Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Аскорбин қышқылы (С витаминi) –Asidum ascorbinisum



бет74/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   143
Байланысты:
369577-1

Аскорбин қышқылы (С витаминi) –Asidum ascorbinisum. Таpа күйiнде аскорбин қышқылы - иiссiз, қышқыл дәмi бар, ақ, түстi ұнтақ немесе түссiз қиыршық зат, суда еридi. Температураға және ұзақ сақтауға төзiмдi суды ерiтiндiлерi ампулада сақталынады, себебi ол ауа бар жерде тез тотығады, сiлтiлiк ортада тез бұзылады. Сутегi қос тотығымен, калий пермаганатымен және т.б. тотықтыштармен және иодпен, гидрокарбонаттармен, карбонаттармен, күмiс препараттарымен тұрақты қосылыстар түзедi. Организмнен бүйрек арқылы бөлiнiп шығады.
Аскорбин қышқылының негiзгi фармакологиялық белсендiлiгi оның тотығу – тотықсыздану реакцияларына түсуi болып табылады. Өттің тотығуы қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкiн. Бiрiншi жағдайда ол дегидроаскорбин қышқылына (ДАК) тотығады да, қайтадан бастапқы қалпына келедi. Егер ол 2-З дикетогулон қышқылына дейiн тотығатын болса - онда бұл құбылыс қайтымсыз болады.
Аскорбин қышқылы нуклеин қышқыладарының түрленуi, тирозиннiң тотығыуы тәрiздес өте маңызды құбылыстарға коллаген және соған ұқсас заттар құрамына кiретiн негiзгi аралық заттар түзуге, тамырлар эндотелиi, ретикулярлық және бiрiктiргiш ұлпалар, сүйек дентинiн түзуге қатысады.
Остеобластар мен фибробластардың ажырауы және олардың дамуы-жетiлуi мiндеттi түрде аскорбин қышқылының қатысуымен iске асады.Коллаген және оның әр түрлерiнiң пайда болуына әсер ете отырып аскорбин қышқылы тамырлардың функционалдық активтiлiгi мен бүтіндiгiне септiгiн тигiзедi. Аскорбин қышқылы адренергиялық жүйкенiң тұрақтылығын күшейтедi,капиллярдың өткiзгiштiгiн күшейтедi.
Аскорбин қышқылының әсерiнен ретикулоэдотелиальдық жүйенiң белсендiлiгi айтарлықтай күшейiп, оның фагоцитарлық белсендiлiгi бiрнеше есе өседi. Аскорбин қышқылының осы айтылған факторлар аскорбин қышқылының қабыну құбылыстарына қарсы әсер етуiне негiз бола алады.
Ретикудоэндотелиалдық жүйенің жақсаруы көптеген токсиндердi бейтараптандырады. Аскорбин қышқылының әсерi қабыну құбылысының дәрежесi мен сатыларына байланысты. Ол әсіресе бастапқы кезеңдерiнде тиімді. Ол кiлегейлi қабықтары терiнiң созылмалы қабынуларында, сонымен бірге баяу жараларға да қолданылады. Бiрақ мұндай жағдайларда оны антибиотиктер мен қабынуға қарсы әсер ететiн басқа да заттармен қосып пайдаланған жөн.
Аскорбин қышқылының белокты және көмiрсулар алмасуына тигiзетiн әсерi де зор. Көмірсулар алмасуына ол вегетативтiк иннервациялау арқылы әсер етедi. Оның әсерiне тән жағдайлар бауырдағы гликоген мөлшерiн төмендету және қандағы пирожүзiм қышқылының деңгейiн теңестiру.
Белоктық зат алмасудың жекелеген құбылыстарына әсер ете отырып, аскорбин қышқылы тирозин мен фенилаланиннің алмасуын реттейдi, қандағы полипептиттердiң деңгейiн теңестiредi. Көптеген жұқпалы аурулар кезiнде мал организiмiндегi аскорбин қышқылының мөлшерi 10-80 % дейiн азайып кетедi. Сонымен бiрге жетіспеушiлiк неғұрлым айқынырақ болса, инфекциялық ауруларда соғұрлым ауыр болатындығы анықталып отыр. Бұл зерттеулер аскорбин қышқылын қорғалыс факторы ретiндегi зор ролі бар екендiгiн көрсетедi. Атап айтқанда, ол антиденелердiң пайда болуын тездетедi, агглютинин гемолизин және преципитиндердi тәрiздi көрсеткiштерді жоғарылатады.
Аскорбин қышқылының мал азықында мөлшерден көп болу зиянын тигiзбейдi. Уытты мөлшерi емдiк мөлшерден 20-50 есе көп.
Аскорбин қышқылының зат алмасуын қалыпты деңгейде ұстау үшiн, соның ішiнде протеолиздiк және гликолитикалық құбылыстарды арттыру үшiн, қан тамырлары және сүйек жүйесiндегi коллаген түзiлудi жоғарылату үшiн, орталық жүйке жүйесiндегi ревматикалық құбылыстар кезiнде, жүрек, бауыр ревматизiмiнде организмінiң резистенттілігін күшейту үшiн, бүйрек үстi безi мен гипофиздiң гипофункциясы кезiнде, гипохромды қан азаю кезiнде (темiрдiң сiңiрiлуiн жақсарту үшін) у қайтарғыш зат ретiнде, жаракаттардың жазылуын тездету үшiн, көз аурулары кезiнде, созылмалы нефрит және плеврит кезiнде тағайындайды.
Мөлшерi: вена тамыры: сиырларға 0,5-2,0 г; жылқыға-0,5-1,5 г; шошқаға-0,0,3-0,08 г; iшкiзу үшiн: сиырға - 0,7-4,0 г; қойға -0,2 -1,0г; шошқаға-0,3-0,6 г; иттерге-0,07-2,0 г; түлкiлер мен ақ түлкiлерге-0,05-0,1 г; сусар мен құндызға – 0,005-0,05г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет