Өзін –өзі бақылауға арналған сұрақтар 1. Кәсіптік педагогикадағы зерттеу әдістерін атаңыз.
2. Кәсіптік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі тенденцияларды сипаттаңыз.
3. Ғылыми зерттеуді басқарудың ерекшелігі неде? (өз бетімен).
4. Шет елдегі кәсіптік білім беру жүйесінің ерекшеліктерін атаңыз. (өз бетімен).
5. Кәсіптік білім берудің негізгітұжырымдамаларына сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер 1. Кәсіптік педагогика. - М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 1999.
2. Батышев С.Я. Кәсіптік педагогика. М., 2003.
3.Сабыров Т.С. «Оқыту теориясы негіздері», Алматы 2004.
4.Садықов Т.С. Абылқасымова А.Е. «Жоғарғы мектепте білім беру»
5.Жұматаева Е. «Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі»
6.Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 1999
3-Дәріс. Кәсіптік оқыту үрдісі
Дәрістің мақсаты: кәсіптік оқыту үрдісінің тұтас қабылдауын қалыптастыру, кәсіптік білім беру және кәсіптік оқытудың негізгі қағидаларымен таныстыру,кәсіптік оқыту нәтижелерінің тиімді көрсеткіштерін қарастыру.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық үрдіс, оқыту мазмұны, таным, үйрету, политехникалық және арнайы білім,фундаменталдылық, үздіксіздік, әмбебаптық, вариативтілік, интегративтілік, аймақтық, ізгілендіру.
Мазмұны: 1. Педагогикалық үрдістің мәні мен құрылымы.
2. Кәсіптік білім беру принциптері.
3. Кәсіптік оқыту қағидалары.
Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
«Педагогикалық үрдіс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс – әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.Педагогикалық үрдістің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақталған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болады.
Педагогикалық үрдістің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің білімдер сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенін бірлігі
Педагогикалық үрдіс педагогтар мен білім алушылардың бірізді және өзара байланысқан әрекетінің жиынтығы, білім, дағды мен біліктілік жүйесін саналы және берік меңгеруге, оларды практикада қолдану қабілетін қалыптастыру деп түсіндіріледі.
Педагогикалық үрдістегі білім беру мақсаттары мен өзара әрекеті олардың негізгі компоненттеріжиынтықтарымен қамтамасыз етіледі: мазмұны, оқыту, үйрету, тәрбие. Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдістің мамандандырылған негізі - оның басты жиынтығы болып табылатын практикалық оқыту, яғни білім алушылардың белгілі бір маман саласы бойынша кәсіби шеберлік негіздерін қалыптастыру.
Педагогикалық үрдістің басты жиынтығы – оның мазмұны.Оқыту мазмұны – педагогикалық үрдіс жолында жүзеге асатын білім беру мазмұнымен анықталады. Білім беру мазмұны мемлекеттік стандарт, пәнге сәйкес оқу бағдарламалары құжаттарында тіркелген. Педагогикалық үрдіс – бұл тұтас педагогикалық құбылыс. Оның барлық жиынтықтары тығыз байланысты. Білім беру мақсаттары оқытудың формалары мен әдістерін анықтайтын білім беру мазмұнында нақты түрде көрсетілген.Педагогикалық үрдіс оқытудың белгілі құралдарын қолданумен жүзеге асырылады. Оқыту құралдарының сапасы мен жағдайының болуы, кейде шешуші деңгейде барлық педагогикалық үрдістің тиімлігіне байланысты болады.
Кәсіптік колледждің басты мақсаты – тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы оның білімді, тәрбиелі, жалпы және кәсіби дамуының бірлігі деп түсіндіріледі. Осы мақсаттарға сай педагогикалық үрдіс үш негізгі өзара байланысты функцияларды жүзеге асыруға арналған – білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.
Педагогикалық үрдістің білімділік функциясы – білім алушылардың ғылыми, техникалық, технологиялық және өндірістік білімді қалыптастыруда - фактілер, заңдар, заңдылықтар, теориялар, құбылыстар, үрдістерді білдіреді; біліктілікті қалыптастыруда алынған білім мен біліктілікті оқу және өндірістік міндеттерді шешу үшін қолдану; білім алушылардың жалпығылыми, политехникалық және арнаулы кәсіби біліктілікті қалыптастыру;алынған білім, дағды мен біліктілікті бекіту, жүзеге асыру, кеңейту және тереңдету.
Педагогикалық үрдістің тәрбиелік функциясы – ең алдымен педагог тұлғасының білім алушыға әсері, сондай-ақ оқытушының кәсіби және педагогикалық шеберлігі, өндірістік оқыту шебері, маңызды оқу материалын іріктеуде, сабақ берудің жоғарғы ғылыми деңгейі, оқыту әдістері, оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл-ой және физикалық еңбектегі олардың өз бетінділігін талаптандыру, әр білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеріп ұжымдық принциптері негізінде оқыту мен еңбекті ұйымдастыру бейнеленеді.
Педагогикалық үрдістің дамыту функциясы оқыту, білім алушылардың тиімді ойлау тәсілдерін дамытуда көрінеді:анализ, синтез, салыстыру, талдап қорыту т.б.,танымдық және жасампаздық белсенділік пен өз бетінділікті, танымдық қызығушылық пен қабілетті ерік, мақсатқа жетудегі тұрақтылық, өз бетінше білім беруде, жүзеге асыруда біліктілік пен дағды, шығармашылық ойлауды дамыту; қабылдау, ес, сөйлеуді дамыту; оқу, педагогикалық және өндірістік еңбек мәдениетін қалыптастыру. Мұндай педагогикалық үрдістің құрылымы білім мен біліктілікті меңгерту мен қолдану жолында оқушылардың жүйелі және мақсатты, танымдық жәнежасампаздық қабілеттіліктері дамиды, олардың ойлау мен іс –әрекетінің дербестігін оқытудың дамуы деп аталады.