Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Тиамин броимиді (хлорлы тиамин) Thiamini bromidum (В



бет69/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143
Байланысты:
369577-1

Тиамин броимиді (хлорлы тиамин) Thiamini bromidum (В1витаминi). Өзiне тән иiсi бар, ақ түстi ұнтақ. Суда және спиртте жақсы еридi. Температураға төзiмдi. Тиамин органазмде бір қалыпты таралмайды. Ең көп мөлшерi жүйке клеткаларында, ал аздаған мөлшерi бауыр мен бұлшық етте болады. Сiңiрiлiп үлгермеген тиамин және оның әр түрлi өзгерген қосылыстары бүйрек арқылы сыртқы шығарылады.
Фармокодинамикасы. Тиамин жеке өзi өте төмен биологиялық белсендiлiк көрсетедi. Ал бiрақ ооганизмге де өте тез әрi оңай фосфатты қосылыстарға айналады. Ал соңғы пайда болған каферменттер тәрiздес әсер етедi.
Организмде фосфорлану құбылысы кезiнде тиамин монофосфат (ТМФ) тиаминдифосфат {ТДФ), тиаминүшфосфат (ТТФ) және тиаминполифосфат пайда болады. Осылардың iшiндегi жеткiлiктi зерттелгенi ТДФ.
Тиамин ацетилхолинэстеразаның белсендiлiгін бiршама тежей отырып ацетилхолиннің гидролизін күшейтедi. Тиамин папавериннiң гипотензивтiк әсерiн күшсйтiп әрi ұзарта түседi, жүрек гликозидтерiнiң фармакологиялық әсерiн тездетедi әрi ұзартады.
Тиамин бромиді - жатырдың, капиллярлардың жиырылуы төмендегенде, миокард ишемиясында, жүрек-қан тамырларының қоректенуi бұзылғанда, қан қысымы төмендегенде, жүрек қан айналымы нашарлағанда, өкпе қабынуларында, атониялық гастрит пен энтериттер кезiнде емдiк және алдын алу мақсатында қолданылады. Терi астына енгiзiлу мөлшерi: сиыр мен жылқыға 0,06 - 0,5 г, қой мен шошқаға 0,005 - 0,05 г иттерге 0,001-0,01 г.
Кокарбоксилаза (Cocarboxylasum) – тиаминдіпирофосфат. Ақ түстi, ащылау дәмi бар, тиаминге. Тән әлсiздеу иiсi бар қиыршық, ұнтақ. Суда оңай, спиртте нашар еридi, 3500С жоғары температурада ыдырауға ұшырайды.
Кокарбоксилаза зат алмасуы бұзылған кезде пайда болатын ацидоздар кезiнде қолданылады. Мұндай патологиялық құбылыстар iрi қара малда (әсiресе сиырларда) сапасыз азық берген кезде байқалады. Кокарбосилаза жүрек қызметi төмендегенде және қан қысымы азайғанда, көмiрсу мен белоктар алмасуы бұзылған кезде нәтижелi әсер етедi.
Бұлшық етке мынадай мөлшерлерде тағайындалады: сиырға 0,5-1, 6 г, шошқаға 0,4-0,6 г, иттерге 0,02 - 0,2 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет