Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет71/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   143
Никотинамид – Nicotinamidum. Аммиакты никотин қышқылынан өткiзу арқылы алынады. Сыртқы түрi никотин қышқылына ұқсас: суда жақсы (1:1) еридi.
Никотин қышқылы мен никотин амидтің организмге әсері ұқсас, оның үстiне олар бiр-бiрiне тез алмасады. Олар организмді әртүрлi ферменттiк жүйелердiң құрамына кiредi, қан тамырларына әсерiн тигiзедi.
Никотин қышқылы мен никотинамид ас қорыту аппараты қызметiн жақсартады: олар секреторлы және ферменттiк қызметтi қалпына келтіредi; асқазан сөлiнiң реакциясын күшейтедi. Бауыр қызметіне әсер етiп гипергликемиялық және постгипергликемиялық коэффициенттерді төмендетедi: бауырдағы гликоген қорын көбейтiп оның уыттарға қарсы күшiн көбейтедi, протромбин мөлшерін азайтады.
Никотин қышқылы препараттарының улы мөлшерi емдiк мөлшерден 70— 100 есе, ал азықтық мөлшерден 200-400 есе көп.
Никотинамид пен никотин қышқылын әртүрлi асқазан - iшек аурулары, асқазан мен iшектiң секреторлық және фермент бөлгіштік қызметi бұзылғана зат алмасуды реттеу үшiн, бауырдың қызметiн жақсарту үшiн, эритропоэзді қуаттандыру үшiн емдiк және профилактикалық мақсатта қолданады.
Мөлшері: бұлшық етке 0,0002-0,0006 кг, iшкiзу үшiн жылқыға 0,1-0,4 г, сиырға 0,2-0,5г, щошқаға 0,03-0,08 г, иттерге 0,005-0,05 г.
Пиридоксин (В6 витаминi) - Рiridoxinum. Пиродоксин ұнтақ, таблетка (құрамында 1,25 немесе 10 г пиродоксин бар), 1 мл ампуладағы ерiтiндi түрiнде дайындалынады.
Пиродоксин тез сiңедi де, әр түрлi байланыстарға оңай түседi. Ең маңызды қосылыстарының бiрi фосфопиридоксал.Организмнен пиродоксил қышқылы түрiнде несеп арқылы бөлінiп шығады.
Пиродоксиннiң әсер ету механимi оның амин қышқылдарының декарбоксилдену, аминделу, сульфидтену құбылыстарына қатысу себептi өте күрделi болады. Оның бұл бағыттағы әсерi зат алмасуды реттеуінде ғана емес, сонымен бiрге гистамин, серотонин, триптамин, окситирамин тәрiздес фармакологиялық белсендi заттарды түзуiнде өте маңызды болып табылады.
Орташа емдiк және профилактикалық мөлшерлерде пиродоксин организмдегi физиологиялық құбылыстарға айтарлықтай өзгерiс тудырмайды. Қан тамырлары қабырғасында пиродоксин әртурлi патологиялық өзгерiстердiң пайда болуына жол бермейдi, атап айтқанда, холестерин, липидтер, әк пайда болуын тежейдi. Лимфа аппараты, көк бауыр, алқым безiнiң қалыпты жұмыс iстеуi үшін пиродоксиннің маңызы зор. Ас қорыту жолы, қан түзгiш ағзалар қызметіне де әсерi бар.
Пиродоксиннiң реттегiш әсерi лимфопенияның пайда болуына, темір алмасуының бұзылуына кедергi жасайды, бауырдың гликорегуляциялық және уытқакврсы қызметін жоғарылатады.
Пиродоксин көп мөлшерде гистамин пайда бола жүретiн қабынулар кезiнде, бауыр қызметi бұзылғанда, терi ауруларында (дерматит, экеема), организмде адреналин, норадреналин, сератониннің қалыпты түзiлуi үшiн, протеолиз, декарбоксилдену, сульфидтену, аминделу құбылыстарын жақсарту үшiн организмнiң глутамин қышқылың сiңiрiлуiн жақсарту үшiн, көз эпителиi, асқазан мен iшектiң кiлегейлi қабығының жазылуын күшейту мақсатында, темiр алмасуын және қан пайда болуын жақсарту үшiн, сульфаниламидтер, фтивазид, циклосерин мен синтомициннiң жағымсыз әсерлерiн әлсiрету үшiн тағайындалынады.
Мөлшерi: бұлшық етке - сиырларға 0,1-0,8 г,шошқаға 0,06-0,2г, иттерге 0,04-0,02 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет