2
Такыр (тюркский- гладкий, ровный, голый) – форма рельефа, образуемая при высыхании засоленных почв
(такырных почв) в пустынях и полупустынях. Такыр обычно формируется в плоских котловинах, где после
сезонных дождей возникают неглубокие озера; высыхание тонкого слоя воды обнажает вязкое илистое дно,
поверхностный слой которого при высыхании уменьшается в объеме, образуя корку, разбитую трещинами
на отдельные многоугольные плиты различных форм и размеров.
53
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Sartori Paolo. Introduction: dealing with states of property in modern and colonial Central
Asia // Central Asian Survey. Vol.29, Number 1, March 2010, 1-8.
2
Филиппов А.Ф. Социология пространства: общий замысел и классическая разработка
проблемы.// Журнал «Логос». - 1991-2005. Избранное. Т.2. - М., 2006.
3
Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные
экспедицией в степных областях. Кустанайский уезд, - Воронеж, 1903, Т.5.
4
Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные
экспедицией в степных областях. Атбасарский уезд. - Воронеж,1902.
5
Центральный государственный архив Республики Казахстан, Ф.369, Оп.1, Д.8530.
6
Центральный государственный архив Республики Узбекистан, Ф.И-1,Оп.11, Д.755.
ТҮЙІН
Мақалада XIX ғ. соңы - XX ғ. басындағы көшпелі қазақтардың көштік жер қатынастарының
ерекшеліктері нақты мекендердің құндылық маңызы тұрғысынан талданады. Талдау Ф. Щербин
экспедициясының Атбасар уезі аумағындағы жинаған статистикалық материалдары, сондай-ақ
мұрағат материалдары негізінде жасалған.
RESUME
In this article Kazakh nomadic land use peculiarities at the end of the XIX
th
- the beginning of the
XX
th
centuries were analyzed. It was done through the consideration of nomad’s valuable meanings
towards definite land plots. The analysis has been made by examining of F. Shcherbino’s statistical
expedition materials collected in Atbasar uezd, as well as archival documents.
54
Саясаттану
55
ӘОЖ 327.7
Г.Е. Ибрагимова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
т.ғ.к., доцент
Халықаралық
ұйымдардың
қазіргі заманғы
халықаралық
қатынастар
жүйесіндегі рөлі
мен орны
Аннотация
Мақала әлемдік бейбітшілік шартындағы
халықаралық ұйымдардың көпжақты өзара
әрекет ету институты ретінде зерттелуіне
арналған. Автор халықаралық ұйымдардың
халықаралық реттеудегі рөлін қарастырған.
Халықаралық
қатынастардың
даму
қозғалысындағы үкіметтік және үкіметтік емес
ұйымдардың ықпалын көрсете отырып, автор
аталған мәселе бойынша ғылыми мектептер мен
зерттеушілердің
көзқарастарының
толық
шоғырына назар аударған.
Түйін сөздер: халықаралық қатынастар,
көпжақты дипломатия, жаһандану, халықаралық
үкіметаралық ұйымдар, халықаралық үкіметтік
емес ұйымдар, мемлекет, азаматтық қоғам,
акторлар.
Қазіргі
халықаралық
қатынастарда
жаһандану
үдерісінен
шығатын
үрдістер
көпжақты
дипломатия
институттарының
өзектілігін арттыруда. Көпжақты дипломатияның
бір
нысаны
мемлекеттердің
халықаралық
үкіметаралық ұйымдарға (ХҮҰ) қатысуы болып
табылады. Алайда, соңғы кезде халықаралық
қатынастарға мемлекеттік емес қатысушылар
белсенді түрде араласуда, олардың арасында
халықаралық үкіметтік емес ұйымдар да бар,
аталған ұйымдар болашақ әлемдік тәртіптің
қалыптасуына белгілі бір дәрежеде ықпалын
тигізеді. Халықаралық ұйымдар тарапынан
белсенділіктің жоғарылауы және олардың
санының артуы қазіргі халықаралық дамудағы
үрдістердің бірі болып табылады.
Халықаралық ұйымдар қазіргі кезеңде
халықаралық
жүйені
басқарудың
ерекше
нысанын жасап отыр, оның қажеттілігі өзара
тәуелділіктің артуымен және мемлекеттердің
саяси,
экономикалық
және
әлеуметтік
салалардағы
мүдделерінің
тоғысуымен
байланысты
түсіндіріледі.
Қазіргі
кезде
халықаралық үкіметаралық ұйымдар саяси
саладағы белгілі бір басқару функцияларын өзіне
жүктейді, ал мемлекеттер бүгінде ондай қызметті
толығымен
өзіне
ала
алмайды.
Демек,
халықаралық ұйымдардың құрылымдары арқылы
оның халықаралық ортадағы реттеуші қызметі
қaлпына келтіріледі.
56
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің күрделенуі халықаралық қауымдастықты
басқарудың жаңа тәсілдерін іздеу қажеттігі туралы ойға бастау болды, жаһандану кезеңіне
сай келетін жаһандық басқару үлгісін жасап шығаруға түрткі болды. Осыған орай,
ғылыми әдебиетте халықаралық реттеу үдерісіндегі халықаралық ұйымдардың рөліне
қатысты мәселе белсенді талқылана бастады.
Осылайша, халықаралық ұйымдар халықаралық реттеу үдерісінің жетекшісі мен
құралы болып табылады деген пікір қалыптасты. М.Ю.Панченконың «Основные
парадигмы изучения международного порядка в современной политологии» атты
монографиясында айтылғандай, халықаралық жүйеде тәртіп өзінен-өзі пайда болмайды,
ол адамдардың әрекеттерді ұйымдастыруға салған күшінің нәтижесі болып табылады, ал
олар халықтар мен мемлекеттер арасындағы қатынастарды дұрыс құруға, алдын ала
болжауға болатындай жасауға, белгілі бір ережелер мен нормаларға бағындыруға
мүмкіндік береді [1, 20 б.]. А.Григорьев саналы рационалды әрекеттердің салдары ретінде
пайда болған әлеуметтік тәртіпті оның «детерменистік үлгісі» деп атайды [2, 296 б.].
Бұндай үлгіде халықаралық тәртіп белгілі бір ұйымдардың көмегімен, әсіресе, Біріккен
Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық сот және т.с.с.
жаһандық ұйымдар арқылы сақталады. Сонымен қатар, халықаралық қатынастарды
аймақтық, субаймақтық және басқа деңгейлерде ретке келтіру институттары да бар.
Халықаралық ұйымдар әлемдік саясат субъектілерінің қатынастарын реттейтін нормалар
мен ережелерді жасап шығарады, олардың сақталуын бақылайды, тәртіп бұзушыларға
қарсы санкциялар қолданады.
Р.Малаян бойынша, халықаралық ортаның маңызды бір ерекшелігі жаһандық
институционалдық вакуум болып табылады. Р.Малаянның пікірінше, «Жаһандық әлем»,
халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесі сияқты, де-факто түрде анархия
жағдайында [3, 39 б.]. Оның орталық үйлестіруші органы жоқ, ал көптеген жаһандық
мәселелер мемлекетаралық келісімдер деңгейінде шешілмейді. Шартты түрде басты рөл
БҰҰ-ға тиесілі, бірақ ол әрқашан да өз мүшелерінің мүдделерін бітімге келтіріп, жедел
шешім қабылдай алмайды. Сондықтан әлемдік дамудың қисыны басқа ұйымдарды осы
вакуумды толтыруға итермелейді. Ғылыми және публицистикалық әдебиетте, көбінесе,
ықпалдылық белгілеріне, ресурстарының шоғырлануына, кең құзыреттілігі мен
институционалдық дамуына қарай, осындай үш ұйымды бөліп көрсетеді. Бұл – БҰҰ,
НАТО және «Үлкен сегіздік». Соңғы жылдары НАТО мен «Үлкен сегіздіктің» қызметі
көпфункционалды сипат алуда. Мәселен, НАТО бірте-бірте жаһандық реттеудегі үлкен
рөлге қарай өзгеруде. Қазіргі кезеңде «Үлкен сегіздіктің» көпжақты дипломатиядағы рөлі
халықаралық қатынастардағы негізгі үдерістерді ресми емес түрде реттеу құралының
қызметін атқарумен байланысты. «Үлкен сегіздік» халықаралық жүйені ұжымдық түрде
басқаратын «қазіргі заманғы халықаралық концерт» болып табылады деген пікір бар.
Әдебиеттерде жиі айтылатын ойға сәйкес, БҰҰ бірте-бірте әмбебап позициялардан кетеді,
ал «сегіздік» пен НАТО оның орнына тұрады. Сонымен қатар, аталмыш ұйымдар, әлемдік
реттеудің көп деңгейлі кеңістігінің қалыптасуында әрқайсысы өзінің қызметтерін атқара
отырып, әр түрлі жазықтықтарда қызмет етеді деп есептеледі. Қазіргі таңда дамыған
мемлекеттер өз мүдделерінің жетекшісі болып саналатын БҰҰ-дан бас тартуға дайын
емес. Оның үстіне, НАТО мен «Үлкен сегіздік» те әлемдік даму үшін жауапкершілікті өз
мойнына алуға ниет білдірмейді. Осылайша, Р.Малаян айтқандай, бұл жағдайда осы
ұйымдардың салыстырмалы артықшылықтарына қарай өз орындарын таба білуіне көңіл
бөлу керек [3, 40 б.]. Демек, «жаһандық саяси кеңістіктің» қалыптасуы шеңберінде ерекше
қызығушылыққа үкіметаралық саяси ұйымдар ие, олар әлемдік жүйені реттеуде шешуші
рөлге шығуы мүмкін.
ХҮҰ қызметі екі түрлі рөлде көрініс табады: бір жағынан, мүше-мемлекеттер
арасындағы әрекеттестік үшін жағдай жасайды, екінші жағынан, халықаралық ортада
айрықша, әрекет етуші тұлғалар ретінде қызмет ете отырып, халықаралық қатынастардың
57
даму серпініне өздігінен ықпал етеді. Бұндай дербестіктің шамасы – даулы мәселе және,
дәстүрлі түрде, зерттеушілер арасында пікірталас туғызып отырады. «Реалистік
парадигманың» жақтастарының пікірінше, мемлекетаралық ұйымдардың қызметі тек
мүше-мемлекеттерінің әрекетіне байланысты атқарылады, ал мүшелерінің сыртқы
саясатынаның аясынан тыс ешқандай күш тудырмайды. Басқаша айтқанда,
мемлекетаралық
ұйымдар
қатысушылардың
ұстанымдарындағы
сәйкестіктерді
анықтайтын тұрақты дипломатиялық форум ретінде ғана қарастырылады. Жалпы алғанда,
«реалистердің» пікірі бойынша, ХҮҰ-дың әрекет ету еркіндігі аса шектеулі, оларды,
әдетте, алдыңғы қатарлы мемлекеттер әлемдегі жағдайды тұрақтандыру үшін
пайдаланады. Шындығында да, осындай көзқарастың рационалдылық белгілері бар,
мәселен, дамыған елдер негізгі халықаралық үдерістерге де, халықаралық ұйымдардың
саясатына да бақылау жүргізу қабілетін сақтап отыр. Бұған мысал ретінде НАТО-ны
келтіруге болады, ол қырғи-қабақ соғыс кезінде АҚШ саясатының құралы болды және
кейін де сондай рөлде қалды. Дәл солай, Варшава шарты ұйымы да Кеңес Одағының
сыртқы саясатының құралы болатын. Қазіргі таңда негізгі халықаралық ұйымдарда
Батыстың алатын позициялары өте ықпалды, бұл, әсіресе, «Сегіздік», Халықаралық
валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты қаржылық және
экономикалық ұйымдарда байқалады. Осындай ұйымдардың арқасында Батыс жанама әрі
сенімді түрде әлемдік экономиканы бақылау мүмкіндігіне ие болады және, сәйкесінше,
жемісін көреді. Сол ұйымдар арқылы өзіне тиімді түрде жаһандық ойын ережелерін
анықтайды. Яғни, «реалистер» халықаралық ұйымдардың халықаралық қатынастардағы
рөлі мен мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан бағалайды. Оған қоса, «реалистер» Ұлттар
Лигасының халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудегі сәтсіз тәжірибесін ескереді,
сонымен қатар, қырғи-қабақ соғыс жылдарында екі державаның бәсекелестігі әсерінен
БҰҰ-дың қажет деңгейде әрекет ете алмауы, және кейін халықаралық жүйеде нақты
орнын таба алмауы сияқты факторлар да ескеріледі. Бұдан басқа, қабылданған
шешімдердің міндеттілігі қағидаты мен сол шешімдердің орындалуын бақылау тетігі
көптеген ХҮҰ-да жоқ. Мүше-елдерге ХҮҰ-дың ұсыныстары оларға заң жүзінде емес, тек
саяси тұрғыда міндетті болып табылады. Шешімдерді қабылдау мен орындаудың осындай
үдерісі ХҮҰ-дың қазіргі халықаралық қатынастардағы рөлін төмендетеді.
Сонымен қатар, «транснационализм» мектебі жақтастарының көзқарасы бойынша,
мемлекетаралық ұйымдар қызметінің нәтижесінде мүше-елдердің тек сыртқы саяси
күшіне ғана әкелмейтін жаңа сапа пайда болады. Дәл осы жолмен бүкіл халықаралық
қатынастар жүйесінің өзгеру үдерісі, мүдделер тепе-теңдігін орнату аренасынан
адамзаттың жаһандық мәселелерін анықтау және шешу тетігіне өзгеру үдерісі жүреді деп
есептеледі. Бұл тұжырымдама идеалистік және функционалдық теорияларды
жақтайтындардың ұстанымдарына жақын, яғни, халықаралық үкіметаралық ұйымдар
халықаралық жүйедегі белгілі бір өзгерістерге ықпал ететін өзіндік акторлар болып
табылады. Либералды институционализм жақтастарының пікірінше, халықаралық
ұйымдар бірте-бірте мемлекеттерді халықаралық саясаттың перифериясына ығыстыра
алады.
П.А.Цыганков, Ш.Зоргбибтің идеяларын пайдалана отырып, халықаралық
ұйымдардың негізгі үш қасиетін бөліп көрсетеді, олар акторға тән белгі болып саналатын
өздігінен әрекет ете алу қабілетінің бар екендігін білдіреді: 1) құрылтайшы құжаттарда
бекітілген, ынтымақтастыққа деген саяси ерік; 2) ұйымның мирасқорлығын қамтамасыз
ететін тұрақты аппарат; 3) құзыреттер мен шешімдердің автономдығы [4, 238 б.].
В.Барановскийдің халықаралық мемлекетаралық ұйымдардың халықаралық
аренадағы рөлі туралы көзқарасы ең орынды деп ойлаймыз. Оған сәйкес, мемлекетаралық
ұйымдар, халықаралық құқықтың екінші ретті, туынды субъектілері ретінде,
халықаралық-құқықтық нормаларды қалыптастыру және жүзеге асыру үдерісіне
тартылады (және кейбір жағдайларда өте белсенді түрде араласады) [5]. Бұдан басқа, сол
58
нормалардың тиімділігі, көбінесе, олардың мемлекетаралық ұйымдармен қаншалықты
деңгейде санкцияланғанына тәуелді болады. Аталмыш ұйымдардың қызметі мүше-
мемлекеттерінің халықаралық-саяси ұстанымдары мен әрекеттеріне өз әсерін тигізеді.
Жалпы, халықаралық ұйымдарға қатысудың өзі мемлекеттер үшін олардың халықаралық
әлеуметтенуінің факторына айналады. Мемлекеттер халықаралық аренадағы басты әрекет
етуші тұлғалар болса да, мемлекетаралық ұйымдардың саны әлдеқайда көп, және олар,
жалпы алғанда, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың барлық сегменттерін
қамтитын кең ауқымды желіні құрайды.
Халықаралық қатынастардың мемлекеттік емес қатысушыларының бірі халықаралық
үкіметтік емес ұйымдар (ХҮЕҰ) болап табылады. Реалистік парадигманың жақтастары,
соның ішінде неореалистер де, бұндай ұйымдардың әлемдік қатынастардағы қандай да бір
өзіндік
мәнін
мойындамайды,
ал
неолибералдық
және
постмодернистік
тұжырымдамалардың өкілдері қазіргі ХҮЕҰ-ды болашақтағы жаһандық азаматтық
қоғамның бастауы деп көреді, бұндай қоғам бөлек жатқан ұлттық мемлекеттердің орнына
келуі тиіс деп саналады. Көріп отырғанымыздай, бұл мәселеге қатысты, мамандардың
арасында да ортақ пікір жоқ. Сонда да, халықаралық ортада мемлекеттермен қатар әрекет
етуші және олардың монополиялық жағдайымен келіспейтін мемлекеттік емес
акторлардың көбеюі халықаралық қатынастардың дамуындағы ерекше феноменге
айналуда. Сонымен қатар, көптеген ықпалды халықаралық үкіметаралық ұйымдар ХҮЕҰ-
ды лайықты да тең құқықты әріптестері ретінде қарастырады.
ХҮЕҰ санының көбеюі, олардың халықаралық аренада артып келе жатқан ықпалы
бірқатар факторлармен шартталған, мысалы: шешілуі үшін мемлекеттер мен халықаралық
мемлекетаралық ұйымдардың мүмкіндіктері жетпейтін жаңа жаһандық мәселелердің
пайда болуы; толыққанды әрекет ету үшін жаңа халықаралық институттарды қажет ететін
халықтардың арасында пайда болған байланыстардың алуан түрлілігі; мемлекеттердің
ішкі және халықаралық қатынастарының саласында демократиялық үдерістердің күшеюі,
олардың институционалдық көрінісі халықаралық үкіметтік емес ұйымдар болып
табылады; мемлекеттердің ұлттық мүдделері саласындағы өзгерістер (адам құқықтары,
денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау сияқты жалпы адамзаттық
құндылықтарды мойындауға өту).
С.А.Ланцов, В.А.Ачкасовтың редакциясымен шыққан «Әлемдік саясат және
халықаралық қатынастар» атты оқу құралында (Спб., 2009) көрсетілгендей, ХҮЕҰ-дың
әлемдік саяси үдеріске араласу дәрежесі бірдей емес. Саяси сипаттағы ұйымдар тікелей
әлемдік саясаттың субъектілері ретінде әрекет етеді. Басқа ұйымдар (саяси емес), мысалы,
«Гринпис» пен «Халықаралық амнистия» саяси қызметке қосылады, өйткені олардың
қызмет саласы саяси саламен де байланысты болады [6, 244 б.].
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың басты функциясы мемлекеттер мен
мемлекеттік емес сегменттер арасында байланыстар орнату болып табылады. ХҮЕҰ-дың
басқа
да
ықтимал
функциялары
(олардың
бағытына
сәйкес):
ақпараттық,
консультациялық, құқық шығарушы, бақылаушы.
Жаһандану дәуірінде ХҮЕҰ дипломатиялық қызметке араласады: егер бұрын сыртқы
қатынастар толығымен мемлекеттік органдардың айрықша құзыретіне жатса, бүгінде
халықтар арасындағы байланыстар әр түрлі деңгейлерде жүзеге асырылып жатады.
Халықаралық қатынастардағы бірқатар зерттеушілер (Л.Вудс, М.Берман мен
Дж.Джонсон, Ф.Виберт, М.М.Лебедева) «дипломатия» ұғымының мазмұны өзгергендігіне
көрсетіп, оны ХҮЕҰ қатысушыларына жатқызды. ХҮЕҰ артықшылықтарының арасында
сарапшылар білімін, байланыстардың кең желісінің болуын, ресми жарлықтармен
шектелмегендігін және т.б. атап өтуге болады. Сондықтан ХҮЕҰ атысты тоқтату, бітімге
келу туралы келіссөздердегі, шиеленістен кейін бейбітшілікті орнатудағы дәнекер ретінде
айтарлықтай сәтті әрекет етеді.
59
ХҮЕҰ-дың көпжақты дипломатиядағы рөлі – халықаралық қоғамдық пікірге
айтарлықтай ықпал ету, соның ішінде, үкіметаралық ұйымдарға немесе мемлекеттерге
қысым жасау арқылы әрекет ету. Мысалы, 1980 ж. Халықаралық олимпиада комитеті
Мәскеудегі Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға шақырды, бұл 1979 ж.
Ауғанстанға кеңес әскерлерінің енгізілуіне қарсылық білдірудің көрінісі еді. Тағы бір
мысал – Азаматтық авиация ұшқыштары ассоциацияларының халықаралық
федерациясының үкіметтерге көрсететін қысымы, мұндағы басты мақсаты – оларды
ұшқыштардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, әсіресе, ұшақтарды басып алумен
күрес жүргізу бойынша әлдеқайда қатаң шаралар қолдануға мәжбүрлеу. Алайда, ХҮЕҰ-
дың осындай ықпал ету тетігі, «Халықаралық қатынастар: теориялар, шиеленістер,
қозғалыстар, ұйымдар» (М., 2008) атты оқу құралында көрсетілгендей, біршама әлсіз
болып табылады, өйткені сыртқы саяси шешімдерді қабылдау көп факторлы үдеріске
жатады және қоғамдық пікір қысымы – осы факторлардың ең маңыздысы емес [7, 167 б.].
Мысалы, Гринпистің ұлттық бөлімшелерімен ұйымдастырылатын ауқымды қарсылық
көрсету акциялары қоғамдық пікірді дүрліктіреді, бірақ, ешқашан үкіметтердің
әрекеттеріне тікелей әсер етпейді. Сонымен қатар, М.М.Лебедеваның пікірінше, олардың
қызметі жаңа халықаралық тәртіптерді құруға, жаһандық мәселелерді шешу үшін жаңа
күн тәртібін жасауға және әлемді демократияландыруға ықпал етеді [8, 75 б.]. ХҮЕҰ-дың
көпжақты дипломатиядағы рөлін нығайту үшін осы ұйымдардың барлық деңгейлерде:
саясатты қалыптастыруда, шешімдерді қабылдауда, шешімдерді жүзеге асыруда іс
жүзінде қатысуын қамтамасыз ету керек. Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық
әріптестер ретіндегі рөлін көтеру туралы мәселе 1992 ж. БҰҰ-дың қоршаған орта мен
даму жөніндегі конференциясында қабылданған «XXI ғасырға арналған күн тәртібі» атты
құжатта да айтылған.
Қазіргі халықаралық қатынастардағы ХҮЕҰ-дың рөлі халықаралық үкіметтік емес
ұйымдардың бүгінгі жаһанданудың теріс факторларын жоюға бағытталған қызметімен
анықталады. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар халықаралық қатынастарды реттейтін
нормативті материалдың саны мен сапасына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Қатысу
арқылы олар халықаралық шарттардың жасалуын тездетеді, жаһандық, аймақтық және
ұлттық деңгейдегі гуманитарлық саясаттың негізгі мақсаттары мен қағидаттарын
жасайды. Адамның заңды құқықтары мен мүдделерінің әлеуметтік қорғалуы қазіргі таңда
«мемлекет – ҮЕҰ» жаңа нысанында жүзеге асырылады. ХҮЕҰ белсенділігінің арқасында
бөлек мемлекеттердің әлеуметтік саясаты айтарлықтай нығайды.
Зерттеушілердің айтуынша, мемлекет пен үкіметтік емес ұйым арасындағы қарым-
қатынастарда бүгінгі таңдағы кейбір күрделі мәселелер: үкіметтік емес ұйымдардың
халықаралық қатынастар жүйесінде жаһандық актор рөліне деген ұмтылысы; осындай
үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларының, ресми тұлғалармен және саяси билік
институттарымен бәсекелес бола отырып, ықпалды саяси тұлға болуға талпыныстары;
белгілі бір мемлекеттердің ХҮЕҰ-ды «демократияны экспорттау» құралы ретінде
пайдалануы.
В.Е.Снапковскийдің пікіріне жүгінсек, қарқынды даму үстіндегі жаһандану алдағы
уақытта халықаралық ұйымдардың, әсіресе, ХҮЕҰ санының артуына әкеледі [9]. ХҮҰ
мен ХҮЕҰ рөлінің жоғарылауы олардан халықаралық жүйені басқару мен реттеу
бойынша лайықты стратегияны жасап шығаруды талап етеді. ХҮҰ шеңберінде
мемлекеттердің ынтымақтастығы сәйкес міндеттердің қойылуы мен шешілуінің ұлттық
тетіктерінің жалғасы ретінде жиі қарастырылатын болады.
Халықаралық ұйымдардың қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы рөлін
қарастыра келе, қорытындылары жайлы айтсақ, мемлекетаралық ұйымдар халықаралық-
саяси дамуға әлдеқайда елеулі ықпалын тигізетінін айтып өту керек. Сонымен қатар,
халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың саны мемлекетаралық ұйымдарға қарағанда көп,
және ұзақ жылдар бойы қазіргі әлемдік жаһандануда олардың саны мен рөлінің тұрақты
60
арту үрдісі байқалуда. Осылайша, халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес
ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды рөл атқарып, дәстүрлі екіжақты
дипломатияның мүмкіндіктерін айтарлықтай толықтырады, сол арқылы жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің халықаралық қауымдастыққа тез енуіне алғышарттар жасап, халықаралық
ынтымақтастықтың тиімділігін жоғарылатады. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуындағы
және қазіргі халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың елеулі рөлі
туралы айта отырып, ұлттық мемлекет әлі де халықаралық қатынастардың негізгі акторы
болып табылатынын ерекше айтып өткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |