Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Бастауыш кәсіптік білім беруді басқару төмендегі қызметтерді атқарады



бет29/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Бастауыш кәсіптік білім беруді басқару төмендегі қызметтерді атқарады:


1) бастапқы кәсiби бiлiм берудiң саласында тұжырымдама, стратегия, бағдарлама, жобаларды жасайды және бастапқы кәсiби бiлiм берудiң саласында мемлекеттiк саясаттағы басымдылықтар туралы ұсыныстарды жүзеге асырады;
2) бастапқы кәсiби бiлiм берудiң саласында құқықтық жобасын, сонымен қатар нормативтік актілерді жасайды;
3) бастапқы кәсiби бiлiм берудiң саласының дамуынаұзақмерзімді, ортамерзімді, қысқа мерзімді болжамдарды ұсынады;
4) бақылайды: а) бiлiм беретiн мекемелердегі заңдар және басқа да құқықтық актілердің сақталуы, тексеріске қадағалау жүргiзу ретiнде, сондай-ақ бастапқы кәсiби бiлiм берудiң мемлекеттiк бiлiм беретiн стандарттарында орындалуы;б) білім алушылар мен бітірушілерді даярлаудың мазмұны мен сапасы, білім беру бағдарламаларының деңгейі мен бағыттылығы, және айқындалған қателіктерді жою туралы ұйғарым бередi.;
5) Бастапқы кәсiби бiлiм беру саласындабілім алушыларға арналған семинарлар, конференция, мәжiлiс, кездесу, көрме, жәрмеңке байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;
Педагогикалық менеджер қызметінің стилі.
Педагогикалық менеджер сапасы –қызмет үрдісінде бірігеді және оның мiнез-құлығын қайталайтын ерекше стильді –тудырады.Басқару стилі – бұл үнемі іс-әрекет амалының қайталанатын жүйесі, iшкi үйлесiмiмен және тұтастыққа ие,нақты жағдайларда басқару қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Басқару келесi стильдермен ерекшеленедi.
Басқарудың авторитарлық стилі: мұнда басшы қатаң, жеке барлық шешімдерді қабылдау тән, үнемі жазалау қаупімен шешімдерді орындауда қатал бақылау, тұлға ретінде қызметкерге қызығушылықтың жоқтығы.
Басқарудыңдемократиялық(немесе ұжымдық) стилі: мәселелерді талқылау негізінде басқару шешімдері қабылданады, қызметкерлердің пікірі мен инициативасы ескеріледі, қабылданған шешімдерді басшы және қызметкерлермен орындалады, басшы қызметкерлер тұлғасына қызығушылық және тілектестікке назар аударылып, олардың қызығушылықтары, қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескереді.
Басқарудыңлиберальды-анархиялық стилі (немесе өз бетімен жіберу немесе нейтралдылық) басшы бір жағынан «максималды демократиялық»(барлығы өз пікірін айта алады, бірақ нақты есеп, көзқарас келісіміне жетуге ешкім тырыспайды), ал екінші жағынан «бақылау минимумдығы» (тіпті қабылданған шешімдер орындалмайды), оны жүзеге асыруда бақылау жоқ, барлығы өз бетімен жіберіледі, соңынан жұмыс нәтижесі әдетте төмен, адамдар өзінің жұмысы мен басшыға көңілі толмайды; ұжымда психологиялық климатықолайсыз, ешқандай бірлестік жоқ, дау-дамайлар болуы да мүмкін.
Басшының айнымалы стилі, басшының бір стильден басқаға себепсіз ауысуында байқалады, жұмыс нәтижесі төмен және жанжалдар мен мәселер санының көбеюіне себепші болады.
Басқарудың жағдаяттық стилі басқаратын қызметкерлер мен ұжымның психологиялық даму деңгейін ескереді, яғни қызметкерлердің кәсіби өсу шарасын, басшы көбінше басқармайды, өз күшіне сенімін тудырып, қызметкерлерін қолдайды. Мұндай тәсіл «басшы- қол астындағы қызметкер» жүйесінде төрт қатынас түрін қолдануға мүмкіндік береді: бұйыру, сендіру, қатысу және беру.
Мұның барлығы басшы қызметінің коммуникативтілік жағы олардың адамдармен жұмыс істей алуы, ұжым мен оның жұмысының басқару тиімділігін шешу әсері деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет