Түсін күндізгі жарықта көзбен қарап анықтайды, май температурасын 15– 20 ºС болу керек. Май сынамасын сүт шынысынан жасалған пластинаға 5 мм қалыңдықпен жағып көреді. Май түсі оның тауарлық сипаттамасы болып табылады,түсі оның сапасы туралы айтуға болады.Майды сақтау кезінде жасыл рең пайда болуы құрамындағы пигменттердің тотығуын білдіреді.Майға тән емес сары түстің пайда болу оның ашуын білдіреді.
Дәмі мен иісін май температурасы 15–20 ºС болғанда анықтайды.
Май консистенциясын анықтау үшінмайды металл шпательмен басып көріп анықтайды.
Еріген май мөлдірлігін органолептикалық әдіспен немесе фотоколориметр көмегімен анықтайды.
Органолептикалық анықтау кезінде түссіз шыныдан жасалған пробирка жартысына май толтырып, 60–70 ºС температуралы су моншасына еріту үшін қояды, содан соң 60–70 ºС температурада мөлдірілігін күндізгі жарықта қарап анықтайды.