Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



жүктеу 13.92 Kb.

бет18/26
Дата15.03.2017
өлшемі13.92 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

Ш.Ә. Рамазанова  
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 
ф.ғ.к., доцент 
«Жеті қаған» 
жырындағы 
замана шындығы 
 
Аннотация 
Мақалада  «Жеті  қаған»  жырындағы  оқиғалар 
желісіне талдау жасалады. Жырда елдік пен ерліктің 
қиянатқа  қарсы  күресі  суреттеледі.  Жалпы  жырдың 
тақырыбы  –  ел,  жер  болса,  идеясы  –  елдікті  сақтау, 
бірлікке  бастау  екені  көрсетіліп,  тұжырымдар 
жасалады.  
Түйін сөздер: үйсін, қыпшақ тайпалары, ізгілік, 
жауыздық, Қартаң хан, Жезмаңдай, Түктабан батыр.  
 
 
Қазақ ауыз әдебиетінің тағылымды тарихы ғана 
емес,  тарихи  тағдыры  бар.  Ондағы  оқиғалардың 
өзінен  кезең  көріністері,  мезгілі  менмұндалап 
тұрады.  Шамамен  қай  ғасырда,  қай  жерде  өткен 
оқиға  екенін  адам  аттары  мен  жер-су  атаулары 
айқындап,  табиғат  суреттері  мен  құбылыстары 
қанықтыра  түседі.  Шетелдердегі  қазақтардың 
фольклорында  табиғилық,  балаңдық  байқалады. 
Себебі  елден  жырақтап  кетсе  де,  көкірегінде 
сақталған  өлең-жырларды  жаттап  өсетіндіктен  онда 
көп  өзгеріс  байқала  қоймайды.  Өйткені  бар-жоғы 
бір-екі  ғана  жыршы  жырласа,  жырдың  жаны  мен 
жүйкесіне  соншалық  зақым  келе  қоймайды,  ал 
жырлаушысы  көп  болған  сайын  әр  жыршының  өз 
мақамы,  өз  қолтаңбасы  қосылып,  жыр  жылғалана 
түседі, табиғи түрінен айрылып, нақтылы нұсқасына 
да  нұқсан  келуі  бек  мүмкін.  Осы  тұрғыдан  алғанда 
«Жеті  қаған»  жыры  көп  өзгеріске  түсе  қоймаған 
тәрізді,  себебі  жыршылары  саусақпен  санарлық  та, 
тыңдаушылар 
тарапынан 
да 
толықтырулар, 
түзетулер  ене  қоймағандай  сезіледі.  Жырдың  аты 
«Жеті  қаған»  деп  аталғанымен,  оқиға  желісі 
Түктабан  төңірегінде  өрбіп,  өріс  алады.  Қазақ  ауыз 
әдебиетінің  үздік  үлгілерінің  бәрінде  дерлік  ізгілік 
пен  жауыздықтың  күресі  сипатталады,  ал  «Жеті 
қағанда»  бұл  бояу  басқалардан  гөрі  қалыңдау, 
жауыздық жасаушының айла-тәсілдері тоқсан түрлі, 
Жезмаңдай  деп  атының  өзі  айтып  тұрғандай, 
маңайының бәрін сор маңдайға айналдырып, тек өзі 
ғана,  бір  өзі  ғана  «жезмаңдай»  болып  қалуды 
көксейді. 
Қалған 
ірілі-ұсақты 
кейіпкерлер 
Жезмаңдай  мен  Түктабанның  тартысын  тосыннан 
қызықтаушылар  емес,  қосыла  әрекет  етушілер  мен 
жақтаушылар 
немесе 
үзілді-кесілді 
қарсы 
болушылар.  Жауыздық  жалғыз  болса  да,  жалқы 
болса да, көпті көндіріп, жоққа сендіріп күн көреді, 
ақыр аяғында ауыздықталады.  
«Жеті қағанның» тақырыбы – ел мен ер бірлігі. 
Ал  Түктабанның  төңірегіне  топтасқан  ел  болса, 
Жезмаңдайдың  жанында  алуан  түрлі  айла, қарақұ- 

 
166 
рым  қызғаныш,  аздаған  әміршіл  ағайындары  бар.  Жырдың  идеясы  әрине  тақырыптан 
туындайды,  айқын,  анық,  ақиқаттың  айтқанына  көніп,  сойылын  соғу,  ел  мен  жердің,  ел 
мен ердің туа біткен болмысын сақтап қалу, адамшылықты арқау етіп, шындықтың туын 
тік  ұстау.  Әлбетте  «Жеті  қағанда»  жергілікті  жағдайға  байланысты  адам,  жер,  су 
аттарында,  оқиғаның  өрбуінде  өзіндік,  өзгеше,  соны  сипаттар  бары  байқалады.  Ғалым-
фольклорист  Рахманқұл  Бердібай:  «Қазақ  ауыз  әдебиеті  әлемдегі  ең  бай  әдебиет  екені 
белгілі. Бірақ неге екені осы байлықты игере алмай жатырмыз. Сонымен бірге қазақ ауыз 
әдебиеті Қазақстаннан тыс жерлерде де өсу, даму үстінде. Мәселен, Шыңжаңда тұратын 
қырғыз  манасшысы  Жүсіп  Мамайдың  репертуарындағы  «Қазақтың  жеті  қағаны»  деп 
аталатын жеті жырды жазып алу қажеттігін баспасөз бетінде айтқанымызға жеті-сегіз жыл 
өтсе де, оған селт етіп, мән берген жанды көрмей келеміз. Қытайдағы қазақтың отаншыл 
азаматтары  осы  «Жеті  қағанның»  бірінші  дастанын  араб  әрпімен  жеке  кітап  етіп 
шығарғанына  да  назар  аударушылар  болмады.  Бірінші  дастанның  көлемі  он  төрт  мың 
жолдай. Сонда жеті дастанның аумағы қанша болатынын есептеу қиын емес қой. Егер осы 
жеті дастан түгел жазылып қолымызға тисе, бұл кезге дейінгі қазақ жырларының бәрінен 
де ауқымды болатын түрі бар...» [1, 4 б.] - деп атап көрсеткен болатын.  
Міне,  осыдан  кейін  тағы  да  араға  жеті-сегіз  жыл  салып,  Л.Н.Гумилев  атындағы 
Еуразия  ұлттық  университеті  жанындағы  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығында 
«Көне түркі және қазақ жазба әдеби мұралары» (б.д.д. Х ғ. бастап – ХХ ғ. дейін) жобасы 
аясында  Қазақстан  Педагогика  ғылымдары  академиясының  академигі,  филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Тұрсын  Жұртбайдың  жетекшілігімен  «Жеті  қаған» 
дастанының  «Арыстан» хан бірінші  және  «Мұзбұршақ» хан атты үшінші  бөлімдері  «Ел-
Шежіре» баспасынан жарық көрді.  
«Жеті  қаған»  дастанында  Самарқан  жерінде  қазақтың  үйсін,  қыпшақ  тайпалары 
билік  жүргізіп,  олардың  басшысы  Қартаң  хан  болғаны  туралы  баяндалады.  Жалпы 
ертедегі батырлар жырында көбінесе бір-біріне ұқсастық көп байқалады. Жыршы-ақындар 
дастанда  батырдың  образын  сомдауда  баланың  дүниеге  келмей  тұрған  кезінен  ата-
анасының бір перзентке зар болуынан бастайды. Оның себебін хандардан көрген зорлық-
зомбылықтарына,  билеушілердің  елге  жасаған  зұлымдығына,  халыққа  тізесін  батырумен 
байланыстырады. Ата-анасының бір перзентке зар болуы, сырт жаудың шабуылынан елін 
қорғайтын  және  бейбітшілік  кезде  шаруашылықты  басқаратын  батыр  ұл  болуын  арман 
еткен халық қиялы көрініс тапқан. Бірақ жырдың негізгі идеясы - халыққа қамқор болатын 
батыр  ұл  (азамат)  іздеуден  туған.  Қалың  бұқара  жауға,  яғни  халыққа  жасалған 
зұлымдықтарға  қарсы  күресетін,  елге  қорған  болатын  батыр  ұлды  арман  етті  делік. 
Сондықтан  халық  ұғымы  бойынша  мұндай  адамның  жаратылысы  да,  дүниеге  келуі  де 
басқалардан  ерекше  болады.  Батырлар  жырының  көпшілігінде  жігіттің  ерен  ер  екендігі 
өзіне сенімді серік, сүйікті жар тауып алуына байланыстырылады. Бұл жолда батыр қым-
қуыт  қиыншылықтарды  басынан  кешіреді,  көптеген  жауларын  жеңіп,  көптеген  сыннан 
өтеді.  Содан  кейін  ғана  өзінің  мақсатына  жетеді.  Ал  «Жеті  қаған»  жырының  өзіндік 
ерекшелігі  бар.  Онда  оқиға  былай  суреттеледі  Қартаң  ханның  сұлу  тоқалы  Жезмаңдай 
жеңіл  жүріске  салынып,  Қожендтегі  Миян  ханмен  көңілдес  болады.  Соның  кесірінен 
Қоженд пен Самарқан арасында егес туып, арты қанды қақтығысқа ұласады. Бұл егестің 
соңы  Самарқанға  тиімсіз  болып,  Қартаң  ханның  батырлары  жеңіліске  ұшырайды.  Сол 
кезде Қартаң хан Миян ханды жеңген адамға тағым мен тәжімді беремін деп жар салады. 
Қартаң хан елінен Түктабан бала шайқасқа шығып, Қоженд батырларын қанға бөктіреді. 
Бұл  жеңістен  кейін  еңсесі  қайта  көтерілген  Қартаң  хан  оған  «Арыстан  батыр»  деген  ат 
беріп, бұрынғы уәдесі бойынша оны өз тағына отырғызбақ болады. Бірақ Арыстан батыр 
тақ  пен  тәжге  қызықпайды,  өзінің  туған  жеріне  қайтып  кетеді.  Жеңіл  желік  жетегіндегі 
Жезмаңдай  ендігі  жерде  жас  батыр  Арыстанға  құмартып,  қайткен  күнде  де  оны  қолына 
түсірудің  қамын  жасайды.  Оқиға  одан  әрі  шиеленісе  түсіп  Арыстан  батыр  зынданға 
тасталады. Бірақ істің анық-қанығы белгілі болғанда Жезмаңдай нөкерлерін ертіп, Балық 

 
167 
шаҺарындағы  әкесі  Мамыр  халфаға  қашып  кетеді.  Мамыр  халфа  көп  әскерімен  келіп, 
Арыстан  батырдың  қолынан  жеңіліп  қайтады.  Бұрыннан  тату-тәтті  екі  ел  бұл 
қақтығыстың  себепкері  Жезмаңдай  екенін  алғашында  білмейді.  Сонымен  Балық, 
Бадақшан, Бұхар хандары бірлесіп Самарқанға жаза жорығын жасамақ болады. Қайсар да, 
адуынды Арыстан батыр олардың бетке ұстар батырларымен жекпе-жекке шығып, түгел 
жер  жастандырады.  Алайда  өзінен  жеңілген  батырлардың  көбін  өлтірмей  қоя  береді.  Ел 
басшылары  мен  батыр-бағландары  Арыстанның  өздерімен  ата  жау  емес  екенін  түсінеді. 
Ақыры бірнеше ұлысты әуреге салған сайқал әйел – Жезмаңдайдың құйтұрқы қылықтары 
әшкере болады.  
Оқиға  соңында  жоғарыда  аталған  ұлыстар  түгелімен  Арыстан  батыр  жағына 
шығады. Қартаң хан Миян ханға еріп Қожендке қашып бара жатқан Жезмаңдайды ұстап 
алып,  өз  қолымен  өлтіреді.  Сөйтіп  ел  басына  мамыражай  заман  орнайды.  Жырдағы 
Түктабанның жорыққа аттануы, жекпе-жекте кезекті алдымен жау батырына беруі, сөзбен 
найзаласуы секілді  мотивтерді  де әр елдің жырынан кездестіреміз. Түктабанға қарағанда 
жау  батырлары  тау  секілді  алып  болып,  ал  ол  жаяу-жалпы,  қорғансыз  кейіпте  көрінеді. 
Жекпе-жекте алғашқы кезекті жау батырлары алғанымен, Түктабаннан жеңіліп отырады. 
Әдетте,  жырлардың  басым  көпшілігінде  тақырып,  тағылым,  оқиғалардың  өрбуі, 
өрнектелуі  жағынан  бір-бірімен  ұқсас  болғанымен,  толғау,  жырлау  мәнерлері  мүлде 
бөлек,  соны  сипатқа  ие  болып,  тың  тыныспен  жырланады.  М.Әуезов:  «Олар  біреуінің 
тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек алдыңғының өлеңін алмай, және көбінше 
алдыңғы айтқан оқиғалар негізінде пайдаланса да көп жерде өз еркімен өзгертіп отырып, 
тыңнан жырлап шығаратыны болады. Бұлайша бір тақырыптың әр ақында қайталауын еш 
уақытта аударма деп танымау керек. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау, немесе 
ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді» [2, 182 б.], - дейді.  
«Жеті қаған» жырының тақырыбы  - елдік пен ерліктің қиянатқа қарсы күресі  екені 
белгілі,  қиянатқа  қарсы  күрес  –  ауыз  әдебиетінің  асыл  арқауы  ғана  емес,  адамзат 
баласының  асыл  мұраты.  Жырдағы  Жезмаңдай  мен  Түктабан  арасындағы  әртүрлі 
әрекеттер  жауыздықты  жанықтырып,  тың  тәсіл,  алуан  айла,  оқыс  оқиғалармен  отандас 
қылады,  адалдықтың  да  алды  ашық,  қым-қиғаш  қиянаттардан  құтылып  қана  қоймай, 
қалың  елді  құтқарып  отырады.  Тақырыптан  идея  туатыны  өзінен-өзі  белгілі  ғой, 
тақырыпсыз идея жоқ. 
«Жеті  қаған»  дәуірдің  демімен  тыныстап,  заманның  шындығынан  шыққан, 
шыныққан,  шыңдалған.  Шым-шытырық  оқиға  ортасынан  шындықтың  да,  сұмдықтың  да 
төбесі көрініп, бет-бейнесі белгілі болады. К. Паустовский «кез келген тақырыпты бүгінгі 
күндікі  етуге  болады»  дейді.  «Жеті  қағанның»  Жезмаңдайы  мен  Түктабаны  күні  бүгінгі 
тұрлаулы тұлғалар болып қала бермек, адам бар жерде алаң бар, адам бар жерде заман бар 
«адамды  заман  билемек»  деп  Абай  айтпақшы,  қай  заманда  да  Жезмаңдайлар  қулығын 
оздырып,  Түктабандар  табанын  тоздырып  жүретіні  хақ.  Жеті  қағанның  тақырыбы  –  ел, 
жер  болса,  идеясы  –  елдікті  сақтау,  бірлікке  бастау,  ал  ерліктің  елшісі,  бірліктің 
бастаушысы – Түктабан батыр болса, жауыздықтың жалшысы, зұлымдықтың мұрындығы 
–  Жезмаңдай  жезөкше,  қалған  қым-қуыт  оқиғалар  қиянат  пен  ақиқаттың  арбасуына 
негізделген. «Жеті қаған» жырының тақырыбы мен идеясында алып бара жатқан жаңалық 
болмағанымен,  жырлау  мәнерінде,  оқиғалардың  өрбуінде,  сарбаздардың  сөз  саптауында, 
батырлардың  болмысында  едәуір  ерекшеліктер  бар,  ол  оқиға  өткен  ортаға,  ондағы 
адамдардың ұстанымына, салт-дәстүріне, қилы көзқарастарына байланысты. Шырғалаңға 
түскен шындық, идеяны да шынықтыра ширата түседі.  
«Жеті  қағанда»  шиырланған  замана  шындығы  ғана  емес,  иланымды  идея  бар,  ең 
бастысы оқиғаға оқырман иланады.  
 
 
 

 
168 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Бердібай Р. «Ұлт» деген сөз ұлықталмай тереземіз теңеспейді. // Қазақ әдебиеті. - 2003. 
- № 50.  
2
 
Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1967. 
3
 
Қазақ қолжазбалары. Жеті қаған. 4-том. – Алматы: «Ел-Шежіре» баспасы, 2011. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  анализируются  события  в  поэме  «Жети  каган».  В  ней  описывается  борьба 
дружелюбия  и  героизма  против  зла.  Основная  тема  поэмы  –  народ,  земля,  идейная  основа  – 
сохранение дружелюбия и единства.  
 
RESUME 
 
In this article ideas of the events in the poem «Zheti Kagan» are analysed. In the poem the fight of 
friendliness and heroism against evil is described. The main theme of the poem is people, the earth, the 
idea is to keep friendliness, to be in unity.  
 
 

 
169 
ӘОЖ 82-1(0)  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ш.С. Әбішева 
Ш. Есенов атындағы Каспий 
мемлекеттік технологиялар және 
инжиниринг университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
 
Ж.Т. Қобланов 
Ш. Есенов атындағы Каспий 
мемлекеттік технологиялар және 
инжиниринг университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
 
Фольклорлық 
сюжеттердің қазақ 
драматургиясындағы 
табиғаты 
 
Аннотация 
Мақалада 
қазақ 
драматургиясында 
қолданылған 
фольклорлық 
сюжеттердің 
табиғаты 
қарастырылған. 
Әсіресе, 
Ғабит 
Мүсіреповтің  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу» 
трагедиясындағы  кейіпкерлер  табиғатын,  кезең 
көрінісін  ашудағы  қаламгер  шеберлігі  жан-
жақты сөз болады.  
Түйін  сөздер:  фольклор,  драматургия, 
трагедия, кейіпкер, образ, идея, диалог, монолог, 
тартыс, мінез, эпикалық дастан.  
 
 
Драматургиядағы  фольклорлық  негіздерге 
қалың көпшілік қана емес, сонымен бірге әлемдік 
әдебиеттану  ғылымы  саласындағы  ғалымдардың 
соңғы  жылдары  ерекше  назар  аударуы,  бұл 
проблеманың  аса  маңызды  мәселенің  бірі 
екендігін 
айқындап 
берді. 
Фольклорлық 
негіздерді  анықтау,  оларға  баға  беру,  талдау  – 
қазақ  әдебиеттану  ғылымында  да  өзекті  мәселе 
болып отыр.  
Жалпы, 
өмірдегі 
өзекті 
мәселелерді 
көтерер 
көсемсөз 
сияқты 
өтімді, 
өткір 
жанрлардың  әдеби  аренаға  толық  шықпай, 
шыққанның өзінде бүкіл халыққа өз дәрежесінде 
жетпей  жатқан  кезде  халықты  елдікке,  бірлікке 
шақыруда  ғибраттық  сарынды  драма  жанрының 
ел үшін маңызы ерекше.  
Бұрын  театр  өнері  болмаған  қазақ 
халқының 
мәдени 
өмірінде 
драматургия 
әдебиеттің  басқа  жанрлары  сияқты  жетекші 
салаға  айналып  отыр.  Ғасырға  жуық  дәуірді 
қамтыған драматургияның өсу, даму бағыты қай 
деңгейде,  жетістік,  кемшіліктерінің  сыры  неде?! 
Халық  мұрасының  бүгінгі  драматургиядағы 
көрінісі  мен  өзара  үндестігі,  тиісті  мәселелерге 
жауап  іздеу  қазіргі  кезде  аса  маңызды.  Жалпы 
қазақ  драматургиясын  зерттеу  ісі  әдебиеттану 
ғылымында назардан тыс қалған жоқ. Жекелеген 
сөз  шеберлерінің  өмірі  мен  шығармашылық 
ерекшелігін  зерттеу  барысында,  сондай-ақ  қазақ 
әдебиетінің  тарихын  зерттеген  еңбектерде  де 
драма жанры қарастырылды.  
Мысалы, 
қазақ 
әдебиеті 
тарихында 
ғалымдар  С.Ордалиевтың  «Қазақ  драматургия-
сының  очеркі»,  «Конфликт  және  характер», 
Р.Нұрғалиевтың  «Күре  тамыр»,  «Трагедия 
табиғаты»,  «Поэтика  драмы»,  Ә.Тәжібаевтың 
«Қазақ  драматургиясының  қалыптасуы  мен 
дамуы»,     сонымен     бірге     Р.Рүстембекованің 

 
170 
зерттеу еңбектерін атап айтуға болар еді. 
Қай  кезде  де  фольклор  әлемдік  драматургияның  қалыптасуында,  дамуында  үлкен 
маңызға ие болып келгендігі ақиқат. Ол тек қана таусылмас материал кені болып қалмай, 
сонымен  бірге  драма  жанрындағы  жаңалықтың  қайнар  көзі  де  болды.  «Фольклорлық 
дәстүрдің  әрқандай  биік  шыңға  көтерілген  әйгілі  классик-драмашылардың  қай-
қайсысының да осы дәрежеге жетуіне себепші болғандығы белгілі» [1, 77]. 
Ғабит  Мүсіреповтің  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  трагедиясы  –  қазақ 
драматургиясындағы  шоқтығы  биік  шығармалардың  бірі.  Бұл  трагедия  –  реалистік, 
классикалық  туындылардың  үлгісінде  жазылған  құнды  пьеса.  «Драмашы  қазақ 
фольклорындағы  белгілі  жырдың  аясында  қалып  қоймай,  оның  шешімін  өзінше  шешеді. 
Адамгершілік  пен  жауыздық  арасындағы  тартысты  жаңа  белеске  көтеру  нәтижесінде 
драманың идеясын тереңдете түседі» [2, 89]. 
«Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  –  адал  махаббат  жайлы  трагедиялық  жыр.  Қаламгер 
жастардың  махаббатын  суреттеумен  қатар  екі  жастың  өз  заманында  озбырлық  көріп, 
қиянаттың  құрбаны  болғанын  асқан  шеберлікпен  бейнелейді.  Махаббат  еркіндігіне 
ұмтылған  жастардың  сол  қоғамдағы  зұлым  күштердің  әділетсіздігінен  азап  тартуын 
кертартпа заманның трагедиясы түрінде суреттейді. 
Ғабит Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын драмаға айналдыру үшін оған 
көп  өзгерістер  енгізіп,  жаңа  шешім  табады.  Трагедиядағы  образдардың  барлығы  да 
жырдағы кейіпкерлерден әлдеқайда терең, характерлері айқын. Пьесадағы басты қаһарман 
тек  Қозы  мен  Баян  ғана  емес.  Мақпал,  Күнікей,  Қарабай,  Қодар,  Жантық  сияқты 
кейіпкерлер де трагедияның негізгі  идеясын ашатын басты образдарға жатады.  Олардың 
әрқайсысының  өзіне  тән  кескін-келбеті,  ой-өрісі  бар.  Бұл  жағдайлар  драмалық  тартыс 
үстінде анық байқалады.  
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында драмашының шығармашылық еркіндігін 
анық  байқаймыз.  Драмадағы  барлық  образдардың  драмалық  қасиеті  тартыс  үстінде 
шынайы  түрде  ашылады.  Пьесадағы  Баян  жырдағы  Баяннан  едәуір  жоғары  тұр. 
Трагедиядағы  Баян  бойында  нәзіктік,  сұлулықпен  қатар  өжеттік,  қайсарлық  қасиеттер 
сезіледі.  Қарабайдың  малын  Қодар  зорлықпен  айдап  алып  кеткенде,  намысқа  шыдай 
алмаған  Баян  атқа  мінеді.  Жолда  оған  Қозы  кездесіп,  Қодардан  Қарабайдың  малын 
қайтарып  алып  келеді.  Міне,  бұл  оқиға  трагедиядағы  драмалық  тартысты  өрістету  үшін 
енгізілген.  
Осылайша,  трагедиядағы  Баян  образы  сол  дәуірдің  барлық  жақсы  қасиеттерін  өз 
бойына жинақтаған типтік образ дәрежесіне көтеріледі. 
Қозының  образы  –  пьесаның  идеясына  сай  сәтті  шыққан  образдардың  бірі.  Онда 
батырға  тән  қара  күш  пен  аңғалдық,  ғашықтық  сезімге  берілген  жастық  албырттық  бар. 
Алдын сырттай ғашық болған Қозы, кейін Баянмен кездескенде махаббаты бұрынғыдан да 
өрши  түседі,  сол  махаббаты  жолында  көптеген  қиыншылықтарға  төзеді.  Ақыры  асқақ 
арманына  жете  алмай,  сол  жолда  мерт  болады.  Осының  барлығын  жазушы  драмалық 
тартыс барысында өте нанымды суреттейді. Оның Баянға ғашықтығын көрермен алғашқы 
көріністе-ақ байқайды. Қозы: «Жасырмашы, жан анам! Бүгін жер бетінде жалғыз-ақ ауыз 
сөз  жүр!..  Ол  Баян!  Жел  Баян  деп  ызыңдайды,  көл  Баян  деп  теңселеді,  өзен  Баян  деп 
ағады, тау Баян деп күңіренеді, көк Баян деп күрсінеді!.. Анам Баян деп мұңаяды, балаң 
Баян деп толғанады», - деп мұңын шағады. 
Пьесадағы  нанымды  шыққан  образдардың  бірі  Қарабай  болса,  оның  бейнесін 
толықтыра  түсетін  Жантық  образы.  Қарабай  дүниеқоңыз,  малқұмар  адам.  Қызын  малы 
көп адамға сату байлардың ежелден келе жатқан әдеті. Бірақ, дәл Қарабай бейнесі сияқты 
олардың  ешқайсысы  да  типтік  дәрежеге  көтеріле  алған  жоқ.  Қарабайдың  барлық  күш-
қайраты  баюға  бағытталғанымен,  одан  Қарабайдың  рақат  тауып  жүрмегенін  автор  өткір 
кекесінмен  әшкерелейді.  Қарабай  бар  көріністің  бәрі  де  көрерменді  еріксіз  күлдіреді. 
Алғашқы көріністе-ақ сахнаға малдан айырылып қалмау туралы айтып шыққан Қарабай, 

 
171 
пьесаның соңына дейін сол қалпынан таймайды. Оның пасық, арам ойларын іске асыруда 
Жантықтың  еңбегі  орасан  мол.  Қарабай  жалғыз  қызы  Баянды  ұзатудан  да  қорқады. 
«Баянды беріп көрші біреуіне – күн ертең көріңді қазып, бар малыңа ие боп шыға келсін!.. 
Бұл жұрт қасқыр емес пе торып жүрген!.. Әттең, артына ғана мінгестіріп жібермес пе ем, 
қызы құрғырды алып қана, жеті қабат жердің астына түсіп қана, қарасы өшкірдің қарасы 
өшіп  қана  кететін  біреу  табыла  қалса!..  А,  құдай,  жан  деп  жаратсаң,  бер  осы  тілегімді!» 
дейді Қарабай. Ол Баянды малға сатуға да құмар емес, құдай оның орнына бір жылқыны 
артық  берсе  болмай  ма,  деп  зарланады  залым  әке.  Қарабайға  ұқсас  сараңдардың  типтік 
бейнесі  қазақ  әдебиетінде  бұған  дейін  болған  жоқ.  Бұл  драмашының  үлкен  жетістігі 
екендігі  даусыз.  Қодардың  ізінен,  кеткен  малды  қайтармақ  боп  аттанған  Баян  жалғыз 
оралғанда Қарабай шошып кетеді. 
Қарабай:  Қан  жауғыр,  қайта  қалған  екенсіңдер  ғой  төбеден!  Мал  қарасы  көрінбей 
түспеңдер дегенім қайда? (Баянды көріп) Баянбысың ойбай? Мал қайда? Беріп кеттің бе 
қолыңнан? 
Баян: Малың айдауда, жауың байлауда келе жатыр жақындап... 
Қарабай:  «О  мың  жылқы  бол,  мың  жылқы!..  Келші  бері...  Малдан  озып  кетпей-ақ 
қойсаң болмады ма?.. Түгел ме әйтеуір» [2, 117]. 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы жазушының үлкен табысы – Қарабай 
бейнесі. Қарабайдың сараң бейнесін ашуда қаламгер әлемдік классикалық әдебиетті терең 
игергенін,  содан  үлгі  алғандығын  байқаймыз.  Мысалы,  бұл  образ  ұлы  драмашы  Уильям 
Шекспирдің «Венециандық көпес» драмасындағы Шейлок бейнесін еске түсіреді.  
«Венециандық  көпес»  (1596)  комедиясында  екі  түрлі  дүниенің  адамдары:  бір 
жағынан, өмір қуанышы, достық, сұлулық және екінші жағынан ақша, байлық дүниесінің 
адамдары ортасындағы күрес суреттеледі. 
Венециандық  Антонио  көп  жерлермен  сауда  жүргізеді.  Адамдарға  қарыз  береді, 
бірақ  одан  өсім  талап  қылмайды.  Оның  достары  Бассанио,  Порция,  Грациано,  Нерисса, 
Лоренция  және  басқалар  да  ақша  құмар  емес.  Ал  ақша  дүниесінің  алпауыты  Шейлок 
пайда,  және  байлықтан  өзгені  ойламайды.  Үлкен  байлыққа  қолы  жеткен  бұл  адам 
сараңдық нәтижесінде өзін көп нәрседен мақұрым қылады. Тіпті, қызының өзгелер сияқты 
ойнап-күлгенін  де  ұнатпайды.  Қызметшісі  Ланселотты  ашқұрсақ  ұстайды.  Достық, 
адамгершілік және мейірімділік оған мүлдем  жат.  Шейлок  – өсімқор. Ол қарсыластарын 
аямайды,  қарыздарлардан  залымдықпен  ақша  өндіріп  алады.  Қарыз  алғандардан  өсім 
алмайтын  және  оны  «еврей  Шейлок»  деп  тілдеген  Антонионы  жек  көреді,  одан  кек 
қайтаруды ойлайды. 
«Ол  мені  масқара  қылды,  кемінде  жарты  миллион  пайда  алуыма  кедергі  болды, 
көрген  зияндарымды  келеке  қылды,  халқымды  тілдеді,  жұмысымның  жүруіне 
тосқауылдық  жасады,  достарымды  безіндірді,  дұшпандарымды  қарсы  қойды.  Мұндай 
қылуының  себебі  не?  Себебі  –  мен  евреймін.  Еврейде  көз  жоқ  па?..  Егер  бізге  найза 
шанышса  –  бізден  қан  шықпай  ма?  Егер  бізді  қытықтаса  –  күлмейміз  бе?  Егер  бізге  у 
берсе – біз өлмейміз бе? Егер бізді балағаттаса – біздің кек алмауымыз керек пе?.. Сіз бізді 
жауыздыққа  үйретіп  жатырсыз,  мен  оны  орындап  жатырмын.  Қорықпаңыз,  мен  әлі  өз 
ұстаздарымнан озып кетемін». 
Шейлоктің бұл монологын тыңдаған көрермен оның мейірімсіздігі туралы сезімнен 
біраз  арылады,  ғайбатталған  жанға  аяушылық  сезімі  оянады.  Шейлок  кемсітіліп  келген 
еврей халқы құқықтарының қорғаушысы болып шығады. Бірақ, байлық жинағыш Шейлок 
– жаңа типтегі буржуазия өкілі. Дегенмен, ол көбінесе тасжүрек, мейірімсіз, залым кекшіл 
күйінде қалады. Ол Венеция денесіне шыққан қатерлі ісік – ауру ғана емес, осы қоғамның 
жемісі және оның құрбаны да. Сол себепті Шейлок сауда-саттықтың  отаны Венецияның 
ақша  заңдарына  қатты  бағынады,  берген  қарыздарынан  өсім  алады.  Қарызын  төлей 
алмағандарды қан қақсатады. Соның үшін қала әкімі де, сенаторлар да Антонионы ашық 
қолдай алмайды. Бұл жағдайды Шейлок шебер пайдаланады. 

 
172 
Өсімқор,  сараң  және  қатал  Шейлокті  сынаған  Шекспир  еврейлер  туралы  орта 
ғасырда  кең  тараған  теріс  пікірлерді  мойындамайды,  олардың  барша  халықтармен  тең 
екендігін қорғайды. 
А.С.  Пушкин  Шейлок  образының  күрделілігін  атап  өтіп,  «Шейлок  сараң,  зерек, 
кекшіл  ғана  емес,  ол  мейірімді  әке,  ділмар,  ақылды  адам  ретінде  де  танылады»,  –  деген 
еді.  Шындығында  да,  Шейлок  адамгершілік  қасиеттерден  мақұрым  жан  емес.  Шейлок 
марқұм әйелін қатты сүйетін. Қызы Жессика алып кеткен алтын жүзік ол үшін тек құнды 
бұйым  ғана  емес,  сонымен  бірге  әйелінен  қалған  бағалы  естелік  те.  Ол  қызын  жаман 
көрмейді. Жессика үйді тастап, Лоренцомен қашып кеткеннен кейін ғана, оның жүрегінде 
қызына  деген  жиіркеніш  сезімі  туады.  Шейлок  жалғыз  болса  да,  дұшпандарымен  жеке 
алысады. Заңға бағынатындығын айтып, ащы шындықты баяндаудан қорықпайды.  
Сот та ол үшін «қорқынышты» емес, айыптап отырған дұшпандарының қол астында 
да  сансыз  құлдардың  азап  шегіп  жатқандығын  жақсы  біледі.  Бұл  нәрсе  Шейлокке  қуат 
береді. 
«Қолдарыңыздағы құлдарды ұстауда өздеріңізді әділ деп біледі екенсіздер, мен де өз 
ісіме  адалмын»,  деп  заңды  тілге  алады.  Шейлок  ақшаға  құмар,  сараң  және  жыртқыш 
мінезді болуымен бірге парасатты, өткір зейінді де. 
Осы  сияқты  Қарабай  бейнесі  де  өте  шебер  жасалған  образ.  Пьесаның  алғашқы 
көрінісінде-ақ оның қандай адам екенін бірден сеземіз: «Қарабайдікі дегенде бұл жұрттың 
қызықпайтыны  болсайшы!  Тек  талап  алайын  деп  отыр...  Түс  көрсе,  менің  жылқымнан 
басқаны  көруді  қойыпты  бұл  ел!..  Ел  дейді  мұны!  Ел  ме  екен  осы?  Жау  емес  пе  торлап 
тұрған!  Адыра  қалсын  бүйтіп  ел  болғаны!..  Қайран  қолды-қолда  кеткелі  тұрған  иесіз 
дүниелік» дейді ол. 
Пьесадағы Қарабайға  жақын тұрған образ  – Жантық образы. Олардың мақсаты бір 
болғанымен, оған жету жолдары, әдіс-айласы әртүрлі. Қарабай көп малдың қызығын өзіне 
де қимай, бейнетке батып жүріп баюды ойласа, Жантық ондай емес. Ол алдымен байдың 
жалғыз мұрагері болған Баянды мерт қылып, содан кейін әрең жүрген Қарабайды боранда 
қалдырып, көзін құртпақ ойы бар. Иесіз қалған мыңғырған малды иемденгісі келеді. Ол өз 
заманында  барлық  күштің  малда,  байлықта  екенін  жақсы  біледі.  Осы  жолда  қандай 
зұлымдықтан да бас тартпайды.  
Ұлы  жазушы  Мұхтар  Әуезов  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  драмасы  турасында: 
«...Туған  мезгіліне  және  өзінің  қазақ  совет  драматургиясында  алатын  орнына  қарағанда, 
осы  он  бес  жыл  ішіндегі  қазақ  драматургиясының  ең  зор  табысы,  біздің  талантты 
жазушымыз  Ғабит  Мүсірепов  жазған  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  [3,  18],  –  деп  өзінің 
жоғары бағасын берген болатын 
Қазақ  драматургиясы  өзінің  тарихи  даму  жолында  осы  халықтық  мол  қазынадан 
озық және үздік дәстүрлерді өз бойына сіңіріп, пайдаланып келді. 
Фольклордың  ерекше  түрлеріне  халықтық  жанрлар  мен  эпостық  шығармалар 
жататындығы даусыз. Ал енді драма жанрында оның дәстүрлерін игеру өте қиын шаруа. 
Мұның  күрделілігі  сонда,  ауыз  әдебиеті  жанры  тек  қана  тыңдауға  арналған  дүние.  Оны 
сахна  тіліне  аудару  көп  тәжірибені  қажет  етеді.  Эпикалық  материалдарды  жаңа  драма 
жанрында  игерудегі  әдеби  талпыныстар  қазақ  әдебиетінде  өткен  ғасырдың  бастарында 
қолға  алынды.  Бұл  игілікті  істің  негізін  салушылар  біз  жоғарыда  әңгімелеген  М.Әуезов, 
Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов және т.б. болды. 
Эпос  құрамында  драмалық  элементтері  болғанымен,  ол  драмалық  шығарма  емес. 
Өзінің  табиғаты  жағынан  эпос  драмадан  өзіндік  белгілерімен  ерекшеленеді.  Біріншіден, 
эпостың көлемі кең, уақыт кеңістігі мен оқиғаны қамтуда аялы, кейіпкерлер саны шексіз. 
Сонымен  бірге  бір  оқиғадан  екінші  оқиғаға  ауысуы  өте  шапшаң,  жедел  болады.  Драма 
сахналық жанр болғандықтан, бұл әдістердің ешқайсысынан пайдалана алмайды. Өйткені 
мұндағы  кеңістік  пен  уақыт  шектеулі.  Драманың  тағы  бір  ерекшелігі,  автор  елеспесіз 
қалып, қимыл-әрекетті кейіпкерлеріне табыстайды. 

 
173 
Драманың осы ерекшеліктері драмашылардың оқиғаға материал таңдап, талдауында 
үлкен жауапкершілікті болуын талап етеді. Көптеген дастандарда мазмұнның халықтығы 
батырлардың  әрекеттері  арқылы  беріліп,  тарихты  жасаушы  халықтың  өзі  көлеңкеде 
қалады.  Мұнан  біз  өте  ертедегі  дәуір  саясатын,  эстетикалық,  қоғамдық  тұрмыс 
тынысының ізін сезінеміз. Ескі әдеби әдістер бұл күнде өзінің маңыздылығын, тазалығын 
жойып  отыр.  Бүгінгі  оқырманға  ол  қызықсыз.  Анау  немесе  мынау  дастанды 
сахналастырғанда  жазушыдан  үлкен  тәжірибе,  көп  білімділік  және  жоғары  көркемдік 
мәдениет қажет етіледі. Осылардың бірінсіз дастанның сахналасуы мүмкін емес. Сонымен 
бірге шығармашылық, даралық және жаңашылдық қатынас та керек. 
Осы  жерде  айта  кететін  бір  жағдай,  ұлттық  драматургияның  тілі  туралы 
зерттеулердің аздығы.  
Эпикалық  дастандардан  драмалық  шығармалардың  туып,  әрбір  ұлт  сахналарында 
қойылғаны  жайында  хабардармыз.  Біздің  қазақ  драматургиясы  тарихында  да  эпостық 
жырлардың (көбінесе «Батырлар жырының») орны ерекше. Батырлар жырының тартымды 
сюжеттік  желісі,  композициялық  құрылысы,  қаһармандардың  тартыстары  мен 
психологиялық  жай-күйлері,  олардың  характерлерге  айналу  жолдары  ұлттық 
прозамыздың  жасалу  үдерісіне  ықпал  еткені  даусыз.  Ақындарымыздың  фольклорлық 
үлгіде жазған дастандарына халықтық жырлардың тигізген әсері әдебиетші ғалымдардың 
еңбектерінде  молынан  зерттелді.  Дегенмен,  осы  батырлар  жыры  көркем  прозада  қайта 
жазылған жоқ. Ал, бұл болса драматургия үшін таусылмас көркем қазына болып шықты. 
Біздің  үлгілі  қойылымдарымызға  айналған  пьесаларымыздың  негізгілері  сол  эпостық 
туындыларға қатысты болуы да осыдан болса керек. «Еңлік-Кебек», «Қобыланды» немесе 
«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырлары  неліктен  трагедиялық  пьесаларға  жеңіл  айнала 
салды,  неге  прозалық  шығармаларға  негіз  болмады  дейтін  сұрақтардың  туындайтыны 
шындық. Өйткені, қазақтың, сонымен бірге туыстас халық болған қарақалпақтың эпостық 
жырлары  өзінің  табиғатымен,  тегімен,  композициялық  құрылысымен  прозадан  гөрі 
драмаға өте жақын. Бұл жайында Мұхтар Әуезов: «Эпостық дастандардың шығу тегі сөз 
болғанда олар тұрмыс-салт жырларының негізінде туды деп айтуға кәміл болады. 
Батыр  жорыққа  аттанғанда  айтылатын  «қоштасу»  жыры,  ол  қалыңдық  әкелгенде 
айтылатын үйлену-салт жыры, ол өлгенде жанкүйерлері жылап-сықтап айтатын «жоқтау» 
жыры сол батыр жайындағы эпостық жырдың негізін құрамауы мүмкін емес. Мәселен, бір 
кезде  Сайын  деген  батырдың  жайына  байланысты  туған  «қоштасу»  жыры,  ол  өлгенде 
туған  «естірту»  жыры, әйелінің  «жоқтау»  жыры кейін бір ақынның өзекті желіге түсіруі 
арқасында дастанның тұңғыш нұсқасын жасауға ықтимал» [4, 64], – деген еді. 
Бұдан  туындайтын  пікір,  эпостық  дастандағы  кейіпкерлердің  сан  алуандығы, 
олардың  характерлерінің  айқындығы,  типтік  бейнеге  айналған  тұлғалардың  молдығы 
олардың драмалық яки сахналық образдарға жылдам айналуын жеңілдетеді  
Дәл осындай, драмаға толы, характерлері бай, трагедиялық махаббаты бар, қатал да 
жауыз жаулары басым эпостың бірі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры дер едік. 
 
 

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал