Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



жүктеу 13.92 Kb.

бет26/26
Дата15.03.2017
өлшемі13.92 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Ораз Н. Сиқырлы көл. Әңгімелер. – Алматы: Қаз. Ақпарат, 2011. 
2
 
Сүлейменов А. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 2008. 
3
 
Қами Н. Көк қақпа. Хикаяттар мен әңгімелер. – Алматы: Қазақ тарихы, 2010. 
4
 
Амантай Д. Қарқаралы басында. – Алматы: Полиграфкомбинат, 2010. 
5
 
Омарова М. Қадір түні. - Алматы: Жалын, 2012. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются особенности развития современной казахской прозы, в том числе 
малого  жанра.  В  сравнительном  плане  анализируются  новые  художественные  произведения 
писателей. 
 
RESUME 
 
The article  deals  with  the  features  of  development  of  the  moderh  Kazakh  prose,  in  particular the 
development  characteristica  of  a  small  genre.  The  new  works  of  modern  writers  have  been  analyzed 
comparativery. 
 
 

 
242 
ӘОЖ 81-11 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М.Х. Шаяхметова 
«Тұран-Астана» университеті, 
ф.ғ.к., профессор 
 
Г.С. Райнбекова 
«Тұран-Астана» университеті, 
магистрант 
С. Мұқанов стилі: 
құрмалас 
сөйлемдердің 
қолданылу 
ерекшелігі 
 
Аннотация  
Мақалада С. Мұқановтың шығармаларын-
дағы 
құрмалас 
сөйлемдердің 
қолданылу 
ерекшеліктері,  өзіне  тән  стильдік  қолданысы 
зерделенеді.  Нақты  мысалдар  келтіріліп, 
ғылыми пікірлер негізге алынады. 
Түйін  сөздер:  стиль,  проза,  метафора, 
құрмалас сөйлем.  
 
 
Құрмалас  сөйлемге  байланысты  қазақ 
тілінде жазылған алғашқы еңбектер 20-жылдар 
ішінде  жарық  көрді.  Бұларда  қазақ  тіліндегі 
сөйлемдер  арасында  екі  түрлі  жақындық 
болады.  Бірі  –  ішкі  мағына  жақындығы. 
Салалас пен сабақтастың бір-бірінен өзгешелігі 
–  салалас  құрамындағы  жай  сөйлемдер  өзара 
теңдік  дәрежеде  болады,  ал  сабақтаста  ондай 
теңдік  болмайды  делінген.  Бірақ  тең  болу  мен 
кем  болу  неге  байланысты  екені  айтылмайды. 
«Қиысулы  құрмаластағы  сөйлемдер  тең  болса, 
салалас  құрмалас  деп  аталады.  Тең  болмай 
бірінен-бірі  кем  болып  қиысса,  онда  қиысулы 
құрмалас сабақтас болады» [1]. 
Құрмалас  сөйлемді  зерттеуді  алғаш  рет 
практикалық  мақсатта  емес,  ғылыми  тұрғыдан 
қарастырған  С.  Аманжолов  құрмалас  сөйлем-
дерді салалас, сабақтас, аралас және тиянақсыз 
сабақтас деп төрт түрге бөліп қараса, құрмалас 
сөйлемдерді  арнайы  зерттеген  Н.  Сауранбаев 
бұл  мәселеде  бірнеше  пікір  ұсынады:  алғашқы 
топтастыруда  құрмаластарды  салалас  және 
сабақтас  деп  жіктесе,  кейінірек  салалас 
құрмалас,  сабақтас  құрмалас  және  іргелес 
құрмалас деп топтайды, ал соңғы топтастыруда 
құрмаластарды  4-ке  бөледі:  салалас,  сабақтас, 
аралас, үйірлі мүшелі сабақтастар. С. Жиенбаев 
құрмаластың тек салалас және сабақтас деген 2 
түрі  бар  екенін,  ал  аралас  құрмаластың  «өз 
алдына бір бөлек заңдары жоқ» екенін айтады. 
Н.  Сауранбаев  сөйлемнің  бұл  түрін  сабақтас, 
салалас,  іргелес  деп  үш  үлкен  топқа  бөледі. 
Автор  құрмаластың  жалғаулықсыз  байла-
нысқан  түрін  жеке  алып  «іргелес»  деп 
қарастырады. 
Ғалым  Б.  Шалабай  құрмалас  сөйлемдерді 
байланыс  сипатына  қарай  салалас  және 
сабақтас деп бөледі де, үш немесе одан да көп 
предикативтік 
орталықтан 
құралған 
құрмаластарды  көп  компонентті  құрмаластар 
деп,  оны  өз ішінде көп компонентті (сыңарлы) 

 
243 
салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас құрмаластар деп жіктейді. Салалас 
құрмаластарды  компоненттерінің  байланысу  тәсіліне  қарай  жалғаулықты,  жалғаулықсыз 
деп  жіктейді  де,  жалғаулықты  салаластарды  мағыналық  қатынастарына  қарай  ыңғайлас 
(мезгілдес),  себептес,  қарсылықты,  талғаулы,  кезектес  деп  саралайды.  Назар  аударатын 
мәселе  –  автордың  құрмаластарды,  алдымен,  предикатив  сыңарларының  санына  қарай 
жіктеп алуы. 
С.Мұқанов  грамматикасын  зерттегенде,  барша  тілдік  категорияларды  түгендеп 
шығуымыз қажетсіз, сондықтан жеке жазушының не индивидуалдық ерекшелігін, не сол 
кездегі әдеби тіл нормасын көрсететін талдау жасауымыз керек. Ендеше Сәбит Мұқанов 
тілінің  грамматикалық  құрылысын  сөз  еткенде  «ерекшелік  Сәбит  Мұқановтың 
принципін» ұстануымыз қажет. Енді автордың шығармаларында құрмалас сөйлемдерінің 
құрылысы, құрамы, жасалуы жөніндегі ерекшеліктерін талдап көрсетейік. 
1. «Ботагөздегі» аса күрделі, ұзақ сөйлемдердің едәуір тобы бірыңғай бағыныңқылы 
болып  келеді  және  ол  ыңғайлас  бағыныңқылар  жасалу  жолы  жағынан  бірдей  түсіп, 
синтаксистік  параллелдік  құрылымда  болып  келеді.  Мысалы:  «Бір  жұмаға  шейін  теріс 
қарап  жатып,  қыран  жапқандай  қылып,  балаларын  жылатып,  отты  өртеп  жағып,  сүтті 
суалтып, қыр көрсетіп жүрді». 
Бұл  сөйлемде  сабақтас  құрмаластың  басқа  түлерінің  компоненттері  арасында 
болатындай  шарттылық,  қарсылықты,  себептік,  мақсаттық  қатынас  жоқ.  Бұл  сөйлемнің 
бағыныңқы  компоненттерінің  баяндауыштары  жат  +  ып,  жылат+ып,  жағ+ып,  суалт+ып 
деген  етістіктің  көсемше  категориясының  жұрнақтары  арқылы  жасалынған.  Бағыныңқы 
компоненттерінің  барлығы  да  қалай  деген  сұраққа  жауап  беріп,  сөйлемнің  бірыңғай 
мүшесіне  ұқсайды,  бірақ  әр  компоненттің  өзіндік  айтар  ойы  болғандықтан,  көп 
бағыныңқылы  сабақтасқа  жатқызамыз.  Тағы  да  бір  мысал  келтіріп,  ойымызды  нақтылай 
түсейік: «Ағасының жылы біткенін, аға өлсе, жеңге мұра екенін, жеңгесінің төркіні келіп 
кеткенін,  әжесінің  кәрілігін,  жалғыздығын,  шаруаның  кемдігін,  ағасынан  жетім  балалар 
қалғанын, жеңгесі кетсе, үй-үйліктен қалатынын сөйледі». Бір қарағанда бірыңғай мүшелі 
сөйлемге  ұқсайды,  бірақ  «кет  +  се,  өл  +  се»  сөздері  шарттылық  мағына  беріп 
тұрғандықтан, шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем болады. Шарттылықтың өзі екі рет 
беріліп тұрғандықтан, жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас болады. 
Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастарды таңдап, көп қолдануының себебі неде? 
деген  сұраққа  былай  қорытынды  жасаймыз.  Біріншіден,  бір  сөйлемнің  бір  сөйлемдегі 
ойды  аша  түсіп,  ойының  жинақты  айтылуы  үшін.  Екіншіден,  мағыналық  жағынан  да, 
тұлғалық  жағынан  да  жымдасып  айтылуы  үшін.  Бұл  –  Сәбит  Мұқановтың  құрмалас 
сөйлем түрлерін қолданудағы бір ерекшелігі. 
2-ерекшелігі  «соң»  шылауына  байланысты.  «Соң»  шылауын  қолдануда  екі  түрлі 
автордың  өзіне  тән  сипаты  бар:  1)  мезгіл  бағыныңқылы  сөйлемдер  жасауда  қолданады. 
Мысалы: «Сабақтан шыққан соң, Кенжетайдікінен бір тостаған көже ішеді».  
Шығыс  септік  жалғаулы  есімшеге  «соң»  шылауын  жалғау  арқылы  мезгіл 
бағыныңқылы  сөйлем  туып  тұр.  Сәбит  Мұқановтың  ерекшелігі  сол  басқа  септеулік 
шылауларды қолданбайды. 2) Жалпы романдағы құрмаластарда кездесетін «соң» шылауы, 
әсіресе,  себеп  бағыныңқылы  сабақтастарды  жасаудағы  өнімді  тәсіл.  «Соң»  шылауы 
негізінен  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  жасаудағы  өнімді  тәсіл  болса,  С.  Мұқанов 
қолданысында себеп бағыныңқы сөйлемдер үшін өнімді тәсіл. Мысалы, «Мұғалім сұраған 
соң,  азаматтар  Қартқожаны  берген  екен».  Тиісті  документтер  жіберілгеннен  соң, 
Ленинград  университетінен  қабылдаған  хабар  келді.  Ендеше  бұл  да  Сәбит  Мұқановтың 
өзгешелігі боп саналмақ [2]. 
Үшінші  ерекшелігі,  мына  бір  сөйлемді  алып  қарастырайық:  «Керекуден  елге  ат 
алатын комиссия келіпті, пәленнің атын алып кетіпті, пәленнің үйін шауып кетіпті, әйелін 
басып  кетіпті,  өлтіріп  кетіпті»,  -  деген  сықылды  алып  қашты  лақаптар  жүріп  жатады» 
деген сөйлемде төл сөз үш рет қайталанып, бірдей мөлшерлі параллельдер жасалып тұр. 

 
244 
Бұл  сөйлем  бірдей  тұлғалы,  көп  тармақты  салалас  сөйлемге  жатады,  өйткені 
баяндауыштары  тиянақты  бес  жай  сөйлемнен  құралып  тұр.  Бір  тұлғалы,  көп  тармақты 
салалас  сөйлемдер  Сәбит  Мұқановта  көп  кездеседі.  Олардың  бастауыштары  мен 
баяндауыштары  үнемі  бір  сөзден  болып  қайталанып  отырады.  Мысалы,  «Біреулер 
большевикті  келтіріп  қояды,  біреулер  Оралдан  асыра  қуғызып  қояды,  біреулер  қазаққа 
автономия  әперіп  келеді,  біреулер  Әлиханды  абақтыға  жатқызып  келеді,  енді  біреулер 
Семейді  большевиктерге  беріп  келеді,  әйтеуір  дүрліккен  хабар  көп  келіп  жатады».  Бұл 
сөйлем 6 компоненттен құралған, құрлысы санамалы, мағынасы талғамалы, яғни талғаулы 
салалас  сөйлем.  Бастауыштары  мен  баяндауыштары  қайталанып  келіп,  сөйлемге 
поэтикалық  реңк  беріп  тұр.  «Мұндайда  іргелестегі  ой  жайылмай,  шұбаланқыланбай, 
ықшамдалып, түйдектетіліп, үдеме түрінде ұғынылады». 
Сәбит  Мұқанов  құрмалас  сөйлемдердің,  әсіресе,  көп  компонентті  түрлерін  мол 
қолданған,  себебі  шығарма  ақ  өлең  үлгісімен  жазылған.  Ақ  өлең  үлгісімен  жазылған 
шығарманың  тілі  Сәбиттің  прозасындағы  жаңа  бір  ізденісін  танытады.  Оның  ырғақты 
прозасы-ескі  рухани  тіршілігі  өлеңмен  байланысты  болған  халықтың  жаңа  жанрды 
игерудегі өзгеше талабы». 
Төртінші  ерекшелігі,  компоненттерінің  орналасуындағы  өзгешелік,  яғни  тиянақсыз 
компонент  ретіндегі  сөйлемдердің  жалпы  сөйлемнің  бас  жағында  тұрмай,  түсіндірме 
мәнде келіп, соңынан орналасуы. Мысалы: Енді орыстан да қорықпайды: тілінің бөтендігі 
болмаса,  жүрегі  де,  ойы  да  өзіміздікіндей”.  Сөйлемдерді  осылайша  қолдану  біріншіден, 
ауыз  екі  сөйлеу  стиліне  байланысты,  екіншіден,  компоненттерінің жылжымалы  болуына 
байланысты. Бұл туралы Қ. Есенов былай дейді: «Сөйлем ішіндегі жеке компонент, жеке 
сөздердің орын алмасуларын кездейсоқ құбылыс емес, тіл табиғатының заңдылығына сай 
өз орнымен болып жататын табиғи процесс деп тану керек», - дейді. Демек, автордың бұл 
өзгешелігі қазақтың жазба әдеби тілі қалыптаспай тұрып, көркем әдеби стиль дамымаған 
шақта жазылғандығына байланысты деп қорытынды жасауға болады. 
Сәбит  Мұқановтың  бесінші  ерекшелігі  –  жалғаулық  шылауларды  құрмалас 
сөйлемдердің жасалу жолдарында емес, алдыңғы айтылған сөйлемдегі ойға қарсылықты, 
себепті т.б. мән беру үшін қолданады.  
Мысалы: «Білектері адамның санындай, саусақтары білектей, саны кеудедей, кеудесі 
киіз  үйдей,  құлағы  тебігідей,  басы  қазандай,  аузы  жырта  қарыс,  екі  ерні  –  екі  кесек  ет, 
түксиген  қабағына  біткен  қалың  қас  желкілдеп,  кішкене  көзін  жауып  тұр,  тұла  бойы 
түксиген жүн, қылдары жылқының ту құйрығынан қатты, бойының тұрқы – нар түйедей, 
екі  иығына  екі  кісі  мінгендей,  сөйлеген  сөзі  арыстанның  күрілдегені  сияқты».  Бұл  – 
құрмалас  сөйлем,  өз  ішінде  амал  бағыныңқылы  сабақтас.  Сөйлем  алдыңғы  сөйлемнің 
себебін білдіріп тұр. 
«Түйе  балуан  күресерде  қойдың  жүнінен  жуан  ғып  тоқылған,  балағы  тізесінен 
жоғары шалбар киіп, ышқырына қайыс белбеу өткізіп, белін тас қып буады екен де, үстіне 
одан  басқа  киім  ілмей,  тырдай  жалаңаш  шешінеді  екен».  «Ызаланған  Түйе  балуанның 
самайынан тері, аузынан көбігі ағып, енді жағадан ап үйіруге ойлаған кезде Нұрмағамбет 
оның ішіне кіріп кетіп, түйедей денесін иыққа сап арқалай жөнелді».  
Алтыншы ерекешлігі, құрмалас сөйлемдер  әсіресе автор баяндауында көп кездседі. 
Монологтерде, кейіпкер тілінде өте көп емес. Кейіпкер тілінде жай сөйлемнің толымсыз 
түрі көп қолданылып, негізгі рөл атқарған.  
Жетінші  ерекшелігі,  бағыныңқы  сөйлемдер  құрамында  бастауыштың  болуы, 
болмауына  қарай:  1)  бірқұрылымды  (односоставное)  2)  екі  құрылымды  (двухсоставное) 
болып,  екіге  бөлінеді.  Сабақтас  сөйлемдердің  бір  бастауышқа  ортақтаса  айтылуы 
бірқұрылымды,  әрқайсысының  дербес  баяндауышқа  ие  болуы  екі  құрылымды  болады. 
Сәбит Мұқановта бір құрылымды құрмалас сөйлемдер басым.  
Мысалы,  «Асқардан  жаңа  хат  танып,  үшкөлге  барам  деп  жүргенде  мұндай  күйге 
ұшырадым-ау».  «Иісі  бұрқыраған  жуаны  аузыңа  сап  көпірте  шайнасаң,  тәттілігі  тіліңді 

 
245 
үйіріп,  көмейіңді  суыратын»  [3].  Шартты  бағыныңқылы  сөйлем,  өйткені  -са  жұрнағы 
арқылы  жасалып,  баяндауышы  алғашқысы  –  тиянақсыз,  екіншісі  –  тиянақты.  Бұл 
құрмалас сөйлемнің үш компонентіне де ортақ бастауыш – «мен», оның өзі жасырын тұр. 
Бұл  бір  құрылымды  сабақтас  құрмалас  болып  табылады.  Бұдан  шығатын  қорытынды: 
құрмалас  сөйлемнің  әр  компонентінде  бастауыш  міндетті  түрде  болу  керек,  яғни 
бағыныңқы компоненттерде жеке-жеке бастауыш қажетті деген пікірді жоққа шығарады. 
Бұл жөнінде түркі тіл білімінде 3 түрлі көзқарас қалыптасқан:  
1 – бастауыштың қажеттігін барлық бағыныңқы сөйлемде бірдей қарау;  
2 – бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлеріне саралай қолданады; 
3 – бағыныңқы сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды.  
«Үйге  кірсек,  төрде  қартаңдау  үш-төрт  еркек  отыр,  оң  жаққа  салынған,  бетін 
оюлаған  сүйекпен  әшекейленген  қазақша  ағаш  төсектің  алдында,  төртке  бүктелген  тері 
бөстектің үстінде, екі шықшытына ұп-ұзын екі уыс қыл өскен, сүйірлеу иегіне бір уыс қыл 
өскен,  үш  сақалды,  мұртының  сапарын  ғана  ұзартып  жіберіп, былайғы  жағынан  иегімен 
тегістеп  таңқита  қырыққан,  дөңкес  үлкен  мұрынды,  томпақ  үлкен  көзді,  ұзын  қасы  қою 
біткен  қалың  қабақты,  кескіні  шынайы  өзбекке  ұқсаған,  үлкен  басты,  жуан  қысқа 
мойынды, зор денелі сыртында сәрінжі сары шапаны бар, басында өзбек тақиясы бар, кең 
балақты ақ дамбалы бар, түйенің табанындай жалпақ, жалаңаш аяқты біреу отыр» [3]. 
Бұл  аралас  құрмалас  сөйлем,  өйткені  бірнеше  тиянақты,  тиянақсыз  сөйлемдерден 
тұрады. 
Сәбит  Мұқановтың  «Мөлдір  махаббат»,  «Ботагөз»,  романдары  және  «Балуан 
Шолақ»  повесі  –  халық  ауыз  әдебиетінің  дәстүрінен  әлі  қол  үзе  қоймаған,  жазба  әдеби 
тілдің  енді  іргесін  қалап,  қалыптаса  бастаған  кезде  туған  үлгі  құрмалас  сөйлемдердің 
құрылымына, құрамына, жасалу жолдарына қарап, құрмалас сөйлемдерді былай қорытуға 
болады: 
- құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы компоненттерінің баяндауышының жасалуында 
ең өнімді тәсіл – етістіктің көсемше категориясы болған; 
-  шығармада  поэтикалық  реңк  басым  болғандықтан,  көп  компонентті  салалас,  көп 
бағыныңқылы сабақтастар негізгі рөл атқарған
- құрмалас сөйлемдердің жалғаулықсыз түрі көп қолданылған; 
- қазіргі қазақ тілінде зерттеліп отырған құрмаластың үш түрінің барлық мағыналық 
топтарын кездестіруге болады; 
-  шығармаларда  ауызекі  сөйлеу  стилі  басым,  сондықтан  бағыныңқы,  басыңқы 
компоненттерінің орны ауысып келе береді. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
1
 
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 302 б. 
2
 
Мұқанов С. «Ботагөз». – Алматы, 2005. – 320 б. 
3
 
Мұқанов С. «Мөлдір махаббат». – Алматы: Атамұра, 2006. - 520 б. 
4
 
Мұқанов С. «Сұлушаш» (роман мен повесть). – Алматы: Атамұра, 2002. – 288 б. 
5
 
Хасенов  Ә.  Салалас  құрмалас  сөйлемдер  және  олардың  тыныс  белгілері  жөнінде  // 
Халық мұғалімі. – 1954. - №1. 
6
 
Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Оқу құралы. – Алматы: Ана 
тілі, 1983. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  анализируются  особенности  применения  сложных  предложений  в  стиле  Сабита 
Муканова.  
RESUME 
In the article the author analyses the use of peculiarities of composite sentences in the style of Sabit 
Mukanov. 

 
246 
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ 
 
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ 
 
 
Абишева Ж.Р. 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақстан 
тарихы  кафедрасының  аға  оқытушысы,  тарих  ғылымдарының 
кандидаты 
Ачканова А.Т. 
магистрант  кафедры  общего  языкознания  и  теории  перевода  ЕНУ  им. 
Л.Н. Гумилева 
Әбішева Ш.С. 
Ш.  Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік  технологиялар  және 
инжиниринг  университеті  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасының 
доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Байтанасова Қ.М. 
Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың  қазақ  әдебиеті  кафедрасының 
профессоры м.а., филология ғылымдарының кандидаты 
Bibinur Zhumagaliyeva  Sh.  Yessenov  State  Caspian  University  of  technology  and  engineering, 
candidate  of  psychological  sciences,  associate  professor  of  Pedagogy  and 
Psychological Department 
Власова Н.В. 
магистрант кафедры психологии университета Туран-Астана 
Гауриева Г.М. 
доцент кафедры теории и практики иностранных языков ЕНУ им. Л.Н. 
Гумилева, кандидат педагогических наук 
Давлетова С.Е. 
«Тұран-Астана» университеті психология кафедрасының магистранты 
Джампеисова Ж.М. 
доцент кафедры истории Казахстана ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, кандидат 
исторических наук 
Досанова К.К. 
доцент  кафедры  истории  Казахстана  и  гуманитарных  дисциплин 
Казахского 
национального 
университета 
искусств
кандидат 
педагогических наук, член-корреспондент МАНПО 
Жиеналина Б.Т.  
старший  преподаватель  кафедры  русской  филологии  ЕНУ  им. 
Л.Н.Гумилева 
Жумабекова Д.Ж. 
профессор кафедры струнных инструментов Казахского национального 
университета искусств, кандидат искусствоведения 
Жундибаева А.К. 
Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университеті  қазақ 
әдебиеті және шығыс филологиясы кафедрасының PhD докторанты 
Жүкібай М.Ы. 
профессор  кафедры  экономических  и  математических  дисциплин 
Евразийского гуманитарного института, кандидат экономических наук
 
Ибрагимова Г.Е. 
Л.Н.Гумилев 
атындағы 
ЕҰУ-дың 
халықаралық 
қатынастар 
кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты 
Ілиясова К.М. 
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты индустриалды-инновациялық 
даму  және  этноәлеуметтік  үдерістер  тарихы  бөлімінің  бастығы,  тарих 
ғылымдарының кандидаты, доцент 
Kamilla Sheryazdanova  Assistent  Professor  of  the  department  of  foreign  policy  of  the  Academy  of 
State management under the President of the Republic of Kazakhstan, PhD 
Кененбаева Р. 
М.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 
кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының магистранты 
Керімбекова Б.Д. 
Сүлейман  Демирел  атындағы  университеті  қазақ  филологиясы  және 
журналистика  кафедрасының  доценті,  филология  ғылымдарының 
кандидаты 
Корабаева А.А. 
доцент  кафедры  иностранных  и  русского  языков  Карагандинского 
экономического 
университета 
Казпотребсоюза, 
кандидат 
филологических наук 
Қобланов Ж.Т. 
Ш.  Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік  технологиялар  және 
инжиниринг  университеті  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасының 
доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Лапин Н.С. 
старший  научный  сотрудник  отдела  евразийства  и  сравнительных 
политических  исследований  Института  истории  государства  КН  МОН 
РК, кандидат исторических наук 

 
247 
 
Малыбаева Б.С. 
профессор  кафедры  истории  Казахстана  и  социально-гуманитарных 
дисциплин  Казахского  университета  технологии  и  бизнеса,  кандидат 
исторических наук 
Мәмбетов Ж.О. 
Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың 
қазақ  әдебиеті  кафедрасының 
доценті, филология ғылымдарының кандидаты
 
Мурзабаева Э.Г. 
магистрант кафедры теории и практики иностранных языков  ЕНУ им. 
Л. Н. Гумилева 
Мұратова С.А. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі 
мен әдебиеті және журналистика кафедрасының магистранты 
Мұсабекова А.А. 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың  практикалық  қазақ  тілі 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Пошаев Д.Қ. 
М.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 
кәсіпке  баулудың  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының  доценті, 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Райнбекова Г.С. 
«Тұран-Астана» 
университеті 
әлеуметтік-гуманитарлық 
пәндер 
кафедрасының магистранты 
Рамазанова А.С. 
С.  Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 
азаматтық  құқық  және  азаматтық  процесс  кафедрасының  доценті,  заң 
ғылымдарының кандидаты 
Рамазанова Ш.Ә.  
Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дің  мемлекеттік  тіл  кафедрасының 
доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Рахимбекова Г.О. 
старший  преподаватель  кафедры  иностранных  языков  КАТУ  им. 
С.Сейфуллина, кандидат педагогических наук 
Рысқұлов А. 
М.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 
кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының магистранты 
Саипов А. 
М.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 
кәсіпке  баулудың  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының  доценті, 
педагогика ғылымдарының докторы 
Сарманова Ж.С. 
магистрант  кафедры  общего  языкознания  и  теории  перевода  ЕНУ  им. 
Л.Н.Гумилева 
Svetlana Utepova 
Sh.  Yessenov  State  Caspian  University  of  technology  and  engineering, 
candidate  of  psychological  sciences,  candidate  for  a  master's  degree  in 
Pedagogy and Psychological specialty 
Славецкий В.Ю. 
доцент  кафедры  социальной  работы  Казахского  университета 
экономики, финансов и международной торговли, доктор PhD 
Сматова А.Ж. 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың  шетел  филологиясы  кафедрасының 
магистранты 
Танирбергенова А.Ш.  «Тұран-Астана»  университеті  психология  кафедрасының  доценті, 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Таубаева Ж.А. 
докторант кафедры международных отношений ЕНУ им. Л.Н.Гумилева 
Тулеуова Б.Т. 
заведующая  кафедрой  всемирной  истории  и  международных 
отношений  КарГУ  им.  Е.А.  Букетова,  кандидат  исторических  наук, 
доцент 
Узденбаева Г.Д. 
магистрант кафедры теории и практики иностранных языков  ЕНУ им. 
Л.Н. Гумилева 
Урунбасарова Э.А. 
профессор  кафедры  истории  Казахстана  и  социально-гуманитарных 
дисциплин  Казахского  университета  технологии  и  бизнеса,  доктор 
педагогических наук 
Халмұратов Н. 
М.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 
кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының магистранты 
Шаукенов Ж.А. 
А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті 
философия  кафедрасының  аға  оқытушысы,  тарих  ғылымдарының 
кандидаты 
Шаяхметова М.Х. 
«Тұран-Астана» 
университеті 
әлеуметтік-гуманитарлық 
пәндер 
кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты 
 


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал