Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары



бет9/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары


Категориялар

Оның сипаттамасы

Кәсіби бағыттылық

Әлеуметтік-экономикалық, психолого-педагогикалық, медициналық-валеологиялық, құқықтық шаралар жүйесі адамның саналы және өз бетінше мамандықты таңдауда көмек көрсетуге бағытталған. Бағыттылық компоненттері болып табылады:кәсіби білім, кәсібидиагностика, кәсіби кеңес, кәсіби іріктеу, кәсіби бейімділік, кәсіби тәрбие.

Кәсіби өзін-өзі анықтау

Мамандық таңдау үрдісі мен нәтижесі - адамның дамуында субъект ретіндегі болашақ кәсіби іс-әрекеті. Мамандықты таңдау мәселесіне қызығушылыққа жататындар: (басқа мамандықтар арманы); кәсіби бағыттылық (алдын-ала мамандықты таңдау); кәсіби сана (саналы кәсіби сенімділік) кәсіби әуестік(саналы кәсіби талап)

Кәсіби білім

Тұлғаның кәсіби даму үрдісі мен нәтижесі арқылы ғылыми ұйымдастырылған кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу. Бастауыш, орта, жоғары, жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім деңгейлері.

Кәсіптік оқыту

Білім алушылардың білім, білік және дағдыны меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Орта, жоғары кәсіптік оқу орындары мен мекемелерде қосымша кәсіптік білім беру.

Кәсіптік тәрбие

Тұлғаның кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру үрдісі мен нәтижесі. Жалпы және арнайы кәсіби сапаларды ажыратады.

Кәсіптік даму

Тұлғаның дамуында субъект ретінде кәсіби іс-әрекеті. Кезеңдері: кәсіби өзін-өзі анықтау, кәсіби оқыту және ептілік, кәсіби құзыреттілік, кәсіби шеберлік, кәсіби шығармашылық.

Кәсіби құрылым

Кәсіби даму нәтижесі: разряд, категория, сынып, лауазым, деңгей, білім және т.б.

Кәсіби мәдениет

Кәсіби білім, біліктілік, дағды, жеке сапалар, кәсіби этика мен эстетикаға жататын кәсіби әрекетті жүзеге асырудағы деңгей жетістігі.

Кәсіптік білім беру мекемелері

Белгілі бір деңгейдегі білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мемлекеттік, муниципалды немесе жекеменшік оқу орындары (бастауыш,орта, жоғары, жоғарыдан кейінгі кәсіби білім беру). Кәсіптік білім беру мекемелерінің типтері мен түрлерін ажыратады. Мысалы: жоғарғы оқу орындарының мынадай түрлері болады: институттар, академиялар, университеттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет