Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Кәсіптік білім берудегі модульдік технологиялар



бет26/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92
3. Кәсіптік білім берудегі модульдік технологиялар
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады
Білімді жүйелі және оны табысты меңгеру мәселелерін шешуде кең қолданылатын модульдік оқыту технологиясы, белгілі бір мөлшерде ақпараттардың ұсақталуы модульді оқыту үрдісіндегі қажетті басқару, икемділігін, динамикалылығын байланыстырады. Оқу модулі – оқу бағдарламасының модулі ғана емес, сондай-ақ таңдалған дидактикалық жүйе, оның басты орнын оқу іс-әрекетіндегі түрлі амалдар мен тәсілдердің өзара әсерін алады, бұл модульдің пәндік және жалпы оқытуда тұтас жүйеге енуін қатамасыз етеді. Курспен жұмысты бастамас бұрын оқытушыда тек пән бағдарламасының үлгісі ғана болады, онда пәннің негізгі мазмұны мен мемлекеттің білім беру стандартының талаптары беріледі. Педагогтың міндеті – оқытудың барлық кезеңдеріне оқу пәндерінің мазмұнын үлгілеу, мақсатты белгілеу (білім беру, тәрбиелік, дамытушылық және білім беру)басты теориялық мәліметтерді, ғылыми фактілерді іріктеу, оқытудың дидактикалық құралдарын қолдануын қарастыру, оқыту нәтижесін болжау, оған жету жолдарын ойластыру. Модульдік технологияның құрылымдық құрамына дидактикалық мақсаттары мен міндеттері, оқыту мазмұны, педагогикалық әсер ету құралдары (оқыту әдістері), оқыту үрдісін ұйымдастыру (оқыту формалары), оқытушы мен білім алушылардың оқыту құралдары сондай-ақ олардың біріккен әрекетінің нәтижесі жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет