Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


-Дәріс. Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент



бет28/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

8 -Дәріс. Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент

Дәрістің мақсаты: Кәсіптік мектеп директоры қызметiнiң ерекшелiгiмен немесе колледж педагогикалық менеджері ретінде, білім беру мекемелеріжетекшілерінің кәсіби сапа жиынтығымен, кәсіптік білім беру мекемелерінің басқару қызметі стилінің типологиясымен, кәсіптік мектептің нарықтық мүмкіншіліктеріменбасқарушының кәсiби сапаларын қызметтiк стильдер типологиясымен, кәсiби мектептердiң нарықтық мүмкiндiктерiмен таныстыру. Студенттердің өз кәсіби қызметінде мектеп ұжымын басқару принциптерін өз бетінше құрып, бейімдей алуға және білім беру мекемелеріндегі қазіргі басшы тұлғасын жасау іскерлігін қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:педагогикалық менеджер, кәсіби шеберлік, эмоционалды тұрақтылық, стресс тұрақтылығы, коммуникабелділік, ізгілендіру,авторитарлық, демократиялық,басқарудың либеральді-анархиялық стилі.

Мазмұны:
1. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджменттің басты мақсаты мен міндеттері.
2. Педагогикалық менеджер қызметінің стилі.

Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамга жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетгі, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет. Бұған жету ұшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модель керек. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады.


Менеджмент ұғымы — бұл адамдардың ынтымақтастығы, бұл адамдардың карым-қатынас әдісі. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалық менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол ушін педагогикалық менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға болады.
1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
3. Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
4. Ұздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы, бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды. Олар мына төмендегілер: - адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мумкіндіктерін мойындау;
- адамга сену, оның өзін-өзі тануы және мумкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
- өзара құрмет негізінде сенім ортасын қалыптастыру;
- бастамашылдықты, шыгармашылық бейімділікті, ұжымда өз арнын таба білуді қалыптастыру;
- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.
- Адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі.
- Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мұшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бұкіл кызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп қарастырған жөн. Мұғалім де баланы онын ұлгірімі тұрғысынан ғана окушы деп карамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлык нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы, т.б.
Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, баскарудан қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:
—мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;
—мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларга деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен жауапкершіліктерін бағалау;
—мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан соң шешім қабылдау.
Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді бірікгіре, жұмылдыра білу. Барлык қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол ұшін мұғалімдердіц кәсіби өсуіне мұмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мұмкіндік беру керек. Менеджмент - оқу мекемелеріндегі басшының басқару қызметі мақсатқа жетуде барлық міндеттерге бағыну – өмірдің әлеуметтік-өндірістік ортасына сәтті енуде жас ұрпақты дайындауды қарастырады.
Педагогикалық менеджменттің мәселесін шешудің басты бағыты – менеджменттің дайын субъекті ретінде басқару қызметін орындау, педагогтың құзыреттілігін көтеру мен кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі, ұйымдастырушы, жүйелі және жоспарлы түрде өзінің кәсіби деңгейін көтеру болып табылады. Кәсiби педагогикалық қызметтiң негiзiн ұстаздың басты қызметін құрайды - үйрету, тәрбие, даму, қалыптастырудың процестерiмен басқару, яғни педагогикалық басқару.«педагогикалық менеджмент» ұғымы басқарушылық қызметтiң әр түрлi мәселерді сипаттайтын қызметтерге ие болады:
- білім беру мекемелеріндегі басқару теориясы;
-бiлiм беру мекемелерінің басқару жүйесi, оның даму жолын іздестіру қажеттілігімен байланысты стратегиялық және жедел шешiмдерді қабылдау;
- ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптер жиынтығы және педагогикалық жүйелерді басқаруда технологиялық тәсілдер, олардың қызметі мен даму тиімділігіне бағытталған;
Сонымен, педагогикалық менеджмент – бұл кәсіби даярлық үрдісін басқаруының динамикалық жүйесі, педагог-менеджермен білім алушылардың өзара әрекеттесуінде білім, білік, дағдыларды игеруге бағытталған, бастауыш кәсіби білім беру мамандарын даярлауда қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық менеджментті (субъект-объект) ұйымдастыру – басқарудың көлбеу жүйесінен (субъект-субъект) бірлестіктің тiк басқару ұйымдастыру-басқару жүйесiне өтуге мүмкіндік бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет