Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Кәсіптік оқыту мазмұнын іріктеудің жалпы жолдары



бет17/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Кәсіптік оқыту мазмұнын іріктеудің жалпы жолдары
1. Оқытудағы сабақтастық. Оқу пәндерінің бөліктері арасындағы оқытудың әр деңгейінде дұрыс қатынасы мен қажетті байланысты орнатудан құралады. Сабақтастық ұғымы оқытудың әр кезеңіндегі білім алушыларға ұсынылған білімі мен дағдыларын, жаңа материалды түсіндірудің формалары, әдістері мен амалдары және оны игеруі бойынша алдағы жұмыстардың барлығы сипатталады. Оқытудағы оқу практикасымен сабақтастыққа жету үшін оның оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жүзеге асырумен қатар аралас пәндердегі оқытушылар арасындағы, орта мектеп пен кәсіптік мектеп, колледждер оқытушымен үнемі байланыс өте маңызды, сондай-ақ білім алушылардың болашақ оқу жылдарында жұмыс істейтін алды-ала оқытудың да рөлі зор. Сабақтастықты қадағалаумен оқыту практикалық және теориялық міндеттерді шешу үшін білім мен біліктілікті белсенді қолдану қабілетіне тәрбиелейді.
2. Кәсіптік оқыту мазмұнын жобалауда блокты-модульдік оқыту бағдарламасы қалыптасып, оқыту мазмұны стандарт жиынтығының құрылымдық элементтері өңделеді. Кәсіптік оқыту мазмұны мамандық бойынша интегративтілік принциптерііріктеледі: мамандық қандай кәсіп түріне, қандай ұқсас мамандықтар тобына, аталған мамандық қандай өндіріске жататындығы туралы нақтыланады.Мұндай тәсіл кәсіптік оқытуға арналған оқу-бағдарламалық құжаттарды жасауда мәселелерді шешуге - бір кәсіп немесе мамандыққа «төменнен емес» деңгейде, ал «жоғарыда» - нақты бағыт аясында кәсіптік білім мазмұнының тұтас құрылымы негізінде мүмкіндік береді.

Макродеңгейдегі оқыту мазмұнын құрылымдау
Макродеңгейдегі оқыту мазмұнын іріктеуді құрылымдау блокты-модульдік тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Оқыту мазмұнын нақтылаудаблокты-модульдік тәсілді қолдану жоғарыда қарастырғандай кәсіптік оқыту мазмұнын талдау және өңдеу нәтижесінде оқытудың бірнеше мақсаттарын іске асыратын блоктар мен модульдер, мәнді және функционалды аяқталатын мазмұнның құрылымдық элементтері топталады және рәсімделеді.
Нақты бағыттағы оқыту мазмұнын талдау – базалық сападағы үздіксіз білім беру жүйесінде қарастырылған бастауыш кәсіптік білім беру мамандығынан басталады.
Кәсіптік білім беру мазмұны жалпы түрде жалпы білім және кәсіби даярлаудан тұрады. Жалпы білім даярлау гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми блоктарында қарастырылған. Кәсіби даярлық блоктарының мазмұнын қарастырайық.
Жалпы техникалық блокта сала топтарына қатысты салааралық мағынадағы техника мен технологияның ғылыми негіздері баяндалған оқу материалдарынан тұрады.
Салалық блок өндіріс пен саланың жалпытехникалық, жалпытехнологиялықжәне экономикалық негіздерін ашатын оқу материалы, салада құралған, еңбек бөлісінің жүйесіндегімамандық орны, басқа мамандық саласындағы басты еңбек қызметтерімен қысқаша танысу, өнім экологиясындағы, өндірістегі еңбек қорғау туралы мағлұматтармен анықталады.
Жалпы кәсіптік блок сала немесе салааралық деңгейде көрсетілген ұқсас мамандықтар тобына интеграциялық негіз болып табылатын теориялық және практикалық оқу материалдары болады.
Кәсіби блок оқытудың негізі болып табылады. Кәсіби блок аясында талап етілген деңгейдегі кәсіби әрекеттеріне сәйкес түрлерін меңгеру негізіне жататын оқу материалдары болып табылады.
Арнайы блок кәсіпке сәйкес қажетті мамандықты меңгеру, типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес тапсырушының талап етуінен шыққан біліктілік деңгейі мен біліктіліктің орта деңгейі, теориялық және практикалық оқу материалдарынан тұрады.
Кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі блоктарының құрылымын қарастыруда бастауыш кәсіптік білім мазмұнының негізгі инвариантты компоненттерін ашатын, мемлекеттік стандарт құжаты ретінде бастауыш кәсіптік білім ұйымдарына арналған оқу жоспары моделінің құрылымы анықталады. Осыдан оқу жоспары циклдерінің атауы (жалпытехникалық, салалық немесе жалпыкәсіптік, кәсіби) оқыту мазмұны блоктарының атауымен бірдей және нақты оқу мақсаттарын іске асыратын оқытудың аяқталған кезеңін көрсетіледі.
Модульдік бірліктер көмегімен блоктардың мазмұнын ашу оқу жоспарын жасауда практикалық оқытудың пәндері мен түрлері анықталады, мамандық бойынша білім алушыларды даярлауда оқу жоспарларының үлгісін қалыптастыруға болады. Оқу жоспарының үлгісі блокты-модульдік оқу-бағдарламалық құжаттамалар жиынтығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Бастауыш кәсіптік білім тізімінде екі сатылы еңбек иерархиясы кең профильді мамандықтар бойынша оқыту мазмұнын, базалық дайындықты көрсетіп, барлық мамандықтарға бір кәсіпті, және нақты мамандықтар бойынша мамандандыруды қамтамасыз ететін арнайы дайындықты орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет