Кальций пантотенаты – Calcii pantothenas. Ақ түстi, иiссiз, дәмi ащы, суда жақсы еритiн (1:3) ұнтақ зат, жоғары температуларда және қышқылдар мен сiлтiлер әсерiнен бүлiнедi.
Кальций пантотенаты ас қорыту жолында өте тез сiңедi де барлық ағзаларға таралады.
Препарат эндокрин бездерiнің жұмысына айтарлықтай әсер етедi. Бұндай әсер әсiресе буаз малдар мен жас төлдерде ерекше байқалады. Бұл препарат бүйрек үстi безi мен гипофиз, ұйқы безiнiң қалыпты қызмет атқаруы үшiн өте қажет. Кальций пантотенаты жүйке және эндокриндiк жүйке қызметнiң әртүрлi ауытқуларында, белоктар, көмiрсулар, майлардың аралық алмасуы бұзылғанда, терi ауруларының тез жазылуы үшін (жаралар, күйiктер, терi ауыстыру кезiнде), жүннiң өсуiн қалыпқа келтiру үшiн, малдың ұзақ уақытта созылған атонаясы кезiнде тағайындалынады.
Мөлшерi (итке) - 0,001-0,002 г/кг, күнiне З мезгіл берiледi.
Калций пангаматы (В15 витаминi) – Calcii pangamas. Өзiне тән иiсі бар, дәмi ащы, суда жақсы еритiн (1:1), спиртте, эфирде, ацетнда ерiмейтiн ақ түстi борпылдақ ұнтақ. Сiлтiлiк ортада бұзылады. Температураға төзiмдi. Қазiргi шығарылып жатқан препаратта 60 % кальций палгаматы, 30 % кальций глюконаты және 8,5% су бар. Кальций пангаматына тән әсерлер тотығу құбылыстарын белсендiру және организмдегi уытты өнiмдерге қарсы реакцияны күшейту.
Кальций пангаматының ең бiр елеулi қасиеттерiнiң бiрi оның метил радикалдарын басқа молекулаларға өткiзiліп жiберетіндігі. Мұның себебi кальций пангаматы организм үшiн өте маңызды қосылыстардың биосинтезiне қатысатын көп метилдi қосындылар түзедi.
Организмде кальций пангаматы бауырдың май инфильтрациясын болдыртпайды. Бұл жағдайда кальций пангаматы метионин, холин, фолий қышқылы, цианкобаламин тәріздес заттарды белсендіредi. Сонымен бiрге ол тыныс алу ферменттерiн белсендiре отырып миокардтың қызметiн қалпына келтiредi. Оттегi алмасуын жақсартып организмнiң әртурлi гипоксиялық, аноксиялық жағдайларында, ревмокардитте, миокард ишемиясында, жүрек жиырылу ырғақтылығы бұзылғанда, цианозда тиiмдi әсер етеді, холин биосинтезiн күшейтiп сол арқылы ацетилхолиннiң түзiлуiн жақсартады.
Кальций пангаматы бұлшық еттердегi сүт қышқылының құрамын кемiтiп, липидтердiң иодты санын өсiредi, нәтижесiнде гликогеннің аз жұмсалуына септiгiн тигiзедi. Терi астына енгiзiлген кальций пангаматы қысқы мерзiмге лейкопения құбылысын туындатып лейкоцидтердің санын көбейтедi. Медицина тәжiрибесiнде жүрек кан тамырларының атеросклерозында, миокардитте, диабеттiң жеңiл түрінде, құяңда, бауыр қабынғанда, бауыр циррозында, мидың қантамырлары тарылғанда, эритремия жағдайларында тағайындайды.
Кальций пангаматы қосылыстарының уытты заттарды бейтараптандырғыш әсерiнiң маңызы зор. Ол организм наркотиктермен, карбохолинмен, кортизонмен, төртхлорлы көмiртегiмен, дихлорэтанмен, кортикостероидтармен, тетрациклиндiк қатардағы антибиотиктермен уланған кезде жақсы көмек бередi. Мал шаруашылығында препарат әртурлi уланулар кезінде улану белгiлерiн бәсеңдету үшiн, бауыр ауруларында, жүрек бұлшық еттерiнiң белсендiлiгi нашарлағанда, мал организмнiң гипоксиялық жағдайларында және липидтiк алмасу мен ұлпалардьщ оттегiнi сiңiруi нашарлағанда тағайындалынады.
Кальций пангаматы iшке және терi астына мынандай мөлшерде берiледi (орта есеппен): 1-3 мг/кг.
Холин - хлоридi Сholini сhloridum. Холин организмдегi өте кушті липотропты зат ден есептелiнедi. Бауырдың май басуьн (инфильтрациясын) болдыртпайды. Тиаминмен бiрлесе отырып, холин бауырдагы май алмасу кұбылысына қатысады, организмдегi коптеген улы заттарды бейтараптайды.
Холин жалпы зат алмасу жене майдың тасымалдануына қатысатын кейбiр фосфатидтердің құрамына кiредi. Холиндегi метилдену құбылысын жақсарту үшiн, лизин, серин, гемоцистеин, креатиннiң алмасуын күшейту үшiн, бауырдың май басуын емдеу және алдын алу үшiн, бауыр қабынуы мен циррозды емдеу үшiн, майлардың сiңiрiлуi мен гемопездi жақсарту үшін, балапандар мен торайлардың өсуiн жеңiлдету үшiн қолданады.
Емдiк мөлшерi: сиырларға 4,0-10,0 г.