Өндірістік оқыту әдістері Өндірістік оқыту – кәсіптік білім мемлекеттік міндетті стандарт талаптарына сай мамандық бойынша белгілі бір іс-әрекет түріне оқушылардың практикалық кәсіби дайындығы немесе кәсіптік білім мазмұнының міндетті құрамдас бөлігі.
Өндірістік оқытудың басты мақсаты - оқушылардың кәсіби шеберлігін қалыптастыру болып табылады және оқыту үрдісінің ағымымен баяу жүзеге асырылады. Өндірістік оқытудыңнегізі – өндірістік үрдіске тікелей қатысатын, сала және біліктілік деңгейіне сай жұмысшылардың еңбек сипаты мен мазмұны, кәсіптік педагогика заңдарының мазмұнымен анықталатын өндірістік еңбек.Еңбек үрдісі өндірістік оқытудың басты негізі, ал бұл үрдістердің табиғи-ғылыми, ғылыми-техникалық және техникалық-экономикалық негіздері көбінесе теориялық оқытудың мазмұны болады.
Өндірістің оқытудың басты ерекшеліктері – білім алушыларды осы мақсаттарға сай арнайы ұйымдастырылған оқу шеберханалары, зертханалар, тренажерлер, оқу учаскелері, оқу орындары, табиғи өндіріс жағдайларына максималды жақын орындар болып табылады. Өндірістік оқыту білім алушылардың өндірістік еңбекті оқытумен байланыстыру базасында, теория мен практика өзара тығыз байланысы негізінде жүргізіледі. Өндірістік оқытудың басты әдісіне жаттығулар, ерекше маңыздыеңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, оқу және өндірістік құжаттарды қолдану, көрнекі құралдарды көрсету, білім алушылардың зертханалық-практикалық және өндірістік жұмыстарды орындаулар жатады.
Соңғы уақытта жаңа инновациялық технологиялар кең қолданыста: диалог, іскероқу-өндірістік ойындар, модульдік технологиялар, жеке шығармашылық тапсырмалар, жаңа ақпараттық технологиялар, соның ішінде мультимедиа, білім алушылардың танымдық әрекетін белсендіретін басқа да құралдар. Ерекше атап өтетіні, қазіргі педагогикалық технологиялар тек сабақтың ұйымдастыру формалары, әдістері, құралдары мен техникалық жабдықталуы жүйесінде ғана емес, сондай-ақ бірлескен қызметті ұйымдастыру жолы, шебер мен білім алушылардың оқу-тәрбиелік мақсаттарға жетудегі бірлестігі ретінде де қолданылады.
Іскерлік ойындар білім алушылардың шындыққа жақын кәсіби іс-әрекеті, оқыту әдісі деп түсіндіріледі. Іскерлік ойындардың артықшылығы нақты ұйымның үлгісі болып, олар бір уақытта жедел циклды қысқартуға мүмкіндік береді және қатысушыларға қандай олардың шешімі мен іс-әрекеті нәтижеге әкелетінін дайындау қажет. Іскерлік ойындар жаһандық(компанияны басқару) және локальды (келіссөздер жүргізу, бизнес-жоспарды дайындау) да болады. Осы әдісті қолдануда әр түрлі кәсіби қызметтерді қолдануға және соның негізінде мекемелер және оның қызметкерлермен өзара қатынасы туралы жеке түсініктерді кеңейтуге мүмкіндік береді. Соңғы уақытта олардың түрлері кең қолданыста болып жүр (рольдік, инновациялық, имитациялық, модельдік және т.б.). Оларды көбінесе алғашқы сатылы дидактикалық жаңалық ретінде дәстүрлі оқытудың кемшіліктерін жоятын тиімді құрал ретінде қолданады.
Іскерлік ойындардың сипаттама белгілеріне мыналар жатады: басқару жүйелерінде үлгілердің болуы, ойын кешендерінің бірлігі; ойынға қатысушылардың рөлдік мақсаттарының әр түрлілігі; өзара әрекеттестігі; барлық ойын ұжымында мақсаттардың болуы; шешімдердің көпварианттылығы; ойын қатысушылар әрекетін топтық немесе жеке бағалау жүйесінің болуы; эмоционалдық күшті басқара алуы.Ойын кеңістігі барлық қатысушыларды ойынға қосу арқылы әр адамға қызықты етіп, қатысушылардың қатарын белсендіріп, «көшбасшы» құрамдас бөлігі ретінде жасайды, ойынға қатысушылардың көшбасшылық потенциалын көрінуіне және өзектілендіруге мүмкіндік туғызады. Онда, жұмыста немесе жұмыстан тыс орындарда (оқу сыныптарында) кәсіби білім мен дағдылардың тікелей дамуына нұсқаулар және жетекші қолданылады. Нұсқау жұмыс орындарында тікелей жұмыстарды түсіндіру мен дайындау және қызметкер ретінде арнайы дайындалған нұсқау берушінің бұрын орындалған қызметтері деп түсіндіріледі. Нұсқау әдетте уақыты үнемдеу, нақты операциялар мен процедураларды меңгеруге бағытталған. Жұмыс орнында оқыту өзінің практикалық бағыттылығы, қызметкердің өндірістік қызметтермен тікелей байланысты, оқығанды қайталауға және бекітуге маңызды мүмкіншіліктерді түсіндірілумен ерекшеленеді.Бұл мағынада аталған оқыту түрі ағымдағы өндірістік міндеттерді орындауды талап ететін дағдыларды машықтауға қолайлы болып табылады.