Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#6106
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37

ТҮЙІН 
 
Мақалада  Павлодар  облысындағы  музыкалық-ағартушылық  мекемелердің  соғыс 
жылдарындағы  патриоттық  тәрбие  берудегі  маңыздылығы  қарастырылады.  Ұлы  Отан  соғысы 
кезеңіндегі  мәдени-ағартушылық  мекемелердің  рөлі,  мәдениеттер  әрекеттестігі,  жаңа  тарихи 
жағдайдағы музыкалық ағартудың мазмұны ашылған.  
 
RESUME 
 
The  importance  of  activities  in  the  musical  and  educational  institutions  of  the  Pavlodar  region 
during  the  war  in  the  development  of  patriotic  education  is  considered  in  the  article.  The  content  of 
musical  education  in  the  new  historical  conditions,  the  interaction  of  cultures,  the  role  of  cultural  and 
educational institutions during the Great Patriotic War are revealed. 
 

 
104 
ӘОЖ 81'367 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.Қ. Рысбаева 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті,  
ф.ғ.к., профессор  
 
Модульдік 
технология 
арқылы оқытудың 
ұтымды жолдары 
 
Аннотация  
Мақалада  модульдік  технология  арқылы 
оқытудың  ұтымды  жолдары  туралы  айтылады. 
Қазіргі 
кезде 
білім 
жүйесі 
күннен-күнге 
ақпараттық  технологиялар  мен  компьютерлік 
телекоммуникацияларды  қолдануда,  яғни  біздің 
қоғам 
жаңа 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
дәуіріне 
енді. 
Қоғамдағы 
геополитикалық,  коммуникациялық,  технология-
лық  өзгерістер  және  интернет  жүйесі  арқылы 
тілдесу әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, 
әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың 
санын  мейлінше  көбейте  түсуде.  Осыған 
байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі 
де  артып  келеді.  Тіл  -  тек  қатынас  құралы  емес, 
тілін  үйреніп  жүрген  елдің  рухани  байлығын 
меңгеруде  модульдік  технология  үлкен  рөл 
атқарады. 
Модульдік 
технология 
арқылы 
оқытудың  тиімді  белгілерінің  бірі  –  студенттің 
оқу  белсенділігі.  Бұл  технологияның  бір 
ерекшелігі - сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде 
студенттердің  танымдық  қабілеттерін  дамытып, 
ауызша  және  жазбаша  тілін  дамытып,  оларға 
шығармашылық  жұмысты  ұсынуға  болады. 
Шетел  тілінің  лексикалық,  грамматикалық, 
фонетикалық  құралдарын  игеру  барысында 
студенттердің  бойында  білім  алуда  белсенділік, 
өз 
бетімен 
жұмыс 
істеуге 
қабілеттілік, 
қорытынды жасай білу іскерлігі қалыптасады.  
Түйін  сөздер:  модульдік  оқыту,  интеграция, 
топтау,  репродуктивтік  деңгей,  алгоритмдік 
деңгей,  эвристикалық  деңгей,  шығармашылық 
деңгей. 
 
 
Тәуелсiздiкке  қол  жеткен  жылдардан  берi 
әлемдегi  көптеген  елдермен  саяси-әлеуметтiк, 
экономикалық  және  мәдени  байланыс  жасауға 
кеңiнен  бет  бұрдық.  Бұл  қарым-қатынастың 
нәтижелi  болуы,  ел  мен  елдiң,  халық  пен 
халықтың 
өзара 
ынтымақтасқан 
бiрлiгiн 
өркендетуде  тiл  бiлудiң  мәнi  күн  сайын  арта 
түсуде.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  Қазақстандағы  тілдердің  үш 
тұғырлығы  туралы  ойды  алғаш  рет  2006  жылы 
Қазақстан  халқының  Ассемблеясында  айтқан. 
2007  жылығы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан» 
жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» - 
«Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп 
іске  асыруды  ұсынды  [1].  Тілдердің  үш 
тұғырлығы     идеясында     Елбасы    оған    нақты  

 
105 
анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал 
ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі.  Елбасының  2011  жылғы 
«Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!»  атты  жолдауында  2020  жылға  дейінгі  еліміздің 
әлеуметтік-экономикалық  дамуының  нақты  жоспарын  айқындап  берді.  Бұл  жоспар 
Қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей, өзіндік даму  стратегиясын 
белгіледі.  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  тек  экономиканы  ғана  емес,  сонымен  қатар 
ғылым  мен  білім,  денсаулық  сақтау  салаларын  барынша  дамытуға  көп  көңіл  бөлгендігі 
ерекше  аталып  өтілді  [2].  Осы  жолдауда  білім  мен  ғылымның  модернизациясын 
жалғастыру қажеттігін меңзеді.  2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін  халықтың саны 
кемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын 
тілін де терең меңгеруі керек. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылында елімізде жалпы білім 
беретін  мектептерде  ағылшын  тілі  бірінші  сыныптан  бастап  оқу  бағдарламасына 
енгізіледі. 
Бүгінгі әлемде мындаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста 
немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі 
«21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие 
болды.  Ағылшын  тілі  -  дүние  жүзіне  ең  кең  таралған  халықаралық  тіл.  Әлемдегі  ең  көп 
тараған,  әрі  қытай  тілінен  кейінгі  халық  саны  бойынша  ең  көп  пайдаланатын  тіл. 
Ағылшын  тілі  бүгінде  халықаралық  қатынастың,  ғылым  мен  техниканың,  бизнес  пен 
журналистиканың  барлық  салаларында  кеңінен  қолданылып  келе  жатқан  тілдердің 
қатарына  жатады.  Ағылшын  тілі  -  бүгінгі  заманымыздың  кілті,  ақпараттық 
технологияның,  компьютер  технологиясының  кілті  деуге  болады.  Ағылшын  тілінде 
әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. 
Бүгінгі  күні  зерттеушілер  ағылшын  тілінде  сөйлеушілердің  саны  1,2-1,5  млрд  арасында 
деп  тұжырымдайды.  Ағылшын  тілі  –  жер  бетіндегі  ең  кең  қолданылатын  тіл.  Ағылшын 
тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. 
ХХ ғ. 60 жылдардан бастап кеңінен ағылшын тілі тарала бастады. Ағылшын тілі көптеген 
халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. Оның ішінде: БҰҰ, Ұлыбритания, 
Америка  Құрама  Штаттары,  Жаңа  Зеландия,  Австралия,  ЮНЕСКО,  Бүкіл  әлемдік 
Денсаулық сақтау ұйымы және т.б. 
«Тіліміздің  үштұғыры»  мәдени  жобасын  жүзеге  асыру  аясында  академик 
С.С.Құнанбаева шет тілін оқытудың инновациялық теориялық-методологиялық негіздерін 
енгізді. Шетел тілі бойынша ойлаудың жаңа түрін игерген, дүниетанымдық мәдениеті бар, 
көпмәдениетті сана-сезімі дамыған, сонымен қатар қазақ, орыс және шетел тілдерін жете 
меңгерген маманның кәсіби білікті үлгісін: а) заманауи интерактивтік және инновациялық 
технологияларды  қолдану  арқылы  аудармаға  оқыту  бойынша  ғылыми  педагогикалық 
мамандарды;  б)  мемлекеттік  тілдің  басты  роліне  сүйене  отырып,  жобада  көрсетілген 
барлық  тілдерде  жұмыс  істей  алатын  аудармашы  мамандарды  (қазақша-ағылшынша-
қазақша,  қазақша-орысша  және  т.б.)  арнайы  мақсатта  даярлау  арқылы  жоғары  оқу 
орнынан кейінгі  білім берудің концептуалдық әмбебаптандырылуын қамтамасыз ету деп 
анықтайды. 
Демек, 
халықаралық 
саяси-экономикалық 
қатынастарды 
әлемдік 
стандарттарға  сәйкес  жүргізуде  білікті  мамандарды  дайындау  қажеттілігі  оқу  мен  білім 
саласына да белгілі міндеттерді жүктейді. 
Шетел  тілін  оқыту  барысында  инновациялық  технологияларды  қолдану 
студенттердің басқа тілде қарым-қатынас жасаудың барлық қырларын жан-жақты көруді 
қалыптастырудың  бірегей  мүмкіндігін  білдіреді.  Шетел  тілін  үйрену  арқылы  сол  тілді 
үйреніп  отырған  елдің  мәдени  мұраларымен,  тарихымен,  ғылым  саласындағы 
жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге 
асыруға да мүмкіндік жасайды. 
Жалпы  білім  беретін  жоғары  оқу  орындарында  және  орта  мектепте  шетел  тілін 
практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс 

 
106 
істеуге  баулу,  алған  білімін,  икемділік  дағдыларын  жаңа  жағдайларға  тап  болған  кезде, 
шығармашылықпен  қолдана  білуге  машықтандыру  көзделеді.  Шетел  тілін  оқыту 
мақсаттары  қоғамның  мұқтаждығына  байланысты  өзгеріп  отрады.  Қазіргі  кезде  шетел 
тілін  оқыту  мынадай  төрт  мақсат  көздейді:  коммуникативтік  мақсат,  білімдік,  тәрбиелік 
және  жетілдіру  мақсаты.  Осы  аталған  мақсаттардың  ішінде  коммуникативті  мақсат 
жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы 
жүзеге  асырылады.  Ағылшын  тілін  оқытуда  алты  деңгей  бойынша  топтар  білім  алады. 
Олар:  "beginner",  "elementary",  "pre-intermediate",  "intermediate",  "upper-intermediate", 
"advanced".  
Ағылшын  тілі  сабақтарында  көптілді  оқытудың  элементтері  ғана  қолданылады. 
Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. 
Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске 
асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі 
ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік 
береді.  
Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында 
мынадай міндеттерді шешу көзделеді: 
-
 
студенттердің  үш  тілде  еркін  сөйлеу  біліктілігін  дамытуда  оқыту 
технологияларын тиімді пайдалану;  
-
 
заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; 
-
 
үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету;  
-
 
әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу;  
-
 
сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;  
-
 
танымдық қызығушылығын қалыптастыру. 
Қазіргі  оқыту  технологияларының  жалпыға  танылған  түрлері:  модульдік  оқыту, 
проблемалық  оқыту,  жеделдетіп  оқыту,  даралап  оқыту,  ақпараттық  оқыту,  деңгейлеп 
оқыту,  жобалай  оқыту  технологиясы,  жеделдетіп  оқыту,  сатылай  кешенді  талдау, 
ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б. 
Модульдік  технология  арқылы  оқытудың  ұтымды  жолдарын  зерделейтін,  оқу 
үрдісінде  түрлі  әдіс-тәсілдерді  мақсатты  түрде  жұмылдыратын,  оларды  сабақта  жүзеге 
асырудың  жолдарын  көрсететін,  ғылыми  зерттеу  жұмыстар  баршылық.  Атап  айтсақ, 
«Оқытудың 
үшөлшемді 
әдістемелік 
жүйесінің 
педагогикалық 
технологиясы» 
(Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова), оқытудың инновациялық технологиясы (С.С.Құнанбаева), 
жүйелілік негізде оқыту (Т.Т.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту (Қ.А.Әбдіғалиев, 
Н.Н.Нұрахметов 
т.б.), 
модульдік 
оқыту 
М.М.Жанпейісова, 
К.Жақсылықова, 
З.Бейсенбаева),  жобалай  оқыту  технологиясы  (А.Сатбекова),  сатылай  кешенді  талдау 
(Н.А.Оразахынова) және т.б. технологияларды жатқызуға болады.  
Ғалым  З.Бейсенбаеваның  зерттеу  еңбегінде:  «Модульдік  оқыту  технологиясының 
мақсаты  – білім бағдарламасының мазмұнын іске асыруға жағдай жасау, іріленген блок-
модуль  түріндегі  оқу  единицаларын  игеру  арқылы  кешенді  дидактикалық  міндетті 
орындау.  Модуль  –  нақты  мақсатқа  құрылған  оқу  элементтерінен  тұратын  модуль 
бағдарламасының  дербес  дидактикалық  бірлігі.  Оқу  элементтері  –  жеке  мақсатты  іске 
асырудағы  оқу  материалының  дидактикалық  бірлігі»,  –  делінген  [3,  106].  Ал,  академик 
С.С.Құнанбаева  шетел  тілін  оқытудың  инновациялық  теориялық-методологиялық 
негіздерін енгізді [4]. Шетел тілі бойынша ойлаудың жаңа түрін игерген, дүниетанымдық 
мәдениеті бар, көпмәдениетті сана-сезімі дамыған, сонымен қатар қазақ, орыс және шетел 
тілдерін жете меңгерген маманның кәсіби білікті үлгісін: а) заманауи интерактивтік және 
инновациялық  технологияларды  қолдану  арқылы  аудармаға  оқыту  бойынша  ғылыми 
педагогикалық  мамандарды;  б)  мемлекеттік  тілдің  басты  рөліне  сүйене  отырып,  жобада 
көрсетілген  барлық  тілдерінде  жұмыс  істей  алатын  аудармашы  мамандарды  (қазақша-
ағылшынша,  ағылшынша-қазақша,  қазақша-орысша  және  т.б.)  арнайы  мақсатта  даярлау 

 
107 
арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің концептуалдық әмбебаптандырылуын 
қамтамасыз  ету  деп  анықтайды.  Демек,  халықаралық  саяси-экономикалық  қатынастарды 
әлемдік стандарттарға сәйкес жүргізуде білікті мамандарды дайындау қажеттілігі оқу мен 
білім саласына да белгілі міндеттерді жүктейді. 
Шетел  тілін  оқыту  барысында  инновациялық  технологияларды  қолдану 
студенттердің басқа тілде қарым-қатынас жасаудың барлық қырларын жан-жақты көруді 
қалыптастырудың  бірегей  мүмкіндігін  білдіреді.  Шетел  тілін  үйрену  арқылы  сол  тілді 
үйреніп  отырған  елдің  мәдени  мұраларымен,  тарихымен,  ғылым  саласындағы 
жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге 
асыруға да мүмкіндік жасайды. 
Қазіргі  кезде  университеттердің  көбінде  модульдік  жүйемен  оқытады.  Модульдік 
жүйемен оқу апталығы 5 аптаға созылады, 6-шы аптада емтихан тапсырады. 2 апта оқып, 
3-ші апасында бірінші аралық бақылау тапсырады, 5-ші аптада екінші аралық бақылау, ал 
6-шы аптада емтихан қабылданады. 
Модуль  арқылы  оқыту  технологиясының  бір  ерекшелігі  -  сабақтың  негізгі 
кезеңдерінің  бәрінде  студенттерге  өз  бетімен  ізденуге  дағдыландыру  жұмыстарын 
жүргізуге,  шығармашылық  жұмысты  ұсынуға  болады.  Сонымен  қатар,  тек  білімді 
меңгерту  емес,  студенттің  танымдық  қабілетін  және  танымдық  процестерді  жадының 
алуан  түрлерін:  есту,  көру,  ойлау,  қимылдау,  қабылдау  қабілетін  дамытып  және  оқу, 
тыңдау,  сөйлеу,  айту,  оны  бекіту,  шығармашылық  деңгейін  арттыру  жұмыстары 
жүргізіледі.  
Оқу модулі ұдайы қайталанатын оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: 
кіріспеден, сөйлесу (сұхбат) бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. 
Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа ену). 
Сөйлесу бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогті қарым-қатынас арқылы студенттердің 
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру). 
Қорытынды бөлім (бақылау жұмысын, тест, диктант, т.б. алу). 
Қазіргі  уақытта  модульдік  оқыту  технологияларын  ағылшын  тілі,  қазақ  тілі,  орыс 
тілі,  химия,  биология,  т.б.  сабақтарда  да  тиімді  қолдануға  болады.  Бұндай  оқыту  әдісі 
студенттердің  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып,  енжар  студенттердің  өзін  аз  да 
болса  тапсырмаларды  орындауларына  мүмкіндік  туғызады.  Мысалы,  «Практикалық 
грамматика» пәні бойынша әр тарауға арнап жеке модуль құрастыруға болады. 
Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар 
блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты. 
Тарау  көлеміне  қарай,  тақырыптарға  бөлінеді.  Төмендегі  кестеде  сабақтың  модуль 
бойынша  кіріспе  бөліміне  1  –  сағат,  сұхбат  бөліміне  4  –  сағат,  қорытында  бөліміне  2  – 
сағат, жалпы 7 сағатқа бөлінген. 
 
Практикалық грамматика 
Модульдің 
құрылымы 
Сабақ 
реті 
Сабақтың мазмұны мен 
түрі 
Сағат 
саны 
Ескертулер 
Кіріспе бөлім 
1-сабақ 
1. Модульге кіріспе 
2. Әңгіме дәріс 
3. Тақтамен жұмыс 
4. Қорытындылау  
1 сағат  Сұхбат бөліміне 
дайындық 
Сөйлесу бөлімі  1-сабақ 
Диалогтікбөлім ойын 
түрінде 
1 сағат  Ізденіс жұмыстарына 
баулу 
2-сабақ 
Деңгейлік 
тапсырмалар 
1 сағат  Ауызша, жазбаша 
жұмыс жасауға үйрену 

 
108 
3-сабақ 
Өзіндік жұмыс 
 
1 сағат  Шығармашылыққа баулу  
4-сабақ 
Топпен жұмыс 
 
1 сағат  Қорытынды бөлімге 
дайындық 
Қорытынды 
бөлім 
1-сабақ 
Сөзжұмбақ, 
ребус, 
анограмма шешу.  
1 сағат  Қайталау  
2-сабақ 
Бақылау жұмысы 
1 сағат  Тест 
тапсырмаларын 
алу. 
 
Кіріспе  бөлімінде  оқытушы  студенттермен  жүргізілетін  оқу  модулінің  жалпы 
құрылымымен,  оның  мақсат-міндеттерімен  таныстырады.  Сонан  соң  оқытушы  осы 
модулінің барлық  уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-15 минут ішінде), 
сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.  
Сөйлесу бөлімінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Ж.А.Қараевтің 4 
түрлі (репродуктивтік деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей, шығармашылық 
деңгей)  деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясын  пайдалана  отырып,  студенттердің  оқу 
материалын меңгеру деңгейіне көңіл бөлінеді: 
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі, оқу жұмыс 
бағдарламасына сәйкес тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқу әдістемелік кешен, 
силлабус  негізінде  жасалған  жоспар  бойынша  жасалады.  Күнделікті  өмірмен 
байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, сөздік қорын дамытады. 
2. Алгоритмдік деңгей. Мұнда студент оқытушының түсіндіруімен қабылдаған жаңа 
ақпаратты пайдалана отырып, ауызша және жазбаша тапсырманы орындайды. 
3.  Эвристикалық  деңгей.  Бұл  тапсырманы  көбінесе  студент  өздік  жұмыс  жасағанда 
ізденіп,  қосымша  әдибеттерді  пайдалана  отырып,  жауап  беруге  тырысады.  Бұл 
тапсырмаларды орындауда студенттің ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады. 
4.  Шығармашылық  деңгей.  Студент  таза  өзіндік  жұмыстар  жүргізіп,  өзіндік 
дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. 
Қорытынды бөлімінде тест тапсырмаларын алуға болады: 
Тест №1 
1. Етістіктің дұрыс формасын қойыңыз. My grandfather ... born in London. 
А) is B) are С) were D) be Е) was 
2. Are Helen and Mark from Australia? No, __ aren’t. 
А) they B) we С) you D) I Е) it 
Қорытынды бөлімде студент сөйлесу бөлімінде алған білімін көрсетеді. Өз білімінің 
деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, білік-дағдыларын қалыптастырды. 
Модульдік технологияның басты тиімділігі мынадай:  
- студенттің оқу белсенділігі арттады; 
- студенттің пәнге деген қызығушылығы дамиды; 
- студент өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталанады; 
- тілдік категориялардың лексика-грамматикалық құрылымын игереді; 
- ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді; 
-  студент  өзіне  тән  қарқынмен,  өз  білімінің  деңгейінде  жұмыс  жүргізе  отырып, 
сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білімін қалыптастырады. 
Модульдік  технология  бойынша  6  аптада  дәріс  те,  практикалық  сабақ  та  өтіледі, 
бірақ бұрынғыдай бір семестр бойынша емес, күнделікті 2–3 пардан, әрі тез, әрі аз уақытта 
сабақ  жүргізілетіндіктен,  студенттерге  дайындалуға  уақыт  жетпейді.  Бір  жағынан, 
шығармашылық жұмысқа, іздену жұмыстарына үлгермей жатады.  
Шетел тілін модульдік технологиямен оқыту кезінде қолданылатын әдістің енді бірі 
– іскерлік ойындар. Бұл әдіс ойынға қатысушылардың сан қилы мүдделерін тоғыстырып, 
ойын  аяқталғаннан  кейін  қатысушылардың  барлығын  қанағаттандыратын  шешім 

 
109 
қабылдауды қажет етеді. Іскерлік ойындар әлеуметтік немесе ұлттық сипаттағы нақты бір 
жағдайды шешуде үйренушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады.  
Іскерлік  ойындардың  педагогикалық  мәні:  студенттердің  ойлау  қабілетін  арттыру, 
танымдық  белсенділігін  қалыптастыру,  шығармашылыққа  баулу;  қызығушылық  іс-
әрекетте  дәстүрлі  емес  әдіс-амалдар  пайдалану  арқылы  интеллектуалдық  қабілеттерін 
дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. 
Демек, модуль дегеніміз – үлкен бір жүйе, мұнда студент білімді жеке-жеке тараулар 
бойынша емес, нақты тақырып түрінде жүйелі түрде білім алады. Еңбекке баулу, ғылымға 
қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру жұмыстары жүргізіледі. Оқу 
үрдісінде  әр  түрлі  әдіс  тәсілдер  қолданылады:  түсіндіру,  әңгімелеу,  лекция  оқу, 
тәжірибелік  (практикалық,  зертханалық,  графика,  лексика-грамматикалық  жаттығу 
жұмыстары), көрнекілік (схема, таблица, иллюстрация және демонстрация), т.б. 
Жалпы  білім  беретін  жоғары  оқу  орындарында  және  орта  мектепте  шетел  тілін 
практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс 
істеуге  баулу,  алған  білімін,  икемділік  дағдыларын  жаңа  жағдайларға  тап  болған  кезде, 
шығармашылықпен  қолдана  білуге  машықтандыру  көзделеді.  Шетел  тілін  оқыту 
мақсаттары  қоғамның  мұқтаждығына  байланысты  өзгеріп  отрады.  Қазіргі  кезде  шетел 
тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік 
және  жетілдіру  мақсаты.  Осы  аталған  мақсаттардың  ішінде  коммуникативті  мақсат 
жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы 
жүзеге асырылады. 
Оқытудың формалары: а) жалпы немесе құрылымдық:  топтық немесе жеке топтық, 
жұптық,  ұжымдық;  б)  нақты  немесе  арнайы:  семинар,  оқу  конференциялары,  диспут, 
топтық пікірталас. 
Шетел тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбейуде. Осы орайда, 
шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл 
сайып  келгенде,  шетел  тілін,  соның  ішінде  ағылшын  тілін  мектеп  қабырғасынан  бастап 
жоғары  оқу  орындарында  оқыту  әдістемесінің  жаңашыл  бетбұрыстарды  қажет  екендігін 
тудырады.  
Қорыта  келе,  модуль  арқылы  оқыту  технологиясының  тиімді  белгілерінің  бірі  – 
студенттің  оқу  белсенділігі.  Бұл  технологияның  бір  ерекшелігі  -  сабақтың  негізгі 
кезеңдерінің  бәрінде  студенттердің  танымдық  қабілеттерін  дамытып,  ауызша  және 
жазбаша тілін дамытып, оларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Шетел тілінің 
лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық  құралдарын  игеру  барысында  студенттердің 
бойында білім алуда белсенділік, өз бетімен жұмыс істеуге қабілеттілік, қорытынды жасай 
білу  іскерлігі  қалыптасады.  Бұл  жаңа  технологияның  бүгінгі  оқытушылардың 
ізденістерінде  екені  сөзсіз.  Бұл  мәселелерге  оқытушылар  ерекше  мән  беріп,  оқытудың 
жаңа формаларын өз пәндерінде қолдануға талпыныс жасауда.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың 
басты мақсаты» // Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 6 ақпан, 2008 жыл.  
2
 
Назарбаев Н.Ә.  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» // Ел Президентінің Қазақстан 
халқына жолдауы. 28 қаңтар, 2011 жыл. 
3
 
Бейсенбаева  З.  Жоғары  оқу  орындарында  сөзжасам  пәнін  оқытудың  ғылыми 
әдістемелік негіздері. п.ғ.докторлық дисс. ... – Алматы, 2004. – 322 б. 
4
 
Құнанбаева  С.С.  Современное  иноязычное  образование:  методология  и  теории.  – 
Алматы, 2005. – 262 с.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет