Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет251/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

9.1.1. Ет ұлпалары




Ет – бұлшық ет, май, жалғаушы және сүйек ұлпаларының жиынтығынан тұратын сойылған мал ұшасы. Ет құрамында сонымен қатар сіңір және жүйке ұлпалары, қан мен лимфа кіреді, бірақ жүйке ұлпасы мен лимфа аз мөлшерде болғандықтан, еттің сапасына онша әсер етпейді.

Мал жасушасының негізгі құрылымдық элементтері қабығы, ірі ядро және цитоплазма болып табылады. Қабығы жай микроскоппен көрінбейді, липид қабаттарынан – сыртқы (базальттық) және ішкі (плазмалық) тұратын екі ақуыз қабатынан тұрады. Қабығы іріктеп сіңу қабілеті бар. Цитоплазма митохондрийден, рибосомалардан, лизосомалардан, саркоплазмадан және т.б. тұрады. Митохондрийлер – жасушаның тыныс алуы мен энергетикалығын негіздейтін қабығы бар күрделі құрылымды кішкентай бөлшектер. Рибосомалар – ақуыз және басқа заттардың синтезін жүзеге асыратын жіңішке мембраналарда орналасқан түйіршіктер. Лизосомалар – жасушаішілік қорытуды жүзеге асыратын сфера тәрізді бөлшектер. Саркоплазма – май, гликоген тамшылары орналасқан жасушаның сұйық бөлігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет