Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Натрий аскорбинаты – Natrii ascorbinas



бет75/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143
Натрий аскорбинаты – Natrii ascorbinas. Аскорбин қышқылының натрилi тұзы. Суда жақсы еридi. 5-10 % - дық ерітіндi түрiнде шығарылады (1 мл. ампулаларда). Тағайындалу мөлшерi аскорбин қышқылына ұқсас.
Емдiк және профилактикалық мақсаттарда аскорбин қышқылына бай өсiмдiктер: мойыл (fFructus Riberis nigri), қарағай қылқандары (Folium Pini) т.б. қолданылады.
Флавоноидтар. Өсiмдiк тектес көптеген тұтқырлағыш және бояғыш заттардың iшiнде өзiнiң негiзiнде фенилбензопирондар бар флавондық немесе фенилхромдық қосылыстар кең таралған. Барлық аталған қосылыстарға ортақ ұқсастылық - ол құрамындағы екi фенол гидрототығының болуы.
Флаваноидтарға тән әсер-капиллярларлардың резистенттiлiгi мен физиологиялық белсендiлiгiн (ең алдымен өткiзгiштiгiн) күшейтедi, сондықтан да оларды көбінесе Р-витаминi деп атайды. (Р-permeability-өткiзгiштiк). Капиллярлардың өткізгіштігі зат алмасудың қалыпты жағдайда жүруiне және қабынған ұлпалардың қалпына келуi үшiн зор маңызы бар. Р-витаминiнiң жетiспеушiлiгi капиллярлардың қызметiнiң бұзылуына, ең бiрiншi кезекте өткiзгiшiтiгiнiң бұзылуына әкеп соқтырады. Флаваноидтардың қан тамырларына жайлы әсерi оның капиллярларға тiкелей әсер етуi, сонымен қатар аскорбин қышқылының әсерiн күшейтуi болып табылады.
Флаваноидтар аскорбин қышқылымен бiрлесе отырып, ревматикалық құбылыстар кезiнде қорғаныс ролiн атқарады, кортизон мен гипофиздiң соматропты гормонының тепе теңдiк әсерiн реттейдi, дәнекср ұлпаның негiзгi затының өткiзгiштiгiн қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Р-тобы витаминiнің болуы С авитаминозы паталогиясын бәсеңдетедi және аскорбин қышқылының қырқұлақ ауруына қарсы әсерiн күшейтедi.
Флаваноидтар әртурлi паталогиялық жағдайларда (плеврит, перикардиттер, эндометрит т. б.) капиллярлардың физиологиялық қалпын сақтау үшiн, аскорбин қышқылын әсерiн ұзарту және күшейту үшiн, организмiнің анафилаксияға қарсы әсерiн қалыптастыру үшiн тағайындалады. Көптеген флавоноидтық препараттар iшiнде Р витаманi мен рутиннiң маңызы зор. Бұл екi препараттың организмге әсер етуi өте ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет