Кәсіптік білім берудің негізгі тұжырымдары:оқыту үрдісінің шынайы үлгісі. Білім беру үрдісінің гуманистікүлгісі.
Оқыту теориясындағы рационалисттік бағыт бихевиоризм идеясына сүйенетін технологиялық педагогиканың кейінгі дамуы болып табылады.
Бихевиоризм- (англ. behaviour -құлық) - XIX - XX ғғ.,соңында Америкада пайда болған психологиялық ғылыми бағыт, оның негізінде сыртқы ортадағы әсерге қозғалыс реакцияларының жиынтығы ретінде адамның мінез құлығын түсіну деп анықталады.(Құлықтық психология)
Бихевиоризмтеориясы адам іс-әрекетінің реттеушісі сана дегенді терістеп, барлық психологиялық үрдістер ағзаның ішкі реакцияларына байланысты. Осы теорияға сәйкес кәсіби іс-әрекет адамның қаншалықты танымдық, эмоционалдылық және психологиялық дағдыларды қабылдағандығымен анықталады. Білім рөлі ескерілмейді.
Оқытудың рационалистікүлгісі«технологиялықүйрету» нәтижесінде репродуктивтілік негіздегі кәсіби даярлауды жүзеге асыру деп түсіндіріледі. Мұндай тәсілде өзіндік ойлау, шығармашылық әрекет пен коммуникативтік қабілеттіліктерді қалыптастыруда, тұлғаның кәсіби дамуының мәнін құратын дидактикалық мақсаттар жүзеге асырылуы мүмкін.
Білім берудің гуманистік үлгісі кәсіби іс-әрекеттің субъекті ретінде тұлғаны дамыту мақсаты болады. Білім берудегі гуманистіктұжырымдаманың негізгі идеясы білім алушылардың оқыту үрдісіне бағыттылығын дамыту мен өзіндік дамуы, оның өзіндік бағалауына сендіру, шығармашылық өзіндік өзектілігіне арналған жағдайларды жасау.Білім беруді ізгілендіру идеясы кәсіби даярлау мен адамның кәсіби әрекеті сапасын қамтамасыз етуге арналған «біліктілік» терминінің жетіспеушілігін түсіндіруде әсер етті. Осыған байланысты өте кең ұғым «кәсіби құзыреттілік» кәсіби білім мен біліктіліктен басқа да дербестік, бірлестік, топпен жұмыс істеу іскерлігі, коммуникативті қабілеттіліктер, логикалық ойлау, іскерлік сапалары да кіреді.
Білім берудің ізгілендірутұжырымдамасы соңғы жылдары эгоцентрлік бағытты бағындырды.Кәсіптік оқыту барысында коммуникативтік дағдыны дамытуға, кооперативтік әрекеттегі қабілеттілікке ерекше көңіл бөлінуде. «Мен-тұжырымдамасы» «Мен және Біз» тұжырымдамасына ауыстырылуда.