебиет  зерттеушісі,  сыншы  Т.Тоқбергенов  [5,  111] 
өзінің  «Үш  тоғыс»  атты  кітабында:  «Сонда  Ілияс  Есенберлин  сол  ұл  оқиғаны  бұрыннан 
бар  тарихи  деректер  ізімен  қайта  баяндап  шықты  да,  өзгеше  көркемдік  тәсіл  іздеп 
жатпады.  Бір  есептен  бұл  дұрыс  та  сияқты.  Өйткені,  бұндай  тарихи  оқиғаны  авторлық 
баяндаумен шолып шығу  – арғы-бергі  әдебиетте қалыптасқан жәйт.  Сондықтан, дәл осы 
тұста, сол ұлы оқиғаның анық әдеби картинасын бермедің деп Есенберлинді кінәлаудың 
әсте қисыны жоқ. Біз бұдан бұрын да бұл жазушының қалам машығы авторлық баяндауға 
бейім  дегенбіз...  Жалпы  ретті  жерінде  шындықтан  жалтарудың  ешқандай  орны  жоқ, 
Есенберлин  шығармаларын  біз  көркемдік  шеберлігніне  бола  жабыла  оқып  жүрген 
жоқпыз,  тарихымызға,  тарихи  деректеріміздің  тапшылығын  толтыруына  бола  оқимыз» 
деп  жазды  І.  Есенберлиннің  «Жанталас»  романы  жайлы.  Сыншы  пікірінің құндылығына 
қосыла отырып, екі түрлі нәрсені баса айтқымыз келеді: бірі  – «Көшпенділердің» тарихи 
роман-шежіре  екендігі,  екіншісі  –  Т.Тоқбергенов  айтқандай,  І.Есенберлиннің  тарихи 
романдарында көркемдік шеберліктің тапшылығы емес, керісінше, жанр жағынан тарихи 
роман-шежіре  бола  тұра,  оқырманды  баурап  алған  жазушының  көркемдік  ізденістерінің 
біршама мол екендігі.  
Екіншіден,  тарихи  романдар  авторы  І.Есенберлин,  В.Белинский  тарихи  шығарма 
жазатын  адам  жақсы  тарихшы  болуы  керек  деп  әділ  атап  көрсеткендей,  қаламгерлік 
тәжірибесінде тарихи оқиғалардың дәлдігіне, нақтылығына ерекше назар аударып, үлкен 
даярлық  жасады,  өмір  шындығымен  көркемдік  шындықтың  арақатынасының  алшақ 

 
204 
болмауына көңіл бөлді. Сондықтан болса керек, бала жасымыздан санамызға сіңіп, ерлік 
тұлғасы  мен  азаматтық  тұлғасы  шебер  қиюласқан,  баршамыз  үшін  белгілі  бір  дәрежеде 
тәрбиелік  роль  атқарған  қаһармандардың  кейбір  тарихи  аңыздан,  жазба  дүниелерден 
алынғанда  басқаша  көрінгенін  біразымыз  үрке  қабылдадық.  «Алмас  қылыш»  романы 
жарық көрісімен іле-шала республикалық баспасөз бетінде З.Серікқалиевтің мақаласының 
жариялануы – осы ойымыздың жарқын дәлелі.  
Егер ғалым А.Лосев [6, 73]: «Ескі жырлар қағаз бетіне түсірілмей-ақ әлденеше ғасыр 
бойы өзінің әрі  мен нәрін, әу бастағы қалпын сақтай алды:  бұл  – көне мұраны ұрпақтан 
ұрпаққа жеткізудегі қалыптасқан салттың жемісі» десе, сондай мұраны сөз етіп, ғылыми 
негізде  дәлелдеген  М.Мағауин  [7]  еді.  Ол  «Қобыз  сарыны»  монографиясында  Қодан-
тайшының ұлы - Дайырқожаның Қара Қыпшақ Қобыланды қапыда өлтіргенде айтқан: 
 
Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді,құлыным! 
Сексен асып таяғанда тоқсанға, 
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным! 
Адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының! 
Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың, 
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным! –  
 
деп келетін зарлы толғауын әдебиетіміздің тарихына енгізді. 
Қара Қыпшақ Қобыландының жоғарыдағы қылығы – тарихта болған оқиға. Ендеше, 
І.Есенберлинді  біздің  бұрыннан  қалыптасқан  түсінігімізге  күдік  келтірдің  деп  сөкпей, 
керісінше,  сол  аңыз,  тарихи  әңгіме  т.б.  қалай  ұтымды  пайдаланаған  деп  сүйсінгеніміз 
абзал. 
Расында да романшы І.Есенберлиннің жалпы жұртшылық үшін аса ділгір, ауқымды, 
бүгінгі  күннің  терминімен  айтқанда,  тарихымыздағы  атаңдақ  беттерге  баруын  ерлік  деп 
бағалағанымыз жөн. Өзге жайттарды айтпағанда, көркем шығарма арнап, сол үшін зардап 
шеккен  талай  қазақ  жазушысы  мен  тарихшысы  тағдыр  тәлкегіне  ұшырағанын  біле  тұра, 
Кеңесары  жайлы  тарихи  ролман  жазуға  қорықпай  баруы  көркем  әдебиеттегі, 
тарихымыздағы  асқан  ерлік,  көзсіз  батырлық  дер  едік.  Бұл  айтылғандар  –  Есенберлин 
романшының болмысындағы үшінші ерекшелік болса керек. 
Жазушының  стиліне  тән  сипат  –  баяндау  екендігін  сыншы  Т.Тоқбергенов  дұрыс 
байқаған.  Егер  әдебиеттің  өмірдегі  мақсат-мұраты  адамтану  ғылымын  жетілдіру  десек, 
сол баяндаудың Адам деген өмір иесінің, онда да тарихи Адамның барша болмыс-бітімін 
ашуға, сол жолда халықтық аңызды, ескі, көне фольклор мұраларын т.б. шебер игерумен 
ерекшеленетінін  айтқанымыз  жөн.  Тарихи  роман-шежіре  жанрында  жазылғандықтан 
автордың  өткен  оқиғаларды  кейіпкердің  монологімен,  ой  ағымымен  беруі,  өзі  ерекше 
көңіл  бөліп  отырған  тарихи  құбылыстарға  өзгеше  рең  беріп,  ұтымды  тәсіл  ретінде 
халықтың  рухани  бай  мұраларын  шебер  пайдалана  білуі  қаламгердің  стильдік 
қолтаңбасына жатса керек.  
Тілі  бір,  діні  бір,  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі  бір  қазақ  руларының  өз  алдына  жеке 
хандық  құруға  ұмтылысы,  екіжүзді  Әбілқайыр  ханның  саясатына  деген  наразылықтың 
нәтижесінде осы ұмтылыстың шапшаң түрде дамуы тарихи қажеттіліктен туған құбылыс 
еді. Батыр Саянды өлімге бұйырса, қол астындағы қалың Арғыннан айырылып қалу қаупі 
бар,  ақтап  алса,  сол  Арғынға  қарсы  қойып  жүрген  Қыпшақтан  айырылатын  күдік  бар, 
қабағы қарс жабылып, Орда ішінде оңаша алас ұрған хан Әбілқайырдың монологі, өткен 
тарихқа  көз  жіберуі  бүкіл  Шыңғыс  хан  ұрпағының  сонау  әлем  әміршісі  атанған 
бабаларының  тарихи  қанды  жолын  ғана  емес,  бүкіл  сол  тұстағы  жақсылық  пен 
жамандықтың бітіспес күресін, сол бір замана келбетін, дәуір бейнесін ұтымды беріп тұр. 
Жоғарыда айтқанымыздай, сол дәуірдегі күштілер ғана өмір сүретін салттан хабар берерде 
автор ел есінде сақталған ескі аңызды шебер пайдаланған. 

 
205 
«Ел  билеу!  Бұл  мансапқор  жанның  ұлы  тілегі.  Кенет  Әбілқайырдың  есіне 
Шыңғыстың  ел  билеу  жөнінде  балаларына  айтыптымыс  деген  қағидасы  түсті.  Ұлы  хан 
жаулап  алған  жерін  төрт  ұлысқа  бөліп,  төрт  баласына  беріпті.  Сол  мәжілісте  әкесінен 
өсиет  естігісі келген үлкен ұлы Жошы:  «Ұлы мәртебелі  Әлем  әміршісі, хан қандай болу 
керек?» деп сұрапты. Шыңғыс: «Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның 
көңілін табу үшін тақымды болуы керек»деп жауап беріпті. 
Шыңғыстың  екінші  баласы  Жағатай:  «Ханды  қайткенде  халқы  сыйлайды?»  деп 
сұрапты. Шыңғыс хан: «Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе» деп жауап беріпті. 
Шыңғыс  ханның  үшінші  баласы  Үгедей:  «Хан  қайткенде  тағынан  түспейд?»  деп 
сұрапты.  Шыңғыс  хан:  «Маңына  өзінен  ақылы  төмен,  бірақ  құлқы  өзіндей  адамдарды 
жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады» деп жауап беріпті. 
Шыңғыс  ханның  төртінші  баласы  Төле:  «Қандай  хан  абыройлы  болады?»  деп 
сұрапты. Шыңғыс хан: «Ойынан шықпаған туған баласына да рақымы жоқ хан әрқашанда 
абыройлы болады» деп жауап береді... 
Әбілқайыр да осы төрт жарғыға қол қойған адам» [8, 19]. 
Ендеше, күні  кеше ғана сияқты еді  ғой сол  Шыңғыстың осы атақты жарғы-өситеін 
қалдырғаны,  олай  болса,  сол  ұлы  әміршінің  ұрпағы  Әбілқайыр  ханға  не  болды? 
Айдаладағы  қара  қазақ  Батыр  арасында  татулық  емес,  араздық  отын  жағып,  соның 
арқасында  билік  шеңберінің  тарылмауын  ойлап,  өз  мерейінің  үстем  болуын  көздеген 
әйгілі  ханның  бұл  шешімсіздігіне  не  жорық?  Дүйім  жұрттың  алдында  Асан  қайғы 
бастаған қос ақын  – Қотан мен Қазтуғанның елдің ерлігі  мен елдігін мадақтап, Шыңғыс 
хан  бастаған  қанды  жорықты  даттауы,  онда  да  Әбілқайырдың  көзінше  көсілуін  не  деп 
ұғуға болады? Қылышынан қан тамған Шыңғыс заманының өткеніне небәрі 2 – 3-ақ ғасыр 
өтпеп пе еді? Ал екі-үш ғасыр тарих үшін бәлендей көп уақыт емес қой, тәйірі! 
Ханның қобалжуы, лайықты шешім таба алмай дағдаруы ұлы оқиғалар, әбден пісіп-
жетілген  тарихи  құбылыстардың  қарсаңынан  ғана  хабардар  етіп  тұрған  жоқ,  сонымен 
бірге  жазушының  Уақыт  атты  ұлы  проблемаға  өзінше,  өзгеше  тұрғыдан  келуін  де 
көрсетеді. 
Романның бар эстетикалық жүгін көтеріп тұрған – осы екі-үш ғасыр. «Екі-үш ғасыр» 
- Әбілқайыр бойына дәрменсіздік ұялатып, шешімсіздік дарытқан уақыт. «Екі-үш ғасыр» - 
заманалар  алмасып,  дәуір  келбетін  өзгертетін  ұлы  оқиғаны,  тарихи  қажеттіліктен  туған 
құбылыстарды  сездіретін  уақыт.  «Екі-үш  ғасыр»  -  адамның  мынау  пәниге  келе 
салысымен,  қамшының  сабындай  келте  ғұмырды  кешер-кешпестен  бақиға  аттанатыны 
сияқты еш нәрсенің де бір орнында тұрмайтынын, бәрі  де ұлы жаратылыс заңдылығына 
бағынатынын дәлелдейтін ұлы ұғым. «Екі-үш ғасыр» - өмірдің ұлы шындығы.  
Міне,  осынау  негізгі  идея,  эстетикалық  қуатты  өзінше  беруге  талпыну  –  романшы 
Есенберлиннің  стиліне  тән  сипаттар.  Әр  қаламгердің  көркемдік  ізденістері,  стильдік 
ерекшеліктері өз алдына бір сиқырлы, жұмбақ әлем десек, оның яғни Есенберлиннің стилі 
Шыңғыс  хан,  Бату  жорықтарын  баяндайтын  В.Янның  романдарынан  осы  жоғарыдағы 
сипаттарымен дараланып тұр десек, қателеспеспіз.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Добролюбов Н. Полн.собр.соч. - М.: ГИХЛ, 1934. Т.I. 
2
 
Ленобль Г. История и литература. - М., 1960 
3
 
Айтматов Ч. Отчет себе // Правда. - 1967. - 5 августа. 
4
 
Елеукенов Ш. Замандас парасаты. - А., 1977; Бердібаев Р.Қазақ тарихи романы. - А., 
1979; Нұрғалиев Р. Телағыс. - А., 1986; Тоқбергенов Т. Ай мүйіз. - А., 1990.  
5
 
Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. - А., 1977.  
6
 
Лосев А. Гомер. - М., 1960. 

 
206 
7
 
Мағауин М. Ғасырлар бедері. - Алматы: Жазушы, 1991. 
8
 
Есенберлин І. Алмас қылыш. - Алматы, 1971. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  и  анализируются  исторические  романы  известного  казахского 
писателя И.Есенберлина с точки зрения сегодняшнего дня. Писатель жил в эпоху тоталитарного 
режима, и, несмотря на это, он отражал в своих исторических романах самые актуальные вопросы 
национальной истории казахского народа. Им собраны, глубоко, всесторонне проанализированы и 
использованы многие письменные документы, имеющие отношение к основной проблеме. В то же 
время  И.Есенберлин  показал  себя  как  признанный  знаток  устной  казахской  летописи, 
фольклорных  традиций,  культуры  и  быта  своего  народа.  Эти  обширные  знания  он  щедро 
преобразует  в  художественную  ткань  произведений.  Автор  статьи  четко  и  научно  определил 
стилевые и жанровые особенности произведений писателя. 
 
 
RESUME 
 
The author of this article considers and analyzes historical novels of a well-known Kazakh writer 
I.Essenberlin from the point of today`s view. The  writer lived in the era of the totalitarian regime, and in 
spite  of  this  he  reflected  the  most  actual  questions  in  a  national  history  of  the  Kazakh  people  in  his 
historical  novels.  He  gathered,  deeply  and  widely  analyzed  and  used  many  written  documents  which 
relate to the basic problem. At the same time I.Essenberlin revealed himself as a recognized specialist of 
oral Kazakh chronicles, folk traditions, culture and the way of life of the Kazakh people. He generously 
transforms his vast knowledge into a work of art.  The author clearly and scientifically defined the style 
and genre features of the writer`s works.  

 
207 
ӘОЖ 
801.8(4/9) 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.Ш. Құралқанова  
Павлодар мемлекеттік 
педагогикалық институты, 
филол. ғыл. канд., доцент 
 
О. Бөкеевтің 
«Жетім бота» 
повесіндегі көркем 
уақыт пен кеңістік  
 
Аннотация 
Мақалада  қазақ  әдебиттану  ғылымындағы 
көркем  уақыт  пен  кеңістік  мәселесінің  теориялық 
тұрғыдан  зерттелу  жайы  сөз  болып,  О.Бөкеевтің 
«Жетім  бота»  повесінің  жанрлық  өзгешелік-
терікөркем  уақыт  пен  кеңістіктің  берілу  сипаты, 
автордың  сюжет  құру  шеберлігін  саралау  арқылы 
ашылып  көрсетілді.  Сондай-ақ  көркем  уақыт  пен 
кеңістіктің сюжет құрудағы, характер даралаудағы 
қызметі  зерттеу  нысанына  алынды,  атап  айтқанда 
көркем  уақыт  пен  кеңістік  және  сюжет,  сюжет 
және 
характер 
арасындағы 
байланыснақты 
талдаулар негізінде дәлелденді. 
Түйін  сөздер:  көркем  уақыт  пен  кеңістік, 
жанрлық 
табиғат, 
сюжеттік-композициялық 
құрылым,  сюжет  құру,  характер,  экзистен-
циалистік 
сарын, 
лирикалық 
щегіністер, 
биографиялық  ретроспекциялар,  тарихи  салысты-
рулар,  концептуалды  уақыт  пен  перцептуалды 
уақыт,  обективті  және  субьективті  уақыт  пен 
кеңістік, түс көру тәсілі. 
 
 
О.  Бөкеев  шығармашылығы  әдебиеттану 
ғылымы мен сынында зерттеуден кенде қалды деп 
айта  алмаймыз.  Алғашқы  туындыларымен-ақ 
әдебиет  сүйер  қауымды  елең  еткізген  жазушының 
шығармашылық  әлемі  күні  бүгінге  дейін  зор 
қызығушылық 
тудырады. 
Қаламгер 
шығармаларына  философиялық  астарлы  шартты 
сюжеттер,  символикалық  сипаттағы  образдар, 
қалыптасқан  дәстүрді  саналы  түрде  орай  өтіп, 
белгілі  дәрежеде  жаңашылдық  өрнектердің  бой 
көрсетуі тән. 
С.Қирабаев:  «Оралханның  ескі  сүрлеуді 
таптамай,  әдебиетке  өзіндік  үнімен,  сырымен, 
айтар ойымен келгені, өмірді өзінше көріп тануға, 
өзінше  бейнелеуге  ұмтылысы,  осы  жолдағы  сәтті 
ізденістері  оның  оқырманын  тез  табуына,  оның 
жүрегінен  жылы  орын  алуына  себеп  болғаны 
даусыз» [1, 177 б.],  - деп жазушы жаңашылдығын 
дөп  басып  айтады.  Т.Ахметжан  болса,  О.Бөкеевті 
адам  мен  ғаламның  құпиясын  ашуға  талпынған 
философ 
ретінде 
бағалайды. 
О.Бөкеев 
шығармашылығы  туралы  ғылыми  еңбектерде, 
диссертациялық  зерттеу  жұмыстарында,  баспасөз 
бетінде 
жарияланған 
мақалаларда 
қаламгер 
туындыларының  идеялық-көркемдік  ерекшелік-
тері, повестеріндегі аңыздық, мифтік  сюжеттердің 

 
208 
көркемдік  қызметіне,  экзистенциализм  көрінісіне  көбірек  мән  берілген.  Біз  жазушының 
«Жетім бота» повесіндегі характер даралаудағы көркем уақыт пен кеңістіктің рөліне назар 
аудармақпыз. 
Қазіргі  әдебиеттану  ғылымында  көркем  уақыт  пен  кеңістік  мәселесі  –  өзекті 
мәселелердің санатынан табылады. Ғалымдар уақыт пен кеңістік ақиқат өмірдің маңызды 
сипаты  екенін,  адамның  сана-сезімін,  тұрмыс-тіршілігін  қамти  отырып,  көркем 
шығарманың  өмір  сүруінің  шарттары  болып  табылатынын;  жазушы  дүниетанымының 
қалыптасуында  маңызды  рөл  атқаратынын;  көркем  туындының  ішкі  заңдылықтарын 
белгілей отырып, шығарманың жанрлық табиғатын анықтауда, сюжеттік-композициялық 
құрылымын айқындауда негізгі көрсеткіштердің бірі болатындығын баса айтады.  
Қазіргі  қазақ  повестерінде  негізгі  салмақ  характерлерге  түсетіндіктен  (романда  іс-
әрекет,  оқиғаға  ерекше  назар  аударылады),  көркем  уақыт  категориясының  көмегімен 
характерлердің даму ерекшеліктерін түсіндіруге болады.  
«Жетім  бота»  повесінің  негізін  жазушының  бас  кейіпкер  ой-толғаныстарымен 
астасқан  ой  ағыны,  кейіпкерлерінің  көңіл-күйлеріндегі  өзгерістер,  олардың  бақыт  пен 
махаббат, Мәңгілік пен Даралық, жақсылық пен жамандық туралы тебіреністері құрайды. 
Бұл  туралы  Т.Тоқбергенов  былай  деп  жазды:  «Кейде  Оралханның  кейіпкерлері  өз 
басының  өмірге,  дүниеге  көзқарас  пиғылын,  жазушының  философиясын,  қоғамдық  ой-
өрісін білдіріп жатқандай... Автор пен ол жасаған өзге кейіпкерлер тіл табысып, ұғысып, 
бір  арнадан,  бір  биіктен  табылғандай.  Автор  мен  кейіпкердің  бірігіп,  бірегей  образға 
айналып  кетуі  сияқты  құбылыс  Оралхан  шығармаларында  табиғат-анаға,  жер-анаға, 
замандастың сыр жұмбағына арналған толғау-тебіреністер көп. Олар рухы күшті адамдар 
туралы, рухани тазалық жөнінде, жан сұлулығы жайында сыр шертеді» [2, 184 б.]. 
Повестің  фабулалық  кеңістік-уақыты  бас  кейіпкер  Тасжанның  Ақтау  қаласында 
төрт-бес  күнде  басынан  кешкен  оқиғаларды  қамтиды.  Мұнда  кейіпкерлер  де  көп  емес: 
Тасжан, Ақбота, латыш қызы Вайра, күзетші шал, жеңілтек әйел, қыздың ағасы. Повесть 
оқиғасы  осы  кейіпкерлер  арасындағы  кездейсоқтық,  дау-жанжал,  мөлдір  таза  сезімге 
құрылады.  Шығармадағы  фабулалық  кеңістік  пен  уақыт  тұрақты,  әрі  нақты:  «Ақтау 
қаласына  келіп  қонған  ақ  шағаладай  лайнерден  жаңаша  киінген,  сұңғақ  бойлы,  бұйра 
шашты, қара көзілдірігі бар сағыз шайнаған қазақ жігіті түсіп келе жатты. ...Үш айдан соң 
жаңа қаланың жобасын тапсыруға дайындалып жүрген беті» [3, 362 б.].  
Туындыда  үш  түрлі  кеңістік  бар:  біріншісі  –  қала  кеңістігі:  «Қиырына  көз  жетпес 
шалқар теңіздің жағасында төбесі көк, аяғы жер тіреген ақ шағала үйлері сап түзеген алып 
қала  тыныстап  жатты.  Алыстан  немесе  тым-тым  биіктен  қарағанда,  су  жағалап  жусаған 
бір қора қой секілді үйіріліп көрінеді. Шайдай ашық күндері үстін қоп-қою түтін басып, 
мұнарға  тұншығып  жатар  қаланың  алып  көрінісі...»  [3,  362  б.  ];  екіншісі  –  Атырау 
теңізінің  кеңістігі:  «...ал  анау  жанталаса  жағалауға  ұмтылып,  бірақ  өмір  бақида  өз 
арнасынан аспаған көк теңізді жергілікті халық Атырау деп атайтын» [3, 362 б.]; үшіншісі 
–  Тасжанның  ой-толғаныстарында  көрініс  беретін  –  ауыл  кеңістігі.  Жазушы  Тасжанның 
мінез даралығын осы кеңістіктер аясында алып қарастырған. Тасжанның қала кеңістігінде 
аласұрып, тыным таппаған жаны табиғи кеңістікті аңсайды, соған ұмтылады. Тасжанның 
түсінігінде,  қала  –  күйбең  тіршілік  заңдылықтарына  бағынған  тұйық,  шектеулі  кеңістік 
болса,  теңіз  –  мәңгілік  кеңістіктің  моделі.  Повестегі  бұл  қарама-қарсылық  кейіпкердің 
сезім-түйсігі арқылы көрінеді. 
«Адамдар  аз  ғана  ғұмырын  тез  өткізуге  жан  ұшыра  жүгіріп  жүргені.  Әр  айды,  әр 
жылды  неге  ғана  сағына  тосарын  бір  құдайдың  өзі  білер,  сол  ай  мен  жыл  өмірін  де 
есепшотқа  салып  есептеп,  жасын  жалмап  жатқанын  ойламайды-ау»  [3,  373  б.],  –  деп 
толғанған кейіпкер теңіз жағасына келіп, табиғатпен бетпе-бет қалғанда күнделікті арсыз 
тіршіліктің  абыр-сабырын  ұмытып,  мәңгілікпен  табысады:  «Жағаны  ұрғылаған 
толқынның  шуылы,  денесін  сипалаған  самал,  майда  ғана  қыздырған  күннің  сәулесі  – 
осының  барлығы  болдырған  жанына  жарылқаушы  күш  дарытып  болымсыз  үмітке 

 
209 
бастаған.  Өкініші  мол  өткенін  ұмытып,  санасына  әзірде  қонған  сандуғаш  сайрайды»  [3, 
372  б.].  Сондай-ақ  оның  болмысындағы  қарама-қайшылық  шегініс  арқылы  баяндалатын 
ауылдағы  өмірі  мен  бүгінгі  қала  тірлігімен  біте  қайнасқан  тіршілігі  контраста  алынады. 
Тасжан  өзінің  жан  азабы  тұтқынында  қылуын  технократиялық  санасынан  көреді.  Ол 
буырқанған  тіршілік  ортасы,  өркениеттің  даму  үлгісі  –  қала  мен  ауылдың  өмір  салтын 
ойша салыстыра отырып, өзін-өзі тануға ұмтылады. 
«Қазіргі  адамдарды  таң  қалдыру  аса  қиын,  өйткені  біздер  таң  қалу  сезімімізді 
жылдар  жылжыған  сайын  жоғалтып  барамыз»  [3,  399  б.],  –  деп  толғанады  кейіпкер. 
Жазушы  осындай  селк  етпес  сезімнің  төркінін  Тасжанның  өткені  мен  бүгінінен  іздейді. 
Мысалы, Тасжанның неліктен рухани дағдарысқа тап болғаны туралы суреттелетін уақыт 
шексіз  болғандықтан,  суреттеуге  кететін  уақытты  қысқарта  түсу  үшін  авторлық  уақыт 
тұрғысынан  –  көркемдік  уақытты  пайдаланады.  Яғни  концептуалды  уақыт  лирикалық 
шегініс  арқылы  сюжеттік  уақытқа  ауысады  да,  суреттеу  уақыты  қысқарады  әрі  уақыт 
үзілмелілігі  пайда  болады.  Осының  нәтижесінде  сюжеттік  уақыт  сығымдалып,  онда 
эпикалық  уақыт  пен  драмалық  уақыт  (кейіпкер  уақыты)  күрделі  қарым-қатынаста 
беріледі.  Іс-әрекетті  даму  үстінде  көрсететін  қазіргі  уақыт  пен  Тасжанның  өткен  өмір 
көріністерін суреттейтін өткен уақыт алма-кезек ауысып отырады. 
Бір  қызығы,  автор  кейіпкерінің  өткен  өміріне,  ішкі  жан  дүниесіне  бойлай  отырып, 
тек  кейіпкерді  ғана  емес,  оның  өткеніне  қатысы  бар  адамдарға  да  мінездеме  береді. 
Сондай  кейіпкерлер  –  Тасжанның  бала  досы  –  Досым  және  әкесі.  Көркем  шығармада 
көтерілетін негізгі мәселеге автор көзқарасы, жазушы концепциясы ашыла түсетіні де осы 
Досым образына байланысты. Мысалы: 
– Саған ризамын, Досым... Сен алғашқы күйіңде қалған екенсің. 
– Өзің ше, өзгеріп кеттің бе? 
– Мен баяғы Тасжан емеспін, мүлдем бөтен біреумін. «Жаны» жоғалып, тек «тасы» 
қалған... [3, 384 б.]. 
Ол  менен  гөрі  әлдеқайда  қуатты,  әлдеқайда  арманшыл,  бітім-болмысын  әлі  күнге 
жоғалтқан  жоқ.  Өзім  ше?..»  [3,  387  б.],  –  деп,  өз-өзіне  сауал  қойып,  жауабын  аласұра 
іздейді. Ол өзінің тағдыры арқылы адамзаттың әлдеқайда асыққан жанталасынан рухани 
дағдарыс  нышандарын  көре  біледі.  Адамдардың  соны  сезе  бермейтініне  қынжылады. 
Тасжан трагедиясы – өзін қоршаған ортаны қанағат етпеуінен туындаған трагедия. 
Жазушы  кейіпкерлерінің,  әсіресе  басты  кейіпкер  Тасжанның  ішкі  жан  дүниесіне 
көбірек үңіледі. Оның көңіл-күйінен, түрліше сезімдерінен хабар беріп, қоршаған әлеммен 
қарым-қатынасын  көрсетеді.  Мұндай  позиция  авторға  суреттеліп  отырған  құбылыстарға 
кейіпкердің  көзімен  қарауға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  да  повесте  Тасжанның  ой-
толғаныстарына  ерік  берілген.  Біздің  ойымызша,  бұның  себебін  тереңнен  іздеу  керек. 
Ғылыми-техникалық  қарыштау  дәуіріндегі  қажетті-қажетсіз  өзгерістердің  адам  санасына 
әсерін  суреттеген  жазушы  күрделі  философиялық  байламдар  жасайды,  қазіргі  өмірдің 
көкейкесті  мәселелеріне  ой  жүгіртіп,  бүкіл  адамзаттық  мәні  бар  мәселелер  туралы  сөз 
қозғайды.  Содан  болар,  жазушының  кейіпкер  арқылы  көрсеткен  әлеуметтік-
философиялық 
көзқарастары 
публицистикалық 
ыңғайда 
беріледі. 
Осындай 
философиялық,  публицистикалық  сарында  берілген  ой-толғамдар  повесте  де  көп  орын 
алады.  Бұл  туралы  кезінде  әр  түрлі  пікірлер  айтылды.  Мысалы,  ғалым  М.Қаратаев: 
«Оралханның  жаңалығы  мен  көркемдігі  жанрының,  тақырыбының  сонылығында  емес, 
творчестволық тәсілінің, образ жүйесінің, поэтикалық стиль сипатының даралығында, тіл 
құнарлығы  мен  романтикалық  серпінінде,  лирика-символикалық  сазында,  әрі 
философиялық, әрі публицистикалық сарынында. Бірақ повестерін мүлтіксіз деу ағаттық. 
Оның  ішінде  аз-кем  байқалғандары,  мысалы:  кейбір  публицистикалық  топшылаулар, 
жетім ботаның күйі, Ақботаның ата-анасының теңізге кеткен тағдыры мен өз бойындағы 
дертінің күңгірттеу көрінуі – оқырманға осы қалай дейтіндей ой салуы ғажап емес» [4], – 
дейді.  

 
210 
Ө.  Қанахин  де  публицистикалық  сарынның  көркем  туынды  табиғатымен  қабыспай 
жататын  осалдау  жақтары  бар  екенін,  туындыда  ғылыми  талдау  мен  топшылаулардың 
басымдығын айта келіп, оның тіліндегі кейбір кемшіліктерге тоқталады: «...және бір көзге 
ұрып  тұрған  шағын  ғана  шығарманың  ішінде  керекті-керексіз  кәсіби,  ғылыми  сөздерден 
аяқ алып жүргісіз; оны арнайы дайындығы барлар болмаса, қалыпты оқушының соларды 
түсінуі де екіталай» [5]. 
Повестегі  публицистикалық  сипаттағы  монологтер  кейде  проблемалық  мақала 
сияқты әсер қалдыратыны да бар. Бірақ бұл жазушының дербес, өзіндік стилін айқындап, 
заманының  зәру  мәселелерін  дөп  басып,  адам  тағдырына  қалай  әсер  ететінін  көрсету 
шеберлігімен ұштасатынын да естен шығармағанымыз дұрыс. Шығармадағы мұндай ой-
толғаныстардың берілу сипаты жазушының негізгі ойына, характер даралауға, сюжеті мен 
композициясына  орайластырылған.  Біріншіден,  негізгі  сюжеттік  желіге  қатысы  жоқ 
лирикалық,  публицистикалық  шегіністер  түрінде  беріледі.  «...ол  (автор)  көркемдік 
талаптарға  орай  өз  шығармасындағы  уақытты  баяулатып  немесе  жылдамдатып  қана 
қоймайды,  тіпті  оны  «тоқтата»  да  алады.  Бұл  көркемдік  жинақтау  үшін  қажет  тәсіл: 
философиялық,  лирикалық  шегіністер.  Осындай  шегіністерде  негізгі  іс-әрекет  «тоқтап 
қалғандай»  әсер  қалдырып,  автор  оқырманымен  немесе  кейіпкерімен  бірге  толғанады. 
Мұндай ой-толғаныстар оқырманды басқа бір әлемге бастап, ол шығармадағы оқиғаларға 
философиялық тұрғыдан баға беруге мүмкіндік алады» [6, 214 б.]. Атап айтқанда, бұлар – 
Тасжанның  сәулет  өнерінің  қазіргісі  мен  келешегі  туралы  ойлары.  Бұлар  кейіпкердің 
шығармашылық  өнер  адамына  тән  қиялын,  өмір  құбылыстарына  көзқарасын,  өзіндік 
тұрғыдан  таразылар  танымын  көрсетеді:  «Бізге  құрылыстағы  ой  сана  жетіспейді.  Сәулет 
өнері  қатып  қалған  музыка  дегенге  де  дауым  бар.  Сәулет  өнері  –  өмір  бойы  ән  шырқап 
тұратын  жүрегі,  миы,  тілі  бар  тірі  бейне,  әр  ғасырдың  музыкалық  аспабы  дер  едім»  [3, 
373б.]. 
Екіншіден,  сюжеттік  уақыт-кеңістік  аясындағы  ой-толғаныстар.  Бұлар  –  Тасжан-
Вайра желісіндегі Тасжанның сәулет өнері туралы қиялы мәңгілік пен даралық, махаббат 
туралы  монологтарында  оның  шынайы  сезім  тазалығы  мен  табиғатты,  әсемдікті  тану 
талғамы  ашылады.  Сондай-ақ  бұған  дейін  көңіл  түкпірінде  бұлқынып  жатқан  сезімдері 
сыртқа  шығады:  «Мәңгілік  пен  Даралықты  сабақтап  таратып  ойлай  бастасам,  менің 
алдымда  бас  айналатын  бездна  –  түпсіздік  пайда  болып,  Писарев  айтқандай,  «душевная 
апатияға»  тап  келемін.  Жанталаса  шегінгім,  осы  азаптан  азаттанғым-ақ  келеді,  амал 
қайсы, мен шегінетін жер қалмапты» [3, 392 б.]. 
Тасжан  әлдеқайда  асыққан,  күндері  зулап  бірін-бірі  ауыстырған  заманда  көптің 
арасында  өзінің  даралығын,  табиғатпен,  бабалар  тарихымен  байланыстыратын  «жеке 
менін»  жоғалтып  алудан  қорқады.  Осы  жолда  Ақбота  жігіттің  рухани  «қайта 
жаңғыруына»  септігін  тигізеді.  О.  Бөкеевтің  шығармада  көтерген  күрделі  мәселенің 
төңірегінде  топтасқан  өмір  материалын  көркем  жинақтап,  тұжырым  жасауда  Ақбота 
образы сәтті алынған. Повестегі бұл образ сыншы, әдебиеттанушы қауым тарапынан көп 
пікірталас тудырды. Мысалы, С.Қирабаев: «Жігіттің іс-әрекетін өмір шындығы жүйесімен 
емес,  арманы  мен  қиялына  қарай  жүйелеу,  ойсыз  сол  қиялдың  жетегінде  кету  «Жетім 
ботада»  да  байқалады.  Мұндағы  Тасжанның  өлейін  деп  жатқан  қызбен  үйленуі,  қыздың 
романтикалық өмірі, экзотикаға құрылған тіршілігі (ескіліктің музейі сияқты)  – барлығы 
да реалистік суреттен гөрі қиялдағы ертегіге ұқсайды. Тасжанның ізін аңдып, жетім бота 
жетектеген  қызды  алыстан  қарап  тұратын  дүрбілі  еркектің  әрекетінде  де  шарттылық 
басым.  Оны  Тасжан  қылығына  қарама-қарсы  қою  мақсатында  шартты  түрде  алғанын 
құптауға болар, ал, Ақботаның өмірі мен өліміне илана қою қиын» [1, 193-194 б.], – деп 
жазса, Ө.Қанахин де: «Бота жетектеген қызға байланысты эпизодтарды символика ретінде 
ғана  қабылдауға  болатын  секілді.  Олай  болса,  неге  шығарманың  қалған  бөлігі  реалистік 
тұрғыдан алынған?» [5] – дейді.  

 
211 
Ғалымдар  атап  көрсеткеніндей,  символика,  шарттылық  аталмыш  повестің 
романтикалық  сипатын  айқындайды.  Ақботаның  бойындағы  дерт  те  бүгінгі  ғылым  мен 
техниканың  өркендеуі,  өркениеттің  дамуына  байланысты  ушыққан  экологиялық 
қасіреттің  салдары.  Қаламгер  бота  жетектеген  қызға  байланысты  шарттылық  арқылы 
адамзатқа  төніп  тұрған  қауіпті  ескертеді.  Қоғамға  адам  мен  табиғаттың  арасындағы 
қайшылықтың тереңдеуін көрсету арқылы баға береді. Повестегі Тасжан-Вайра желісінің 
өзі  Тасжан-Ақбота  желісіне  дайындық  тәрізді.  Вайрамен  кездесу  Тастың  жүрегін  селт 
еткізеді.  «Аққұсқа  айналып,  аспанға  ұшып  кеткен  латыш  қызы  Тастың  бөлініп  қалған 
«жанын» жалғағандай. Енді ол – Тасжан» [3, 396 б.]. 
Басты  кейіпкердің  Тасжан  деп  аталуының  өзі  жанының  екіге,  екіұдай  күйге 
жарылуын ишаралайтын сияқты. Тасжан деп екі сөздің бірігуі арқылы автор бір адамның 
екіге  бөлінген  санасы  мен  ойын  меңзейді.  Тасжанның  болмысындағы  Тас  пен  Жанның 
тартысы  перцептуалды  кеңістік-уақытта  өтіп,  ортамен,  адамдармен,  жағдаймен  қарым-
қатынасына байланысты бір «мені» бел алып отырады. Жазушы кейіпкер көңіл-күйіндегі 
өзгерістер  арқылы  характердің  даму  қайшылығын  көрсетеді.  Алғаш  қалаға  келгенде: 
«Шынымен-ақ  осыншама  адамға  шат  күлкі,  баянды  бақыт  сыйлаған  менің  ақ  қағазға 
түскен  әрбір  сызығымның  жемісі  ме...  мен  салуға  қатысқан  Ақтау  қалады  артымда;  оны 
жер  бетінен  жоғалтып  жіберетін  күш  жоқ...  Бар  арман,  дәл  мынадай  халықтың  керегіне 
жарар ізгілікті іс қалдыру ғой» [3, 363 б.], – деп өз-өзіне разы болған Тасжанның көңіліне 
кейін  сызат  түседі:  «Ал  мен  болсам  Атыраудың  асау  толқынымен  арпалысып,  өз  әлімді 
білмей малтыған боламын және өзім де біліп, сезе бермейтін белгісіз бір жағалауға қарай 
асығыс  жүземін,  сол  жағалауы  белгісіз  «Барсакелмес»  аралға  сапар  шеккен  жолымның 
әшейін  құр  бекерлігін  кеш  түсініп,  өзін-өзі  жоғалтқан  адамның  қысыр  қиялын  ғана 
арқалап жүрген жайым бар» [3, 384 б.].  
Жазушы  бұндай  көңіл  ауанының  пайда  болуын  объективті  кеңістік-уақыттың  әсері 
ретінде  түсіндіреді.  Тасжанның  субъективті  кеңістік-уақыты  мен  реалды,  объективті 
кеңістік-уақыттың  қарама-қайшылыққа  түсуі  кейіпкердің  екіұдай  күй  кешуіне 
итермелейді.  
Кеңістік  пен  уақыт  категорияларының  60-80  жылдары  қазақ  прозасында  ерекше 
мағынаға ие болғандығын атап көрсеткен ғалым М. Хамзиннің: «Уақыт ағымы шындықты 
өзгертіп  отырады,  кешегі  ақиқат  бүгінгі  күні  ол  сипатынан  айрылған,  адам  санасындағы 
мұндай өзгерістер уақыт пен кеңістікке тікелей байланысты» [7, 74 б.], – дегенін ескерсек, 
повестегі Тасжан, Ақботалардың дүниетанымындағы, яғни субъективті кеңістік пен уақыт 
ақиқат  кеңістік  пен  уақытты  мойындағысы,  қабылдағысы  келмейді.  Тасжан  түсінігі 
бойынша,  нағыз  ақиқат  –  кешегі  уақытта,  яғни  Ақбота  болмысында.  Ақботаны  алғаш 
көргенде  Тасжан  үшін  уақыт  тоқтап  қалғандай  болады:  «Тас  өз  көзіне  өзі  сенбегендей 
уқалап жіберіп қайта қараған: жойқын цивилизация мен телегей теңіздің шекарасында үкі 
қадаған ботасын жетелеп, асықпай аяңдап бара жатқан көгілдір  көйлекті қыз бұл  тұрған 
зәулім «Интерконтиненталь» қонақ үйіне көз қырын да салған жоқ; өзгеше бір кербездік, 
баяғыда тозыңқырап қалған қазақы нәзік қимылмен ештеңеге назар  аудармастан жұмсақ 
басады»  [3,  371  б.],  –  деп  жазушы  адамзаттың  қазіргі  шапшаң  қозғалысы  мен  Ақбота 
образы арқылы бейнеленген уақытты шендестіре береді. Тасжанның ойынша, сол кешегі 
өткен  уақытта  қалыптасқан  рухани  құндылықтар  бүгінгі  кеңістік  пен  уақытқа  ауадай 
қажет.  Өйткені  қазіргі  өмір  ағыны  Уақыттың  өзін  артқа  тастап,  ілестірмей  келе  жатыр. 
Ақботаның:  «Аға,  сіз  салған  қала  мені  Маңқыстаудың  маң  даласынан  қуып  келе  жатып, 
теңізден сескеніп, серейіп-серейіп қатып қалған кірпіш пен тастан жаралған алып адамдар 
секілді  қорқынышты...  қорқынышты...»  [3,  426  б.],  -  деген  сөзінде  жазушының  өркениет 
орталығы – Ақтау қаласының Ақботаны теңізге тықсырып келе жатқан суретін беруінде 
осындай философиялық мағына жатыр. 

 
212 
Қорыта  айтқанда,  көркем  уақыт  пен  кеңістік  шығарманың  жанрлық  сипатын 
анықтауда,  сюжеттік-композициялық  құрылымын  айқындауда,  характер  даралауда 
маңызды қызмет атқарады.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет