Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Сараптама жүргізу кезіндегі типтік қателіктер. Тауарлық сараптаманы дайындағанда және жүргізгенде кейде қателіктерге жол беріледі және олар кейін оның нәтижелілігіне әсер етеді және сарапшымен тапсырыс берушінің өзара келіспеуіне себепші болады, тағы да сараптау нәтижесін жоюға немесе екінші сараптау тағайындауға негіз болады. Төменде сарапшылармен жіберілетін типтік қателіктер келтірілген.
Тапсырыста тапсырманың тұжырымдалуы бұлдырлығы немесе толық еместігі немесе нарядта сарапшы оны нақтылауды және толқтыруды талап етпейді.
Тауарлық сараптама сарапшымен тапсырысты жазба түрінде дайындамай телефонмен берілген.
Жүргізілген сараптама жеткілікті негізсіз.
Жабдықтаушы мен алушының арасында келіспеушілік бар болғанда сарапшы тапсырушыдан жабдықтаушыны шақыруды талап етпейді.
Таурлық сараптаманы жүргізгенде ескірген немесе жойылған нормативтік немесе технологиялық құжаттарды пайдаланғанда.
Сарапшының қорытындыға қызығушы жақтың өкілімен қол қоюы және келісуі.
Жан-жақты тексерусіз, қызығушы жақтың бірімен берілген толық емес немесе дәл емес ақпаратты пайдаланғанда.
Өзінің өкілеттігінің бір бөлігін қызығушы жақтың өкіліне бергенде (мысалы, өлшегенде немесе үлгілерді сарапшының қатысуынсыз алғанда).
Сараптау бағасын басқа сарапшылардың пікіріне немесе қызығушы жақтың өкіліне бағдарлағанда.
Сараптама актісін, сынама алу актісін және т.б дұрыс толтырмағанда, және т.б. тауар туралы, оның дайындаушылары, жабдықтаушыларды, алушылары және басқа қажетті мәліметтердің тізімінің барлығын көрсетпегенде.