Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Теориялық және өндірістік оқытуды ұйымдастыруды негізгі формалары



бет23/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Теориялық және өндірістік оқытуды ұйымдастыруды негізгі формалары
Теориялық оқыту сабағы білім алушылардың болашақ кәсіби-еңбек іс-әрекетін жүзеге асыруға қажетті ғылыми-техникалық білімі мен интелектуалдық біліктілігін қалыптастырады.
Теориялық оқыту бойынша оқу сабақтарының дидактикалық мақсаттарына сай төмендегі негізгі типтерге бөлінеді:
– білім алушылардың жаңа білімді меңгеруі (жаңа материалды оқытуда басты орын алады);
– сабақта біліктілік пен дағдыны қалыптастыру (басты кезең және оқу уақытының негізгі бөлімі - оқушылардың өзіндік жұмысы);
– сабақта практикалық білімді қолдану (жиі технологиялық жобалау, есеп, модельдеу және конструкциялау бойынша сабақтар);
– қайталау сабағы, білімді жүйелеу және талдап қорыту (сабақ ортасында –педагогтан ерекше талап етілетін дайындық білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған материалды қайталау,);
– аралас сабақ (оны жүргізуде әр түрлі дидактикалық тапсырмалар орындалады, мұндай сабақтың түрі еңбекке оқытуда негізгілерінің бірі болады);
– қосымша немесе бинарлық сабақ (оның педагогикалық мәнділігі, арнайы пәндегі материалмен өзара әсерін оқытуда және өндірістік оқытуда қосымша атқарылады (арнаулы технологиялар); мұндай сабақ шебер мен арнайы технологиялар оқытушымен бірігіп жүргізіледі).
Оқытушы қазіргі кәсіптік колледжде құрылымды еркін таңдай алады, тек оқыту мен тәрбиелеудің жоғары нәтижелілігін қамтамасыз ете алу қажет. Бірақ мұндағы кемшілік сабақ кезеңдерінің еркін сәйкестік жағдайында білім алушылардың танымдық әрекетінің заңдылықтарын бұзуы мүмкін, ол педагогикалық тиімділіктің төмендеуіне әкеледі.
Теориялық оқытуды ұйымдастыру формасының тобына сабақтан басқа дәрістер, семинарлық сабақтар, зертханалық-практикалықсабақ, экскурсиялар, консультациялар, сынақтар, өзіндік жұмыс және т.б. жатады.
Дәріс – білім алушыларға қарым-қатынастың монологты формасы ретінде дайын білімді беру арқылы жүзеге асатын сабақ. Бұл көбінесе оқу ақпараттарын беру мен меңгеру формасының үнемділігі болып табылады.
Дәрістің басты дидактикалық мақсаты – білім алушыларға оқытылған нысан туралы білім жүйесін қалыптастыру. Дәрістің мәні - ойлау логикасына үйретеді, ғылыми әдістерді игеруге көмектеседі, білім алушылардың өзіндік жұмысының негізін атқарады, тұлғаның интеллектуалдық,эмоционалдық, еріктік, мотивациялық қасиеттерін дамытады.
Семинар – бұл өзіндік ұйымдастыру формасына қатысты білім алушыларды өзіндік білім беру мен шығармашылық еңбекке дайындауға арналған, білім алушылардың өзіндік алдын-ала жұмысы мен мәселелерді талқылауын, тереңділікті қамтамасыз етуге, білімді кеңейту және жүйелеу, танымдық іскерлікті көрсету және шығармашылық әрекеттегі тәжірибені қалыптастыруды қарастырады.
Семинар мен практикалық сабақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай? Бұл форманың екеуі де білім алушылардың тұрақты құрамы, оқу уақытының лимиттілігімен, оқытушы рөлімен басқарылатын оқу бағдарламаларының мазмұнына сәйкес сипатталады. Олардың ұқсастығы осындай.
Зертханалық-практикалық сабағы – білім алушылардың оқу әрекетін оқытушылардың ұйымдастыру формасының бірі, зертханалық жағдайында арнайы дайындалатын тапсырмалар негізінде жүзеге асырылатын олардың практикалық әрекеті басым болады. (арнаулы жабдықталған кабинет). Оқытушылардың жетекшілігімен жүргізілетін білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру олардың негізгі сипаты болып табылады.
Кеңес беру – оқу пәндерін оқыту үрдісінде бағдарлама бөлімдеріндегі бір немесе топ білім алушыларының түсінбеген немесе күрделі сұрақтарды түсінуде сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формасы болып табылады. Латын тілінен аударғанда консультация маманның беретін кеңесі дегенді білдіреді.
Білім алушылар өзіндік жұмысының мәні өзіндік танымдық әрекетін ұйымдастырумен қорытындыланады. Ол білім алушылардың белсенді өзіндік білім беру жұмысы мен оның негізгі дидактикалық мақсатында даярлау құралының бастысы болып табылады.
Оқытуды ұйымдастыру формасының тиімділігі әр түрлі факторларға, олардың ішінде негізгілері оқытушылар мен оның білім алушыларда жүзеге асуы педагогикалық, психологиялық және әдістемелік дайындығына байланысты.
Өндірістік оқыту бөлінеді:оқу шеберханалардағы оқыту (оқу-өндірістік цехтарда, оқу шаруашылықтары және т.б.); өндірістегі оқыту.
Оқу шеберханалардағы оқытудың негізгі формасы – өндірістік оқыту сабағы, ал оны оқытуда өндірістегі сабақ болып табылады.
Сондай-ақ, оқу шеберханаларындағы өндірістік оқытудың барлық үрдісі екі кезеңге бөлінеді:операциялық және кешенді жұмыстарды орындау.
Практикалық оқыту сабағында дайындалатын мамандық бойынша болашақ жұмысқа қажетті білім алушылардың практикалық біліктілігі мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады.
Өндірістік оқыту сабағы – бұл бірдей оқу-өндірістік жағдайларда барлық топтағы білім алушылардың дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін практикалық оқытудың ұйымдастыру формасы. (оқу шеберханалары, оқу-өндірістік цехтар, оқу шаруашылықтары және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет