Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет134/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

5-тарау. КРАХМАЛ, ҚАНТ ЖӘНЕ БАЛ



5.1. Крахмал және крахмал өнімдері


Крахмал – крахмал дәндерінен тұратын ақ ұнтақ. Крахмал картоптан, дәнді-дақылдан және басқа шикізаттан өндірілетін полисахарид болып табылады.

Крахмалды кисель қайнату үшін немесе ұннан дайындалатын кондитер өнімдерін өндіру үшін қолданады. Ол саго, глюкоза өндірісінің негізгі шикізаты; балмұздақ, кейбір кәмпит сұрыптарының, шұжық өнімдерінің рецептурасына кіреді; кәмпиттерді пішіндеу материалы (қалыбы) болып табылады; тоқыма, қағаз, парфюмерия және т.б. өндіріс салаларында қолданады.

Өсімдіктерде крахмал дән түрінде болады. Крахмалды алу үшін қолданылатын шикізатқа байланысты ол картоп крахмалы (диаметрі 0,1 мм дейін овал тәрізді ірі дәндер), жүгері крахмалы (диаметрі 0,2-0,03 мм көп қырлы дәндер), бидай крахмалы (0,04 мм), күріш крахмалы (0,01 мм) болып бөлінеді.

Біздің елімізде крахмал жасаудың негізгі шикізаты картоп пен жүгері болып табылады. Картопта крахмал мөлшері – 12–25%, жүгері дәндерінде -70% дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет