Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Кәсіптік білім берудегі тұлғалық бағыттылық технологиясы



бет27/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
4. Кәсіптік білім берудегі тұлғалық бағыттылық технологиясы

Бұл жөнінде ғалым Ираида Сергеевна Якиманскаянын жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:



  • оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;

  • білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;

- оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. «Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты».
Тұлғалық-бағыттылық оқыту технологиясы ең өнімді және перспективалы болып табылады, өйткені оқытудың кәсіби бағыттылығының нәтижесінен оқыту үрдісін ұйымдастырады, сондай-ақ білім алушы тұлғасына олардың қызығушылығы, бейімділігі мен қабілеттілігіне бағытталады.Тұлғалық-бағыттылық оқыту технологиясы арқылы - оқытуды ұйымдастыру жолын, білім алушылардың мүмкіншілігі мен қабілеттілігін барынша қамтамасыз етеді, және жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасалады. Тұлғалық-бағыттылық оқыту технологиясыоқу диалогы, ізденіс сипатындағы өзіндік танымдық әрекет, ойынды модельдеу, проблемалық оқу жағдаяттарының негізінен құралады, оқу әрекетін дамыту мақсатында тұлғалық қызметті қосуды қамтамасыз етеді. Басты мақсаты – өзінің оқу-танымдық әрекетін өз бетінше құрып және түзетудегі оқыту үрдісіндегі қабілетті белсенді тұлғаны қалыптастыру.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар.
1. Кәсіптік білім берудегі оқытудың педагогикалық технологияның мәні неде?
2. Оқытудың ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың шарттарын негіздеу, олардың рөлін ашу, әдебиеттер көздерін талдау негізі мен принциптері.
3. Модульдік оқыту ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беріңіз. Модульдік оқыту технологиясының артықшылықтары қандай?
4. Кәсіптік білім берудегі тұлғалық-бағыттылық оқыту технологиясының артықшылықтарына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер

1. Қозыбай А.Қ., Жексенбиева Н.Ж., Қазіргі оқыту технологиялары М.: Алматы 2008ж.


2. Өстеміров К., Қазіргі оқыту технологиялары / Алматы, ТОО «Наз-9» ЖШС, 2006 .
3.Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика:колледж, университет студенттеріне арналған оқулық / Алматы, ТОО «Наз-9» ЖШС, 2006 .
4. Глоссарий современного образования (терминологический словарь) // Народное образование, 1997, № 3.
5. Талызина, Н.Ф. Теория и технология образования. - Тверь: ТГУ, 1992.
6. Шагеева Ф., Иванов В. Современные образовательные технологии // Высшее образование в России, 2006.
7. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в вузе. Алма-Ата, 1987.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет