Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата15.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#9671
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Влахов С., Флорин C. Непереводимое в переводе. - М., 1986. – 438с. 
2
 
Бельгер Г.К. Мұнар тау. – Алматы: Өлке, 2006. -166 б. 
3
 
Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. – Алматы: Жазушы, 1991.  
4
 
Нурпеисов  А.  Кровь  и  пот.  –  Алматы:  Жазушы,  1980  (Авторизированный  перевод  с 
казахского Ю. Казакова).  
5
 
Nurpeisow  А.  Morgendmmerung.  –  Berlin:  Aufbau-Verlag  Berlin  und  Weimar,  1971 
(Deutsch von Wilhelm Plackmeyer). 
6
 
Бельгер Г.К. Гармония духа. – Москва: «Русская книга», 2003. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Бұл мақалада "реалия" лингвистикалық терминіне анықтама берілді, әрі осы ерекше сөздер 
категориясының  қызметі  әр  тілдегі  мәтіннің  өзіндік  ұлттық  ерекшелігін  беретін  қажетті  құрамы 
ретінде  белгіленген.  Автор  "реалия"  ұғымын  аударматануда  кездесетін  басқа  терминдермен 
салыстыра  отырып  семантикалық  талдау  жүргізген.  Осы  мақала  аясында  орыс  және  неміс 
тілдеріне  аударылған  Ә.Нұрпейісовтың  "Қан  мен  тер"  трилогиясының  аудармасындағы  ұлттық-
мәдени және тарихи реалиялардың берілу ерекшеліктері қарастырылды. 
 
RESUME 
 
The  author  of  the  article  presents  the  definition  of  the  linguistic  term  “realia”.  It  reveals  the 
functional meaning of this category as  a necessary component for presenting the national context of the 
text in different languages. The author makes semantic analyses of the notion “realia” comparing it with 
other  terms  in  the  theory  of  translation.  The  article  regards  specialties  of  presenting  national,  cultural, 
historical realia on the basis of the trilogy of Nurpeisov A. “Blood and Sweat” translated into Russian and 
German. 
 

 
160 
ӘОЖ 378.016:811.512.122 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.А. Мұсабекова  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
Кәсіби қазақ тілі 
сабағында 
студенттердің өз 
мамандығына 
құрметін арттыру 
 
Аннотация 
Мақала  өзге  тілді  аудиторияда  қазақ  тілін 
кәсіби  мамандыққа  лайықтап  оқыту  әдістемесіне 
арналып жазылған. Тәжірибеде көрінгендей, бірінші 
курста оқытылатын қазақ тілінен жалпы білім, дағды 
беретін  оқу  бағдарламасының  студенттің  болашақ 
маман  ретінде  мемлекеттік  тілді  жетік  меңгеруіне 
толық  мүмкіндік  жасамайтыны  белгілі.  Мақалада 
студенттің  кәсіби  деңгейін  тереңдететін,  мазмұнды-
мағыналы  әрі  кәсібіне  қатысы бар мәтіндер беріліп, 
оларды  лексика-грамматикалық  тапсырмалармен  , 
оқылым,  жазылым  тестерімен  бекітіп  отырудың 
әдістемесі  қарастырылған.  Сондай-ақ  мәтінде 
кездесетін жаңа сөздерге назар аударылады, оларды 
қайталату және олармен өз бетінше сөйлемдер құрау 
арқылы  тіл  үйренушілер  жаңа  кәсіби  лексиканың 
айтылуы мен оқылу ерекшеліктерін нақтылайды.  
Түйін  сөздер:  кәсіби  деңгей,  білікті  маман, 
іскерлік,  коммуникативті  құзыреттілік,  танымдық 
қызмет, тұлға, сауаттылық. 
 
 
Еліміздің 
білім 
беру 
жүйесінде 
жаңа 
талпыныстар  жасалуда,  ол  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді 
қолдана  отырып,  терең  білімді,  ізденімпаз,  барлық 
іс-әрекетінде  шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол 
тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру.  Бұл,  сөз  жоқ,  білім  беру  саласында 
әлемдік  деңгейге  жету  жолында  шешілуге  тиісті 
маңызды  міндеттердің  бірі  болып  отыр.  Қазақстан 
Республикасының 
білім 
беруді 
дамыту 
Тұжырымдамасында  «Қазіргі  заман  жағдайында 
жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен қоғамдық 
мәртебе  беру  және  оны  айрықша  сала  ретінде 
қабылдау  қажет,  оның  бірінші  кезектегі  міндеті  – 
жоғары  білікті  мамандарды  оздыра  даярлау, 
икемділік  пен  білімділік  болуға  тиісті»  деп  баса 
көрсетілген, оның себебі білікті маман ғана қоғамды 
ілгері 
дамытып, 
экономиканы 
өркендетпек. 
Маманның  біліктілігі  мен  кәсіби  деңгейінің  жоғары 
болуы  тіл  мамандарының  оқыту  үдерісін  дұрыс 
ұйымдастырумен, 
студенттің 
кәсіби 
деңгейін 
тереңдететін  мазмұнды-мағыналы  оқу  құралдарын, 
оқу-әдістемелік  кешендерін  дайындауымен  тығыз 
байланысты. 
Білім 
беру 
жүйесінде 
оқыту 
әдістемесінде  болып  жатқан  түрлі  жаңашыл 
өзгерістер  «адамның  еркін  дамуына»,  оның  жоғары 
мәдениетін, 
шығармашылық 
белсенділігін, 
дербестігін, бәсекеге қабілеттілігін, бейімделгіштігін 
арттыруға  бағыт  береді.  Білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасында     «маман     моделі»     болашақ 

 
161 
мамандардың  кәсіби  құзыреттілігіне  қойылатын  талаптар  белгіленген.  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  атты  Жолдауында «Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 
сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек.  …Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық 
жабдықтармен  және  ең  заманауи  өндірістерде  жұмыс  жасау  машығын  меңгеруге  дайын 
болуға  тиіс.  Сондай-ақ  балаларымыздың,  жалпы  барлық  жеткіншек  ұрпақтың 
функционалдық  сауаттылығына да  зор  көңіл  бөлу  қажет.  Балаларымыз  қазіргі  заманға 
бейімделген  болуы  үшін  бұл  аса  маңызды»  [1]  деп  көрсетіп,  жеткіншек  жастар  мен 
болашық маманның сауатылығы мен білім, біліктілігіне ерекше мән берген.  
Бүгінгі  күні  мемлекеттік  тілді  жүйелі  түрде  іске  асыру  тіл  үйренушінің  іскерлігін, 
коммуникативтік  құзыреттілігін  дамытумен  тікелей  ұштасып  отыр.  Мемлекеттік  тілдің 
әлеуметтік-қатысымдық  қызметін  кеңейту  мақсатымен  оның  ғылымда,  өндірісте,  елдің 
халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ 
мамандығымен де байланысты. ЖОО бітірген әрбір  жас маманның, болашақ кәсіпкердің 
алдыңғы  қатарлы  маман  болуы  өз  елінің  тілін  жоғары  деңгейде  білуімен  де  терең 
сабақтасады.  Соңғы  жылдары  қазақ  тілін  қарым-қатынас  құралы  ретінде  меңгертумен 
қатар,  студенттердің  кәсіптік  мамандығын  ескере  отырып  игертудің  тиімді  жақтарын 
іздестіру әдіскер-ғалымдардың назарын өзіне аударуда.  
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамыту үшін оны 
кәсіби  салада  оқыту,  сол  салада  қолданылатын  терминдерді  пайдаланып  сөйлеуге 
жаттықтыру,  оқитын  мамандығына,  істейтін  қызметіне  байланысты  сөйлеу  мәдениетін 
қалыптастырудың қажеттігі туындайды.  
ЖОО  орыс  тілді  студенттеріне  тілді  тереңдете  үйретуге  арналған  С1-С2  деңгейі 
бойынша
 
оқу үдерісіне енген «Кәсіби қазақ тілі» пәнін жүргізу барысындағы басты мақсат 
–  тілді  болашақ  алатын  мамандығына  қарай  бейімдеп  үйрету  болып  табылады.  Оның 
ұтымдылығын атап айтсақ, біріншіден, студент қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде 
қолдана  отырып,  оны  жұмыс  орнында  пайдаланып,  өз  мамандығына  қатысты  ой-
пікірлерін  нақты,  анық  жеткізе  алатын  болады;  екіншіден,  қазақ  тілінің  танымдық 
қызметінің  маңызы  артып,  қазақ  халқының  рухани  және  тарихи-мәдени  байлығын  тіл 
арқылы  терең  меңгереді.  Қазақ  тілін  кәсіби  тұрғыда  сапалы  оқыту  –  болашақ  маманның 
тұлға ретінде қалыптасуына, дамуына, өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туғыза 
отырып,  қазіргі  уақыт  сұранысынан  туындап  отырған
 
мемлекеттік  тілді  меңгеру  сияқты 
өзекті мәселенің түбегейлі шешілуіне жағдай жасайды. 
Қазақ тілін кәсіби деңгейде оқыту мәселесі бойынша жазылған әдіскер мамандардың 
ғылыми  еңбектері  өз  нәтижесін  беруде.  Атап  айта  кететін  болсақ,  педагогика 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Ф.Оразбаеваның  ғылыми  мектебінде  айтылым, 
оқылым,  тыңдалым  және  жазылым  әрекеттері  арқылы  кәсіпке  байланысты  қазақ  тілін 
үйрету  мәселелері  арнайы  зерттелді.  Б.Ш.  Мешімбаеваның  “Гуманитарлық  бөлім 
студенттерін қазақша пікірлесім (диалог) арқылы сөйлеуге үйрету әдістемесі” (1999) атты 
ғылыми еңбегінде пікірлесім арқылы қазақша сөйлеу тіліне үйрету әдістемесінің ғылыми 
негізі  жасалды  [2].  Зерттеуші-ғалым  Г.Алдамбергенова  «Кәсіптік  мектептердің  орыс 
бөлімі  оқушыларының  қазақша  сөйлеу  тілін  құрылысшы  мамандығына  сәйкес  мәтіндер 
арқылы  дамыту»  тақырыбында  кандидаттық  диссертация  қорғап,  қазақ  тілінде  мәдени-
ресми,  кәсіби  қатынасқа  дайындық  жүргізудің  жолдарын  көрсетті  [3].  Қазақ  тілін 
мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі бойынша Р. Ә. Шаханова “Техникалық жоғары оқу 
орындарының  орыс  бөлімдерінде  қазақ  тілін  мамандыққа  қатысты  оқытудың  ғылыми-
әдістемелік негіздері” (2001) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады [4].
 
 
Еуразия  ұлттық  университетінің  практикалық  қазақ  тілі  кафедрасы  ұжымы  да 
құрылыс мамандығы студенттеріне арнап оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК-ті) жасап шықты. 
Кешенде  студенттер  назарына,  негізінен,
 
грамматикалық  тапсырмалармен  қоса  сол 
мамандыққа
 
байланысты
 
мәтіндер  ұсынылды.  Ондағы  мақсат,  біріншіден,  студенттің 

 
162 
болашақта  алатын  мамандығына  сәйкес  мазмұнды,  мағыналы  мәліметтер  алуын 
қамтамасыз ету болса, екіншіден, оларды белгілі бір дауыс ырғағымен орнықты, мәнерлі 
оқи  білуге
 
жаттықтыру  және
 
мәтінмен  жұмыс  істеу  барысында  кәсіби  сала
 
сөздерін 
меңгеруге әрі дұрыс айтуға жаттықтыру болды.  
Құрылыс  факультетіндегі  «Гидрология  және  картография»  мамандығына  арналып 
жасалған оқу-әдістемелік кешенді даярлау үстінде біз осы мәселеге баса назар аудардық. 
Тіл  дамытудағы  ең  тиімді  әдістердің  бірі  –  мәтін  бойынша  жұмыс  істеу  болғандықтан, 
кешенде әр мамандыққа лайықты мәтіндер тобы қарастырылды. Мысалы, «Сәулет өнері», 
«Қазақстандағы  құрылыс»,  «Құрылыс  материалдары»,  «Қазақстанның  жер  бедері. 
Геодезия  ғылымы  туралы»  деген  мәтіндер  болашақ  құрылысшыларға  мемлекеттік  тілде 
мамандықтары бойынша өзара сөйлесе білуге, ойын дұрыс жеткізуге үйретеді. Ал, «Қ.А. 
Яссауи кесенесі XIV - XV ғасыр құрылысы», «Мүсін өнері. Интерьер», «Норман Фостер - 
сәулетші»,  «Ұлы  Қытай  қорғаны»,  «Тәж  Махал  -  махаббаттың  символы»,
 
«Әлемдегі  ең 
қауіпті  көпірлер»
 
тәрізді  тақырыптардың  студенттердің  білімін  тереңдетіп  қана  қоймай,
 
дүниетанымын  да  кеңейтері  сөзсіз.  Әр  сабақта  сөздік,  грамматикалық  минимум 
нақтыланып,  мәтіндерді  жете  меңгеруге  арналған  практикалық  жұмыстар  белгіленеді. 
Мұның  бәрі  студенттердің  ой-өрісін  кеңейте  отырып,  мемлекеттік  тілді  меңгеруге 
машықтандырады деп ойлаймыз. 
Мәтінді  мұқият  оқи  отырып,  онда  кездесетін  жаңа  сөздерге  назар  аударылады, 
оларды  қайталату  және  олармен  өз  бетінше  сөйлемдер  құрау  арқылы  тіл  үйренушілер 
жаңа кәсіби лексиканың айтылуы мен оқылу ерекшеліктерін анықтап, оларды тілдесімде 
(диалог)  дұрыс  қолдануға  дағдыланады.  Әр  сабақта  үйретілетін  жаңа  кәсіби
 
лексиканы 
олар  өздерінің  жұмыс  жағдайында  күнделікті
 
қарым-қатынаста
 
белсенді  қолдануға 
үйренеді,
 
кәсіби  сөздік  қорын
 
байытады.  Келесі  кезеңде  –  жаңа  сөздерге  түсініктеме 
беріледі, м: жоба, жобалау – белгілі бір құрылыстың нұсқасын салу, болашақта қандай 
ғимарат  болатынын  нақтылау.
 
Бұдан  кейін  осы  сөзбен  сөз  тіркестерін  және  сөйлемдер 
жасаймыз.  Мысалы  сөз  тіркесі  ішінде:
 
құрылыс  жобасы,  жоба  талқыланды,  жоба 
бекітілді  т.б.
 
Сөйлем  ішінде:  жаңа  құрылысты  жобаладық,  жақсы  жоба  жасалынды, 
жобаны  ешкім  мақұлдамады  т.б.  Сонымен  қатар,  бұл  сөзді  шағын  сұхбатта  да  қолдана 
отырып,  студенттің  оны  кәсіби  жағдайда  тілдік  қатынаста  қолдану  дағдысын 
қалыптастыруға  болады.  Дәл  осылай  өз  бетінше  сөздіктің  көмегімен  аударма  жасау, 
аударылған сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру жұмыстары тіл 
үйренушінің кәсіби лексикасын молайтуға мүмкіндік береді. 
Тіл  үйренушінің  кәсіби  тілін  дамытуы  ауызша  және  жазбаша  түрде  жүзеге 
асырылады.  Бұл  мемлекеттік  тілді  үйренудің  екінші  жылы  болғандықтан,  «Кәсіби  қазақ 
тілі»  сабақтарында  ауызша  тіл  дамытуға  және  өздігінен  орындалатын  шығармашылық 
жұмыстарға  көбірек  мән  берген  жөн  деп  ойладық.
 
Бұл  жағдайда  ауызша  тіл
 
дамыту 
әрекеті  басымырақ  болады.  Сондықтан  да  кәсіби  лексиканы  меңгертуде  неғұрлым  тіл 
дамыту  үшін  тиімді,  студенттердің  қызығушылығын  оятатын  тақырыптар  алынады  да, 
жаттығу, тапсырмалар да осы мақсатты көздейді. Мысалға алатын болсақ, «Сәулет өнері» 
тақырыбының болашақ құрылыс мамандары үшін қызықты мағлұматтар беретіні даусыз. 
Студенттер  адам  баласының  көне  заманнан  бері  құрылыспен  айналысатынын  біліп, 
Мысыр,  Мессопатамия,  Үндістан,  Қытай  сияқты  алып  мемлекеттердің  пайда  болуымен 
дүниеге  келген  сәулет  өнерінің  туындыларымен  танысады.  Грекиядағы  архитектуралық 
ордерлер  жүйесі,  Римдегі  80  мың  адам  сыятын  Колизей  амфитеатры,  Париждегі  9  мың 
адам бірден сыйып кететін Нотр-Дам соборы, Эйфель мұнарасы, 100 жыл салынған Реймс 
соборы, сөз жоқ, олардың білуге талпыныстарын арттырады. Сонымен қатар, студенттер 
мәтін арқылы Еуропа елдерінде бес түрлі  архитектуралық стильдің бар екендігін білетін 
болады,  олар  -  роман,  готика,  ренессанс,  барокко  және  классицизм  стильдері.  Олардың 
әрқайсысының ерекшеліктері болатыны естерінде қалу үшін біз оларды бес топқа бөліп, 
әр  топтың  бір-бір  архитектуралық  стильге  интернеттен  суретті  материалдар  әкеліп, 

 
163 
курстастарына  нақты  дәлелдермен  баяндап  беруін  талап  еттік.  Бұдан  соң  студенттерге 
ұлттық  сәулет  өнері  жайлы  шағын  шығарма  жазып  келу  де  тапсырылады.  Бұл  жұмысты 
жазу  барысында  студенттер  Астана  қаласындағы  құрылыстарға  тоқтала  келіп,  олардың 
қай стильге жататынын да анықтап кетуіне болады.
 
 
Сол  сияқты,  «Құрылыс  материалдары»  тақырыбын  өткенде,  студенттер  құрылыс 
мамандығында қолданылатын кәсіби лексикамен тереңірек танысады. Негізінен, құрылыс 
саласында  қолданылатын  материалдарының  алты  түрін  (табиғи  тау  жыныстарынан 
жасалған,  органикалық  және  бейорганикалық  байланыстырғыш  материалдар,  жасанды 
құрылыс  материалдары,  ағаш  материалдар,  металдан  жасалған  және  синтетикалық 
шайырлар) атай келіп, мәтінде кездесетін кәсіби терминдерді тауып, олардаң мағынасын 
анықтайды.  Мысалы,  тау  жыныстары,  органикалық,  бейорганикңалық,  жасанды, 
синтетикалық  материалдар,  керамика,  байланыстырғыш  материалдар,  іргетастар, 
қабырғалық әшекейлік, жабын, синтетикалық шайырлар, құрылыс қоспалары, бөренелер, 
кесілмелі  материалдар,  паркет,  фанера,  арматуралар,  ғимараттың  каркастары, 
көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, шайыр, қиыршық тас т.б. Өздігінен 
жұмыс  істеп,  жаңа  терминдердің  мағыналарын  анықтаған  студентке  өндіріс  орнына 
барғанда кәсіби тілде сөйлеу аса қиындық әкелмейтіні анық.  
Кәсіби  лексиканы  ұғындыра  отырып,  оларды  тілді  мамандыққа  сай  қолдануға 
үйрететін  жұмыстың  түрі  –  түрлі  жаттығулар  жүйесі.  Олар  теориялық  тұрғыда  алған 
тілдік  білімді  тәжірибемен  ұштастыруға  мүмкіндік  жасайды.  Жаттығу  жүмыстары, 
негізінен,  дағдыландыру,  іздену  және  жағдаятта  пайдалану  сияқты  нақты  үш  мақсатта 
қолданылады.  Тіл  үйрену  барысында  көбірек  қолданылып  келген  дағдыландыру 
жаттығулары.  Мысалы,  мына  жаттығуда  сөйлемдегі  сөздердің  қосымшаларын  тауып, 
оларды  өзара  байланыстыру  тапсырылады.  Мысалы:  Мен  жақында  ...  қала...  бардым. 
Қала  өте  ...  .  Онда  ...  ...  көптеп  салынып  жатыр  екен.  Ғимараттар  тым  ...,  ...  .  Бұл 
қалада мен... дос... тұрады. Мен Академия... магистатурасы... оқуға түскенмін. Академия 
ма... жатақхана... орын берді. Менің дос... пирамида... жанында тұрады. Мен жексенбі 
күні  досым...  үй...  барамын.  Пирамида...  жанында  үлкен  жаңа  мешіт  салын...  .  Оған  да 
бар... . 
Іздену  жаттығулары  шығармашылық  жұмысқа  жатады.  Студенттердің  сөйлеу 
дағдысын  қалыптастыру  үшін  оларға  мынадай  өздік  жұмыс  тапсырылады.  «Құрылыс 
индустриясы,  өнеркәсіптің  қайта  дамуы,  үлкен  белсенділік,  құрылыс  нысандары,  алға 
басу  үстінде,  өнімнің  құндылығы,  шараларды  белгілеу  деген  сөз  тіркестерін  қатыстыра 
отырып,  газетке  шағын  мақала  жазыңыз».  Немесе  студенттерді  екі  топқа  бөліп,  екінші 
жартысына «Қазақстандағы құрылыс өнеркәсібі» жайлы шағын шығарма жазуды тапсыру 
олардың  өздігінен  мамандығына  сәйкес  материалдарды  іздеп  табуына,  қажет  болса, 
аударма жасауына, сол арқылы кәсіби лексиканы тереңірек меңгеруіне ықпал етеді. 
Ал, жағдаяттық тапсырмалар беру арқылы орындалатын жаттығу жұмысы олардың 
кәсіби  лексиканы  ауызша  сөйлеу  барысында  пайдалану  мүмкіндігін  арттырады.  (М: 
құрылыс  фирмасының  бастығына  келіп,  жоспарланған  құрылыстың  тоқтап  тұру  себебін 
түсіндіруді өтіндіңіз.)  
«Кәсіби  қазақ  тілі»  сабақтарында  студенттердің  өз  мамандығына  деген  құрметін 
арттыруды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол. Оның басты себебі  оқу кешенінде берілген 
түрлі  тақырыптардағы  қызықты  мәтіндер  олардың  ой  өрістерін  кеңітіп,  сол  мәселе 
бойынша  кең  көлемді  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді.  Осы  ОӘК-те  берілген  түрлі 
кесенелер, пирамидалар, әлемдегі қауіпті көпірлер, қазақтың кең даласының сипаты, қазақ 
өнерінің түрлері жайлы қызықты тақырыптар, оларды кеңірек зерттеп, түрлі мағлұматтар 
жинау студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Сонымен 
қатар  БӨЖ  тапсырмаларында  берілген  «Шығыс  сәулет  өнері»,  «Қазақтың  ұлттық 
аспаптары  жайлы  мәліметтер»,  «Арыстан  баб,  Айшабибі  кесенелері  және  Семирамида 
аспалы бағы жайлы мәлімет дайындау»,  «Хазірет-Сұлтан мешіті», «Қазақстан көпірлері» 

 
164 
деген  тақырыптар  болашақ  құрылысшы-дизайнерлер  үшін  аса  қызықты  материалдар 
болары хақ. Осы тапсырмаларды жазбаша орындау барысында тіл үйренушілер өзге тілді 
үйренудің  екі  аса  маңызды  мәселесін  шешеді,  олар,  біріншіден,  қазақ  тілінде  жазылған 
материалдардың  мағынасын  түсініп  оқып,  оларды  өздеріне  қажетті  көлемде  қысқарта 
алады,  екіншіден,  орфография  нормаларын  сақтап,  дұрыс  жазуға  дағдыланады. 
Осылайша, жұмыс барысында студенттердің тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру 
әрекеті  жүзеге  асады,  лексикалық  жұмыстар  жүргізу  арқылы  сөздік  қоры  байиды,  ойын 
жазбаша дұрыс, сауатты жеткізуге дағдыланады. Мәтіндермен жұмыс жүргізу барысында 
орфоэпиялық заңдылықтарды сақтап мәнерлеп оқу, ойды үйлесімді, әсерлі
 
етіп жеткізудің 
де маңызы зор. 
Бүгінгі  таңда  жаңаша  оқыту  технологиясы  тіл  үйренушінің  танымдық  қызметінің 
заңдылықтарына,  оқудағы  құндылық  бағдарға,  яғни  оның  зерттеушілік,  шығармашылық 
және  рухани  адамгершілік  қызметтеріне  негізделген  технологияға  айналуы  тиіс.  Жалпы 
алғанда,  тіл  үйренушінің  алған  білімі  мен  біліктерін  күнделікті  өмірде  тәжірибе  және 
теориялық  мәселелерді  шешуге  қолдана  білу  қабілеттілігі  құзыреттілік  қағидасына 
негізделген.  Қазіргі  кездегі  қазақ  тілінің  білім  мазмұнын  құрудың  әдіснамасы 
студенттердің  коммуникативтік  құзыреттіліктерін  арттыру  арқылы  олардан  жеке  тұлға 
қалыптастыруға  бағытталады.  Жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үрдісін  жетілдіруде, 
болашақ  мамандардың  ізденімпаздығын  қалыптастыруда,  шығармашылық  ойлау 
қабілеттерін арттыруда, олардың рухани әлемін дамытуда болашақ мамандардың кәсіби-
танымдық  білімінің  шеңберін  кеңейтетін  мәтіндер  мен  тапсырмаларды  лайықты 
топтастырып берудің маңызы зор. Сондай-ақ «Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту
 
қазақ тілін 
кәсіби деңгейде жетік меңгерту талаптарын орындай отырып, студенттің өз мамандығына 
деген құрметін арттыруды жүзеге асырады. Осы пәнді оқу барысында тіл үйренуші 1) өз 
мамандығына  қажетті  ақпаратты  таңдап  алып,  оны  коммуникативті-функционалдық 
бағытта  қолдана  білуге;  2)  талқыланып  отырған  мәселеге  орай  мемлекеттік  тілде  өз 
көзқарасын  жеткізе  білуге;  3)  өзінің  кәсібіне  сәйкес  терминологияны  үнемі  пайдаланып, 
дамытып  отыруға  және  4)  мемлекеттік  тілде  өз  мамандығы  аясында  шешен  сөйлеуге 
дағдылануға т.б. үйренеді. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты» атты Жолдауы. – Астана: Ақорда, KZ, 2013. 
2
 
Мешимбаева Б. Гуманитарлық бөлiм студенттерiн қазақша пiкiрлесiм (диалог) арқылы 
сөйлеуге үйрету әдiстемесi: Пед.ғыл.канд. … дисс. – Алматы, 1999. – 163 б. 
3
 
Алдамбергенова  Г.Т.  Кәсiптiк  мектептердiң  орыс  бөлiмi  оқушыларының  қазақша 
сөйлеу тiлiн құрылысшы мамандығына сәйкес мәтiндер арқылы дамыту: Пед.ғыл.канд. 
… дисс. – Алматы, 2002. – 161 б. 
4
 
Шаханова  Р.Ә.  Техникалық  жоғары  оқу  орындарының  орыс  бөлiмдерiнде  қазақ  тiлiн 
мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми -әдiстемелiк негiздерi: Пед.ғыл.док. … дисс. – 
Алматы, 2002. – 327 б. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  автор  показывает  методику  преподавания  казахского  языка  в  русской 
аудитории  с  учетом  того,  как  успешно  применять  государственный  язык  в  профессиональной 
деятельности и развивать профессионально орииентированную устную речь.  
 
RESUME 
In  the  given  article  the  author  describes  the  teaching  methodology  of  the  Kazakh  language  in 
Russian  speaking  classes  which  aims  to  teach  how  to  use  successfully  the  official  language  in  the 
professional field of activity and develop professionally oriented oral speaking skills.  

 
165 
ӘОЖ 811.512.1.43
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет