Жеке-бағыттылық тәрбие Тұлғаны іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыру олардың өмірдегі іс- әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен амалдарын ашуға, тұлғаның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен қорытынды жасау үрдісін басқаруда оқытушы, шебердің және жетекшінің мүмкіншілігін білдіреді, білім беру және кәсіби даярлықта субъективті-әрекеттестік көріністеріне сәйкес көрсеткіштері бойынша олардың типлогиялық сипаты мен сапаларын анықтау, оқу топтары немесе басқада сабақтан тыс жағдаяттарда тұлғааралық қатынастар жүйесін жүргізілуге мүмкіндік береді.
Білім алушылар тұлғасының белгілі бір үрдістегі мәдени, кәсіби және танымдық-психологиялық дамуының мазмұндық толысуы егер «оқытушы-тәрбиеленуші» жүйесінде оқытушы, шебердің және жетекшінің шығармашылық педагогикалық көзқарасы жеке-бағыттылық білім берудің дамуына басымдылықтар шарттарында айқындалған болса, ұтымды табысқа жетеді. Мұндай оқу үрдісіндегі тең құқықты бірлестік жағдайларында тәрбиеленуші өзін тұлға ретінде сезініп, ал оқытушы білім алушының өздігінен дамуын ынталандыруға бағыттауда, өзіндік күшін, қызығушылығын, танымдық әрекеттегі қабілетін өздігінен жүзеге асыруда, кәсіби өзін анықтауда өз орны мен қызметін өзгертеді.
Жас жұмысшының мәдени тұлға сапаларының бірізділігін қарастырайық.
Дене тәрбиесі. Ең алдымен жұмысшының кәсіби қызметті бастауында дене төзімділігі ерекше маңызды.Ақыл-ой мәдениеті. Белгілі бір үлгіде ойлай алу, өзінің ақыл-ой қабілетінің логикалық түрде кәсіби қызметте қолдана алуы туралы айтылады. Танымдық мәдениет. Бұл жас жұмысшылардың белгілі бір деңгейдегі қоғамда құрылған олардың білім деңгейі байқалатын, өзінің мінез-құлық түрткісі ретінде оларды таңдау қызығушылығы, құндылықтар және мораль дәстүрлеріне қатынасы. Эстетикалықмәдениет — белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік қоғамына сәйкес білім көлемі және өзінің қызығушылығы мен қажеттілігін қанағаттандыратын саналы немесе кездейсоқ әрекеттері бойынша жас жұмысшының талғамының дамуы. Жас жұмысшының құқықтық мәдениеті белгілі бір деңгейдегі әрекеттестік, әрекетсіздік, түрлі ауытқулар, кемшіліктер, құқыққа қарсы тәртіп және сәйкес жазалауды реттейтін білім мен құқықтық нормаларды білдіреді. Экономикалық мәдениет - жас жұмысшының экономикалық жағдайдағы өмірге, қоғамға, жанұяға, еңбек ұжымына белгілі бір бейімділігі деп түсіндіріледі. Жас жұмысшының саяси мәдениеті билікке, олардың органдарына, саяси қызметкерлері мен олардың қызметіне қатынасының өмірлік көзқарасының білдіруі болып табылады.Психологиялық мәдениет. Әдетте, адамның әсіресе жас адамның кез келген өмірлік жағдаяттарға қосылуы темперамент, дарындылық, мінез бітістеріне байланысты болады. Кәсіби-еңбек мәдениеті. Әр жас жұмысшы кәсіби байланыстар, қатынастар, өзара әрекеттестік жүйесіне саналы енуде оны игеруі тиіс.