Әдіснамалық ұсыныстар
Кім өткенге назар аударса,
жаңалық аша алады,
онда ол ұстаз болуға міндетті.
Конфуций
Практикалық сабаққа дайындалу барысында соңғы жылдары ғылыми білімнің жалпы білім мәселелерінің мәні мен сипаттама туралы тұтас түсінік беретін интегративті, пәнаралық саласының философиялық білім беруді дамытуда ерекше көңіл бөлінетіні берік еместігін түсіну қажет. Кәсіптік білім беру саласы ертелі- кеш философиялық-білім негіздемесінің аймағына енетінін болжам жасауға болады.
Оқылатын тақырып ғылыми зерттеулерді басқару туралы ұғым жасауға септігін тигізеді. Таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу элементтерінің барлық бөліктерін біліп, кез келген саладағы ғылыми танымды болжайды:
- тақырыпты тұжырымдап, оның өзектілігін дәлелдей алады;
- тақырыптың өңдеу жағдайын біледі және пайда болған қарама-қайшылықтарды анықтай алады (тәжірибедегі мәселелі сұрақтарды қайта жасаудағы сәйкессіздік);
- зерттеу мәселесін қалыптастыра алады (яғни сұраққа жауап іздейді);
- мақсат, зерттеу нысаны мен пәнін анықтай алады (қандай нәтиже алатынын болжайды).
Ғылыми ізденіске қатысты мәселедегі құрылған сұрақ сұлба бойынша болжанған жауап ретінде гипотезада бейнеленеді : зерттеу пәнін баяндау, болжанған қайта өңдеу жағдайлары мен даму болжамы. Осыдан зерттеу міндеттер пайда болады:
Зерттеу пәнінің теориясын негіздеу және зерттеудің теориялық үлгісін жасау, эмпирикалық практиканы (нақтылау эксперименті)оқытуды қамтамасыз ету және педагогикалық шынайылықты(қалыптастырушы эксперимент) қайта құру.
Кәсіптік педагогикадағы зерттеу әдістері
САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
1-тапсырма.
Типтік (стандарттықтапсырмалар)
1) Ғылыми зерттеу әдістерідегеніміз не?
2) Ғылыми зерттеу әдістерініңәдіснамалық жәнеоның гносеологиямен өзара байланысын көрсетіңіз.
3) Зерттеу деңгейіндегі эксперименталдық-эмпирикалық әдістерінің мазмұнын ашыңыз.
4) Зерттеу деңгейіндегі теориялық әдістерінің мазмұнын ашыңыз.
2-тапсырма.
1)Берілген тұжырымдамада зерттеу нысаны мен пәнінде қандай қателіктер бар?
Нысан: білім алушылардың танымдық әрекетін жүзеге асыру үрдісі.
Пән: білім алушылардың танымдық әрекеті барысында дамытушы сипаттағы тапсырмаларды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |