Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Сараптау сапасын бағалау әдістері



бет12/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   379
Сараптау сапасын бағалау әдістері



1.10-сурет. Сарапшының сапасын бағалау әдістері.

Тауарлардың сипаттамаларының әртүрлі сандық көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылатын өлшеу әдістері: тікелей және жанама.



Тауарларды қабылдағанда сандық сараптама жүргізудің тәртібі. Сандық сараптаманың құқықтық базасын құрайтын бұрынғы көрсетілген нормативтік құжаттардан басқа сарапшы басқарма бекіткен өзінің үйымының нормативтік құжаттарын басшылыққа алады (тәртіп, нұсқау, ережелер). Бұл ұйымның нормативтік құжаттары тауарларды қабылдау кезінде жүргізілетін сандық сараптаманың тәртібін нақты анықтайды. Жалпы түрде бүл ережелер барлық сарапшылар сқтауы керек бірнеше нормаларға әкеледі. Олар:

  1. Тауарлық-жолдама құжаттармен алдын ала танысу.

  2. Санау және өлшеу құралдарының көмегімен тауардың сандық көрсеткіштерін өлщеу.

  3. Сапалық сараптау (сапа бойынша сараптау).

Сапалық сараптау – тауарлардың сапалық сипаттамаларын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігн анықтау үшін сарапшылардың бағалауы. Бұл сараптаманың арналуы тауарлық партияның өткізу-қабылдау кезінде немесе ұзақ сақтаудан кейін немесе сақтау үдерісінде жабық технологиялық ақаулар анықталғанда, берушіге қойылатын кемшілік талаптарының мерізімі біткен кезде сапаны анықтау болады. Одан басқа сапа бойынша сараптау жаңа тауарлардың үлгісінің сапасын бағалау оларды жаппай өндіріске қоярда қолданылады.

Арналуына байланысты спалық сараптау бес түрге бөлінеді: сапа бойынша қабылдауға сараптау, жинақтар бойынша сараптау, жаңа тауарларды сараптау, тамақ өнімдерінің дәмін айыру және келісім бойынша сараптама.



Сапа бойынша қабылдау сараптамасын жүргізу тәртібі:

  1. Сараптауды жүргізу алдында барлық қажетті нормативтік құжаттармен танысу орынды. Олар: нақты өнімнің түрлеріне, бумаларына, маркіленуіне және сынау әдістеріне стандарттар немесе техникалық шарттар (ТШ).

  2. Сараптау жүргізген кезде қабылданатын тауарлардың сапасын әрекеттегі стандарттардың, ТШ-ның, келісімдердің талаптарына сәйкестігін анықтау қажет. Қажет болғанда қабылданатын тауарлар үлгілермен және эталондармен салыстыру жолымен бағаланады.

  3. Сапаны анықтау үшін, өлшемі стандарттармен және ТШ-мен бекітілген нормаға сәйкес, одан кем емес бірлескен сынама немесе талғама алынады.

  4. Әтүрлі сатылы сападағы тауарлары бар, тауарлық партия әртекті болғанда, сарапшы әрбір қоспаның пайыздық мөлшерін анықтауы керек.

  5. Сарапшы сапа сәйкестігі болмау себебін анықтағанда, ыдыстың және буып-түю материалдарының күйін актіде көрсетуі керек. Егерде тауарлық партияның бүтіндігі бұзылса, иесізденген тауар көрсетілсе, сонымен бірге ашылған немесе тауарлық-жолдама құжаты жоқ болса қабылдау сараптамасын сарапшы жүргізбеуі керек.

Жинақтары бойынша сараптама техникалық құжатта көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін анықтау және жинақтарда қажетті элементтердің барлығын сарапшымен бағалау.

Ассортименттік сараптау – тауарлардың сандық және сапалық сипаттамаларының ассортименттікке жататындығын орнату үшін сарапшымен бағалау. Тауартануды сараптаудың бұл түрі бұрынғы кең тараған екі түрімен салыстырғанда өзінше азырақ тараған. Ассортименттік сараптау жиірек сапалық сараптаудың құраушы бөлігі болады. Себебі сапаны бағалау кезінде сарапшы ассортименттің тауарлық маркілеуде және тауарлық жолдама құжаттарында көрсетілген артикулға, тауарлық маркіге сәйкестігін тексеруі керек.

Құжаттық сараптама – тауарлық жолдамадағы, технологиялық және басқа құжаттарды, ақпараттарға негізделген тауарлардың тауартану сипаттамаларын сарапшымен бағалау. Тағы да ассортименттік сияқты, құжаттық сараптама тауартану сараптаудың басқа түрлерінің міндетті элементі ретінде жиірек қолданылады. Себебі сарапшылар міндетті түрде құжаттық мәліметтердің сараптау нысанының атауларының санының және сапасының сәйкестігін тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет