Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Кәсіптік педагогикадағы зерттеу әдістері



бет11/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
    Бұл бет үшін навигация:
  • Әдіс
Кәсіптік педагогикадағы зерттеу әдістері


Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Әдіс - күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Әдіс -нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.
Әдіс - 1. Адам баласының қызметінің белгілі салаларында қолданылатын әр түрлі амал, тәсіл, айла. 2. Қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарын зерттеудің, танып білудің методы, жолы (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі).
Зерттеу әдістері әр ғылымның дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол - жаңа білім көздерін табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
Зерттеу әдістері теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді.
Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар: анализ, син­тез, абстракциялау, нақтылау, үлгілеу.
Эмпирикалық зерттеу әдістері жеке және жалпы әдістерге бөлінеді.Жеке эмпирикалық зерттеу әдістеріне бақылау, ауызша сұрақ(әңгімелесу, интервью), жазбаша сұрау – сауалнама, эксперттік баға әдісі, тестілеу жатады. Эмпирикалық зерттеудің жалпы әдісіне тексеру, педагогикалық тәжірибені нақтылау және оқыту, тәжірибелік жұмыс, эксперименттер жатады. Бұл әдістер кәсіби ептілік, кәсіби бағыттылық мәселелерін, кәсіби бейімділік пен жұмысшыларды іріктеумен байланысты зерттеулер көбінесекәсіптік педагогикада кең қолданысқа ие.
Сондай-ақ кәсіптік педагогикада аспапты әдістер – объективті сандық мәліметтерді алу мақсатында тікелей қабылдау мен қолдануда жетіспейтін құбылыстар мен үрдістерді үйренуге бағытталған прибор, аспаптар, аппараттарды қолдануда арнайы эмпирикалық зерттеу әдістері кеңінен таралуда:
1) еңбек іс-әрекетінің нәтижелі сипаттамасын үйрету; (іс-әрекетті орындау нақтылығы, жұмсалған уақыт, еңбек өнімділігі);
2) биомеханикалық әдістер - хронометраж, циклография;
3) психофизиологиялық әдістер: электромиография, электрокардиография, электродермография,оқу мен еңбек үрдісіндегі жүйке жүйесінің қызметтік жағдайын анықтау әдістемесі;
Еңбек іс-әрекетінің нәтижелі көрсеткіштерімен байланысты зерттеулерде сондай-ақ оларды меңгеруде хронометраждыңмаңызы зор –ұтымды уақытты, еңбек нормаларын анықтау мақсатында жеке әрекеттерді орындау кесінділерінің өлшемдері, сондай-ақ өндірістік оқытудың әр кезеңдеріндегі уақыт нормалары, жұмыс темпі, еңбек режимі, қозғалыстың уақытша құрылымын оқыту, білім алушылар мен жұмысшылардың жаттығу деңгейін бағалау т.б.
Биомеханикалық әдістер — бұл еңбек қозғалыстарының кеңістіктегі уақытша және күшті параметрлерін оқыту, оларды іске асырудың деңгейі, аспаптар, станоктармен жұмыс істеудегі күшпен өзара әрекеті т.б. аспаптар мен қол қозғалысының кинематикасы,жұмыс істеушінің кейпі т.б. Тарихта ең алғаш биомеханикалық әдіс циклографи­ялықәдісте болған.
Циклограмма қимыл-қозғалыс элементтерінің жүйелі жобасы болып табылады.
Психофизиологиялық әдістер әр түрлі адамдардың қызметтік жағдайлары мен адам ағзасының жүйесін оқыту, оқу және еңбек іс-әрекетінің нәтижесіне арналып қолданылады. Солардың ішінде төмендегідей әдістер жиі пайдаланылады:
Электромиография — қаңқалы бұлшықеттермен жұмыс істейтін электрлік потенциал жазбасы.Кез келген бұлшықет жұмысы мидан берілген қозғалыс жүйкелері арқылы электрлік импульстер түрінде қозуынан болады.
Электрокардиография— жүрек бұлшықеттеріндегі электрлік потенциалдарды тіркеу. Сондай-ақ қаңқалы бұлшықеттер сияқты жүрек бұлшықеттері де мидан түскен электрлік сигналдардың әсерінен қысқарады. Оларды тіркеу электрокардиогра­фия деп аталады. Кәсіптік педагогикада электрокардиография білім алушылар, жұмысшыларды бағалау үшін қолданылады. Мысалы, жүрек қысқартуларының жиілігінен жұмыс уақытындағы адамның қажу деңгейін айтуға болады.
Электродермография — денедегі электрлік потенциалдың тіркелуі. Адам терісінде орналасқан тері бездерінің жұмысы да ми сигналының әсерінен жүреді. Электродермограмма ең алдымен жұмыс уақытындағы адамның эмоционалды жағдайы болып табылады. Мысалға, егер машина жүргізуші жолда өз-өзіне сенімсіз болса, бұл дермограммаға электрлік потенциалдың өткір тербелістерінен бейнеленеді.
Орталық жүйке жүйесінің қызметтік жағдайын анықтау әдістемесі, негізінен, білім алушылар ағзасының жағдайына, оқу -еңбек әрекетінің әсер етуін оқыту үшін – назар аудару деңгейі, жұмыс уақытындағы қажудың дамуы, еңбек түрлеріндегі ағзаның сабаққа жағымды және жағымсыз әсері, жаттығулар әсерінен орталық жүйке жүйесінде болатын ауытқулар т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет